Балалар бақшасындағы мерекелер Музыканың мерекелердегі рөлі



бет1/9
Дата27.12.2016
өлшемі1,64 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Алғы сөз

Балалар бақшасындағы мерекелер еліміздің өміріндегі атаулы оқиғаларға арналады және педагогикалық процестің маңызды буыны болып табылады.

Балалар бүкіл халықтық мерекелер негізінде жатқан үлкен идеяларды барынша түсінікті түрде, көркем образдар арқылы онан әрі қабылдауға дайындалады; салтанатты жағдай, көркем безендіру, музыка патриоттық сезімдердің дамуына белсенді ықпал етеді, балалардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін арттыруға тәрбиелейді.

Балалардың ертеңгілік салтанатты көркемдік қызметтері сан түрлі: салтанатты шеру, қайта құрылу, өлең айту, ойындар, билер. Мәнерлеп оқу, сахнадағы көрініс, музыкалық шығармаларды орындау, музыка бөлмесін, топтардың бөлімдерін сәндендіріп, көркемдеу балалардың көңілдерін көтереді, эстетикалық сезімдерін оятады. Балалардың шат-шадыман болуларына, сүйікті әндерін орындауға, ойнауға, аттракциондық ойындар мен жарыстарда ептілік көрсетулеріне мүмкіндік туғызады.

Сөйтіп, баланы жан-жақты дамыту міндеттері тұтасымен ертеңгілік салтанаттарда шешіледі.

Балалар бақшасындағы мерекелер

Музыканың мерекелердегі рөлі

Балалар бақшасында Қазақстанның Тәуелсіздік күні, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Қазақстан республикасының Конституция күні, Республика күні, Жаңа жыл мерекесі, Жеңіс күні, халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы мен дайындық тобындағы балаларды мектепке шығарып салу күні жыл сайын аталып өтеді.

Ертеңгіліктерде музыка өнері ерекше роль атқарады. Эмоционалдық ықпал етудегі үлкен күшке ие болған ол, балалардың боыйнда тиісінше салтанатты – көтеріңкі, жайбарақат, көңілді көңіл қалыптастырады. Әуелі жалпы сезімді көтеретін жағдай жасап, балалардың санасына мерекенің негізгі идеясын орнықтыру керек. Осы мақсатпен ертеңгіліктің бірінші бөліміне салтанатты марштар, мерекелік өлеңдер таңдалып алынады, ересектердің орындауында әндер де шырқалуы мүмкін.

Ойын барысында мерекенің музыкамен сүйемелденуі түрліше және ол келесі кезекте қойылатын ойынның мазмұнына байланысты болады. Көңілді марш саздары балаларды мерекелік шеруге дайындайды. Би әуенінің жігерлі сипаты немесе әннің жайымен басталуы балалардың эмоционалды сезімін қанағаттандырады.



Музыка балаларды әннің мазмұнына қарай толғандырады, поэтикалық тексттің көркемдік образын тереңдете түседі.

Ертеңгіліктерде музыка қызметтің сан алуан түрі жетекші орын алады. Балалар өлең айтады, би билейді, музыкалық ойындар ойнайды, шағын ансамбль болып музыкалық аспаптарда ойнайды. Ертеңгіліктің жоспары музыкалық-драмалық көріністі жиі қамтиды, балалар өздері ойлап тапқан билерді, ойындарды көрсетеді.

Сөйтіп, ертеңгіліктерде пайдаланатын музыка репертуары мейлінше сан түрлі болып келеді. Оны таңдау ең алдымен қалыптасқан жалпы принципке сай жүргізіледі. Ол тәрбие-білім міндеттеріне жауап беруге, көркемдік жағынан құнды және баланың орындауына ыңғайлы болуы керек. Музыка репертуары музыка қызметтің әр түріне - ән салу, музыка ойындары, би, сахналық көріністерге сай іріктеледі. Осы мақсатпен қазақ композиторларының әндері мен пьесалары, халық әуендері таңдалады.


Музыка репертуарының мазмұны, сондай-ақ ертеңгіліктің тақырыбына байланысты анықталады. Қазақстан республикасының тәуелсіздік алған күні мерекесі біздің Отанымыздың туған күні ретінде атап өтіледі, онда халық шаруашылығының әр саласындағы жетістіктеріміз қорытындылады. Бұл ертеңгіліктегі салтанатты марштарда, ойындарда, өлеңдерде осы жетістіктер бейнеленеді.

Бірінші мамыр (Қазақстан халқының бірлігі күні) әр түрлі халықтар балаларының достығы тақырыбы басты орын алады. Осының бәрі әр түрлі ұлттардың өлеңдері мен билерінен көрініс табады. Музыкалық және поэтикалық репертуардағы мерекелік тақырып көктем әуендерімен астасып жатады.

8 наурыз – баланың өміріндегі ерекше күн, ол оның сүйікті бейнелерімен байланысты. Ана, әже туралы лирикалық әндер жұмсақ, сазды интонациялар арқылы балалардың оларға деген махаббаты мен ақ пейілді ойын жеткізуге көмектеседі.

Қазақстан Республикалық сарбаздар күніне арналған мереке (7 мамыр) каһармандық-патриоттық бағыт ұстайды. Әндер мен өлеңдерде әскердің сан алуан түрі (жаяу әскерлер, ұшқыштар, теңізшілер, шекарашылар және т. б.), бейбітшілік жолындағы күрес жайында сыр шертеді. Осы кезде орындалған музыка қазақ халқы мен оның каһарман әскеріне деген мақтаныш сезімін тудыратындай асқақ та жасампаз болып келеді.

Дәл осындай сезім мен көңіл күй Жеңіс мерекесіне арналған ертеңгілікте де орын алады. Осы марекені атай отырып, балаларға фашизмді күйреткен ардагерлері жайында түсінікті түрде әңгіме айтылады. Балалар бақшасындағы ертеңгілікке соғысқа қатысушылар шақырылады, оларға арнап ән салады, өлең оқиды, ойындар өткізеді.





Ертеңгіліктің құрылымы
Мерекелік ертеңгілікке дайындық және оны өткізу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет