Балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай «ұйымы Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымдары



бет3/3
Дата28.04.2020
өлшемі30,87 Kb.
#65010
1   2   3
Байланысты:
Балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай
Семья и школа, Құндыз дарынды балалар, Эссе Кенжебекова, Нұрбике, эссе, Пед колдау, Пед колдау, Пед колдау

Ұйым белгілері


Ол келесі белгілері ие болады:

  • балалар мен ересектердің бірлескен қызметін жүзеге асыруына бағытталған кұндылық мұраттың (мақсаттың) болуы;

  • ұйымға еркін ену және одна еркін шығу;

  • бекітілген мүшелілік;

  • ұйымдастырылған өзіндік, өзін-өзі басқару, бірлескен әлеуметтік шығармашылық;

  • ұйымның әр мүшесі жағдайын анықтайтын нақты айқындалған құрылым;

  • барлығына орнатылған нормалар, ережелер, сонымен қатар бірлескен қызметін жасаудағы кепілдемелі құқықтар (қызмет етудің түрлерін, формалары мен жолдарын таңдау құқығы);

  • оның кұрамында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың болуы;

  • жарғының, бағдарламаның, ереженің болуы.

Тарихы

Дүние жүзіндегі алғашқы Балалар ұйымдары — Скауттар 20 ғасырдың басында қалыптасты. Ағылшын тіліндегі scout сөзі барлаушы деген мағына береді. Скауттердің қағидаларын ағылшын полк. Р. Баден — Поуэлл (1857—1941) өзінің “Скауттер үшін инструкция”, “Жастар үшін скаут өнері” (1898) сияқты еңбектерінде негіздеді. Скаутшілер жер бетіндегі балалар мен жасөспірімдер дос және бауыр деген принципті ұстанады. Ешқандай партияға бағындырылмады. Ұл балаларға арналған ұйымды бойскаут (boyscouts), ал қыз балалар ұйымын герлскаут (gіrlscouts) деп атады. 1921 жылы скауттер ұйымы 63 мемлекетте (ҰлыбританияГерманияАҚШИталияФранцияШвецияҮндістанРесей, т.б.) жұмыс істеді.

КСРО-да Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ коммунистік партияның, кәсіподақ ұйымдарының басшылығымен өзінше қызмет атқаратын балалардың жаппай бірлестігі, яғни Балалар ұйымдары құрыла бастады. Олар алғаш жеке топтар ретінде дамып, 1922 жылы В.И Ленин атындағы бүкілодақтық пионерлер ұйымы құрылды. Бастауыш сыныптардың оқушыларын біріктіретін октябряттар тобы болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ұйым көптеген елдерде құрылып, дамыды. Олардың арнаулы демалыс орындары, сарайлары мен спорт кешендері болды.

Қазақстанның 1991 жылдан кейін құрылған Балалар ұйымдары Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әрекет ететін, ерікті қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Олар Халықаралық демократия жастар федерациясы өткізетін халықаралық семинарлар мен кеңестерге қатысып отырады.



«Балалар қозғалысы» - ауқымды құбылыс. Бұған балалар белсенділігі формасының жиынтығы, оның ішінде анти әлеуметтік бағытта да кіреді.  Мұны кейде «балалардың педагогикалық және әлеуметтік ұйымдасқан қозғалысы» деп те атайды. Бұл қоғамдық қызметке басымдық берілетін  қызмет.  Мысалы, «балалар қоғамдық қозғалысы» ұғымының екі мағынасы бар: кең мағынада оны жалпы мектеп оқушыларының қоғамдық белсенділігінің барлық түрі деп түсінсе, бір жағынан қатаң басқару ұйымынсыз, алайда ортақ мүдде мен мақсатқа ие балалардың қоғамдық құрылымы деп қарастырады.           «Балалар қоғамдық бірлестігін» де екі жақты қарастыруға болады: бір жағынан, пионер дружинасы, жас әскерлер отряды сияқты алғашқы балалар ұжымы , басқаша айтқанда балалар өзара пікір алмасатын контакты топ ретінде көреміз; екінші жағынан - әрбір қоғамдық құрылым ол қозғалыс не болмаса ұйым бола ма өз көлемінен, санынан, типінен тәуелсіз. «Балалар қоғамдық  ұйымы» терминінің мағынасы анағұрлым бір жақты. Бұл ұйымның айқындалған құрылымы, жалпы тіршілік нормалары, өз нормативті құжаттары, барлық бөлімдеріне бірдей мүшелер жүйесі, өзін-өзі басқару жүйесі бар. Мектептегі балалар қоғамдық бірлестігінің айналасында  басқа да балалар қоғамдастықтары жұмыс істейді. Олар: достық компаниялары мен сыныптан тыс тәрбие жұмысы ретінде құрылған оқу бірлестіктері, жастар ойын-сауық ұйымдары, деструктивті секталар. Бір қарағанда бұлардың кейбірі  балалар қоғамдық бірлестігіне ұқсағанымен, бірдей деп айтуға келмейді. Балалар қоғамдық бірлестігінің нақты бірнеше ерекшелігі бар: Ерікті мүшелік. Бірлестіктің қоғамдық және жеке бағдары. Нақты көркемдік бастамаларды дамытудың ауқымды деңгейі. Тіршілік әрекетінің мазмұны мен принциптерін өз бетінше анықтау және дамыту. Бірлестіктегі қарым-қатынастың гуманистік стилі. Бірлестіктің қайталанбас келбетін көрсететін өмір талабы мен ережелерінің, салт-дәстүрлердің дамыған жүйесі. \ Сонымен қатар міндетті түрде бірлестікке педагогиканың үлесі болуы шарт. Осылайша, балалар қоғамдық бірлестігінің қатарына түрлі балалар қоғамдастықтары, оның ішінде клубтар, мектеп кеңестері тағы басқалары да кіреді. Әрине бұл тек жоғарыда айтылған ерекшеліктер сақталған жағдайда жүзеге асады. Сонымен, қолдауға ие, ұйымдастырылған балалар қоғамдық бірлестігі балалар мен қоғамға не бере алады?  Ол балаларды қоғам өміріне, ондағы әлеуметтік мәселелерге араластыра отырып, жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына септігін тигізеді. Мұнда балалардың талап-тілектеріне, бірқатар маңызды құқықтарына қол жеткізу айтарлықтай оңай. Балаларды мақсатты түрде қоғам өміріне енгізу және бүгінгі күнге бейімдеу мүмкіндігі бар. Гуманистік сипатта бағытталған балалар қоғамдық бірлестігі қоғамға ұшқыр ойлы, шығармашыл, белсенді жастардың келуіне жол ашады. Сонымен қатар жастар мұнда адамдармен , қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, сенім мен тәжірибеге қол жеткізеді. Балалар мен жастардың жаңа бірлестіктері мен ұйымдары балалардың қоғамдық өмірде қалыптасуына бағытталуы тиіс. Білім беру мен басқару мекемелері мен жастар бірлестіктерінің басшылары балаларға сабақтан, мектептен тыс уақыттарда қажетті жағдай жасап, оның өз қызығушылығына сай бірлестік таңдау мүмкіндігіне ие болатындай қызмет аясын кеңейту; кез-келген жобаны, шығармашылық ойын жүзеге асыруға көмек беруі керек. Балалар мен жастар бірлестігінің өзара әсері өздерін ұйымдасқан, әдістемелік мазмұнды жақтарымен бейнелейтін, бала құқығын жүзеге асыруға бағытталған, бірлескен іс-әрекетті анықтайтын екіжақты немесе көпжақты келіссөздерде айқындалуы тиіс.      Бүгінде балалар қоғамдық бірлестігінде үлкендердің де үлесі бар. Олар басқарушы және демеуші ретінде ұйымдастыру мен қаржылай көмек көрсетеді. Балалар мен үлкендердің бірлескен қоғамдық қызмет негізіндегі  өзара үйлесімді әсері – жекелей және ұжымдық қарым-қатынаста өзіндік тәжірибеге ие әртүрлі ұрпақтар сабақтастығына әкеледі. Балалар мен жастар қоғамдық бірлестігін құрар алдында ұлттық, мәдени-этнографиялық, әлеуметтік ортасы, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктері  сияқты арнайы ерекшеліктерді есепке алу керек. Білім беруді басқару органдары мен білім беру мекемелерінің  балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынасын мынадай заңнамалық актілер негізінде құру ұсынылады: Бала құқықтары жөніндегі Конвенция; Қазақстан Республикасының Конституциясы; ҚР «Білім туралы» заңы; ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңы; ҚР Кешенді тәрбие бағдарламасы және т.б. Сонымен қатар жұмыс атқарып жатқан балалар мен жастар ұйымдары, бірлестіктерінің істері жайлы ата-аналарды, ұстаздарды тарта отырып, балаларға, ата-аналарға, тәрбиелеушілерге арналған басыламдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып қоғамдық пікір қалыптастыру қажет. Қоғамдық бірлестіктегі тәрбие ісінің міндеттерін шешуге арналған бағдарлама құруда мынаған көңіл бөлу керек: нақты  балаға мемлекет пен қоғамда өз құқығын жүзеге асыру әдістерін игеруге көмек беру; ұлтаралық қарым-қатынас пен гуманитарлық тәжірибе жинақтауға тиісті жағдай жасау; балалар ұжымы мүшелерінде азаматтық және патриоттық ұстаным қалыптастыру; өмір сүру стратегиясын, кәсіби іс-әрекетін таңдауға үйрету.          Мұның бәрі тұрлі деңгейдегі балалар мен жастар бірлестігі бағдарламасының тиімді варианттарының тууына себепкер болатын бәсекелестікке әкеледі. Қоғамдық бірлестіктер бағдарламасын жалпы білім беретін мектеп құрылымына белсенді енгізу мектеп өмірінің  мазмұнын байытып, білім берудің жеке бағдарлы сипатын қамтамасыз етеді. Тағы айта кететін жағдай, мұндай бірлестіктер мектеп қабырғасында көп емес. Сол үшін де балалар мен жастардың қоғамдық бірлестігінің қызметі мен міндетін айқындап алған жөн. Ең алдымен бұл азаматтық және патриоттық сезімдерді дамыту мен демократиялық мәдениетке тәрбиелеу. Балалар қоғамындағы өзін-өзі басқарудың басты мақсаты - әртүрлі шығармашылық істер ұйымдары арқылы баланың өз ойын жүзеге асыруына жағдай жасау. Егер мектепте маңызды әлеуметтік институттағыдай өсіп келе жатқан адамның дүниетанымдық ұстанымының іргетасы қаланса, бірлестікте ол өзінің жеке шығармашылық және көшбасшылық қабілетін іске асыра алады. Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестігін құру мен дамытуға бірқатар ұсыныстар Аудандық, қалалық, республикалық балалар бірлестігі жетекшілерінің жұмысын жүйелеу мақсатында балалар мен жастар  ұйымдарын дамыту орталығын құру, оларға қаржылық, әдістемелік, психологиялық, құқықтық көмек жасау, аймақтағы білім беру, ата-аналар, қоғамдық кеңеспен тұрақты қатынас орнату. Жалпы білім беру немесе қосымша білім беру штатынан  балалар ұйымы кураторына орын қарастыру. Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестігінің сабақтан тыс жұмыстарына білім беру мекемесінен ғимарат бөлу. Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелік жоспарында бірлескен акциялар, жобалар, бағдарламалар қарастыру. Балалар мен жастардың бірлестігінде жұмыс атқаратын мамандардың біліктілігін арттыру, қайта дайындау мәселелеріне көңіл бөлу. Балалар мен жастардың бірлестігінің жұмысын басқа бірлестіктердің тәжірибесін қолдана отырып реттеу. Қоғамдық мәні зор іс-шаралар өткізу, жобалар мен бағдарламаларды талқылау,бірлестік жетекшілерінің ішінде  фестивальдар мен байқау өткізу. Әртүрлі кәсіби бағдарлы жұмыс жүргізу, ВИЧ/СПИД, нашақорлықтың басқа да зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын өткізу. Бірлестіктің не ұйымның жұмысы үлкендер басынан бастап балалардың бірлестікке ұмтылысын шебер  пайдалы, нақты істерге пайдаланып, олардың қоғамдағы ролін мойындап, жеке ізденістерін қолдауына байланысты нәтижелі болады. Бірлестік құра отырып, төмендегі қағиданы естен шығармау керек: балаларға нақты істерді жүктемей, бойына сіңіре алғанда ғана, олардың белсенділігіне қол жеткізе аласыз, алдыңғы буынның тәжірибесін игере отырып, тұлға ретінде қалыптасуға жол табу мүмкіндігін бересіз. Мұндай балалар ұйымы қоғамға жігерлі тұлға, әлеуметтік белсенді, мемлекеттің заңына бағынатын азамат тәрбиелеуге көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет