Бағдарламасы туралы» және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»



бет1/7
Дата30.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#8379
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
ЖОБА

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы» және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат; 2011 ж., № 3-4, 39-құжат; 2012 ж., № 9, 171-құжат; № 47, 626-құжат), мынадай өзгеріс енгізсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінде:

реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

9

3.


«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

2016 жылғы 1 қарашаға дейін


2017-2020 жылдар



2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін

5. «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 11, 200-құжат) күші жойылсын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті              Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің

20__ жылғы «__» _________

№ ___ Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы


  1. Бағдарлама паспорты




Бағдарламаның атауы

2017-2020 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы


Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Бағдарламаны іске асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар

Орталық және жергіліктімемлекеттік органдар

Бағдарламаның мақсаты

Цифрлық экожүйенің қарқынды дамуы арқылы Қазақстан халқының өмір сүру сапасын және экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Бағдарламаның міндеттері

1. Цифрлық Жібек жолын іске асыру

2. Креативті қоғамды дамыту

3. Экономика салаларындағы цифрлық қайта өзгерту

4. Белсенді мемлекетке көшу




Іске асыру мерзімдері

2017-2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2020 жылы Интернет пайдаланушылар үлесі -78%;

2020 жылы Қазақстан халқын эфирлік телехабарлармен қамту - 95%;

2020 жылы халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі - 80%;

2020 жылы АКТ секторының ЖІӨ-дегі үлесі - 4,7 %;

2020 жылы (2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда) АКТ-дағы еңбек өнімділігінің өсуі - 34%;

2020 жылы өз бетімен электрондық түрде алған қызметтер сапасына халықтың қанағаттанушылық деңгейі - 80%.



Қаржыландыру көздері мен көлемі

Мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор қаражаты, жеке меншік инвестиция, қаржы ұйымдары мен даму институттарының қарыздары.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.


Бағдарламаны 2017 – 2020 жылдары іске асыруға жұмсалатын жалпы шығыс 384 220 402,23 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
2017 жыл– 25 216 594,67 мың теңге*

2018 жыл – 102 188 928,31 мың теңге *

2019 жыл – 94 856 663,59 мың теңге *

2020 жыл – 161 958 215,66 мың теңге *.



Ескертпе*

Сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады.


  1. Каталог: sites -> default -> files -> pages
    pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
    pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
    pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
    pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
    pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет