Балалар көркем әдебиетімен таныстыру пәнінің күнтізбелік тақырыптық жоспары



Дата05.11.2016
өлшемі102,12 Kb.
#465
Балалар көркем әдебиетімен таныстыру пәнінің күнтізбелік - тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Бағдарламалық мазмұны

Қолданылатын көрнекілік

Сағат саны

1

Алтын күз (Ғ. Қайырбеков)

Балалардың күз туралы түсінігін тереңдету. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Табиғатқа қамқорлық жасауға, оны аялауға тәрбиелеу.

Күз мезгілінің

суреттері.

Бақшадағы

көкөністер,

баудағы

жемістер


суреттері.

1

2

Қайдан келдің, бауырсақ? (Ө.Тұрманжанов)

Өлеңді оқып беріп, балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Диалогты сөйлесуге үйрету. Бауырсақтың дастарқанға қандай еңбекпен келу жолдарын түсіндіру, нанды қастерлей білуге үйрету. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дастарқанда

жатқан


бауырсақ

суреттері.

Бауырсақтың

дастарқанға

келу жолдарын

бейнелейтін

суреттер.


1

3

Оқу құралдары

хикаясы


(А. Хамзаұлы)

Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқу құралдары туралы түсінік беру. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Оқу құралдарының

суреттері.



1

4

Қайырымды қоян (ертегі)

Ертегіні балаларға

түсіндіре отырып,

қайырымдылыққа,

адалдыққа,

мейірімділікке

тәрбиелеу.



Қоянның, баланың, ата-анасының және ормандағы аңдардың суреттері.

1

5

Алма

(Е. Сүтеев)



Балаларды бір-бірін сыйлауға, тату болуға, қолындағы барын бөлісуге, жемістерді күтіп-баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Алма ағашының,

Қоянның,


Қарғаның,

Кірпінің,

Аюдың суреті.


1

6

Ынтымағы жарасқан отбасы (М. Қуанышбеков. «Сен бақытты ұлансың» өлеңі бойынша)

Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңілі және т.б. суреттері.

1

7

Айтшы, әжетай (Ж. Смақов)

Балаларға өлеңді жаттата отырып, үлкендердің еңбегін бағалай, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Жылқышы, тәрбиешінің суреттері.

1

8

Алтын бала (С.Тұрдалиев)

Балаларды өзіне тапсырылған істі тиянақты орындауға, отбасында, достарының ортасында жауапкершілікті болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Ананың суреті, баланың көрші ата мен әжеге көмектескен суреті.

1

9

Ойыншықтар (Қ. Мырза Әли)

Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстап ойнауға үйрету.

Ойыншықтар суреттері және ойыншықтар.

1

10

Ауылда

(Н. Қадырбаев)



Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл, қала туралы түсінік беру. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Ауыл

көрінісінің суреттері. Ауылдағы бау- бақша көрінісі.



1

11

Менің

Қазақстаным. («Қазақстан картасы ». Т. Молдағалиев)



Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге, еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Қазақстан

картасы,


Астана,

Алматы


қалаларының

суреттері.



1

12

Көліктер («Троллейбус». М. Әлімбаев)

Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Көлік түрлерінің суреттері. Қаладағы көше көрінісі.

1

13

Қыс

(Ә. Табылды)



Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру. Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.

Қыс

мезгілінің суреттері, слайдтар, үнтаспа.



1

14

Тәуелсіздік көкбайрағы (Н. Мұқатов)

Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Герб, гимн, ту жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тәуелсіздік монументімен таныстыру.

Герб, ту,

Тәуелсіздік

монументі

суреттері.

Гимн

(үнтаспадан тыңдау).



1

15

Жаңа жылым -

тамаша


(Ә.Табылды)

Қыс туралы білімін бекіту. Жаңа жыл мерекесі ең қызықты отбасылық мереке екенін балаларға түсіндіру. Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.

Жаңа жыл

мерекесі


суреттері.

1

16

Ормандағы

шырша


тойы

(Г. Скребицкий,

В.Чаплина)


Балаларға әңгімені тыңдата отырып, қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру. Ормандағы аң-құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Балалардың

шыршаны


безендіріп

жатқан


суреттері.

Сәбіз жеген

қоян суреті.


1

17

Біз тебеміз сырғанақ (Б.Жақып)

қыс мезгілі туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау. Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.

Сырғанақ теуіп жүрген балалар суреті.

1

18

Қысқы баспана (ертегі)

Балаларға ертегіні оқып, таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамы­ту. Бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Күзгі тіршілік суреттері. Бұқа, қошқар, шошқа, мысық, әтештің суреттері.




19

Шана

(Г. Әзімбаева)



Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.

Қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, шанамен сырғанақ теуіп жүрген бала­лар суреттері.

1

20

Шынықсын денеміз

(Б. Соқпақбаев)



Балаларға өлеңді жаттата отырып, қыс мезгілінде ауырмас үшін шынығу керектігін түсіндіру. «Шынықсаң шымыр боларсың» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Қыс

мезгіліндегі сырғанақ теуіп жүрген балалар суреттері.



1

21

Аққала

(F. Орманов)



Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін, қардан аққала соғып, қар қамалдар тұрғызуға болатынын түсіндіру.

Аққала жасап, ойнап жүрген бала­лар суреттері.

1

22

Қарлығаш пен Дәуіт (ертегі)

Ертегіні балаларға тыңдата отырып, Қарлығаштың адамға дос қүс екендігін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру. Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.

Қарлығаш, дәуіт, жыланның суреттері.

1

23

Көктем сәні (ертегі)

Ертегіні түсіндіре оты­рып, балаларды көктем мезгілінің ерекше кездерін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Жабайы

аңдардың


суреттері.

1

24

Не сыйлау керек?

(Ж. Әлмашев)



Әңгімені балаларға түсіндіру арқылы мейірімділікке, кішіпейілділікке, анаға құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Анасына сыйлық іздеген бала суреті.

1

25

Наурыз тойы (Ә. Табылды)

Наурыз мерекесі туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Наурыз - жыл басы, ұлыстың ұлы күні, мұсылманша жаңа жыл мерекесі екендігін балалардың бойына сіңіре білу. Салт-дәстүрімізді дәріптей отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Наурыз

тойының


суреттері,

наурыз көже

пісіріп

жатқан аналар суреттері.



1

26

Келе бер,

көктем


(Н. Мұқатов )

Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсінік беру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көктем

мезгілінің

суреттері.


1

27

Төлдер айтысы (ертегі)

Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Үй жануарлары төлдерінің суреттері.

1

28

Сәруар (ертегі)

Ертегіні түсіндіре оты­рып, балаларды батылдыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ертегі мазмұны бойынша суреттер.

1

29

Тоқтар батыр (Т. Молдағалиев)

Тұңғыш ғарышқа ұшқан қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ерлігін балаларға дәріптеу. Балаларды батылдыққа, төзімділікке, патриот болуға тәрбиелеу.

Ғарышкер, зымыран, Байқоңыр суреті.

1

30

Ағайынбыз бәріміз

(Ә. Дүйсенбиев)



«Достың», «ынтымақ» сөздерінің маңызын түсіндіру. Сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту.

Халықтар

достығы


бейнеленген

суреттер.

Үнтаспа.


1

31

Жеңіс күні (Қ. Жұмағалиев)

Балалардың «Жеңіс күні», «Бейбітшілік» ту­ралы түсініктерін бекіту. Патриоттық сезімге, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету.

Соғыс ардагерлерінің суреттері.

1

32

Жарқын жаз (Н.Айтов)

Жаз туралы балалардың түсінігін кеңейту. Жаз айында айналада болатын өзгерістерді, табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай білуге үйрету.

Жаз айының

суреттері,



слайдтар.

1


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет