Баланың сөйлеу машығын дамыту. «Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал»



Дата12.03.2018
өлшемі67,64 Kb.
#38768
Баланың сөйлеу машығын дамыту.
«Тіл – ішкі сырды

сыртқа шығаратын құрал»



Жүсіпбек Аймауытов
Мақсаты: Тіл байлығы нашар балалардың проблемасын шешуде – баланың сәби жасынан бастап ұлттық тілін, сөздік қорын дамытуға ықпал жасау.

Міндеттері: -Балабақшада баланың тіл байлығын дамытуда, сәби кезінен бастауда жұмыс түрін ұйымдастыру.

  • Ата-аналармен ынтымақтаса отырып баланың тіл байлығын дамытуға іс-шара ұйымдастырып, ана тілін толық меңгерту үшін ата-аналармен тығыз байланыста болатын ұйым ашу.

  • Баланың айналасындағы ортаға бейімделу ықпалына зейін қою.

  • Тіл байлығы нашар баламен жеке дара жұмыс жасай отырып, дұрыс оның сөйлеуіне зейін қойып бақылау.

  • Ата-анасының қатысуымен баланың, сөйлеуіне сөздік қорының дамуына ықпал ету жеткен жетістігін, нәтижесін анықтау.

  • Баланың эмоционалды көңіл-күіне, денсаулығына, оқуына көңіл бөле отырып баланың пікірімен ойымен санаса отырып дұрыс сөйлеуге баулу.

  • Коммуникативті құзіреттілік қалыптастыру.

Баланы дұрыс сөйлеуде ертегілер оқып, тақпақ жаттату арқылы, суретті сөздіктер көрсете отырып, ойлай білуге, қиял - ғажайыптарға баулу, арқылы тіл байлығын дамыту өзекті мәселе болып отыр. Бала қоршаған ортаға биімделіп – ол өз ұлтының тілімен қоса, барлық қасиетін жоғалта бастайды. Яғни бастау алады. Мұндай баланың тіл байлығының аз болу проблемасы көбіне –көп үлкен қалаларда жиі кездеседі.

Бұндай кемістіктерді болдырмау үшін қоғам үлкен ықпал тигізу керек, сонымен қоса ата-анамен баланың тәрбие алып отырған мекемедегі оқытушы бірігіп жұмыс жүргізіп, үлес қосуы тиіс. Сондықтан осы проблема дәл қазіргі уақытта біздің бала бақшамызда кездесіп отыр. Осы мәселені шешуді біз өз жобамызда жолын тауып іске асыруды міндетіміз деп санап отырмыз.

Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканы, саясатты, әлеуметтік- мәдени саланы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы жағдайында адамдардың жаңа әлеуметтік рөлдерге ие болуы – осының бәрі білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп, білімнің қоғамды қайта жаңғыртуға қосар үлесін едәуір арттырады, білім саласын «өсу нүктесінің» басым саланың бірі ретінде айқындалады. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер енді оқытудың жаңа технологияларын қолдану жеке тұлғаға, оның проблемаларына, мақсат-мүдделеріне,шығармашылық тұрғыда дамуына бет бұру арқылы білім беру жүйесін дамытудың тиімді жолдарын қарастыруды талап етеді. Осыған сәйкес білім беру жүйесі шақыруларына уақытында үн қосу, жаңа тарихи кезеңнің міндеттерін ойдағыдай шешу үшін мән-маңызды жағынанн өзгеруі тиісті.

Жалпы орта білім беру жүйесін әлемдік тарихына ой жүгіртсек , білім саласын бұрынғыдан да биік жаңа деңгейге көтеру тек 12 жылдық білім беруді қолға алғанда ғана мүмкін болмақ екендігі дәлелденді: қаншама табалдырықты басып, соңғы басқышынан өтіп, еліміз 12 жылдықтың есігін айқара ашқалы отыр. Еліміз үлкен жаңалықтың алдында тұр. Осы білім беру сатысын қалай алып кетеміз? Бәріміздің алдымызда үлкен мақсат-міндеттер тұр. Тіл- қоғамдық ғасыслар бойы халқымыздың қатынас құралы болып, күн өткен сайын дамып, қанатын кең жайып келе жатқан тарих құралы. Халқым болашақ ұрпақ алдына ана тілінің қадыр- қасиетін зор бағалап пір тұтуды, оның рухани мәдениетінен үлгі алуды азаматтық аманатым деп түсінеді. Сондықтан да әрбір қазақ тілін сауатты жазып, шешен сөйлеу, бабаларымыз ардақтаған, бізге жеткізген байлығымызды келер ұрпаққа толыққан түрде жеткізудің маңызы өте зор.

Елбасы Н.А.Назарбаев: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді.

Біздің қазіргі жағдайда осы проблемаларды шешу жолдарына алдағы уақытта балаларды ана тілінде қоршаған ортамен еркін сөйлеуіне ықпал жасап,баланы жастан деген мақал-мәтелге сүйіне отырып, балабақшадан яғни ата-ана таңертенгілік баласын әкелгенде «Сәлемдесуден» бастап, балаға да, ата-анаға да, қоршаған ортаға да өз ана тілінде сөйлеуге, дұрыс жауап беруге, дұрыс сөйлеу мәдениетіне, үлкен-кішімен қарым-қатынас жасай отырып, балабақшадан кетерде айтылатын «Сау болыңыз!» деген сөздерге назар аударуымыз керек. Егер біздің үйретіп отырған ана тіліміз, баласы ана тілінде, ата-анасы өзге тілде сөйлесе, онда біздің

ана тіліміз шұбарланған болар еді. Сондықтан күнделікті әдет- ғұрыптарды, ырым-тыйымдарды, мақал-мәтелдерді пайдаланып отыру керек.

Қазақтың көне сөзінен қалып бара жатқан, ілу де шалу айтылатын математикалық ұғымдар, яғни: қарыс, сүйем, адым, елі, құлаш, аттам және т.б. сөздер. Осылар үлкен кісілерден естіп, оның мағынасын сұрау арқылы сабақта пайдалана отырып, өз ана тілімізді жан-жақты, ата- анаға да, тәрбиеленушіге де, қоршаған ортағада оқыта отырып үйретеміз.

Ал тіл дамыту сабағында баланың тілін дамытуда салт – дәстүрді, әдет- ғұрпын, ырым-тыйымдарды таныстыру және ұлттық деңгейде тәрбиелеу. Мысалы: тыйым сөздер: үлкендердің сөзіне араласуға болмайды, құран оқығанда күлуге болмайды, т.б. сөздер. Салт –дәстүрлер: бесікке салу, тұсау кесу, сүндет тойы, бет ашар, т.б. Әдет-ғұрыптар: дастархан жасағанда адамның жасына қарай отырады т.б. Осы ұлттық ұғымдарды балаларға үйрете отырып, дамыту.

Балаларды қазақша еркін сөйлеуін дамытуда алдымен ата-анамен жұмыс жасауы керек. Баланы бақшаға әкелгенде және әкеткенде ата-анамен жасалатын жұмыс жеткіліксіз. Сондықтан балабақшаларда ата-ана ұйымдарын ашсақ, оған ат қойып, сол ұйымдағы жұмыстар балабақша меңгерушісі, әдіскер, тәрбиешілер және ата-аналардың қатысуымен отіледі. Ол ұйымның жоспары болуы тиіс. Онда барынша ағартушылық семинарлар, кеңес беру жұмыстары жүргізіледі, танымдық лекциялар оқылады. Ал тәрбиешілер үшін тәжірбие алмасу, жаңа технологияларды талқылау жұмыстары жүргізіледі. Осы ұйымның нәтижесінде ата-аналарға мемлекеттік тілді меңгерту арқылы балаларды мемлекеттік тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасауға болады.

Тіл – адам жолының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор боп қалар еді... Ойлаған ойларын сыртқа шығарып, басқаларға уқтыра алса, адамның не арманы бар... Тілі кем болса, адамның қор болғаны, ойын толықтырып айтуға тілінің жетіспесе, ішің қазандай қайнайды ғой... Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт үшін де қымбат. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт-тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті.

Ана тіліміздің қуаты бесік жырымен, ананың әлдиімен, сырлы сөз маржанын бала бойына сіңіруінен, баланың рухани жан дуниесін байытып, құймақұлақ тындармандыққа баулитының дәлендеу тіпті қажет етпейді. Ананың алғашқы әлдиімен емірене естіртетін мейірбан сүйспеншілігі сәбидің ойына сәуле түсіріп сезімін оятады. Ана мен бала арасында ыстық ықылас қалыптасып. Ол сәбимен тілдесу арқылы өрістей береді. Бүгіндері ана тіліміздің сақталу, даму жолында атсалысу біздің әрбіріміздің қасиетті борышымыз, азаматтық парызымыз екенін жан жүрегімен түсінетіндер шамалы. Сондықтан да, тіліміздің мәртебесін көтеретін қызымет орындарында намысты азаматтар ғана болса, тіліміздің шұбарлануына жол бермейміз деп ойлаймыз.

Жобаны қортындылай келе, мемлекеттік тілді басым дамытуды бағдарламадағы мақсат пен міндеттерін басшылыққа ала отырып, іске асыруда біздің топ әртүрлі кітаптарға, журнал-газеттерде сүйеніп, жаңа технологиялардағы стандартқа сай құзырлықтарды пайдаландық.
Сөздік логикалық ойлауды дамыту жаттығулары.
«Ұғымды анықта»
Балаға төменгідей сөз жиынтықтары ұсынылады.


  1. Шайтанарба, шеге, кітапша, плащ, қауырсын, дос, қозғалу, біріктіру, ұру, өтпейтін.

  2. Ұшақ,винт, газет, қолшатыр, аң терісі, батыр, тербелу, қосу, тістеу, өткір.

  3. Автомобиль, шұрып, жорнал, етік, қыбыршақ, қорқақ, жүгіру, байланыстыру,, шымшу, тікенекті.

  4. Автобус, түйреуіш, хат, қалпақ, мамық, өсекшіл, айналу, салу, итеру, кесетін.

  5. Мотоцикл, кірқысқыш, жарнама, бәтеңке, тері, жау, сүріну, жинау, соғу, жарылған.

Балаға осы сөздердің бірде біреуінің мағынасын түсінбейтін адамды елестеуін сұраңыз. Одан соң айтыңыз: «Осы адамға әрбір сөздің нені білдіретінін түсіндіруін сұраңыз. Мысалы: «ШАЙТАНАРБА» сөзі. Мұны сен қалай түсіндірер едің?»

Бала сөзге анықтама беруге кіріспес бұрын, оның берілген сөзді түсінетіндігіне көз жеткізіңіз. Ол үшін мынадай сұрақтар беруге болады: «Сен бұл сөзді білесің бе?» немесе «Сен бұл сөздің мағынасын түсінесің бе?»

Балаға әр сөздің анықтамасын беруге көмектесіңіз, көмекші сұрақтар беріңіз, бірақ әрқашан да алдымен балаланың өзіне жауап беруге мүмкіндік беріңіз.


«Ұқсас сөздерді тап»

Дәл сол сөздер жиынтығы қолданылады.

Балаға бірінші қатардан бірінші сөзді оқыңыз – «ШАЙТАНАРБА». Басқа қатардан мағынасы бойынша сәйкес келетін сөздерді табуын өтініңіз. /берілген сөзбен бір топқа жататын.Бір ұғыммен анықталатын/. Әрбір келесі сөздер жиынтығының әрбір сөзінің арасы 1 секунд интервалмен балаға жайлап оқылады. Қатардағы сөздерді тыңдау барысында бала осы қатардағы сөздерден естіген сөзіне мағынасы бойынша сәйкес келетінін көрсету керек. Мысалы, егер оның бұрын естіген сөзі «ШАЙТАНАРБА» болса, онда ол екінші қатардан «ҰШАҚ» сөзін таңдайды. өйткені олар «көлік түрлері-виды транспорта» немесе «қозғалыс құралы» ұғымын құрайды. Бұдан әрі ол келесі жиынтықтардан «АВТОМОБИЛЬ», !МОТОЦИКЛ! сөздерін таңдайды.

Егер бала бірінші қатардан керекті сөзді таба алмаса, онда оған бұл қатарды тағы да, бірақ жылдамырық оқыңыз. Егер бала таңдауды қате жасаса, оған тапсырманы тағы да түсіңдіріңіз және қарапайым мысалдар келтіріңіз.



Балаға керекті сөздерді табу үшін барлық төрт қатар оқылып болған соң, бірінші қатардың екінші сөзіне ауысыңыз да, осы процедураны бала келесі қатарлардан бірінші қатардағы барлық сөздерге мағынасы бойынша сәйкес сөздерді тапқанша жалғастырыңыз.

Балаланың сөздік-логикалық ойлаун әрі қарай жетілдіру үшін осыған ұқсас сөз қатарларын ойлап табыңыз.
Каталог: uploads -> doc -> 017d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
017d -> Қысқа мерзімді жоспар. Қазақстан тарихы
017d -> Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары туралы қазақша реферат


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет