Бағдарламасында құру, сақтау, құжатты ашу


CorelDRAW бағдарламасының құралдары



бет3/6
Дата10.10.2019
өлшемі2,01 Mb.
#49573
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Corel Draw


CorelDRAW бағдарламасының құралдары


Сурет 9. CorelDRAW бағдарламасының құралдар тақтасы
Көрсеткіш сайманы объектінің өлшемін таңдауға, бұруға, июге мүмкіндік береді

Форма сайманы объектінің формасын өзгертуге мүмкіндік береді

Жағатын кисть векторлық объектті абрис бойынша сүйреп алып жүру арқылы искажать етуге мүмкінді береді

Дөрекі кисть векторлық объекттің абрисін абрис бойынша сүйреп алып жүру арқылы искажать етуге мүмкінді береді

Еркін түрлендіру сайманы еркін бұру, еркін бұрыштық шағылу, еркін масштаб, еркін ию/наклон/ саймандарын қолданып, объектілерді түрлендіруге мүмкіндік береді

Кесу сайманы объектілердегі керек емес облыстарды алып тастауға мүмкіндік береді

Пышақ сайманы объектілерді жеке бөліктерге кесуге мүмкіндік береді

Өшіргіш сайманы суреттің бөліктерін алып тастауға мүмкіндік береді

Виртуал сегментті жою сайманы қиылысулар арасындағы объектілер тобын жоюға мүмкіндік береді

Масштаб сайманы сурет салу терезесінде үлкейту дәрежесін өзгертуге мүмкіндік береді

Қол сайманы сурет терезесінде суреттің көрініп тұрған бөлігін көрсетуге мүмкіндік береді

Еркін форма сайманы бір сызықтан сегмент және қисықтар тұрғызуға мүмкіндік береді

Безье сайманы бір сегмент бойынша қисықтар салуға мүмкіндік береді

Көркемдік безендіру сайманы Кисть, Распылитель, Каллиграфиялықжәне Басу есебі саймандарына доступ қамтамасыз етеді

Перо сайманы бір сегмент бойынша қисықтар салуға мүмкіндік береді

Сынық сызық сайманы алдын-ала көру режимінде сызықтар және қисықтар салуға мүмкіндік береді

3 нүкте арқылы қисық салу бастапқы, соңғы және ортаңғы нүктесі арқылы қисық салуға мүмкіндік береді

Қосатын сызық сайманы екі объектіні қосатын сызық салуға мүмкіндік береді

Размерная линия сайманы тік, көлденең, бұрыштық және наклон өлшемдерін жасауға мүмкіндік береді

Интеллектуалды бояу сайманы тұйық аймақтар негізінде объектілер құрып, оларды бояуға мүмкіндік береді

Интеллектуалды сурет салу сайманы еркін жағылымдарды негізгі фигураларға және сглаженный қисықтарға айналдыру үшін қолданылады

Тіктөртбұрыш сайманы тіктөртбұрыштар және шаршылар салуға мүмкіндік береді

3 нүкте арқылы тіктөртбұрыш салу сайманы бұрышы арқылы тіктөртбұрыш салуға мүмкіндік береді

Эллипс сайманы эллипс және дөңгелек салуға мүмкіндік береді

3 нүкте арқылы эллипс салу сайманы бұрышы арқылы эллипс салуға мүмкіндік береді

Көпбұрыш сайманы симметриялы көпбұрыштар және жұлдыздар салуға мүмкіндік береді

Көпбұрыш сайманы симметриялы көпбұрыштар және жұлдыздар салуға мүмкіндік береді

Жұлдыз сайманы дұрыс жұлдыздар салуға мүмкіндік береді

Күрделі жұлдыз сайманы қиылысатын жақтары бар күрделі жұлдыздар салуға мүмкіндік береді

Разлинованная бумага сайманы разлинованный қағаздағы сияқты сызықтардан тор салуға мүмкіндік береді

Спираль сайманы симметриялы және логарифмдік спираль салуға мүмкіндік береді

Негізгі фигуралар сайманы тізімнен алтыбұрышты жұлдызы бар, әр түрлі бұрыштары бар күліп тұрған бет фигураларын таңдауға мүмкіндік береді

Бағыт фигуралары әр түрлі бағыттағы, әр түрлі формадағы және түрлі наконечниктері бар бағыт сызықтарды салуға мүмкіндік береді

Схема фигуралары схемалар символын салуға мүмкіндік береді

Баннер фигуралары сайманы лента тәрізді объектілер мен жарылыс фигураларын салуға мүмкіндік береді

Ескертпелер фигурасы сайманы ескертпелер және белгілеулер салуға мүмкіндік береді

Пипетка құралы объект қасиетін таңдап және көшіріп алуға мүмкіндік береді, мысалы, сурет салу терезесінде эффектілер мен өлшемдерді, бояу, сызық қалыңдығын таңдау

Ковш құралы объек қасиетін қолдануға мүмкіндік береді, мысалы, Пипетка көмегімен сы қасиеттерді таңдап болған соң сурет салу терезесінде эффектілер мен өлшемдерді, бояу, сызық қалыңдығын таңдау

Абрис құралы абрис қасиетін беруге мүмкіндік береді

Бояу құралы бояу қасиетін беруге мүмкіндік береді

Интерактивті бояу сайманы объектке түрлі бояулар қолдануға мүмкіндік береді

Интерактивті тор сайманы объектке тор қолдануға мүмкіндік береді

CorelDRAW бағдарламасында жалпы негізгі 17 инструменттер бар, ал сол инструменттер ішінде тағы да бір неше инстрімменттер бар. CorelDRAW бағдарламасында ең бастысы және ең маңыздысы, керектісі осы құралдар тақтасы болып табылады.



Сурет 10. CorelDRAW бағдарламасындағы объектілер


Ал мынау CorelDRAW бағдарламасындағы объектілер. Объектілер өзінің ішінде де бір нешеге бөлінеді. Жұлдызша, эллипс, тіктөртбұрыш, ұшбұрыш, қисық сызық болып.

 
CorelDRAW бағдарламасындағы қисық сызық

Осы объектілер арқылы түрлі-түрлі суреттер жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет