Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту



Дата17.05.2020
өлшемі14,62 Kb.
#69207
Байланысты:
Бала саусағын ойната отырып


Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту.

Саусақ ойыны — саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.



Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз банланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды..

Артикуляциялық жаттығу   және оның маңызы

Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз – ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді

— активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

— пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.

Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:

Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді. Оның орындалуын көрсетеді. Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.

Түзету жұмысындағы логопедиялық массаж және  өзін –өзі уқалаудың маңызы.

Түзеу жұмысында белсенді қолданылатын логопедиялық массаж және өзін-өзі уқалауға үйрету артикуляциялық бұлшық еттердің тонусын тез қалпына келтіруге және үйлесімді артикуляциялық қимылдарды қалыптастыруға ықпал етеді. Логомассаждардың әрбір түрлерін жекелеген элементтермен: классикалық, нүктелік, массаж жасайтын құралдармен, тіс щеткаларымен, тіске арналған кескіштермен, силиконнан жасалған саусаққа кигізгіштермен т. б. құрамдастыруға және толықтыруға болады. Тілдік биологиялық белсенді аймақтармен жұмыс істеу кезінде иммунитетке жауап беретін биологиялық нүктелер де автоматты түрде жұмылдырылады, бұл баланың сауығуына ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет