Бағдарламасының «Сөнбес жұлдыздар»



Дата08.11.2016
өлшемі48,52 Kb.
#1264
түріБағдарламасы
Тәрбие сағаты.

«Атамекен» бағдарламасының «Сөнбес жұлдыздар» бағыты бойынша өткізілді.

Тақырыбы: ХХғасырдың Гомері

Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.

Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

Түрі: ауызша журнал

Журнал парақтары: 
1Өмірбаяны

2.Достар сыры. (ақын туралы айтқан жазушылардың пікірлері) 

3. Шығармалары.

4. Фотошуақ.

5.Жамбыл ата ізбасары.

6. Сөзжұмбақ.
1-бет. Өмірбаяны. 
Мұнда оқушылар ақынның өмірбаяны туралы айтып өтеді. 
Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын  оған ақ батасын берген. Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері».1938 жылы «Ленин» орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді.Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп , Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері,дастандары бар.

Суретін көрсету.



2-бет. Достар сыры. 
Бұл бетте оқушылар ақын жазушылардың ойларын оқиды. 

      Жамбыл – ақыл ойдың алғыры , өзгеге  ұқсамайтын дара , оқшау бет – бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрә айтыс ақыны, әрә азаматтық әуеннің де        ақыны.              М. Әуезов.

      Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.              С. Сейфуллин.

                                               

      Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың.                               І. Жансүгіров.

      Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі.               С. Мұқанов.




3-бет. Шығармаларынан үзінді оқиды.. 
Аружан:

« Халық –менің шын атым.

Жамбыл деген – жай атым,

Абылай :Балаларға.Арыстан:Жаныс ақынға.Нияз :Шындық туралы,

Айша :Қайта келген жастық шақ,Балнұр :Жасымнан атым аян ,Жамбыл едім.

Шыңғыс : Балама хат,Айзада :Алғадай туралы,Айтұмар : Ленинградтық өренім,Абылай :  Алатау

4-бет. Жамбыл Жабаев туралы фотосуреттер көрсету.

5-бет. Бала жамбыл туралы видеоролик көрсету.

6- бет. сөзжұмбақ шешу. 

1.Жамбылдың әкесінің есімі.

2.Дүниеге келген айы.

3.қай таудың етегінде дүниеге келді?

4. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп аталады?

5.Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады.



6. Жамбылдың ұлының аты кім?


 

ж

а

б

а

 й

 

А

қ

п

а

н

 










ж

а

м

б

ы

л

 
















б

а

т

а 

 

ы

н

т

ы

м

а

қ

қ

а

 а

л

ғ

а

д

а

й 

Мұғалім:



Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 170 жылдығына арналған ауызша журнал тәрбие сағаты аяқталды
Каталог: uploads -> doc -> 01cd
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01cd -> «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық»
01cd -> Батыс алашорда үкіметінің Қайраткері – молданияз бекімов нугманова Гулдана Максимовна
01cd -> 7 модуль бойынша білім беруді көздейді


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет