Балалық шақҚа саяхат бердібек Соқпақбаевтың шығармасы



бет1/3
Дата02.07.2018
өлшемі1,03 Mb.
#45877
  1   2   3
БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ

Бердібек Соқпақбаевтың шығармасы арқылы өткізетін

оқырман көнференциясы


өтетін орыны: Мәжіліс залы

уақыты: 3.03.2017 ж.

Сағат:15.00-де
Мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: кітап көрмесі, бейне баян, слайд ролик.
Жоспар.

Кіріспе сөз

1. Кітап – ой-сананың қозғаушы күші

2. «Жазушы келбеті» (Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан әңгіме-шолу) Бейнебаян көрсету

3. Қысқаша повесть мазмұны. Бейнебаян.

4 Шығарма желісімен сұрақтарға жауап.



5. Қорытынды.
 

Кітапханашы: Кітап – ой-сананың қозғаушы күші.

 Кітап – адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап – біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдығымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймаса керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», - деген Абай атамыз «кітап» атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рольге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық.Сондықтан, кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында көптеген жұмыс жүргізліп жатыр. Олар «Бір ел – бір кітап», «Бір аймақ-бір кітап» акциялары. Қарағанды облысы бойынша «Бір аймақ-бір кітап» акциясы бойынша 5-7 сыныптар арасында оқылып жатқан кітап – балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі. Бүгін біздер осы повесть бойынша оқырмандар конференциясына келіп отырмыз.

Енді осы оқырман конференциямызды бастайық.

 1 оқушы: Жазушы келбеті

      (Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан әңгіме-шолу.)

Белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Қостөбе ауылында дүниеге келген. Осы жерде мектеп бітірген. 1949 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып қызмет етті.

Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев шығармашылық жолын өлеңмен бастап, кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, хикаят, роман кітаптарын ұсынды.



Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқыған сайын әрбір кейіпкерінен қаламгердің өзін көруге болады. Жазушы шығармаларын оқыған сайын әр бала әңгімеден өз бейнесін табары сөзсіз.

Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Балалар әдебиетінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердібек Соқпақбаев болатын. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танысып шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.Сондай-ақ балаларға арналған бірнеше киноға сценарий, пьесалар жазды.


 2 оқушы: Б.Соқпақбаевтың таланты ертерек танылды. 14-15 жасында-ақ ел аузына іліге бастады. Алғашқы кітабы 1950 жылы «Пионер» журналында «Бұлақ» атты өлеңдер жинағымен жарық көрді. Кейін Қасым Аманжолов «Қаламыңды енді прозадан сынап көрші» деп жанашырлықпен жол көрсеткен. Содан кейін жазушылыққа шыңдап ден қойып, «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Балалық шаққа саяхат» (1965), «Дала жұлдызы» (1963), «Аяжан» (1965), «Жолда» (1955), «Менің атым қожа» (1957), «Өлгендер қайтып келмейді» (1-томы, 1967, 2-томы, 1974ж.), «Қайдасың, Гауһар?» (1966) т.б. шығармаларын дүниеге әкелді. Жазушының көзі тірісінде 20-дан астам кітабы жарық көрді.

«Менің атым Қожа» кітабы орыс тілінде басылып шықты. Қазақтың қожасы оқырман қауымының қызығушылығын туғызды. Одан кейін екінші болып француздар өз тілдеріне аударды. Бірден 30 шақты тілге аударылып шартарапқа жайылды.



Содан кейін ғана өз елі Б.Соқпақбаевты мойындады. Повесть 1957 жылы жарық көріп, жазушыны бірден оқырманына танытты. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркемфильм етіп шығарды.

Автор видео «Бердібек»



Жүргізуші:

  Олай болса балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаевтың әдебиетке балалықты әкелген «Балалық шаққа саяхат» атты  оқырмандар конференциясына қатысалық.



Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет