БАҒдарламасы (силлабус) Пән : ҚР мектептерін реформалаудың педагогикалық аспектілері


ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ПӘНІ БОЙЫНША СОӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ ЖОСПАРЫ



бет7/11
Дата10.06.2017
өлшемі3,7 Mb.
#18709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ПӘНІ БОЙЫНША СОӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ ЖОСПАРЫ




Тапсырмалар мазмұны

СӨЖ және СОӨЖ тапсырмалар

Тапсырмалар мақсаты

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

Қазақстан мектебін реформалаудың құқықтық негізі.ҚР білім беру Заңы

Білім беру заңының негізгі идеяларын конспектілеу

1Заңның құрылымын белгілеу

2. Білім беру саласындағы мемлекеттік принциптерді белгілеу



№1,2,5,11

конспект

1 апта

2

Білім беруді реформалаудың 2005-2010 мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекттік бағдарламаның негізгі идеяларын конспектілеу. Білім беру жүйесіндегі жетістіктерді, проблемаларды белгілеу.Білім беру жүйесін реформалаудың мақсаты. Білім беру жүйесін реформалаудың көрсеткіштері.

1.Мемлекеттің бағдарламаның мақсаты мен нәтижесін белгілеу

2.Семинарға дайындық



№2,11

Конспект

Семинар



2 апта

3

ҚР педагогикалық білім беруді жетілдіру, мектепті реформалаудың іске асырудың бір бөлігі: «Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы»
Мектеп педагогикасы педагогикалық ғылым жүйесінде

Негізі идеяларды конспектілеу

1.сөздікті толықтыру

2.Педагогика ғылымының құрылымы

1.Сөздікті толықтыру. Педагогиканың обьектісі,пәні, негізгі категориялары

2.Педагогикалық ғылымдар жүйесінде педагогиканың рөлі

3.Педагогиканың жетістіктеріне сипаттама.



1.Мақсатын белгілеу

2.педагогикалық білім беруді реформалаудың бағыттарын белгілеу

3.Жаңа формация мұғалімнің негізгі қасиеттерін белгілеу

1.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

2.Семинарға дайындық

Мектеп педагогикасының басқа педагогиканың салаларымен байланысы.

Семинарға дайындық.


№8,14,15

Конспет

1 таблица

семинар


2 апта

3 апта


4

Мектепті реформалаудың әдіснамалық аспектілері

1.Сөздікті толықтыру

Таблица әдіснамалық деңгейлері. Әдіснама туралы ұғымдар

2.Әдіснаманың деңгейлері

3.12ж. оқу мерзіміне көшу әдіснамасы.

4.ғылыми зерттеу,әдістер туралы түсінік.

5.зерттеу әдістеріне сипаттама



әдіснамалық деңгейлерінің ерекшеліктері;байланысы.

Семинарға дайындық



№ 13,14,15

2 (қосымша)



1 таблица

семинар


3 апта

5

Мектепті реформалаудың концептуалдық негізі 12ж білім беру тұжырымдамасы.

Этномәдени білім беру тұжырымдамасы



  1. Сөздікті толықтыру

  2. Тұжырымдамалардан негізгі идеяларды конспектілеу

1.Жаңа мектептің бағыттарын белгілеу

2.жаңа мектептің құрылымы

3.жеке тұлғаға бағытталған


№6,7,10,13

Конспект

семинар


4 апта

6

Мектептің оқу-тәрбие процесін зерттеу педагогикалық әдістері

Сөздікті толықтыру


әрбір зерттеу әдісінің ерекшеліктерін белгілеу

№14,15

таблица

4 апта

7

Қоғаммен педагог әрекетіндегі құндылықтардың рөлі

Таблица педагогикалық құндылықтар бойынша


Педагогикалық құндылықтардың ерекшеліктерін белгілеу

№14,15

таблица

4 апта

8

Қазіргі мектептегі педагогикалық құндылықтардың құрылымы

Сөздікті толықтыру, аксеологиялы,, педагогикалық құндылықтар

Ұғымдардың мазмұнын ашу

№14,15

Ұғымдар сөздігі

5 апта

9

Қазіргі мектептің мақсаты

Таблица. Тәрбие мақсат түрлері

1.Мақсат белгілеу проблемасы

2.Мақсат белгілеу қоғамдағы өзгерістерге байланыстылығы



№13,14,15

таблица

5 апта

10

Педагогикалық мақсат белгілеу проблемасы.Қазақстанда мақсат белгілеу тәжірибесі

Тәрбие мекемелеріндегі кешенді тәрбие бағдарламасы. Тәрбие мақсаты туралы түсінік.Қазақстан педагогикасында тәрбие мақсаты. 2006-2011 тәрбие бағдарламасында тәрбие мақсатына түсінік беру.

1.Тәрбие мақсатының бағыттарын белгілеу.

Семинарға дайындық. Педагогикалық жағдаяттар қарастыру.



№1,3,4

Конспект

семинар


6 апта

11

Оқушы тұлғасы тәрбиенің объектісі дәне субъектісі

1.Сөздікті толықтыру.Ұжым, ұжым түрлері жеке тлға т.б.

2. Тест шығару



Тақырып бойынша пед.жағдаяттар даярлау

№14,15

1 (қосымша)



Тест, сөздік,пед.жағдаят

6 апта

12

Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу

  1. Сөздікті толықтыру

  2. тест даярлау

Жас ерекшеліктерін белгілеу. Педа.жағдаяттар шығару

№ 14,15. 4(қосымша)

пед.жағдаят

7 апта

13

ҚР білім беру жүйесі

1.Білім беру жүйесі туралы таблица 1ВСК

1.Білім беру жүйесі дегеніміз...

2.Білім беру жүйесінің компоненттері..

3.Қазіргі мектеп ерекшеліктері

4.Мектептен тыс білім берудің жүйесі.


әрбір білім беру орындарынгың ерекшеліктерін белгілеу

семинарға дайындық



№1,2,3,4,

семинар

7 апта

14

Тұтас педагогикалық процестің теориясы

1.Сөздікті толықтыру.

ТПП компонентері

конспект


ТПП компоненттерінің бір бірімен байланысын дәлелдеу

Пед жағдаяттар



№12,4 (қосымша)

Сөздік

8 апта

15

Тәрбие теориясы және Қазақстан мектебін реформалау міндеттері.Тәрбие процесінің мәні

1.Сөздікті толықтыру:

Тәрбие,әлеуметтендіру,қалыптастыру т.б.



ҚР тәрбие мақсатының спецификасы
Пед.жағдаят

№ 14,15

Сөздік

8 апта

16

Тәрбие заңдылықтары мен принциптері

1.Сөздікті толықтыру: заңдылықтар, принциптер

Заңдылықтар мен принциптердің байланысын көрсету

№14,15

Сөздік

9 апта

17

Тәрбие процесінде жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі.

Сөздікті толықтыру,жеке тұлға ,индивид, жеке даралық, адам.

Ұғымдардың мазмұнын ашу.пед. жағдаяттар іздестіру

№14,15

Қосымша №1






9 апта

18

Тәрбие әдістері,құралдары

Тәрбие әдістері туралы түсінік.негізгі әдістерге сипаттама. Тәрбие құралдарына сипаттама беру.

Семинарға дайындық.пед. жағдаяттарды даярлау

№14,15

Сөздік

10 апта

19.

Көзқарасты қалыптастыру

Сөздікті толықтыру

Ұғымдардың мазмұнын ашу.пед. жағдаяттар шығару

№14,15

Сөздік

10 апта

20

Ұжым теориясы.Қазақстандық тәжірибе

Сөздікті толықтыру






№14,15




10 апта

21

Қазақстан мектебін реформалаудың педагогикалық аспектлері

Сөздікті толықтыру. Түрлі типті мектептерге байланысты

Тест шығару

№1,2

Сөздік

11 апта

22

Педагогикалық білім беру жүйесінде дидактиканың рөлі

1.Дидактиканың негізгі категориялары

2.Дидактиканың қазіргі кездегі міндеттері

3.Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар


Ұғымдардың мазмұнын ашу.Семинарға дайындық

№14,15

Сөздік,семинар

11 апта

23

Оқу процесі тұтас жүйе ретінде

1.Оқыту процесі туралы түсінік.

2.Оқыту процесінің компоненттері,оларға сипаттама беру



Тақырып бойынша тест, пед.жағдаяттар дайындау.Семинарға дайындық

№12,14,15

семинар

12 апта

24

Оқытудың заңдылықтары мен принциптері

Сөздікті толықтыру таблица жасау

1.Дидактикалық заңдылықтар туралы түсінік.2.Дидактикалық принциптерге.3.Дидактикалық принциптердің білім сапасын көтеруге тигізетін ықпалы



Пед.жағдаяттарды шығару, тест құру

Семинарға дайындық



№14,15

Сөздік

12 апта

25

Қазақстан мектептерінде білім ьеру мазмұны

Сөздікті толықтыру.Білім беру мазмұнының компоненттері. Тақырып бойынша тест шығару

Түрлі оқу жоспарлары,бағдарламалармен танысу

№11,14,15

Сөздік

13 апта

26

Оқу әдістерә және құралдары

Сөздікті толықтыру.Таблица жасау.Бақылау жұмысына дайындық.Тақырып бойынша тест құру

ПГК –ға дайындық.Семинарға дайындық

№11,14,15

Сөздік ,тест

13 апта

27

Қазақстан мектептерінлегі оқыту формалары

Сөздікті толықтыру:оқыту түрі,сабақ,экскурсия,семинар,лекция

Ұғымдардың мазмұнын ашу, тест құру

№14,15

Сөздік ,тестілер

14 апта

28

Қазіргі оқыту сапасын бақылау

Сөздікті толықтыру:баағлау,баға,тексеру,сұрау,диагностика,монтторинг.

Ұғымдардың мағыналары бойынша тест құру. Семинарға дайындық.

№14,15

Сөздік, семинар

14 апта

29

Оқыту мотивтері

Сөздікті толықтыру: оқыту мотивтреі,қызығушылық, таным қызығушылығы.

Тақырып бойынша тест құру. Пед.жағдаяттар шығару.

№14




15 апта

30

Оқытуды педагогикалық технологияларды қолдану тәжірибесінен

1.Пед.технология туралы түсінік

2.Қазақстан мектептерінде технологияларды қолдану тәжірибесінен.

3.Ұжымдық оқыту тісілі.

4.Дистанциялық білім беру

5.Деңгейлеп оқыту технологиясы

6.Интерактивті технологиялар т.б.



Таблица құру

Семинарға дайындық



№14,қосымша №3,4




15 апта


Негізгі әдебиеттер.

  1. Қ.Р. білім беру Заңы, Алматы,1999

  2. Қ.Р.-да 2005-2010 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

  3. Комплексная программа воспитания в организациях образования РК,Астана,2000

  4. Комплексная программа воспитания в организациях образования РК на 2006-2011годы,Астана,2000

  5. ҚР-да гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы,Алматы, 1994

  6. ҚР-ғы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы,Алматы,1996

  7. ҚР 12-жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Астана, 2001

  8. Концепция непрерывного педагогического образования в РК // Каз.правда. 18.08.2005

  9. Основы кредитной системы обучения а Казакстане С.Б.Абдыгапарова, Г.К.Ахметова,С.Р.Ибатулин и др.-Алматы, Каз. Университет-2004

  10. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Методология 12-летного образования.Алматы, Ғылым, 2003-164 стр.

  11. Таубаева Ш.Т.,Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика новедении в системе образования.Научный фонд и перспективы развития (кк.1.) Алматы

  12. Хмель Н.Д.Целастный пед. Прпоцесс как объект деятельности учителя, Алматы, 1998

  13. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. ҚР Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы .// Егемен Қазақстан, 1 наурыз, 2005

  14. Әбиев Ж.Ә.,Бабаев С.Б.,Құдиярова А.М. Педагогика, Алматы,2004,-440

  15. Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика, Алматы,2000-382 бет



Қосымша әдебиеттер

  1. Қалиев С. Майғаранова, Нысанбаева Г. Бейсенбаева А.А. Оқушылардың тұлғплық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері, Алматы, 2001

  2. КраевскийВ.В. Методология педагогического исследования-Самара,1994

  3. Буланова-Топоркова М.В.,Духанева А.В.,Кукушин В.С.,Сучков Г.В. Педагогические технологии. М-Ростов-на-Дону,2004

  4. У.Жарменова,Г.С.Кусаинова Г.М. педагогический словарь-справочник, Астана,2000



Глоссарий.

Педагогика- адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы білім беру мен тәрбие теориясының мәнін, заңдылықтарын, тенденциясы мен перспективасын зерттейтін ғылым.

Педагогика пәні- арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени-тәрбиелік мекемелерде) мақсат көздеген ұйымдастырылған біртұтас педагогикалық процесс,

Педагогикалық жүйе- жеке тұлғаға білім беру, дамыту мақсатында бір-бірімен біріккен көптеген құрылымдардан, компонентінен тұратын педагогикалық процесс.

Педагогикалық әрекеттестік- педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынас жасау барысында белсенділік, ынтымақтастық таныту нәтижесінде тәртіптерінің, әрекеттерінің, қатынастарының өзгеруі.

Интериоризация- әлеуметтік әрекеттердегі меңгеру барысында баланың ішкі психикасының құрылымының өзгеруі.

Экстериоризация- ішкі психикалық әрекеттің сыртқы әрекетке ауысуы (тәртіп).

Ұжым- белгілі ұйымдар шеңберінде құрылған адамдардың қатынас жасайтын әлеуметтік-психологиялық тобы.

Тәрбие әдістері- тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің біріккен әркеттердің тәсілдері.

Сендіру- (әдіс ретінде) қоғамдағы, жеке адамның өміріндегі түрлі жағдайларды, фактілерді түсіндіру, көзқарасты қалыптастыру мақсатында оқушылардың санасына әсер ету жолы.

Жаттығулар- тәртіп негізінің тұрақтылығын орнату үшін көптеген қайталау әркеттер тәсілдерінің іске асуы.

Мақтау- оқушының тәртібінде, әрекетінде көрініс алған жақсы қасиеттерді мойындау, қолдау дұрыс бағалау.

Жазалау- тәртіп пен іс-әрекетке қарсы келетін қылықтарға сөгіс айту, теріс бағалау.

Көзқарас- адамның санасында әлемнің жалпы бейнесін айқындайтын және іс-әрекетін бағыттайтын философиялық, әлеуметтік-саяси көзқарастарының, сенімдерінің біртұтас ғылыми жүйесі.

Азаматтылық- жеке тұлғаның интегративтік қасиеті. Оның саналы, белсенді азаматтық міндеттері мен борышын мемлекет, қоғам, халық алдында орындауы; өзінің азаматтық құқығын саналы пайдаланып, елдің заңдарына құрметпен қарап, орындауы.

Адамгершілік тәрбиесі- тәрбиеленушілердің қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерін мақсат көздеп қалыптастыру үшін олардың санасына, сезіміне, тәртібіне ықпал ету.

Ізгілік- адамға басты құндылық ретінде өтетін саналы, түсінушілік қатынас.Тұлғаның адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Оқушының кәсіби бағдары- жастардың кәсіби бағдарын анықтауға, өзін-өзі тануға көмектесетін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық, техникалық, өндірістік шаралар жүйесі.

Эстетикалық тәрбие-баланың қоғамдық өміріндегі, табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, көркемөнердегі білім мен талғамын қалыптастыру, әсемдікті дұрыс қабылдау, түсіне білу қабілетін тәрбиелеу процесі.

Әлеуметтік педагогика- әлеуметтік ортаның жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Импринтинг- адамның өмірде мәнді объектілердің ерекшеліктерін рецепторлық санааралық деңгейде бекітуі.

Экзистенционалды қысым- беделді адамдармен әрекеттесу барысында тілді, әлеуметтік тәртіп нормаларын санасыз меңгеру.

Рефлексия-әртүрлі институттарға, қоғамға, отбасына, құрдастарға қатысы бар құндылықтарды адамның өзімен-өзі диалогқа түсіп қабылдауы не қабылдамауы, бағалауы, қарастыруы.

Идентификация (сәйкестендіру)-адамның өзін басқа адаммен, топпен, үлгімен санасыз сәйкестендіру процесі.

Әлеуметтендіру факторы- адамның қоғамда дамуына әсер ететін жағдайлар.

Тәрбие ұйымдары- белгілі жастағы топтарға әлеуметтік тәрбие беру мақсатында құрылған арнайы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

Дәстүр- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеуметтік мәдени мұраның элементі.

Отбасы- кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдында моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар.

Отбасы тәрбиесі- нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туыстарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие мен білім беру жүйесі.

Психоданалық-психикалық зақымның әсерінен болатын психиканың бұзылуы.

Девианттық (ауытқу)- қоғамда қабылданған құқықтық нормаларға қарама-қарсы тәртіп.

Инфантильдік- ересек адамның психикасында, тәртібінде балаға тән ерекшеліктердің сақталуы.

Ізгілік тәрбиесінің мақсаты- адамның өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танытуға қолайлы жағдай жасау.

Әлеуметтік- жеке тұлғаның өз-өзімен, қоғаммен үйлесімді әлеуметтік дамуының сыртқы көрінісі.

Өздік- тұлғаның даралық дамуының деңгейін көрсететін ішкі дамуының көрінісі.

Өзін-өзі тәрбиелеу- адамның өзін-өзі тұлға ретіндегі жетілдірудегі саналы әрекеті.

Педагогикалық зерттеу әдістері- педагогикалық құбылыстарды зерттеу тәсілі, олар туралы педагогикалық теорияларды заңды байланыстарды анықтау мақсатында ғылыми ақпарат алу.

Әдіснама- ғылыми-таным әрекеттерінің принциптерінің құрылымы, тәсілдері, формалары туралы ғылым.

Педагогикалық процестің принциптері- тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы үшін оқыту мен тәрбиені нәтижелі ұйымдастыруда басшылыққа алатын негізгі талаптар жүцесі.

Педагогикалық процестің заңдылықтары- педагогикалық процестер мен құбылыстар арасында тұрақты, обьективті түрде қайталанып отыратын тұрақты мәнді байланыстар.

Аксиология- құндылықтар туралы философиялық ілім. Жалпыланған тұрақты адам үшін ерекше мәні бар құндылықтар. Дәстүрлі педагогикада әдіснамалық негізі болып келеді.

Педагогиканың аксиологиялық негізі- педагогикалық көзқарастар жүйесі. Негізіне адамның өмірі, тәрбиесі, оқыту, педагогикалық қызмет, білім беру құндылықтары алынады.

Білім беру мақсаты- педагогикалық ұғымдарда көрініс алған қоғам талаптарына сай рухани қайта жаңғыру сферасы.

Білім беру – оқушылардың белгілі ғылыми білім жүйесін және танымдық білік пен дағдылардын игеруін, соның негізінде дүниеге көзқарасының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын және олардың шығармашылық күштері мен қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін процесс.

Оқыту – нәтижесінде адамның білім алуы жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушының бірлескен мақсатты әрекеті.

Арнаулы педагогикалық мағынадағы тәрбиелеу – мақсатты түрде адамның жеке басның дамуына оның қарым – қатынасына, сеніміне, көзқарасына, мінез белгілеріне, қоғамдағы тәртібіне үнемі әсер етуі және оның нәтижесі.

Кең мағынада тәрбиелеу – (адамның қоғамдағы орнын табуы) – мақсатты түрде оқыту мен тәрбиелеудің әсерімен адамның жеке басының дамуы және оның нәтижесі.

Білім берудің мазмұны – мектеп оқушылардың ақыл, дене қабілеттерінің жан-жақты дамуына, көзқарасының, мінезқұлқының қалыптасуына, қоғамдық өмір мен еңбекке даяр болуына қажетті ғылыми білімдер, білік және дағдылардың жүйесі. Білім берудің мазмұнына сонымен бірге адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің барлық элементтері де кіреді.

Зерттеу әдістері – әр түрлі ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешуге, педагогикалық мәселелерді шешуге, педагогикалық қбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.



Басқару – әрекеттердің тобы: педагогиқалық процесті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ол процеске ынталандыру және оның нәтижесін талдау.

Дидактика – білім беру және оқыту теориясы.



Әдістеме – қолданбалы дидактика.

Педагогтік білім беру - мұғалімнің арнайы педагогтік даярлығы.

Оқыту – нәтижесінде адамның білім алуы жүзеге асырылатын мұғалім мен оқушының бірлескен мақсатты әрекеті.

Оқу оқушылар іс-әрекеттерінің яғни объективті әлемді танудың ерекше формасы.

Білім-объективтік дүниені бейнелетін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаииың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады.

Білік – тәжірбеде игерілген білімдерді қолданудың меңгеру тәсілдері (айла-шарғылары, әрекеттері)

Дағды – автоматтық деңгейге жеткізілген практикада білімдерді қоданудағы жақсы жетілдірілген әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажеттіадмзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі – білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.

Дидактиканың қолданбалы қызметі – білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.

Заңдылық – құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс.

Қозғаушы күш – қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды.

Оқыту процесінің принциптері – оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін атайды.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет