БАҒдарламасы (силлабус) Пән : ҚР мектептерін реформалаудың педагогикалық аспектілері



бет8/11
Дата10.06.2017
өлшемі3,7 Mb.
#18709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Оқыту процесінің құрылымы:

Педагогикалық – мақсаты, принциптерді, мазмұны, әдістері, құралдары, формалары.

Психологиялық – танымдық процестер (қакбылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру, оқуға қызығушылық), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі дене мен жан күш қуаты, белсенділік,еңбекқорлық не шаршау динамикасы).

Әдіснамалық - педагогикалық мақсат бірнеше міндеттерге бөлініп, ұстаз бен шәкірт іс-әрекетінің кезеңдерін анықтайды.

Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылысьардың адам санасында бейнелеу процесі

Еске түсіру – ұзақ мерзімдік жадтан қажет ақпаратты іздеумен,қалпына келтірумен және алумен байланысты ақыл-ой әрекеті

Түсіну – бір нәрсенің анық-қанығына көз жеткізу.

Қорытынды – организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйеінің өнімі.

Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі.

Білімнің мазмұны – оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқылатын білім мен біліктер жүйесі

Білім беру стандарты – мемлекеттік норма ретінде қабылданатын параметрлер жүйесі

Оқу жоспары – бұл оқу пәндерінің құрамын әрбір сынып және пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын мемелекеттік құжат.

Оқу бағдарламасы – білім мазмұны сипатталады, пәндер бойынша әр жылға және оқылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінетін сағат саны бейнеленеді.

Оқулық –оқу бағдарламасына сай,оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндау құралы.

Оқу құралдары кітаптар, көрнекі және техникалық т.б. құралдар жатады.

Политехникалық білім – оқушыларға қабілеттері мен бейімділігіне қарай болашақ мамандығын таңдауға көмек көрсету.

Әдіс – мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет.

Оқыту әдістері – оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Оқу құралдарына – оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.

  1. Оқу кітаптары – оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер,есептер жинағы.

  2. Көрнекі құралдар – кестелер, сызбалар, чертеждер, суреттер, фотосурет, экономикалық-георафиялық карталар.

  3. Техникалық құралдар – үнтаспа, телеарна, бейнетаспа,компьютер т.б.

Түсіндіру – оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяедауы.

Әңгіме – мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі.

Әңгімелесу – мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілінде қолданады.

Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі – оқушылыардың өздігінен жаңа білімдерді қабылдау, сыныпта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады.

Түсіндірмелі иллюстративті әдіс - мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін бейнелейді.

Репродуктивті әдіс –негізгі белгісі еске түсіру және мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекетінің тәсілін қайталау.

Бақылау әдісі –белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшкліктерін, оларды тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру.

Дәстүрлі емес сабақ дәстүрлі құрылымы жоқ ойдан шығарылған оқу жұмысы (И.П.Подласый)

Сынып – сабақ жүйесі – мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істеу,арқылы оқыту, тәрбилеу, дамыту міндеттерін іске асыру формасы.

Сабақ классификациясы (жіктелуі)- сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу.

Оқытуды ұйымдастыру формасыоқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асырылады.

Жеке дара жұмыс - әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады

Оқушының біркелкі, бірыңғай оқу жұмысы мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әректтесу жағдайында орындауы.



Бөлшекке бөліп оқыту – бір мезгілде бірнеше тапсырманы әртүрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалады.

Оқушылардың ұжымдық жұмысы – ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі.

Фронталдық жұмыс ерекшелігі – бір сыныптаға барлық оқушылардың бір бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім басшылығымен біркелкі жағдайцда орындауы.

Өздігінен білімін жетілдіру- жеке адамның өзі басқаратын мақсатты танымдық іс-әрекеті, жүйелі түрде білім алуы.



  1. Педагогика пәні:

балаларды тәрбиелеу мен оқыту.

оқушының жеке тұлғасы;

мектептегі оқу-тәрбие процесі;

білім беру және оқыту, тәрбиелеу процестері;

балаларды оқыту, тәрбиелеу, білім беру заңдылықтары туралы;

  1. Педагогика ғылымының дамуына не себеп болды?

Педагогиканының қоғамдағы, өмірдегі рөлінің артуы.

Қоғамдағы прогресс.

Аға буыннан жас буынға тәжірибені беру қажеттілігі.

Биологиялық заңдылық ұрпақты сақтап қалу мақсатындағы.

Адамға білім беру мақсатындағы объективтік заңдылық.

  1. Педагогиканың негізгі ғылыми категориялары:

білім беру, оқыту, тәрбиелеу;

орта, тұқым қуалаушылық, тәрбие;

білім, білік, дағды;

оқыту, оқу, қалыптастыру;

тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту.

  1. Ғылыми педагогиканың негізін қалаушы:

Я.А.Коменский.

Жан-Жак Руссо;

Ы.Алтынсарин;

Д.Ушинский;

А.Макаренко;

  1. Қазақстанда педагогика ғылымының негізін қалаушы:

Ы.Алтынсарин.

Жан-Жак Руссо;

А. Байтұрсынов;

Д.Ушинский;

А.Макаренко;

  1. Педагогиканы қандай ғылымдар саласына жатқызуға болады?

гуманитарлық ғылымдарына

арнайы ғылымдарға

Жаратылыстану ғылымдарына

әлеуметтік ғылымдарына

қоғамдық ғылымдарға;

  1. Педагогика қандай ғылымнан бастау алады?

философия

әлеуметтану

психология

педология

физиология

  1. Педагогика термині ең алдымен қай елде пайда болды?

Ежелгі Греция

Македония

Чехияда

Ежелгі Римде

Францияда

  1. Педагогиканы ғылым ретінде қарастыру неге байланысты?

ғылыми, зерттеушілік бағытқа байланысты

тәжірибелік бағытына байланысты

өмірмен байланысты

адамның білім алуына қарай

адамзат қоғамның қажеттілігіне байланысты


  1. Педагогиканы өнер ретінде қарастыру неге байланысты?

тәжірибелік бағытына байланысты

ғылыми, зерттеушілік бағытқа байланысты

өмірмен байланысты

адамның білім алуына қарай

адамзат қоғамның қажеттілігіне байланысты

  1. Тәрбие дегеніміз …

Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс

Тәрбиешінің қызметі

Жеке адамның дамуын басқару

Педагогикалық қызмет

Жеке адамның өзін - өзі жетілдіру мақсатындағы іс әрекеті

  1. Әлеуметтендіру дегеніміз …

Тұлғаның қоғаммен әрекеттесуі арқылы дамуы, әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды игеру.

Адамның іскерлік пен дағдыны меңгеруі

Тұлғаның қоғамдық өмірмен танысуы.

Мұғалімнің басқаруы арқылы оқушының дамуы

Тұлғаның өмірлік тәжірбиесінің құрбы- құрдастарымен әрекеттесуі арқылы қалыптасуы.

  1. Тәрбие кең мағынасында алғанда нені білдіреді.

Сенімді қалыптастыруды

Тәртіпті қалыптастыруды

Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыруды

Қоғамдық тәрбие тәжірибесін, білімді, шығармашылық әрекетті, әлеуметтік, рухани қатынасты меңгеруді

Еңбексүйгіштікті қалыптастыруды.

  1. Тәрбие тар мағынада нені білдіреді?

Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Тәртіп мәдениетіне тәрбиелеу

Жан – жақты етіп тәрбиелеу

Жан – жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу

Тәрбиеде адамның жеке бір мысалы, әлеуметтік, адамгершілік т.б. қасиеттерін қалыптастыру

  1. Соқырларды оқытумен, тәрбиелеумен педагогиканың қандай саласы айналысады.

Тифлопедагогика

Сурдопедагогика

Олигрофенопедагогика

Логопедия

Арнайы педагогика

  1. Саңырауларды оқытумен, тәрбиелеумен педагогиканың қай саласы айналысады

сурдопедагогика

тифлопедагогика

олигрофенопедагогика

логопедия

арнайы педагогика

  1. Ақыл-есі кем балаларды оқытып-тәрбиелеумен педагогиканың қай саласы айналысады

олигрофенопедагогика

тифлопедагогика

арнайы педагогика

сурдопедагогика

логопедия



  1. Тілінде кемістік бар балаларды оқытып-тәрбиелеумен педагогиканың қай саласы айналысады

логопедия

сурдопедагогика

арнайы педагогика

тифлопедагогика

олигрофенопедагогика

  1. Педагогика ғылымының міндеттері

оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді

балалар ұжымын қалыптастыру

адамдардың рухани дамуы

адамның табиғатын зерттейді

оқушылардың қабілеттерін зерттейді

  1. Педагогикалық болмысты түрлендіру және танымның әдісі, принциптері, формалары, процедуралары туралы ілімді:

Методология дейміз.

Философия дейміз.

Педагогика дейміз.

Психология дейміз.

Логика дейміз.

  1. Оқытудың әдіснамалық негізі не болып табылады?

Таным теориясы.

Іс-әрекет теориясы.

Басқару теориясы.

Жеке тұлға теориясы.

Құндылықтар теориясы.

  1. Мұғалім-зерттеушінің нақты айналысатыны:

Зерттеудің пәні.

Зерттеудің мақсаты.

Зерттеудің тақырыбы.

Зерттеудің объектісі.

Зерттеудің мәселелері.



  1. Педагогикалық болмысты сипаттаудың алғашқы қадамы неден басталады?


Эмпирикалық сипаттаудан.

Монографиялық сипаттаудан.

Тәжірибелік сипаттаудан.

Теориялық сипаттаудан.

Эвристикалық сипаттаудан.



  1. Педагогикалық зерттеудің болжамын не арқылы тексереді?


Педагогикалық эксперимент арқылы.

Анкета жүргізу арқылы.

Ранжирлеу арқылы.

Интервью алу арқылы

Педагогикалық бақылау жүргізу арқылы.



  1. Зерттеудің ұғымдық аппаратының этимологиялық талдауы қандай зерттеуге жатады?

Терминологиялық зерттеуге.

Феноменологиялық зерттеуге.

Герменевтикалық зерттеуге.

Дидактикалық зерттеуге.

Логикалық зерттеуге.


  1. Педагогикалық зерттеу неден басталады?


Зерттеудің проблемасын анықтауынан, сипаттауынан.

Тақырыптың жаңалығын анықтаудан.

Тақырыптың практикалық маңыздылығын сипаттаудан.

Педагогикалық эксперименті ұйымдастырудан, өткізуден.

Зерттеудің әдістемесін құрудан.


  1. Не педагогикалық зерттеудің болжамы болып саналады…


Гипотеза

Жаңалық

Тәжірибелік мәні

Мақсат

Фактілер


  1. Педагогика ғылымының әдіснамасы – ол:

Ғылыми-таным әрекеттерінің принциптерінің құрылымы

Жеке тұлғаны әлеуметтендіру туралы ілім

Педагогикалық процесс туралы ілім

Оқыту мен білім беру туралы ілім

Тәрбие мен білім беру туралы ілім



  1. Бақылау дегеніміз


Мақсатты түрде мәлімет жинау

Белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттейдің таным әдісі

Мәліметтерді салыстыру арқылы қолданылатын әдіс

Оқушыға ықпал ету әдісі

Оқушыны түсініп көмек көрсету үшін қолданылатын әдіс



  1. Педагогикалық ғылыми зерттеу әдісіне жатады



Бақылау,әңгіме, эксперимент

Түсіндіру, әңгіме, эксперимент

әңгіме, жаттығулар, үлгі өнеге

үлгі өнеге, талап қою,эксперимент

сауалдама, тест, мадақтау


  1. Педагогикалық әдіснамасы нешеге бөлінеді


2

3

4

5

1


  1. Сауалдама әдісі дегеніміз...


сұрақтау бойынша мәліметер жинау

оқушылардың таным белсенділігін туғызуға арналған әдіс

оқушылардың әрекетін бақылау

тестілеу әдісі

оқыту әдісі


  1. Білім беру қандай құндылыққа жатады?


Жалпы азаматтық.

Материалдық.

Діни.

Ғылыми.

Ұлттық.


  1. Гуманистік бағытты педагогикаға негіздеген кім?


К.Роджерс.

А.С.Макаренка.

Н.К.Крупская.

Д.Н.Дьюи.

В.А.Сухамлинский.


  1. Білім беруді ізгелендіру дегеніміз - ол …


Білім беру процесінің баланы, оқытушыны сыйлауға, құқығының, еркіндігінің сақталуына бағытталуы

Адамның беделінің сақталуы

Жеке адамды қалыптастыруға бағытталуы

Оқушының денсаулығының сақталуы

Оқушыға деген құрмет және сүйіспеншілік


  1. Білім беруді гуманитаризациялау дегеніміз …


әлеуметтік проблемаларды, адамның қажеттілігін іске асыру мақсатында білім беру мазмұнын бағыттау

мәдениетті, тарихты, ана тілін білуге бағытталуы

шетел тілін білуге бағытталуы

экономикалық, құқықтық білімдерді білуге бағытталуы

қоғам туралы білімдерді игеруге бағытталуы.


  1. Адамға қажетті жалпыланған бағалы заттар, құндылықтар туралы философиялық білім қалай аталады?



Аксеология

Педалогия

Гносеология

Физиология

Психология


  1. Қоршаған өмірдегі объектінің адам, топ,қоғам үшін, олардың қажеттілігіне, қызығушылығына байланысты бағалануы қалай аталады?


Құндылық

Білім

Тәрбие

Сенім

Оқу



  1. Мектепте оқушыларды қандай құндылықтарға мақсат көздеп тәрбиелемейді?


Діни

Білім

Мәдени

Ұлттық

Материалдық


  1. Кеңес дәуірінде қандай құндылықтарға мән берілмеді


ұлттық

әлеуметтік

жалпы азаматтық

материалдық

мәдени


  1. Тәрбие процесінің мазмұнына енбейтін құндылықты көрсетіңіз.

Дінге деген қатынас

Адамға деген қатынас

Өмірге деген қатынас

Қоғамға деген қатынас

Еңбекке деген қатынас



  1. «Аксиология» деген не?


Құндылықтар туралы ілім

Білім туралы ілім

Мәдениет туралы ілім

Тәрбие туралы ілім

Оқыту туралы ілім


  1. Ұлттық құндылықтарға не жатады?



салт-дәстүрлер

Қоғамдық-саяси құндылықтар

Жалпы азаматтық құндылықтар

Материалдық құндылықтар

әлеуметтік құндылықтар



  1. Қазіргі мектептің тәрбие мақсатына қойылмайтын талапты көрсетіңіз.


Жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген коммунистік көзқарасты қалыптастыру.

Оқушының ақыл – ойының, адамгершілік қасиеттерінің, сезім, дене қабілеттерінің дамуы.

Адамның шығармашылық қабілеттерінің дамуы

Ізгілік қатынасты дамыту

Баланың жас ерекшеліктерін ескеріп оның дамуына қолайлы жағдай жасау.


  1. Оқу-тәрбие процесінің мақсаттарын анықтағанда мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің стратегиясын не анықтайды?


Тұлғалық әрекет.
Индивидуальдық әрекет.

Авторитарлық әрекет.

Достық әрекет.

Жүйелік әрекет.



  1. Тәрбиенің жалпы мақсатын айқындағанда ең анықтаушы факторына не жатады?


Мемлекеттің идеологиясы мен саясаты.

Оқушылар мен ата-аналардың талаптары.

Адамзат тәрбиесінің идеалы.

Тәрбиеленушілердің физиологиялық және психологиялық мүмкіндіктері.

Педагогикалық ғылым мен практикасының даму деңгейі.


  1. Қазіргі мектептің жалпы тәрбие мақсаты қандай позицияда көрініс алады?


Жан – жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу.

Тәрбиені ізгелендіру

Эстетикалық тәрбие

Азаматты тәрбиелеу

Кәсіптік бағдар беру.



  1. Тәрбиенің идеалы – мақсаты не?


жан – жақты, үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу

көп тілді индивиді тәрбиелеу

жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеу

шығармашылығы мол жеке тұлғаны тәрбиелеу

жан – жақты мәдениеті тұлғаны тәрбиелеу



  1. Тәрбие мақсатын белгілеуге не әсер етеді?


Мемлекеттің саясаты, идеологиясы.

Ата – аналардың талабы

Өндірістің қажеттілігі

Адам тәрбиесінің идеалы

Мемлекеттің қойған талабы.



  1. Баланың тұлғалық қасиеттерінің тәрбие мақсатына сәйкес дамуы қалай аталады?


Тәрбиелік

Оқығандық

Білімділік

Даму

Қабілет



  1. Тәрбиенің стратегиялық мақсаты…


Жан – жақты дамыған мәдениетті тұлғаны қалыптастыру

Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Оқушыны рухани жетілдіру

Адамның талғамын, ақыл – ойын дамыту

Іскер, білімді адамды тәрбиелеу



  1. Тәрбие мақсатын кім белгілейді?


қоғам мемлекет

оқушының өзі

ата- аналар

мұғалім

мектеп

Тәрбие мақсаты мен міндеттері бір- бірімен қандай ара қатынаста?
жалпы және нақтылар

форма және мазмұны

нақты және жалпы

білім және дағды

білім және тәжірибе



  1. Өзін- өзі тануға, өзін-өзі дамытуға қабілетті, адамдардың қарым-қатынасының және саналық іс-әрекетінің субъектісі:


Тұлға.

Индивид.

Адам.

Жеке даралық.

Ғалым.


  1. Индивид тұлғасының психикалық ерекшелігі, қайталанбастығы – бұл:


Жеке даралық.

Толерантық.

Ұқыптылық.

Адамгершілік.

Дарындылық.


  1. Нормалар мен құндылықтарға негізделген, индивидтің бойында салыстырмалы, тұрақталған жоғары психикалық функцияның пайда болуы кімді қалыптастырады?


Тұлғаны.

Адамды.

Жеке даралық.

Лидерді.

Маманды.



  1. Жан – жақты мәдениетті тұлға дегеніміз…


өз мәдениеті арқылы басқа мәдениетті білуге ұмтылған индивид

басқа бірнеше ұлттардың мәдениетін, тілін білетін индивид

ана тілін білетін индивид

басқа ұлттардың әдет – ғұрпын, дәстүрін зерттеп білуге ұмтылған индивид

басқа ұлттардың мәдениетінен хабары мол индивид


  1. “Жеке тұлға” деген ұғымға не лайықты?


қоғамдық мәні бар әлеуметтік қабілеттер тек қасиеттерге ие, әрі қарай дамытуға ұмтылған адам.

адам ұрпағының өкілі

тірі организм ойлау, сөйлеу, еңбек ету қабілеттердің меңгерген

ойлау қабілетіне, тәртібіне қарай ерекшелігі бар адам

белгілі білім деңгейінің иесі


  1. “Индивид” деген ұғымға не сәйкес келеді?


белгілі бір әлеуметтік топ иесі

әлеуметтік бағалы құнды қасиеттері иесі

ата –аналардан ауысқан табиғи нышандар, қасиеттер иесі

ойлай, сөйлей, еңбек істеу білу

белгілі білім деңгейі бар адам


  1. Мақсатпен бағытталған қалыптастыру процесінің объектісі не болып табылады?


Тұлға.

Адам.

Оқушы.

Маман.

Индивид.



  1. Баланың дамуында қандай фактор айқындаушы рөл атқарады?


Тәрбие факторы.

Тұқым қуушылық факторы.

Айнала орта факторы.

Қарым-қатынас факторы.

Іс-әрекет факторы.



  1. Тұлғаның даму процесінің дамытушы күштері:


Факторлар.

Оқу, білім алу.

Жағдайлар.

Оқыту, білім беру.

Жаттығулар.


  1. Бір оқушы екінші оқушыдан несімен дараланады?


Жеке даралығымен.

Салмағымен.

Темпераметімен.

Бойымен.

Интеллектісімен.


  1. Жеке адамның дамуына әсер ететін негізгі факторларды белгілеңіз.

Тәрбие, орта, тұқымқуалаушылық

Мәдениет, орта, тұқымқуалаушылық.

Тәрбие, биологиялық фактор

Орта, тіл, тұқымқуалаушылық

Тұқымқуалаушылық және әлеуметтік орта.



  1. Жеке тұлғаның білім, іскерлік, дағды жүйесінің, көзқарасының, шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы қалай аталады?


білімділік

Тәрбие

Қайта тәрбиелеу

әлеуметтендіру

оқу


  1. Жеткіншек шақтағы іс әрекет түрін белгілеңіз?


қарым - қатынас

Еңбек

Ойын

Оқу

өнер


  1. Мектепке дейінгі кезеңдегі іс - әрекет түрін көрсетіңіз?



Ойын

Еңбек

Қатынас

Оқу

өнер


  1. Мектеп жасындағы (1 – 4 сынып) әрекет түрі қандай?


Оқу

Еңбек

Ойын

Қатынас

өнер


  1. Баланың құқұғы туралы БҰҰ Конвенциясы қай жылы қабылданды?


1989

1980

1982

1985

1990



  1. Әлеуметтендіруде адамға ықпал етеді…


Стихиялық және мақсат көздеген факторлар

Стихиялық факторлар

Мақсат көздеген факторлар

Биологиялық факторлар

Тұқымқуалаушылық


  1. Өзін - өзі жетілдіруге сапалы, жоспарлы мақсат көздеген процесс қалай аталады?


өзін - өзі тәрбиелеу

Тәрбие

әлеуметтендіру

қайта тәрбиелеу

қалыптасу



  1. Мақсатты түрде өзін- өзі тәрбиелеу қай жаста басталады?


13-16 жаста

3-5 жаста

6-12 жаста

16-18 жаста

18-20 жаста



  1. Білім беру саласындағы мемлекетік саясаттың принциптері қанша


11

12

10

9

8



  1. Білім беру ұйымдарын құру және тарату кімдердің келісімен құрылады?


білім беру ұйымдары құрылтайшыларының

білім беру департаментінің

білім беру мекемелерінің

білім беру ұйымдарының

жеке меншік ұйымдарының


  1. ҚР 2010 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы неше кезеңнен тұрады?


2 кезеңнен

5 кезеңнен

4 кезеңнен

3 кезеңнен

6 кезеңнен



  1. Білім беру жүйе ретінде мынаны анықтайды
    Каталог: Книги
    Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
    Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
    Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
    Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
    Книги -> АҚША, несие, банктер
    Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
    Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
    Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
    Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет