Бағдарламасы университеттегі роман-герман филологиясы факультеітеріндегі "050210-Шетел филологиясы"



Дата26.06.2018
өлшемі59,5 Kb.
#45057
түріБағдарламасы
ТҮСІНІК ХАТ

"Шетел әдебиеті" (Батые Европа және Америка елдерінің әдебиеті) пәнінің типтік бағдарламасы университеттегі роман-герман филологиясы факультеітеріндегі "050210-Шетел филологиясы" мамандығын бойынша бакалавр дайындауға арналады. ҚР жоғарғы оқу орындарының кредиттік білім беру жүйесіне ауысуына және де бұрынғы маркстік-лениндік әдебиеттану идеологиясы диктатынан бас тарту нәтижесшде осы пәнді жүргізу әдіснамасын КСРО аумағында радикалды түрде қайта қарастыру қажеітілігімен осы жаңа типтік бағдарламаны жасау қажеттілігі туындап отыр.

Батыс Европанын қазіргі заман әдебиеті өзінін бастауын антикалық әдебиеттен, яғни Кене Греция мен Рим әдебиетінеи алады. Сондықтан «Көне дәуір әдебиеті (Пропедевтика: Ежелгі Греция мен Рим әдебиеті)» курсы "050210-Шетел филологиясы" мамандығын бойынша бакалаврларды кәсіби дайындауда жалпы және жеке тіл білімі және үйретілетін шет тілімен қатар кәсіби бағытталған пәндердін бірі болып табылады. Антикалық әдебиет курсы гуманитарлық бағыттағы орта білім беру орындарында филология саласы бойынша шет тілі мен шетел әдебиеті пәнінің окытушысын немесе ғылыми мекемелерде кіші ғылыми қызметкер-филолог ретінде өзінін кәсібн кызметін аткара алатын маман дайындау максатьш алға кояды. Ол үшін «Көне дәуір әдебиеті (Пропедевтика: Ежелгі Греция мен Рим әдебиеті)» курсы студент-филологтарға барынша толык және терең білім беру және кабілетін қалыптастыру міндеггерін өз алдына қояды:

а) білуі қажет:



  • екі көне дәуір әдебиетінің (Көне Греция және Рим) әр кайсысынын өзіндік ерекшеліктерін

  • екі көне дәуір әдебиетінің әр қайсысының пайда болуының хранологиялык кезендерін жөне олардың дамуын;

  • көне дәуір одебиеті үшін және Батыс Европа әдебиеті үшін де ең маңызды шығармаларды;

  • көне доуір кезеңінде пайда болған негізгі әдеби жанрларды;

  • Көне Грек әдебиетінде пайда болтан түрлер мен жанрлардың римдік әдебиет тарапынан игерілуі кезіндегі негізгі түрленімдерін;

б) істей алуы керек:

  • әдеби шығармалардың үзінділерін ғана емес, оларды толықтай оқу;

  • белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді оқулыктармен қатар арнайы сыни әдебиеттерден де өз бетінше тауып қолдану;

  • әдебиеттанулық зерттеулердің алғашқы кезеңі барысында көркем шығармаға талдау жасау;

  • өдебиеттану терминологиясын дұрыс пайдалана білу;

Көне дәуір әдебиеті (Пропедевтика: Ежелгі Греция мен Рим әдебиеті)» курсы мына пәндерден бұрын оқытылады: әдебиеттануға кіріспе,

классикалық филология, философия.



Аралас пәндер: негізгі шет тілі, арнайы филологияға кіріспе, тіл біліміне кіріспе.

«Көне дәуір әдебиеті (Пропедевтика: Ежелгі Греция мен Рим әдебиеті)»

курсынан кейін окытылатын пәндер: әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, VI-XX ғғ. шетел халыктарынын әдебиеті.

Жоғарғы оку орындарының студенттің өзіндік жұмысьша негізделген саяси бағдары «Көне дәуір әдебиеті (Пропедевтика: Ежелгі Греция мен Рим әдебиеті)» пәні бойынша терең әрі жан-жақты білім алуға кемегін тигізері анық. СӨЖ тақырыбы мен бақылау түрлері, ОСӨЖ және лекциялық курстын тақырыптарын әр университет осы типтік бағдарлама негізінде анықтайды. Мұнда СӨЖ ең мүмкін деген тақырыптары жұлдызшамен белгіленген және ұсынылатын семинар тақырыптарының тізімі берілген. Алайда СӨЖ материалды дәл қайталауға жол бермейді, осылайша бағдарламалық минимумнын толық көлемде жүзеге асуына мүмкіндік жасайды.



Бүгінгі таңда СӨЖ-діц коммуникативті және интерактивті болуы талап етіліп отырғандықтан, СӨЖ-ді ұйымдастыру мен бақылау түрлерінің дәстүрлі түрлері креативті сипаттағы жаңалықтармен толықтырылып отыруы тиіс.
Пәннін мазмұны

Антикалық әдебнет

Кіріспе: мәдени-тарихи дәуірлер туралы түсінік. "Антикалық әдебиет" ұғымы, оның мәні, мазмұны мен құрамы.

Ежелгі грек әдебиеті. Ежелгі грек әдебиетінің пайда болуы. Ежелгі грек әдебиетін кезеңдерге бөлу. Мәтіндер: ежелгі Грецияның қолжазба мұраларын сақтау және оны оқып-үйрену мәселесі. Ежелгі грек әдебиеті эволюциясынын эллиндік немесе классикалық кезеңі және бірін-бірі ауыстырған үш негізгі әдеби жанрдын пайда болуы: эпос, лирика, драма. Эпос. Эллиндік немесе классикалық кезеңде пайда болған әдебиеттегі үш жанрдың алғашкысы болып табылады. Онын негізгі жанрлық принципі, Гомерлік эпостар "Илиада" мен "Одиссей" - ежелгі грек әдебиетінің эпикалық поэзиясының шыңы ретінде. Киклдық поэмалар. .Эпикалық поэзияның эволюциясы, оның "ұсақталуы". "Гомерлік гимндер". Пародиялар мен дидактикалық эпикалық поэзияның пайда болуы: Гесиодтың "Жұмыстар мен күндері». Гесиодтың «Теогониясы» және мифологиялық аңз-хикаяттарды жүйелеу.

Лирика. Ежелгі грек лирикасының көне түрлері: элегия жоне ямб. Архилох, Каллин Эфеский, Тиртей, Солон - элегиялык жәие ямбылық поэзияның көрнекті авторлары. Меликалық поэзия. Алкей, Сапфо, Анакреонт - ежелгі грек әдебиетіндегі монодиялык меликалардың ең көрнекгі авторлары. Хор лирикасы, оның негізгі түрлері: әнүрандар, пеапдар, дифирамбылар, гипорхермалар, парфенилер т.б. Пиндар және эпиникия жанры.

Драма. Оның пайда болуы мен негізгі түрлері: трагедия, сатиралық драма, комедия. Трагедия және оның құрылымы. Эсхил - "трагедия атасы". Эсхилдың драматургиялық мұралары. Эсхил туындыларындағы трагикалық тартыс: Эсхилдағы қаһарман мәселесі, Эсхил трагедияларындағы хор, тілі мен стилінің ерекшеліктері, "трагикалық ирония". Софокл. Софоклдын сақталған трагедиялары, "Эдиподия" - Софокл шығармашылығындағы қаһарман мәселесі, «трагедиялық ирония», қаһарман және тағдыр. Хордыц рөлі. Софокл трагедияларының тілі мен стилі. Еврипид. Еврипидтін сақталған трагедиялары және оның мұраларының тағдыры. Жеке тұлғаны, оның ішкі қарама-қайшылығын және жеке ұмтылыстарын сомдау; еврипидтік трагедиялардағы "тұрмысты" мәселесі: Еврипидтін сонғы трагедияларында қайғылы қақтығыстардың жоғалуы. "Машинадағы құдай" тәсілін пайдалану.

Сатиралық драма, оның мағынасы.

Комедия. Ежелгі аттикалық комедия, онын пайда болуы мен құрылымы. Аристофан - комедия атасы. Аристофан шығармалары, олардың композициясы, тақырыбы мен жанрлық ерекшеліктері. Аристофан комедияларындағы комедиялыктың табиғаты. Ортааттикалық комедия, онын ерекшелігі. Жаңааттикалық комедия, оның құрылымы, сюжет типі, кейіпкерлері, комикалық сипаты. Менандр комедиялары. Аристотельдің "Поэтикасында" ежелгігрек әдебиетінің негізгі түрлеріне талдау жасау.

Антикалық роман және оның түрлері. Лонгтың буколикалық романы "Дафнис пен Хлоя". Онын мәні мен тағдыры.

Рим әдебиеті. '*Ежелгі рим әдебиепп (б.з.д. Шг. ортасы мен 11г. ортасы). Римнің алғашқы ақындары (Ливии Андроник, Гней Невий); *алғашқы көркемдік кезең, *римдік эпос; *трагедиялар, *комедиялар (паллиата - плащ комедиясы, тогата - тога комедиясы); *сахнальқ ойындарды ұйымдастыру; *римдік театр, *актерлар мен көрермендер. Плавт пен Теренций комедиялары.



Республиканың соңгы ғасырындағы әдебиет (б.з.д. ІІғ. ортасы—Іғ. ортасы). Ескі әдеби жанрлардың құлдырауы мен жаңа жанрлардың көтерілуі. Римдік сатираның дамуы (сатура). *Луциллий сатиралары. *Саяси және соттық шешендік өнердің дамуы. Цицерон. Тарихты жазу. *Цезарь, оның саяси және әдеби қызметі. Лукрецийдің "Заттардың табиғаты туралы" философиялық поэзиясы. *Неотерик-ақындар. Катулл.

Империя дәуірінің әдебиеіпі (рим әдебиетің алтын ғасыры б.з.д. I ғ. екінші жартысы - б.з.д. I г. басы). "Август ғасырындағы" рим қоғамы. Саяси шешендік декломациясының кұлдырауы; әдеби үйірмелер (Меценат). Вергилий шығармашылығы: "Буколики", "Георгики" шығармаларьшың жанрлық ерекшеліктері. "Энеида" - Гомерлік эпосқа қатысы, Вергилий жаңашылдығы. Әр ғасырдағы Вергилийдін әдеби тағдыры. Гораций: өмірі мен шығармаларының негізгі кезеңдері. "Эподтар"- жанр дәстүрі мен римдік болмыска қатынасы. "Сатиралар" шығармасының мазмұн ерекшелігі, әдісі мен стилі. "Одалар"- кітаптар хронологиясы. Оның грек әдебиетімен байланысы, құрылымы мен метрикалық өзіндік ерекшелігі. Гораций -теоретик және әдебиет сыншысы: Горацийдің "Жолдауы". "Писондарға жолдау" шығармасы - батысевропалык әдебиеттегі классицизм эстетикасының алғашка хабаршысы.

*Тибулл мен Проперций элегиялары. Овидий. Шығармашылығының негізгі кезеңдері. Овидийдін махаббат тақырыбына арналған; "Махаббат ғылымы", "Махаббаттан айықтырар дәрі" өлендері, олардың поэтикасы. Овидийдін мифологиялық поэмалары: "Метаморфозалар", "Фасттар". Овидийдің қуғындалуы. "Мұңды элегиялар", "Понттан келген хаттар". Овидийдін әдеби тағдыры. Тит Ливии.



Кейінгі кезең (Рим әдебиетінің күміс гасыры б.з.д. 1-11 гг.). Юлий мен Клавдийлер дәуірі. Сенека және стоицизм. Сенеканың хаттары мен пәлсапалық трактаттары. Сенека трагедияларының жанрлық ерекшеліктері.

*Петронийдің "Сатирикон" шығармасы. *Петроний және европалық айлакерлік роман. *Федр мысалдары. *Флавий лоне Траяндар дәуірі. Квинтилиан. Үлкен Плинийдің "Табиғи история/(окиға)" шығармасы мен оның ортағасырлық мәдениет үшін маңызы. *Кіші Пленийдің "Хаттар" шығармасы. *Марциал мен Ювенал сатиралары. Тациттің "Тарих" және "Анналдар" шығармалары.



Ең соңгы кезең (б.з.д. II г. соңы мен V г). Светонийдің "Цезарлар емірін суреттеу" шығармасы. *Апулейдің "Метаморфозалары" ("Алтын есек").

Латын тіліндегі жазба әдебиет, оның ертеортағасырлық мөдениеттегі ролі. Ежелгі грек және батыс европалық әдебиеттері арасындағы рим өдебиетінің делдалдық маңызы.


"ЕЖЕЛП ДҮНИЕ ӘДЕБИЕТІ (ПРОПЕДЕВТИКА: ЕЖЕЛП ГРЕЦИЯ

ЖӘНЕ РИМ ӘДЕБИЕТІ)" КУРСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР

САБАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІ РЕТІНДЕГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ

А) Ежелгі грек әдебиеті

Гомер поэмаларынын поэтикасы

Сапфо, Алкей, Анакреонт поэзиясы

Ежелгігрек театры мен драматургиясы



Б) Рим әдебиеті.

Ежелгі рим әдебиеті. Плавт пен Теренций комедиялары.

Республиканың соңғы ғасырындағы Рим әдебиет (Б.з.д. Иғ.ортасы мен 1к.

ортасы.) Цицерон, Лукреций, Катулл-

Рим әдебиетінің алтын ғасыры,(б.з.д, I ғасырдың екіиші жартысы мен б.з. I

ғасырдың басы).

Кейінгі кезеңдегі және ең сонғы кезеңдегі рим әдебиеті (б.з.І-Үғғ.)

Сенека, Светоний, Апулей.


СТУДЕИТТЩ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ҮЛГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ
СӨЖ үлгі тақырыптарының тізімі Типтік бағдарламаның мәтшінде жүддызшамен (*) белгіленген.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ1

Көркем әдебиет Ежелгі грек әдебиеті

Гомер. Илиада. / Н.И.Гнедичтін ауд. М.;Моск. Рабочий, 1981. 448 б. (кез-

келген басылымы).

Эсхил. Трагедиялары. М.: Өнер, 1978, 367 б.

Софокл. Трагедиялары. М.; Өнер, 1979, 456 б.

Еврипид. Трагедиялары. 2 том. М.: Өнер, 1980, Т.1,2.

Аристофан. Таңдамалы комедиялары. М.: Көркем әдебиет, 1974,4936.

Платон. Диалогтар. М.: Мысль, 1986, 5836.

Аристотель. Поэтика // кез-келген басылымы.

Антикалық роман б.з.І-Зғ. (Ахилл Татий, Лонг, Петроний, Апулей). М.:

Көркемәдеб. 1969,5906.

Рим әдебиеті

Тит Макций Плавт. Комедиялары: 2т. М.: Өнер, 1987, т.1,2. Катулл. Тибулл. Проперций. М.: Керкем әдеб,, 1963, 5026. Цицерон. Шешендік өнер туралы үш трактат. М.: Ғылым, 1972, 4716. Вергилий. Буколикилер. Георгиктер. Энеида. М.: КврЖем едеб., 1979, 5486.

Квинт Гораций Флакк: Одалар. Эподтар. Сатиралар. Жолдаулар. М.; Квркем

эдеб., 1970,478 6.

Публий Овидий Назон. Махаббат элегиялары. Метаморфозалар.

Луций Анней Сенека. Трагедиялары. М.: Ғылым, 1983. 4296.

Апулей. Апология. Метаморфозалар. Флоридтер. М.:КСРО ¥А басп., 1959.

432 6.
Ғылыми әдебиет

История всемирной литературы. - М.: Наука, 1987. Т.1

Радциг С.Н. История древнегреческой литературы. - М

келген басылымы)

Тахо-Годи А.А. Античная литература. - М.: Высшая, 1973

Тройский И.М. История античной литературы. - М.: Высшая школа (кез

келген басылымы)



Қосымша әдебиеттер

Антикалық шешендер. М.; ММУ,1978.

Козаржевский А.Ч. Антикалык шешендік өнер. М.: ММУ, 1980.

Покровская З.А. Антикалык философиялык эпос. М.: ММУ, 1979.

Ярхо В.Н., Полонская К.П. Антикалык комедия. М.: ММУ,1979.

Ярхо В.Н., Полонская К.П. Антикалык лирика. М., 1979.



Ярхо В.Н. Антикалык трагедия. М., 2003
Құрастырған:

1. Людинина О.Е. - ф.ғ.д., профессор

Рецензенттері:

  1. Ф.Ғ.К., профессор Исмаилова Ф.Е.

  2. Ф.Ғ.Д., профессор Мучник Г.М.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет