Баланың ойлау қабілетін дамыту



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,91 Mb.
#35198
  1   2   3
Бекітемін:

Баланың ойлау қабілетін дамыту

Тақырыбы: Баланың ойлау қабілетін дамыту

Сабақтың мақсаты: Балаларды кеңістік қатынасымен (оң-сол, астында, үстінде, арасында) таныстыру; балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету (жоғары төмен, ұзын-қысқа). Логикалық ойларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілік құралдар: өзен, биік қарағаймен аласа шырша, қоян, тиін, кірпі, екі шымшық.
Үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар

Дәптермен жұмыс.


- Айша, Әлия, Әнел деген үш қыз өмір сүріпті. Айша ең ұзыны, Әлия – оң жақта тұр, Әнел сол жақта тұр.
- Қыздардың қайсысының бойы қысқа? Ең ұзын қыздың аты кім? Айшадан қысқа қыздың аты кім?
- Әр қыздың қай үйде тұратынын ойлап табыңдар да, олардың үйіне қарындашпен жол салыңдар.
- Биік үй қай жақта? (сол жақта)
- Одан аласа үй қай жақта?(оң жақта)
- Ең аласа үй қай жақта?(олардың ортасында)
Бір күні Айша, Әлия, Әнел орманға барады. өзенге жақындап келіп, олар мынаны көрді: өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы шырша да одан биігі ұшы әрең көрінетін қарағай.
Суреті тақтаға ілінеді.
- Шырша қай жерде орналасқан? Қарағай ше?
- Орманда қыздардың нені кездестіргенін жұмбақты шешу арқылы табыңдар?

Жұмбақтар


Үсті толы ине
Бірақта іс тігіп
Қадамайды түйме (кірпі)

Бұтақтарға секіріп


Әр жерден қылт етеді
Кейде жаңғақ кеміріп
Жоғары өрлеп кетеді (ақ тиін)

Қорыққанда жел аяқ


Отырғанда томардай-ақ (қоян)

Тәрбиеші аңның немесе құстың тұрған орнын айтады, ал балалар тақтаға оны қояды.


- Қоян шыршамен қарағайдың арасында отыр.
- Ақ тиін қарағайда.
- Қоян қызды көріп қорқып кетті де шыршаның артына жасырынды.
- Кірпі қарағайдың түбіне жорғалап кірді.
- Шиыршықтар қарағайдың жоғары ұшына қонды.
- Ақ тиіндер төменге түсті.

Сергіту сәті. «Алыптар мен ергежейлілер»


Бұл орманда алыптар мен ергежейлілер (балалар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен тұрады) және ергежейлілер (балалар жүрелеп отырады) өмір сүріпті. содан соң бұл қимылды тәрбиешінің айтуымен жылдам орындайды.

Дәптермен жұмыс.


Қыздар орманда серуендеді және толы себетпен үйлеріне қайтты. Айша себетін биік түбірге, Әлия бір түбір төмен, ал Әнел аласа түбірге қойды. Қыздарды өзінің себеті арқылы қос.
- Әр қыз не жинады?
Сабақты тәрбиеші қорытындылайды.

Бекітемін:

«Дос болайық бәріміз» тренинг-сабағы

Мақсаты: Оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету. Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: суретте

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Құрметті оқушылар бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Дос болайық бәріміз» Тренингімізді бастамас бұрын танысып алайық. Ең бірінші есіміміздің бірінші әрпінен басталатын сөз айтып, мысалы Мейірімді Майра т.б. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырамын. Оқушыларды 3 топқа бөліну үшін партада 3 сурет бар. Гүл күн кітап 3 топқа оқушыларды бөлемін. бөлемін. «Өз есіміңді ерекше ата» (өз есімдеріне сын есім жалғап айту)



1. Шаттық шеңбері.

ДОС ДЕГЕН – МЕН

МАХАББАТ ДЕГЕН – МЕН

ҚҰДЫРЕТ ДЕГЕН – МЕН

КҮШ ДЕГЕН – МЕН

2. Әңгімелесу

1. Гүл тобына: Достық дегенді қалай түсінесіңдер? Достық – ізгі ниетті адамдардың бір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы. Достық ізгі қасиет.

2. Күн тобына: Нағыз дос – Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық дейді. Адал дос дегеніміз – адамға шабыт беріп отырады. Олар бір-бірінің қуанышында да сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.

3. Кітап тобына: Жалған достық – ғұмыры қысқа болады. Олар бір-біріне шынайы болмайды. Бір-бірінің кемшіліктерін түзеп отырады.

Оқушылар өз ойларын түсіндіреді.

3 тапсырма. Жағдаяттарды талқылау:

Күн тобына: Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?

Гүл тобына: Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?

Кітап тобына: Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?

Жағдаяттарды талқылау:

4 тапсырма. Қандай ағашты таңдайсыз. (психологиялық тест)

Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.



Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін… содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да… Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. «Бәрін өзім жасаймын» деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз — олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі «Қолдаймын» деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір – сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.

Психолог: Өзіміздің қандай жан екенімізді білдік пе?



Рефлексия (ой қорытындылау)

Қатысушылар өз ойларын айта отырып тренингтен алған әсерлерін бөліседі.

Күнді тобына – күндей жайнап жүріңдер.

Гүл тобына – гүлдей құлпырып жайнап жүрулеріңе тілектеспін.

Кітап тобына – кітап білім бұлағы біілімді ақылды болыңдар

Достық ағашы

Шеңбер болып тұрып, бір қолдың жұдырығын жауып, бас бармақты жоғарыға қаратып, ағаш бейнесін жасау.

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.


Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Ә) Бір - бірімен қарым - қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
б) Ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту. Жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру. Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.
Типі: жаңа білім беру.
Әдісі: сұрақ - жауап, жаттығу жұмысы, көрнекілік.
Техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу тәсімі.
ә) психологиялық дайындық

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,


Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім! - дегендей, бүгін қазақ тілі сабағын бастаймыз.

ІІ. Өткен сабақты бекіту


Үй тапсырмасын тексеру
а) « Әдепті бала - арлы бала» тақырыбына жазып келген шығармаларын оқыту.
б) Тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.
1. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
А) 3 ә) 2 б) 4
2. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
А) 3 ә) 2 б) 4
3. Мәтін деген не?
а) ұзын бір сөйлем
ә) екі не одан да көп сөйлем
б) бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегі
4. Мәтіннің неше түрі бар?
А) 3 ә) 4 б) 2
5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.
а) су - рет ә) ау - а б) қау - ын
6.«Қияр»сөзінде неше дыбыс, неше әріп?
а) 4 әріп, 4 дыбыс
ә) 4 әріп, 5 дыбыс
б) 4 әріп, 6 дыбыс

ІІІ. Жаңа сабақ


Ребус шешу
- Мынау «көйлек». Оның бастапқы «к» әрпінің орнына «с» әрпін қойып, соңғы «к» әрпінің орнына «м» әрпін қойсаң қандай сөз шығады?
- Сөйлем.
- Бүгінгі тақырыбымыз сөйлем туралы болады.
- Сөйлем нені білдіреді?
- Сөйлем неден құралады?
- «Сөйлем» дегенде алдымен ойларыңа не келеді.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте(.), не сұрау(?), не леп белгісі (!) қойылады.
Бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Бір - бірінен бөлек жазылатын сөздерден құралады.

Оқулықпен жұмыс.


164 - жаттығу.
1. Екі бағандағы сөздерді салыстырып оқу.
2. Қай бағандағы сөздер сөйлем?
3. Қай бағандағы сөздер сөйлем емес?
4. Неліктен?
Көркем жазу
СсС СсС
Сасық суды тауысқан,
Сойқан, суайт сауысқан.
166 - жаттығу.
Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.
1 - қатар
Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.
2 - қатар
Ақан, сырғанады, шанамен.
3 - қатар
Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.

IV Сергіту сәті


Мынау менің - жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым - ақылды,
Бәрін осы - басқарған.
Мынау менің - оң қолым,
Мынау менің - сол қолым.
Барлық істі атқарған.
- Балалар, сөйлем тақырыбының тыныс белгілеріне байланысты жұмбақ жасырамын, ал сендер ойлана отырып табыңдар.
1 - қатарға
Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құраймын.(Сұраулы сөйлем)
2 - қатарға
Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым. (Хабарлы сөйлем)
3 - қатарға
Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын. (Лепті сөйлем)
Дыбыстық талдау жаса.
1 - қатар --------------- 2 - қатар --------------- 3 - қатар
«Сөйлем» ------------ «Нүкте» ----------------- «Үтір»

VI. Бес жолды өлең құрастыру.


Не? (1)
Қандай?(2)
Не істеді?(3)
Қайда болды?(4)
Сөйлем жаз.(5)
Қорытындылау
Сөйлем нені білдіреді?
Сөйлем неден құралады?
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Сөйлемнің соңынан не қойылады?
Үйге тапсырма

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Адамның есте сақтау қабілеті

Мақсаты: Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады. Сіз үшін 7 арнайы тәсілін дайындап қойдық.



1. Мнемониканы пайдалану

Компьютер жады екілік сақтау жүйесін пайдаланады. Кейін ақпаратты адамға ыңғайлы түрде ұсынады. Компьютер секілді адамның миы да ақпараттарды сақтаудың өзіндік тәсілі бар. Мнемоника есте сақтау технологиясы. Керекті ақпаратты арнайы код ретінде сақтауға мүмкіншілік береді. Қиын естіледі, иә? Бірақ негізіде бәрі оңай. Ақпаратты сақтау үшін қарапайым ұйқастар мен аббревиатураларды пайдаланады.



2. Жаңа нәрсе үйрену

Жадты жақсарту үшін оны жаңартып, жиі пайдаланып отыру керек. Жаңа нәрсе үйрену керек. Ұзақ өмір сүрген адамдардың көбісі милар көп жұмыс істеткен. Жаңа би, тіл, жаңа ойын жалпы, жаңа бірнәрсен үйреніңіз. Өзіңізді қызықтырантын жаңа саланы зерттеу керек. Белсенді болып, жаңа қабілеттерді дамыту маңызды.



3. Ұйқыны қандыру керек!

Беркли университетінің ғалымдары жасы үлкен адамдардың есте сақтау қабілетін зерттеген. Жақсы ұйқы, есте сақтау қабілетінің кепілі. Күнделікті адамға сегіз сағат ұйықтау керек. Ақпаратты есте сақтап қалудың ең жақсы жолы, ұйқы алдында оқу. Ұйқы барысында ақпарат өңделіп, жадта сақталып қалады.



4. Спортпен шұғылдану

Миннесота университеті профессоры Дэвид Якобсонның зерттеу қорытындысы бойынша, жас кезінде жаттығуларлды жиі жасап тұратын адамдардың басқа адамдарға қарағанда жадтары жақсырақ екені анықталды. Бұд бірақ жаңалық емес. Жүзу, жүгіру және басқа да спорттық белсенділік ми жұмысын жақсартады. Бұл миға келетін қанның көлемін арттырады.



5. Дұрыс тамақтану

Адамның миы энергия аз құртатын болса да, энергетикалық тамақтарды көп қажет етеді. Көк шай, жаңғақтар, мұхит балықтары, зәйтүн майы есте сақтау қабілетін арттырады. Сол себепті осы азық-түлікті пайдалану керек. Сонымен қатар басқа да құнарлы тамақтар мидың дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді. Бастысы, дұрыс тамақтану рационын құру керек.



6. Медитация

Медитация қазіргі уақытта кең таралған. Бірақ танымалдылықтан бөлек шынайы көмегі бар. Біріншіден, медитация біздің жүрек қағысты арттырады. Миға қанның келуін арттырады. Екіншіден, өзіңді тануға мүмкіншілік береді. Сол уақытта жинақталған ақпараттарды реттеп алса болады. Үшіншіден, стрессті азайтып, терең демалуды үйрунеге болады. Өз кезегінде мидың жұмысына оң әсер етеді.



7. Сөйлесу

Сөйлесу – сіздің миға керекті жақсы әрекеттің бірі. Пайдалы, мәнді әңгіменің орны ерекше. Жай өсек айту немесе құр сөйлеу есте сақтау қабілетіне әсер етпейді. Сол себептті сөйлесудің де пайдалы тұстарын пайдалану керек.

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Есте сақтауды дамыту жаттығулары


Сабақтың мақсаты: Есту, көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқу - тәрбиенің міндеттері: Есте сақтаудың түрлерін қиял мен зейінді қалыптастыру. Жалпы оқу икемдігі мен дағдыны қалыптастыру. Жаңа шешімдер іздеу, қажетті нәтижеге жету қабілеттерін шыңдау. Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО және АКТ технологиялары.
Көрнекіліктері: түсті беттер, тіс пастасы, слайдтар, карточкалар, ұялы телефон,

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі:


• Амандасу: «Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенің»
• Аутотренинг: «Мен бәрін орындай аламын»
Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін көздеріме рахмет.
Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рахмет.
Мен барлық жерге барамын, сол үшін аяқтарыма рахмет.
Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін қолдарыма рахмет.
Мен барлығын білемін, сол үшін басыма рахмет.

2. Қызығушылықты ояту кезеңі:


Сыныпты үш топқа бөлу үшін жұмбақ жасыру. Шешуін тапқан топтарға атауы беріледі.
1) Мейлі қалай лақтыр. 2) Қанаты бар ұша алмас.
Жерге тимес арқасы. Құрлықта қаша алмас.
Төрт аяқпен тақ тұр.
3) Тегі - тышқан,
Өзі – құстан.
Күндіз ұйықтап,
Түнде ұшқан.
Бірінші топ Айгерим __________ Екінші топ Мадина____________ Үшінші топ Қуаныш

Миға шабуыл: Ой қозғау сұрақтары: Блум таксономиясы бойынша жалпақ сұрақтар.


1. Мен сендерге не қойып тұрмын?
2. Бауырсақ ертегісіндегі басты кейіпкер кім?
3. Қызыл түске жақын түс?
4. Қасыңда отырған саған бала кім болады?
5. Екі жағы тұйықталған түзу сызық?
6. Үлкенге құрмет, кішіге ……..?
7. Пима, шұлық, етік, бәтеңке. Бір сөзбен не деп атайды?
8. Өте жақсы оқитын оқушыны кім деп атайды?
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау. – Балала, сендер газет, журнал оқисыңдар ма? – Ал, сендер «Ералаш», «Сиқырла әліппе», «Балапан» деген теле – журналдарды көресіңдер ме? Олай болса, бүгінгі логика сабағымыз теле – журнал түрінде өтеді. Біз бүгін кітаптан емес осы теле - журналдан оқып үйренеміз. Олай болса теле – журналдың беттерін тезірек ашайық! «Ой қиял» журналы 3 - сынаптарға арналған. (1 - слайд) Тақырыбы. Есте сақтауды дамыту жаттығулары.(2 - слайд)
Мазмұны:
1. Сурет – бейнелеу айдары
2. Ауызша есептеу айдары.
3. Топпен жұмыс айдары.
4. Көңілді үзіліс айдары.
5. Математикалық диктант айдары.
6. Мультимедия айдары
7. Журнал шебершанасы
8. Пайдалы кеңес айдары.
3. Мағынаны тану кезеңі: Сурет – бейнелеу айдары тапсырмасы: Суретшінің қатесін тап!
«Тікелей эфир» ойыны. Ауызша есептеу. – Алло, ___ Мадина ____________ бола ма? Сізді мазалап тұрған 3 – сыныптарға арналған «Ой қиял» журналының студияиясы. Сәлеметсіз бе сіз тікелей эфирдесіз. Сізге сұрағымыз бар, 3 жерде 7 неше? 8 жерде 4 неше? т. с. с
Топпен жұмыс айдары тапсырмасы: «Логикалық есептер»

1 - топ есебі:


18 вафлиді тәрелкелерге былай салған: Біріншісіне 4, екіншісіне 5, үшіншісіне 2, төртіншісіне 7. Осы тәрелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тәрелкелерді қалай қоясыңдар?

2 – топ есебі:


Қасқыр, түлкі, аю үш үйде тұрыпты. Біріншісі – үлкен терезесі бар ақ үйде тұрады, екіншісі – үлкен терезесі бар сұр үйде тұрады, ал, үшіншісі – кішкентай терезесі бар сұр үйде тұрады. Қасқыр мен түлкі үлкен терезесі бар, ақ үйде тұрады, ал қасқыр мен аю сұр үйде тұрады. Кім қандай үйде тұратынын табыңдар?

3 – топ есебі:


Қыздар үш - қара, сары және ақ мысықтарды қолдарына ұстап көтеріп тұр. Қыздардың есімдері мынадай: Қарақыз, Сарықыз, Аққыз. Бірақ бірде – бір қыз өзімен аттас мысықты ұстап тұрған жоқ. Аққыз қасындағы құрбысы ұстап тұрған қара мысыққа қарап тұр. Кім қандай мысықты ұстап тұрғанын табыңдар?

Сергіту сәті: Көңілді үзіліс


3. Ой толғаныс кезеңі: Математикалық диктант айдары. «Иә жоқ» диктанты.
1. 24 -ті 3-ке бөлгенде 8 шыға ма? Иә
2. 1 см 1дм - дан ұзын ба? Жоқ
3. 2 үйрек пен 2 бұзаудың аяқтарының саны тең бе? Жоқ
4. Аптаның 7 - ші күні бейсенбі ма? Иә
5. Отансыз адам ормансыз бұлбұл ма? Иә
6. Пойызда 10 вагон бар. Бауыржан басынан санағанда 5 – вагонда отыр, ал Ұлан аяғынан санағанда 5-вагонда отыр.
Мультимедия айдарының тапсырмалары: 1 Видео сұрақ (логикалық есеп)
Журнал шеберханасы: Таратылып берілген беттерге алдарыңдағы тіс пастасының көмегімен геометриялық фигуралары бар заттар салуларың керек. Ол заттар топтарыңның атына сай болу керек. Мысалы 1 - топ құс бейнесін жасаса, 2 – жануарлардың пішінін….

Пайдалы кеңес айдары. Журнал кеңесіне құлақ асып, көзге арналған жаттығулар жасату.

4. Қорытындылау. Сабақты бекіту.
Бекітемін:

Математикадан дидактикалық ойындар

«Біреу және көп» дидактикалық ойыны № 1
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны № 2


Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).
3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 3


Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
1-нұсқа.
Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
2-нұсқа.
Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны №4


Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Мазмұны.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.

«Біреуі артық» дидактикалық ойын № 5


Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету.
Мазмұны.
1-нұсқа.
Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады.
2-нұсқа.
Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді.
3-нұсқа.
Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады

«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны №6


Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.
Мазмұны.
Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.

«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны №7


Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.
Мазмұны.
Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.

«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын №8


Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны.
Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.
- Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.
- Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.
- Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер.
- Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой.
Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды.
- Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар).
Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды:
- Қонжықтар нешеу?

«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны № 9


Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.
Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.

«Цирктің әртістері» дидактикалық ойыны. № 10


Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекіту.
Мазмұны.
1-нұсқа.
Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды.
2-нұсқа.
1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2-ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді.
- Қандай заттар бір-бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау).
3-нұсқа.
2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды.

«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 11


Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.
Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
- Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті.
- Не үшін сары карточка әкелді?
Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар.
Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.

«Қанқызын тап» дидактикалық ойыны № 12


- Бізге егістіктен қанқыздары ұшып келді. Олар бір-біріне өте ұқсас. Барлығы оларды ылғи да шатастырады. Олар өздерін бір-біріне ұқсамайтындай етіп жасауларын сұрайды. Оларға көмектесеміз бе? Әрбір қанқызында дақтары оң және сол қанатында бірдей болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта неше дақ бар екенін сана. Барлығы қанша? Цифрды көрсет.
- Екінші қаңқызында сол жағындағы дақтар оң жағына қарағанда артық болсын. Сол жағында неше жақ, оң жағында ше? Барлығы неше дақ? Цифрды көрсет.
- Үшінші қаңқызындасол жақтағы дақтары оң жаққа қарағанда кем болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта ше? Барлығы неше? Көрсет.
- Біздің қаңқыздарымызға енді «жасырыну керек», әйтпесе тоңып қалады (топ бөлмесінің әр жеріне қойылады).
- Сендер оларды таба аласыңдар ма?

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 13


(2-сабақтың нұсқасын қараңыз).
- Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды?
- Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратиноға жақын отыр?
- Кім Буратинодан алыс отыр?
- Кім Карабас-Барабасқа жақын отыр?
- Кім Карабас-Барабастан алыс отыр?
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
- Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?

«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны № 14


Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.
1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау.
2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.
Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды.
Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны №15


Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды.
- Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы.
Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.

«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны №16


Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету.
5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды.
- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.
- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.
- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.
- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.
- Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?
- Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер.
- Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер.
- Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе?
- Аңдардың қайсысы артық? Неге?
Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.

«Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап» дидактикалық ойыны № 17


Мақсаты: Балаларды «жұп» ұғымымен таныстыру.
Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінген.
Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерлерін тауып, оларды жұптастырып қоюлары тиіс. Содан кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз екендігін анықтайды.
- Балақай мен Карлсон далаға шығуға дайындалды. Олар өздерімен бірге нені алу керектігін ойланды (спорт құрал – жабдықтары көрсетілген сурет).
- Оларға таңдауға көмектесіңдер. Өз таңдауыңды түсіндір.
- Балақай шаңғы тебуді ұйғарды. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына қарай тақтаға қойып шығыңдар. Барлық шаңғының ұзындығын айтып беріңдер. Балақайға шаңғы таңдап беріңдер.
Педагог балаларға заттарды қатар қою немесе беттестіріп қою арқылы салыстыруға болатындығын естеріне салады.
-Енді балақайға шаңғы таяқтарын таңдауға көмектесуіміз керек. Оларды да ең қысқасынан ұзынына қарай қойып шығыңдар. Шаңғы таяқтарын ұзындығы бойынша атаңдар. Олар қандай?

«Ненің жұбы болады» дидактикалық ойыны. №18


Мақсаты:Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту.
Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді.
Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім, қолғап, т.б. Олардың неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді.
- Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы далаға бірінші шығады?
- Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады. Алайда бір шанаға тек екі бала ғана отыра алады, ал үшіншісі - «артық». Кім жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға үлгереді, кім баяу – «үшінші артық адам» болады.

«Сандар шатасты» дидактикалық ойыны. №19


Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.
Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.
Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде аңдар ілінген.
- Айболитке емделу үшін қанша аң келді?
- Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді аурулардың саны неше болды? Неге осынша?
- Қане, тексеріп көрейік (санайды).
- Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді.Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке тұру).
- Кім бірінші? Кім екінші?
- Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті бойынша нешінші екенін бірге санап көрейік (бірінші, екінші, үшінші...)
- Мүйізтұмсық өзінің нешінші екенін ұмытып қалыпты, қанеки, көмектесіп жіберіңдер.
- Түлкі де баласын тербетуге кетіп, келгенде өзінің нешінші екендігін ұмытып қалыпты.
- Арыстан ұялы телефонымен сөйлесіп тұрып, дұрыс естімей қалыпты. Ол нешінші еді?
Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жіберді

«Не өзгерді» ойыны №20


Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды.

«Дауыстап санау» дидактикалық ойыны № 21


Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету.
1-нұсқа.
Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді.
Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады.
2-нұсқа.
Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді.
Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді.
- Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).

«Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны № 22


Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.

«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын № 23


Қапшықта геометриялық пішіндер:
Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады.
4.Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру. 5.Тәрбиеші 7 санына байланысты 7 күн, 7 түс, 7 шелпек ұғымдарын түсіндіреді.
«Жеті» - көсеу баяғы,
Жалғыз оның аяғы.
7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі өзіндік жұмыстарды орындату.

«Суретші қай жерде қателесті?» дидактикалық ойыны № 24


Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету.
Ойынның мазмұны.
Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.

Сөздік ойыны № 25


1-нұсқа.
Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды.
Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...(қар жауады).
Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде...(жапырақтар түседі).
2-нұсқа. (көлем туралы).
Бұта аласа, ал ағаш...(биік).
Бұлақ тар, өзен...(кең).
Тәулік бөліктері туралы.
- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал... түскі ас ішеміз.
- Біз кешке тамақ ішеміз, ал... жаттығу жасаймыз.
- Түнде біз ұйықтаймыз, ал... серуендейміз.
- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз.
- Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды...көреміз.

«Заңдылығын тап» дидактикалық ойыны № 26


Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.

«Не жоқ?» дидактикалық ойыны № 27


Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады.

«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны № 28


Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.
Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.

«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 29


Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк карточка.
- Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай ойлайсыңдар? (Қалған карточкалар алынып тасталынады).
- Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады?
- Оларды өз орындарына қойыңдар.
Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды.
Түнде аяз күшейіп,
Күндіз тамшы тамады.
Күн білінбей ұзару,
Бұл қай кезде болады?
(Ақпан)
- Ақпан айы қай айдан кейін болады?
- Қыс айларын атаңдар.
Содан соң тәрбиеші балалардың бір-біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 30


Тәрбиеші сопақшаның бөлме ішіне жасырынып қалғанын айтады. Балалар бөлме ішінде сопақша пішіндегі заттарды атайды

Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет