Бағдарламасымен таныстыру. «Қауіп тобындағы»



Дата06.07.2018
өлшемі3.47 Mb.
түріБағдарламасы

Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алуда мектеп педагогтарының рөлі

  • Жоспар:
  • Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу бағдарламасымен таныстыру.
  • «Қауіп тобындағы» балаларға көмек көрсетудегі мұғалімнің рөлі.
  • Бағдарлама бойынша оқу курсының мазмұнымен толық танысып, білу үшін zhastar.org сайтына кіру жайында ақпарат беру.
  • Жадынама «Жасөспірімдер суицидін алдын алуда мұғалімдердің рөлі»
  • ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД. ЖАЛПЫ ХАЛЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕ (видиоролик)

Бағдарламаны жүзеге асырудың нормативті-құқықтық құжаты: 3 министрліктің біріккен бұйрығы

БАҒДАРЛАМА НЕ СЕБЕПТІ МЕКТЕПТЕ/КОЛЛЕДЖДЕ ЖҮРГІЗГЕЛІ ОТЫР?

  • "Мектеп /колледж- жастардың денсаулығын
  • нығайту және оларға профилактикалық
  • іс-шараларды жүргізу үшін ең
  • маңызды орындардың бірі болып саналады" (БДҰ, 2004)
  • Мектеп/колледж – бұл:
  • жасөспірімдердің үйден тыс көп уақытын өткізетін орын;
  • жасөспірімдердің жеке бас дағдылары дамитын және салауатты өмір салты қалыптасатын ерекше орын;
  • психикалық денсаулықты нығайтатын және әлсіз жасөспірімдерді ертерек анықтайтын орын.

Бағдарламаның мақсаты

  • Өткізілетін төрт іс-шараның көмегімен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықты алдын алу

БАҒДАРЛАМАНЫҢ 4 ҚҰРАУШЫСЫ (төрт іс-шара)

Мульти-модальды тәсіл

  • МИФ:
  • суицидті ешкім тоқтата алмайды, ол міндетті түрде орын алады
  • ФАКТ:
  • Егер дағдарыстағы адам қажетті көмек алса, болашақта ол өз-өзіне қол жұмсамауы мүмкін
  • МИФ:
  • суицидті тек мамандар тоқтата алады
  • ФАКТ:
  • суицидтің алдын алу кез келген адамның ісі болып табылады, кез келген адам суицид қасіретін тоқтатуға көмектесе алады
  • МИФ:
  • Адам өз-өзіне қол жұмсаймын деп шешкеннен кейін. ешкім оны тоқтата алмайды
  • ФАКТ:
  • Суицид тоқтатуға келетін өлім түріне жатады, кез келген жағымды әрекет адам өмірін құтқара алады

Баланың дағдарыстағы және оның өз-өзіне қол жұмсағысы келетіні туралы ескертуші белгілерді танып-біле алатын кез келген тұлға вахтер деп аталады

  • Баланың дағдарыстағы және оның өз-өзіне қол жұмсағысы келетіні туралы ескертуші белгілерді танып-біле алатын кез келген тұлға вахтер деп аталады
  • Суицид вахтері деген кім?

Өтінеміз, келесілерге назар аударыңыз

  • Суицид вахтерлары кәсіби психотерапевтік көмек көрсетпейді  
  • Суицид вахтерлары «Қауіп тобындағы» оқушыларды анықтап, олармен тіл табысып және оларды дұрыс бағытқа бағыттау мүмкіндігіне ие болу үшін, мұқият қадағалауды жүзеге асырады
  • Неліктен суицидтің алдын алу жолындағы әрекетім менің жоғары сынып мұғалімі ретіндегі рөліме сәйкес келеді?
  • Демек, Сіздің оқушылардың мінез-құлқын қадағалауға және оқушының өз-өзіне зиян келтіретіні туралы күмәніңіз болса әрекет етуге мүмкіндігіңіз бар.
  • Сіз оқушының мектеп қауымдастығына байланысты сезімдерін дамытуға үлес қоса аласыз, сондықтан оқушылардың эмоционалдық жағдайын жақсарту арқылы суицидтің алдын алуда белсенді рөлге иесіз.
  • Сіз күнделікті өмірде қиындығы, тіпті өз- өзіне қол жұмсауға әкеп соқтыратын мәселесі бар көптеген жастармен қарым-қатынаста боласыз
  • Дерек көзі: жалпы мектептің жоғары сыныптары оқытушыларының суицидтің алдын алудағы ролі, Суицидтің алдын алу бойынша ресурс орталығы (2012)

ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

  • Мәселенің ауқымдылығы
  • • Суицид қатері: негізгі түсініктер
  • • Алғашқы белгілерді байқай білу
  • • «Қауіп тобындағы» жасөспірімдерді қалай қолдау керек
  • • «Қауіп тобының» жасөспірімдерін қалай қайта бағыттау керек
  • Ескертуші БЕЛГІЛЕРДІ байқау
  • МИФ:
  • Суицид туралы ойы бар адамдар өз жоспарын ортаға салмайды
  • ФАКТ:
  • Суицид туралы ойы бар адамдардың көпшілігі өз ниеті туралы қадам жасаудан бірер апта бұрын хабарлайды
  • МИФ:
  • Өз-өзіне қол жұмсау туралы айтатын адамдар олай жасамайды
  • ФАКТ:
  • Өз-өзіне қол жұмсау туралы сөз қылған адамдар өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылуы, не оны жасауы мүмкін
  • Дерек көзі: QPR, Сұрақ қой, сендір және бағытта
  • ТІКЕЛЕЙ СӨЗБЕН АЙТЫЛАТЫН белгілер
  • «Мен өз-өзіме қол жұмсаймын деп шештім»
  • «Мен өлгенді қалар едім»
  • «Егер (осы айтқандарым ) орындалмаса, мен өз-өзіме қол жұмсаймын»
  • «Мен мұны аяқтамақпын»
  • «Мен өз-өзіме қол жұмсамақшымын»
  • ЖАНАМА СӨЗБЕН АЙТЫЛАТЫН белгілер
  • «Мен өмірден шаршадым, мен енді былай өмір сүре алмаймын»
  • «Менің отбасыма менсіз жақсы болады»
  • «Егер мен өлсем, ешкімнің ештеңесі кетпейді»
  • «Жақын арада сіздер мен үшін алаңдамайтын боласыздар»
  • «Менің бұдан әрі өмір сүргім келмейді»
  • «Менің жай ғана кеткім келеді»
  • МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ белгілер
  • Әдеттегі әрекет түрлеріне қызығушылығының жоғалуы;
  • Тым ұзақ ұйқы немесе ұйқысыздық;
  • Бағасының/үлгерімінің жалпы төмендеуі;
  • Дәлелді себептерсіз сабаққа қатыспау және жиі сабаққа келмеу;
  • Сыныптағы тәртібінің бұзылуы;
  • Ынтасының төмендеуі;
  • Ойсыз әрекеттер немесе қатерлі әрекет түрлеріне қатысу;
  • Жеке заттарын ретке келтіру;
  • Таблеткалар немесе басқа да суицид жасауға қажетті материалдар жинау фактісі;
  • Есірткі немесе алкоголь, немесе тәуелділіктен сауыққаннан адамның біраз уақыттан соң қызығушылығының қайта оянуы;
  • Денге деген күтпеген қызығушылық немесе қызығушылы-ғын жоғалту;
  • Қару сатып алу;
  • Қымбат (жүрегіне жақын) заттарын тарату;оң қызығушылығының
  • Жерлеуге әзірлену.

ӨЗІНІҢ ІШКІ ӘЛЕМІНДЕ ТҰЙЫҚТАЛУ

  • Сипаттамалары:
  • Оқшаулануға бейімділігі
  • Сүйікті ісінен бас тарту
  • Мотивацияны жоғалту
  • Заттарды қажетсіз деп қарау
  • Өзін-өзі жек көру сезімі
  • Белгілі бағытының жоқтығы/мақсатсыздық
  • Бұл ескертуші белгілер мынандай жағдайларда маңызды сипатқа айналады. Егер мінез-құлқы …
  • … өзгерсе
  • … күшейсе
  • … және/немесе қайғылы немесе ауыр оқиғамен, біреуден айырылумен немесе өзгерістерге байланысты болса

«Қауіп тобындағы» оқушыны байқасам мен не істей аламын?

  • Дерек көзі: Орта мектеп жоғары сынып оқушылары мұғалімдерінің суицидтің алдын алудағы ролі, Суицидтің алдын алу ресурс орталығы (2012 жыл)
  • Ол психикалық денсаулық саласының маманына немесе медициналық қызметкерге хабарласқанша үнемі қадағалаңыз (немесе, оған қамқор болатын ересектердің қарауында қауіпсіз жағдайда екеніне көз жеткізгенше)
  • Оқушы өзіңіздің мектебіңізге/колледжге бекітілген медициналық маманына барғанда бірге барыңыз
  • Оқушыны диагностикалайтын медициналық маманына көмек көрсету үшін қосымша ақпарат беріңіз. Бұл маман қажет болса оқушының ата-анасына хабарлайды.

Суицидтік ойы бар адам мен үмітсіздік арасындағы қуатты қорған ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС арқасында құрылған бөгет болып табылады.

  • Суицидтік ойы бар адам мен үмітсіздік арасындағы қуатты қорған ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС арқасында құрылған бөгет болып табылады.
  • • Суицидтік ойы бар адам көбінесе өзін жалғыз/оқшау қалғандай сезінеді; оларға СІЗ ОНЫҢ ЖАҒЫНДА екеніңізді білдіріңіз.
  • • Суицидтің алдын алудың алғашқы қадамы әрқашан да СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС болып табылады
  • «СҰРАҚТАРДЫ» қалай қоюға болады?
  • МИФ:
  • Өз-өзіне қол жұмсауды ойластырып жүрген адамға қарсы әрекет көрсету оның тек ызасын келтіреді және суицидтік әрекетті жеделдетеді
  • ФАКТ:
  • БІРЕУДЕН ТІКЕЛЕЙ СУИЦИДТІК НИЕТІ ТУРАЛЫ СҰРАУ МАЗАСЫЗДЫҚ ПЕН ҮРЕЙДІ АЗАЙТАДЫ, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЛАДЫ ЖӘНЕ ОЙСЫЗ ӘРЕКЕТ ҚАТЕРІН ТӨМЕНДЕТЕДІ

ҚАЛАЙ СҰРАҚ ҚОЮ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР

  • • Сұрақ қоюды жоспарлаңыз
  • • Егер адам жауап бергісі келмесе, табандылық танытыңыз
  • • Оңаша жағдайда адаммен көзбе- көз сөйлесіңіз
  • • Адамның еркін сөйлеуіне мүмкіндік беріңіз
  • • Өзіңізге жеткілікті уақыт беріңіз
  • • Қолыңызда ресурстар болсын (мысалы, телефондар нөмірі, консультанттың аты және көмек көрсете алатын кез келген басқа ақпарат)
  • Дерек көзі: QPR, Сұрақ қой, сендір және бағытта
  • ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ
  • Біреуді суицид жасағаннан өмір сүрудің артықтығына сендіру келісіммен және жеңілдікпен қабылданады. Қатысудан немесе өзіңізге жетекші рөлді алудан қорықпаңыз
  • ТІКЕЛЕЙ ЖОЛ
  • АЙНАЛМА ЖОЛ
  • «Сіз білесіз бе, адамдар сіз сияқты ренжігенде, олар кейде өлгісі келеді. Менің білгім келетіні, сізде ондай сезім жоқ па?»
  • «Сен соңғы кезде көңілсіз жүрсің. Менің білгім келетіні: «Сен суицид жасау туралы ойлап жүрген жоқсың ба?»
  • «Сен өзіңе-өзін қол жұмсауды ойлап жүрген жоқсың ба?»
  • Сен соңғы кезде расында да көңілсіз жүрсің және мен кеше, сен өзіңнің істеп жүргеніңе аса сенімді емес екеніңді естігендей болдым. Кейде, адамдар мұндай жағдайға тап болғанда кейбір нәрсе үмітсіз болып көрінуі мүмкін. Менің білгім келетіні, сен өзіңе қол жұмсауды ойлап жүрген жоқсың ба?»
  • «Сен ұйықтап кетіп қайта оянбауды қалаған кездерің болды ма?»

ӨЗ-ӨЗІІҢЕ ҚОЛ жұмсау ТУРАЛЫ СҰРАҚТЫ ҚАЛАЙ ҚОЮҒА БОЛМАЙДЫ

  • •Сен өз-өзіңе қол жұмсауды ойлап жүрген жоқсың ғой, солай емес пе?
  • • Сен қандай да бір ақымақтық немесе ессіз әрекет жасағалы жүрген жоқсын ғой, солай емес пе?
  • • Өз-өзіне қол жұмсау ақымақтық. Сен ол туралы ойлап жүрген жоқ шығарсың?
  • Дерек көзі: QPR, Сұрақ қой, сендір және бағытта
  • ӨМІР СҮРУГЕ АДАМНЫҢ КӨЗІН ҚАЛАЙ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ
  • • Мәселені тыңдаңыз және бар назарыңызды аударыңыз – «не дұрыс болмады» сұрағынан бастаңыз
  • • Сөзін үзбеңіз
  • • Пайымдауға асықпаңыз
  • • Жаттанды сөзден аулақ болыңыз
  • • Сабыр сақтаңыз
  • • Шешімін табуға асықпаңыз
  • Оның қиналысына/қасіретіне жанашырлық түсіністік танытыңыз
  • • Өз-өзіне қол жұмсаудың дұрыс шешім болып табылмайтыны туралы мәлімдемеңізге сендіріңіз
  • • Оң нәтижеге сендіріңіз.
  • ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:
  • Өз-өзіне қол жұмсағысы келетін адамдардың көпшілігі өмір сүру жолын тапқысы келеді
  • «Иә, бұл жағдай, қиын екен, бірақ мүлде үмітсіз емес»
  • «Мен сенің өмір сүргеніңді қалаймын»
  • «Мен сенің жағыңдамын
  • … біз бұдан бірге өтеміз»

БАСҚА АДАМДАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРЫҢЫЗ

  • Тіпті Сіз суицид қатерін байқаған алғаш адам болсаңыз да, бұл мәселені өз бетіңізше шешудің қажеті жоқ.
  • Өз-өзіне қол жұмсағысы келетін адамға топ болып көмек көрсеткен дұрыс!
  • СҰРАҢЫЗ
  • «Сенің басыңа түскен жайды тағы кім біледі, сен кіммен бірге өзіңді жайлы сезінесің және кімнен көмек сұрағанымыз дұрыс болады? »
  • Көмек бере алатын адамдарға жүгіңіз. Отбасы? Достары? Бауырлары? Дін қызметкері? Дәрігер?

СҰРАҢЫЗ...

  • Дерек көзі: QPR, Сұрақ қой, сендір және бағытта
  • «Сен көмек алуың үшін менің жәрдем беруіме рұқсат етесің бе?»
  • «Сен көмек алу үшін менімен бірге барасың ба?»
  • «Сен біз қандай да бір көмек тапқанша өз- өзіңе қол жұмсамауға уәде бересің бе?»

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРГЕ НЕМЕСЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА БАҒЫТТАУ

  • БАҒЫТТАУДЫҢ жақсы жолы
  • Адамды тікелей көмегі тиетін тұлғаға апару
  • БАҒЫТТАУДЫҢ КЕЛЕСІ жақсы жолы
  • Одан көмек алуға уәде алу, содан соң сол көмекті алуды ұйымдастыру
  • ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
  • Тиімді болуы үшін денсаулық сақтау қызметі жасөспірімдер мен жастар үшін сыпайы және оның ойын бетке баспайтын болуы тиіс

ҚОРЫТЫНДЫЛАЙМЫЗ...

  • ҚОРЫТЫНДЫЛАЙМЫЗ...
  • Суицид қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселесі болып табылады, бірақ оны тоқтатуға болады.
  • Оқытушылар мен мектептің басқа қызметкерлері жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алуда маңызды рөл атқарады.
  • Сіз кәсіби психотерапевтік қолдау көрсетпейсіз. Сіз «Қауіп тобындағы» оқушыларды анықтап, олармен тіл табысып және оларды дұрыс бағытқа бағыттау үшін, мұқият қадағалауды жүзеге асырасыз!
  • Қажет болған жағдайда көмек сұрау үшін психологиялық денсаулық қызметін (немесе медқызметкерді) анықтаңыз.
  • ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ... Егер Сіз «Қауіп тобындағы» баланы анықтасаңыз:
  • ойланбастан араласыңыз
  • Сізге бәрібір емес екенін көрсетіңіз: сабыр сақтаңыз және ақыл айтпай, тыңдап шығыңыз
  • суицидальды ойы бар адамды ешқашан назардан тыс қалдырмаңыз
  • оң нәтижеге деген үміт пен сенім ұялатуға және көмек сұрау қажеттігіне көз жеткізуге тырысыңыз
  • қажет болғанда, адамды тікелей көмектесе алатын тұлғаға апарыңыз;
  • кейіннен барып тұрыңыз, телефонына қоңырау шалыңыз немесе кез келген өзіңізге қолайлы тәсілмен ол адамға өзіңізге оның жағдайының не болып жатқанының бәрібір емес екенін байқатыңыз.
  • САЙТ: zhastar.org
  • Логин: ustazga7
  • Пароль: 123456



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет