Балқаш қалалық гимназиясы Джумартова Жадыра Муратовна Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қазақ тілі 5- сынып



Дата25.03.2017
өлшемі231,67 Kb.
#12225
Балқаш қалалық гимназиясы

Джумартова Жадыра Муратовна

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

ҚАЗАҚ ТІЛІ

5- сынып
ТҮСІНІК ХАТ

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген бағдарлама мен ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫНА( ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010) сәйкестендіріліп жасалған. Гимназия талаптарына сай «Әдеби тіл мен мәтін» тарауынан 1сағат алынып, «Тілдің сөздік құрамы» тарауынан 1 сағат алынып, жалпы саны-2 сағат «Сөз және оның мағынасы» тарауына бөлінді. Бұл жерде бастауышта алған білім көзіне сүйене отырып, өзгерту енгізілді. Жалпы сағат саны-56 сағат сақталады.

Ескерту:


Астана-2010 бағдарламасы б-ша

Гиманзиялық компонент

Сөз және оның мағынасы-28 сағат

Сөз және оның мағынасы-30 сағат

Әдеби тіл мен мәтін-8 сағат

Әдеби тіл мен мәтін-7 сағат



Тілдің сөздік құрамы -20 сағат

Тілдің сөздік құрамы 19 сағат


Барлығы: 56 сағат

Барлығы:56сағат

Лексика -30 сағат болып өзгертілді.
«Қазақ тілі» пәні ана тілі ретіндегі мәнімен, қоғамдық-әлеуметтік маңызымен, жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуының бастау көзі ретінде атқаратын рөлімен ерекшеленеді. Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің маңызы үлкен. Мектеп жасындағы балалар «Қазақ тілі» пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін: теориялық мәселелердің практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйрететін білімдік қызметін; жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатынын және өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін, алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану іскерліктерін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін таниды.

Мектептің негізгі деңгейіндегі (5 сынып) қазақ тілі пәнін оқытуда оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру және әдеби тіл нормасын меңгерту көзделеді. Тілдік білім оқушының ойлау қабілетін дамыту арқылы дүниетанымын жетілдіреді. Негізгі мектепте теориялық білімнің практикалық дағдыларға база қалыптастыруына басымдылық беріледі. Олар әдеби тіл нормаларын игертуге бағытталады. Әдеби тіл нормалары ауызша, жазбаша дұрыс сөйлеу ережелерін қамтиды. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі бастауышта меңгерген сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне база қалыптастырады.

Ана тілі ретінде оқытылатын қазақ тілі пәні оқушының лексикалық қорын байытады, сөз мағыналарын танытады, тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен қызметін білдіреді, сөздерді таптастырудың белгілерін меңгертеді, сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың тәсілдері мен түрлерін білгізеді, сөйлемнің түрлері мен стиль түрлерін және пунктуацияны меңгертеді. Оқушыға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі мәні, рөлі жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптастырады.

Сөйлесім компоненттерінің түрлері – оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым бойынша қол жеткізілетін құзыреттіліктер оқушының ақпаратты түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, өңдеу және өз ой-тұжырымдарын қорытып шығару, бағалау әрекеттеріне сүйене отырып анықталады. Мысалы, оқылым мен тыңдалым, айтылым мен жазылым әрекеттерінде оқушының өз бетінше ізденуі, шығармашылық тұрғыда қолдануы, дара ойлауға ұмтылысы негізінде туындайтын құзыреттіліктер қалыптастыруға мүмкіндік мол. Мұнда түрлі өмір жағдаяттарында оқушының дұрыс жол табуы, сын сәттерде өзіне тиімді шешім жасауы, өзіндік көзқарастарын сөз әдебін сақтап жеткізе алу, ойын түсінікті әрі жүйелі айта алу қабілеттері шыңдалады. Оқушының ауызша және жазбаша тілде ойын еркін және әдеби тіл нормаларының талаптарына сай, стильдік ерекшеліктерді ескере отырып жеткізуі біліктіліктің өлшемі болып саналады.

Білім мазмұнындағы тақырыптар тілдің коммуникативтік, танымдық, экспрессивтік қызметтерін бірлікте меңгертеді. Тілдің ішкі заңдылықтары мен өзара байланысын танытады және тілдік сезімін қалыптастырады.

Жалпы білім беретін мектептің негізгі деңгейінде «Қазақ тілі» пәні барлық пәндермен байланысқа түседі. Қазақ тілінің лексика тарауында барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылады. Сөзжасамда биология, география, астрономия, физика, химия пәндеріне қатысты ұғым атаулары меңгертіледі. Морфологияның сөз таптары аясында математика, тарих, қоғамтану, өнер, технология, валеология, т.б. пәндерге қатысты терминдердің табиғаты мен тұлғалық ерекшеліктері танытылады. Синтаксис пен стиль салаларында мектептегі оқу пәндерінің сөйлем жүйесі мен қолданылу ерекшеліктері игертіледі.

Білім беру жүйесінің негізгі деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, әдеби тіл нормаларын жетік қолдана білетін, сөйлесім әрекеті қалыптасқан, тілдің қызметін жүйелі меңгерген дара тұлға қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Қазақ тілі» пәні танымдық және практикалық бағыттарда төмендегідей міндеттерді шешеді:



  • оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту;

  • тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін таныту;

  • сөйлесім компоненттері (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) бойынша қатысымдық дағдыларын жетілдіру;

  • әдеби тілдің лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, сөзжасамдық, грамматикалық, стильдік, пунктуациялық нормаларын меңгерту;

  • тілдік жағдаятқа сай қарым-қатынас жасауға дағдыландыру.

Бұл мақсатты орындау үшін танымдық және практикалық бағыттағы бірнеше міндеттер қойылады.

Қазақ тілі сабағы оқушы үшін тек грамматикалық ережелер жаттайтын, қызықсыз жаттығуларды құлықсыз орындататын пән қатарынан шығып, баланың ой өрісін өсіріп, оған тілдің ұлттық мәдени мұра, тіршіліктің өзегі, танымның көзі екендігін сезіндіру қажет. Бұл оқу материалдарының, жалпы білім мазмұннының ішкі байланыстарынан туындап, оқушының шығармашылық бағыттағы жұмыстарымен ұштасқанда жүзеге асырылады. Шығармашылық баланың интуициясына, қиялына, таным деңгейіне сүйеніп, оның өмірге, қоршаған ортаға деген қатынасын қалыптастыруға себін тигізеді. Оқушының таным деңгейі оның сөйлеу тіліне, сөздерді орынды қолданып, сөйлемді дұрыс құрастыру, ойын жеткізе білу іскерлігіне тікелей тәуелді. Сондықтан жаңа бағдарламада оқушының тілдік білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтік, танымдық мотивтердің қалыптасуына жол аша отырып, алған білімдерін практикалық іскерлік –дағдыға айналдыру көзделеді. Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің әрі оқушының лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына, әрі тілдік қабілеті және сөйлесім құзіретінің базасы ретінде қызмет етуіне негіз қалайды. Пәнді оқытуға тірек етіп алынған танымдық және практикалық бағыттардың нақтылануы тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, тілдік-эстетикалық талғамдарын жетілдіруге, қатысымдық іскерліктерінің шыңдалуына ықпал етеді.

Негізгі мектепте оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай дидактикалық ұстанымдар негізінде сұрыпталды. «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын таңдауда басшылыққа алынған негізгі ұстанымдар:


  • түсініктілік, жүйелілік, ғылымилық, жас және психофизиологиялық ерекшелікті ескеру, т.б. ұстанымдар;

  • білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);

  • тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;

  • этнолингвистикалық және этномәдени ерекшеліктерді ескеру;

  • оқушыны әлеуметтендіру ұстанымы;

  • пәнаралық байланысты сақтау;

  • әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу, креативті немесе шығармашылық пен біліктілікке мүдделілігінің негіздерін қалыптастыру);

  • мәдени-бағдарлылық ұстанымы (әлемнің бейнесі, әлемге мәндік көзқарас, білім мазмұнының тұтастығы, жүйелілігі; тілді, мәдениетті ұлттық, адамзаттық құндылық ретінде таныту).

Қазақ тілінің бағдарламасы төмендегідей басты-басты функцияларды атқару мүмкіндігіне жол ашады:

  • алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау функциясы. Оның мақсаты оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.

  • Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.

  • Үйлестіру функциясы. Оның мақсаты оқытудың өзге құралдарын тиімді пайдалануға үйрету, әр түрлі білім көздерінен алынған біліммен ұштастыра білу.

  • Жүйелеуші функциясы. Оның мақсаты оқушыларды әр салаға жататын білімнің құрылымындағы ұқсастық пен айырмашылықты тауып, пайдалана білуге үйрету.

  • Дамыту функциясы. Оның мақсаты оқушылардың жеке басына тән интеллектуальды, жалпы және жеке оқу біліктерін қалыптастыру.


Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес

5 сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сынып — аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат



Оқулық авторлары: Қосымова, Ж.Дәулетбекова

Алматы «Атамұра» 2010, 3 басылым.
5-сынып — аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат;
Жазба жұмыстары саны


Сыныбы

Диктант саны

Сөздер саны

Орфограмма саны

Тыныс белгілері

5

8

90-100 сөз

12

2-3




Тақырыбы


Сағат

саны

Мазмұны

Мерзімі

1

Ана

тілінің қызметі




1

Ана тілі туралы қанатты сөздер

3/09

2


1-тоқсан

І. Әдеби тіл және мәтін 8 сағат-7сағат

1.Әдеби тіл туралы түсінік


2


Әдеби тілдің жазу мен сөйлеудегі мәні. Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрі.

5,7/09




2.Мәтін.

2

Мәтіндер бойынша жазба әдеби тіл мен ауызша әдеби тілдің ерекшеліктерін аңғарту. Мәтіннің түрлері. Ауызекі сөйлеуге қатысты мәтіндер, ондағы тақырыптық ерекшеліктер. Оның берілу формалары, сөйлем құрау жүйесі. Мәтіннің құрылысы.

10,12/09




3.Қосымша түсінік

1

Жазбаша мәтіндер. Тақырыбы, негізгі идеясы. Ойдың берілу тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сипаттау, талқылау, мінездеу және т.б. мәтіннің құрылысы. Абзац. Сөйлем. Сөйлемдердің байланысы. Әр абзацтағы, әр сөйлемдегі тірек сөздер.

14/09




4.Диктант№1


1

Білім, білік, дағдыларды тексеру

17/09



5.ҚЖ. Қайталау сабақ



1




19/09

3

лексика


ІІ. Лексика (48 сағат)-49САҒАТ

Сөз және оның мағынасы (30сағат)

Сөз бен мағына



1


Сөз мағыналары мен тіл байлығы – Лексиканың қарастыратын мәселелері. Сөздің дыбыстық жалмығы мен ішкі мағыналық бірліктен тұратыны. Сөздің негізі лексикалық мағына болып табылатындығы.

21/09



Қосымша түсінік

2



Сөздің бір мағыналы және көп мағыналы болатындығы. Сөздің негізгі қызметі – атау, яғни зат, құбылыс, әрекетті, олардың белгілерін атап білдіруі. Сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына екендігі.


24,26/09

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

2


Сөздің тура мағынасы және ауыспалы мағынасы.

Сөздің атауыш мағынасы тура мағына деп аталатындығы.

Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты болатындығы. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы мағыналары тура мағыналары болса, кейінгі мағыналары ауыспалы мағыналары болып табылатындығы.

Ауыспалы мағына деген ұғымның екі түрлі ұғынылатындығы: жүре келе пайда болған кейінгі атауфш мағынаны да білдіретіндігі және сөздің көркемдеп қолданудан сөйлеу үстінде туатын «жаңа» мағынасын да білдіретіндігі.

Сөздің ауыспалы мағынада қолданылуы көп мағыналы сөздердің тууына себепші болатындығы.


28-1/10

Көп мағыналы сөздер


2


Көп мағыналық. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болатындығы. Бұлардың әр сөз табына қатысты екендігі. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы.

Сөздердің мағыналық топтары.



3,5/10

Сынақ жұмысы.Тест

Қатемен жұмыс



1

1





8,10/10

Омонимдер


2


Көп мағыналық. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болатындығы. Бұлардың әр сөз табына қатысты екендігі. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы.

Сөздердің мағыналық топтары.




12,15/10

Синонимдер

2


Синонимдер. Синонимдердің анықтамасы. Синонимдердің тіл байлығы мен сөз оралымдылығының көрсеткіші екендігі.


17/18/10

Қосымша түсінік


2

Синноним сөздердің сөздердің бір ғана сөз табына қатыстылығы. Синонимдер сөздігі.

22/24/10

Антонимдер

1

Антонимдердің қарсы мәндес сөздердің жұбынан тұратындығы. Антонимдердің көп мағыналы сөздерге, синонимдерге, омонимдерге қатысы.

26/10

Қорытынды сын жұмысы.Диктант№2



1


Білім, білік, дағдыларды тексеру



29/10

Қ.Ж.Өткенді пысықтау



2


Білім, білік, дағдыларды пысықтау

31,2/11

Барлығы



27









Мазмұны__Мерзімі'>2тоқсан
Тақырыбы

Сағат саны

Мазмұны

Мерзімі

Антонимдер

2

Антонимдердің көп мағыналы сөздерге, синонимдерге, омонимдерге қатысы.

14/16/11

Сын жұмысы.Тест№2

2




18-21/11

Табу


1

Табудың анықтамасы. Мұндай сөздердің қазақ халқының өмірінде кең тарағандығы, қолданылу себептері.


23/11

Эвфемизм мен дисфемизм


1


Эвфемизмнің анықтамасы, оның табу сөздерден айырмашылығы. Қолданылу жағдайлары. Дисфемизмнің анықтамасы, оның эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс екендігі. Қолданылу жағдайлары, әдеби тілге жатпайтындығы.

26/11

Тұрақты тіркестер




3

Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер). Тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктері:екі не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына білдіруі, құрамындағы сөздердің орын тәртібінің тұрақты болуы, даяр қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратындығы.

28,30,3/12

Мақал- мәтелдер


2

Мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің халықтық рухани қазына екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері. Мақалдардың ғибраттық өсиеттік мәні; мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығы. Мәтелдердің фразеологизмдермен ұқсастығы, өзгешелігі.


5,7/12







Білім, білік, дағдыларын тексеру





Тілдің сөздік құрамы (19 сағат).

Диктант№3


Қатемен жұмыс.

Сөздік қор






1
3

Тілдің сөз байлығын құрайтын сөздік қор және сөздік құрам жөнінде түсінік. Сөздік құрамның қоғаммен бірге дамып, өзгеріп отыратындығы. Сөздік құрамның тармақтары


10/12


12,14,19/12

Қазақ тілінің сөздік құрамы


1

Қазақтың байырғы төл сөздері және басқа тілден енген сөздер.

Тілдің негізгі сөздік қорын байырғы сөздер құрайтындығы, оның тіл дамуының қайнар көзі екендігі.

Басқа тілден енген сөздердің тілге сіңісу жолдары (сол қалпында, дыбыстық өгеріске ұшырап енуі). Олардың сөздік құрамнан алатын орны. Басқа тілден енген сөздердің емлесі, орфоэпиялық нормасы.

21/12

Қорытынды сын жұмыс. Диктант№4

1

Білім, білік, дағдыларын бақылау


24/12

Қ.Ж. Көнерген сөздер

2

Көнерген сөздер мен жаңа сөздер. Көнерген сөздердің тарихи сөздер және архаизмдер болып бөлінетіндігі. Тарихи сөздердің қоғамдық-әлеуметтік атауларға, ал архаизмдердің халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық атауларға қатыстылығы.


26-28/12













Жаңа сөздер


1

Жаңа сөздердің жасалуы. Жаңа сөздердің ең әуелі баспасөз, ақпарат құралдары арқылы таралып, тілге сіңісетіндігі, бірте-бірте жалпылама лексикаға ауысатыны.




Сөздердің қолданылу өрісіне б-ты түрлері

1






Барлығы


21сағат










2-3тоқсандар



Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі




Жалпылама лексика.


1






Кірме сөздер

1






Диалект сөздер

2






Кәсіби сөздер мен термин


2






Өткенді

пысықтау тапсырмалары



2






Диктант№5

1






Фонетика 28 сағат
Қ.Ж.Тіл дыбыстары


1







Қазақ әліпбиі

1






Қазақ әліпбиіндегі әріптерінің жазылуы

1






Дауысты дыбыстар

1






Жуан және жіңішке дауыстылар

1






Ашық және қысаң дауыстылар

1






Еріндік және езулік дауыстылар

1






Дауыссыз дыбыстар

1






Дауыссыз дыбыстардың түрлері


2






ҚЖ.Сын жұмысы.Тест

1






Буын

1






Буын түрлері

1






Тасымал

1






Үндестік заңы

1






Буын үндестігі

1






Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

1






Дыбыс үндестігі

1






Қорытынды сын жұмысы.Диктант№6


1






Қ.Ж.Орфография мен орфоэпия

1






Екпін

1






Сөз екпіні

1






Ой екпіні

1






Тіркес екпіні

1






Дыбыс екпіні

2






Қайталау

2






Сөзжасам- 10 сағат

Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер


2







Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер

2






Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер

2






Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер

1






Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер

1






Диктант№7

2






Тіл мәдениеті-7 сағат

ҚЖ.Ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениеті


1







Ауызша сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілі

1






Ауызша сөйлеу мәдениеті мен орфоэпия қағидалары

1






Қорытынды сын жұмысы.Диктант№8

2






Жыл бойы өтілген тілдік тақырыптар

2




Барлығы 54 сағат










Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет