«Балқаш қаласының гимназиясы» кмм бекітемін: Келісемін: Ә/б отыр. қаралды



бет9/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#4510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


ТҮСІНІК ХАТ

«Еңбекке баулу» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде оқытылады және «Өнер және технология» білім беру саласына енеді. «Еңбекке баулу» оқу пәні оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Еңбекке баулу тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.

«Еңбекке баулу» оқу пәні әртүрлі өнер түрлері мен көркемдік әрекеттер мазмұнының кешені. Оқушылар «Еңбекке баулу» сабағында әртүрлі өнер шығармаларын көріп, қабылдау, зерделеумен қатар, дербес көркемдік шығармашылық әрекеттермен айналысады. Оқу материалына халықтық дәстүрлі және заманауи сәндік қолданбалы өнердегі ұлттық мәдени мұралар тәжірибесі негіз болып табылады.

«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мақсаты – оқушының көркемдік шығармашылық әрекеттерін әсемдікті көру, қабылдау арқылы қалыптастыру, бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік іс-әрекеттеріне қажетті дағдылары мен шеберліктерін шыңдау болып табылады және оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру.

«Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:


  • бейнелеу өнерінің түрлерімен (сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, сурет (графика), мүсіндеу және сәулет өнері) таныстыру;

  • оқушыларды әсемдікті бақылау, көру, зерделеу, эстетикалық сезімде әсерлену арқылы сурет салу, мүсін жасау, жапсырмалау және құрастыру сияқты көркемдік әрекеттеріне баулып, үйрету;

  • оқушыларға әртүрлі материалдармен (қағаз, бояу, мата, ермек саз, табиғи материалдар және заманауи технологиялық материалдармен және т.б.) жұмыс жасаудың техникалық тәсілдерін меңгерту;

  • көркем еңбек сабағында қолданатын арнайы терминдермен және ұғымдармен таныстыру.

«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмүны төмендегідей бөлімдерді қамтиды:

Техникалық еңбек. Қағаз, қатырма қағазбен, тоқыма, табиғи материалдармен, ағашпен және сымтемірмен, техникалық үлгілермен жұмыс.

Көркем еңбек. Сәнді-қолданбалы қолөнер бұйымдарымен таныстыру: ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, жиһаз, ыдыс-аяқтар, түрлі тұрмыс бұйымдары; бұл бұйымдарды әртүрлі ою-өрнектер (геометриялық, зооморфтық, әсімдік) қолдану арқылы дайындау. Өру элементтерімен таныстыру.

Дизайн. Көркем безендіру; түрлі түсті қағаздар мен матадан әртүрлі бұйымдарды құрастыру және жасау, оларды ұлттық ою-өрнек элементтерін безендіруде қолдану.
Тұрмыстык, еңбек. Өзінің киімдерін, оқу жабдықтарын күту; гигиенаны сақтау; мектептің (сынып) аумағын жинаудағы бүкіл мектептік түрлі шараларға қатысу. Бөлме өсімдіктерін күту.

Бұл бөлімге сабақ уақытында жалпы жүктемеден оқу уақыты бөлінбейді, қажетті дағдылар оқу-тәрбие үрдісі барысында меңгеріледі.



Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып, бірінші, екінші сыныптардағы «Еңбекке баулу» пәнінің бағдарламасында «Дизайн» бөлімі енгізілмеген, соңдай-ақ «Техникалық еңбек» бөліміңде ағаш және сымтемірмен жұмыс істеу түрлері көзделмеген.

Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы – бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады. Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері – шебер, суретші, сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс-тәсілдерді көрсету.

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру – олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады.

Оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.

Бастауыш мектептің төменгі сынып оқушысында көркемдік әрекеттердің бір түрі екінші түрінен ажырамастай, тұтас қабылданады, себебі бала ойын түрінде өнер түрлеріндегі бейнелеу, безендіру, құрастыру әрекеттерімен жүйелі түрде айналысады.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жылындағы барлық сағат саны:

2 сынып - аптасына 2 сағат – барлығы – 68 сағат болу керек, гимназиялық көптілдік оқу компонентінде қарастырылғандай, кафедра отырысында бектілуіне байланысты, аптасына 1 сағат-барлығы-34 сағат оқытылады.

Еңбекке баулу

Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Авторы: Оралбекова Т.Ж., Қ.Дүйсебаева


Рет саны

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі


1

2

3

4

І Техникалық еңбек 22сағат

1

Қағаз, қатырмақағазбен жұмыс-9сағат




Қозғалмалы ойыншықтар.

Техникалық мәліметтер. Қатырмақағаздың және желімнің ерекшеліктері, қолданылуы. Қағаздың қатырмақағаздан айырмашылығы. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орыңдау. Жұмыс орнын дайындау.

Жұмыста қолданылатын әдістер. Қатырмақағазды өлшеу, белгілеу, ию, қию, желімдеу, біріктіру.

Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: түрлі шырша ойыншықтары


2













Композиция құрастыру «Аквариумдағы балықтар».

1







Жартылай бетперделер (маскалар)

1







Жол белгілері

1







Қорап

1







Оригами: бақа, мысық, күшік, үй хайуанаттары

3







2.Тоқыма материалдармен жұмыс (4сағат)











Матаны қиып жапсыру, қолмен тігу әдістері

Техникалық мәліметтер. Өсімдік талшықтарынан алынатын маталар: олардың түрлері, қолданылуы. Инеге жіпті сабақтау, ұшын түю. Тігіс түрлері. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.

Жұмыста қолданылатын әдістер. Өлшеу, белгілеу, матаны пішу, қию, тігу.

Шамамен берілетін тапсырмалар.


1







Түсті жіптер арқылы сәндеп тігу (изонить), жіптерді өру, түйме қадау.

1






Жасайтын бұйымдар: кітап арасына салатын жолақ

1







Қалпаққа арналған шашақ бау

1



















3 Табиғи материалдармен жұмыс ( 6сағат)








1

2

3



Техникалық мәліметтер. Жергілікті жердегі табиғи материалдар туралы мәлімет.

Үй құстары, хайуанаттар.

Композиция құрастыру: «Жайлауда», «Табиғат аясында».


Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.

Жұмыста қолданылатын әдістер. Белгілеу, өлшеу ию, қию, тесу, желімдеу, біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану.

Шамамен берілетін тапсырмалар.


2

2

2







Техникалық үлгілеу (3 сағат)










1

Техникалық мәліметтер. «Конструктор» бөлшектерінің жиынтығы (винт, кілт, гайка, бұранда).

Техникалық мәліметтер. «Конструктор» бөлшектерінің жиынтығы (винт, кілт, гайка, бұранда). Бұйымдарды құрастыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Жұмыс орнын дайындау.

Жұмыста қолданылатын әдістер. Дайын бөлшектерді бұрап босату, біріктіріп қатайту.

Шамамен берілетін тапсырмалар. Құрастыратын бұйымдар: машина, бағдаршам, көтергіш кран, таразы, ұшақ, тікұшақ, қайық, кеме, желкенді қайық.


1




2

Бұйымдарды құрастыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.




2




Көркем еңбек (12сағат)

Ұлттық киімдер (5 сағат)



1

Техникалық мәліметтер. Ұлттық киімдер туралы мәлімет.

Техникалық мәліметтер. Ұлттық киімдер туралы мәлімет. Ұлттық киімдердің тігілуі, қолданылуы, қиып жапсыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау.

Жұмыста қолданылатын әдістер. Өлшеу, пішу, қию, тігу, желімдеу, біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану.

Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: қалпақ, сәнделген тақия, шапан, тұмақ, сәукеле, кимешек, көйлек, етік, мәсі-кебіс, шалбар, тон.


1




2

Ұлттық киімдердің тігілуі, қолданылуы, қиып жапсыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау

2




3

Ұлттық нақыштар, өрнектер

2




1

Ыдыс-аяқтар

Техникалық мәліметтер. Тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқтар. Ыдыс-аяқтағы ұлттық ою-өрнек. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын тиімді пайдалану.

Жұмыста қолданылатын әдістер. Ермексаз бен сазбалшықтан ыдыс-аяқтарды жапсырмалау. Әртүрлі материалдардан ыдыс-аяқтарды қиып жапсыру. Өлшеу, белгілеу, қию, желімдеу, тігу, біріктіру.

Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: тостақ, шөміш, қасық, тегене, тарелка.



2




2

Зергерлік бұйымдар


Техникалық мәліметтер. Зергерлік бұйымдардын түрлері, олардың қолданылуы. Зергерлік бұйымдардағы ою-өрнек түрлері. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

Жұмыста қолданылатын әдістер. Иілгіш сымтемірлерді майыстыру, бұрау, кесу, қию, біріктіру.

Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: шынжыр, сырғалар, сақина, білезік, сағаттың бауы, ілгектер.


3




3

Ұлттық бұйымдар


Техникалық мәліметтер. Ұлттық бұйымдардың тұрмыста қолданылуы. Олардың безендірілуі. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын тиімді пайдалану.

Жұмыста қолданылатын әдістер. Өлшеу, қию, желімдеу, біріктіру, тігу.

Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: қуыршаққа арналған кілемше, сырмақ, тұскиіз, кесе қап.


2







Барлығы

34 сағат





І ТҮСІНІК ХАТ
Бұл бағдарлама мектептің бастауыш білім беру деңгейіндегі «Өнер» білім саласына енетін «Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды рәсімдейтін Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізінде әзірленді.

Мектептің бастауыш білім беру деңгейінде оқытылатын «Бейнелеу өнері» оқу пәні Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің типтік оқу жоспарының инвариантты бөлімінде аптасына 1 сағаттық оқу жүктемесі беріліп, «Өнер» білімдік аймағына кіреді.



Бастауыш білім беру деңгейінде бейнелеу өнері пәнін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды-құндылықтәжірибелерін терендетіп, байыту болып табылады. Негізгі оқу-тәрбие міндеттері:

– оқушылардың көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін, ой ұшқырлығы мен бейнелі көрермеңік зейінін, заттар мен қоршаған ортаға деген эстетикалық құндылық қатынасын дамыту, шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру;

– композициялық зандылықтар, түстану, натураға қарап,еске түсіру және көз алдына елестету бойынша сурет салу негіздеріне үйрету;

– салынған суреттегі форма, тепе-теңдік, көлем, перспектива, жарық пен көлеңке, композицияға ерекше назар аударуға үйрету;



– кеңістік ұғымдарын, болмысты көркем-бейнелі қабылдауын қалыптастыру, оның әсемдігі мен түс байлығының үйлесімділігін түсіне отырып, түстүйсігін дамыту;

– отандық және әлемдік өнер және мәдени мұралар құндылықтарды бағалай білу біліктіліктеріне баулу.

Бағдарламаны құрудың негізгі ұстанымына пәндік интеграциялау ұстанымы, тәрбиелей отырып үйрету ұстанымы, оқытып, үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері және шығармашылық-әрекеттік ұстанымдар жатады.

Пәнаралық байланыс, кіріктіре оқыту ұстанымы – бейнелеу өнеріндегі сурет салу, еңбекке баулудағы құрастыру, безендіру элементтерін кіріктіру арқылы көркемдік білім мазмұны мен шығармашылық іс-әрекеттерді тұтастықта құруды қамтамасыз етеді. Бұл ұстанымның маңыздылығы – білім мазмұны жақын пәндердің ортақ пәнге қатысты элементтерін интеграциялау арқылы оқушылардың әлемді тұтас қабылдай алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы – бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады.

Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері – шебер, суретші, сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс-тәсілдерді көрсету.



Шығармашылық іс-әрекеттер ұстанымы - оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.

Жас ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Бастауыш білім беру деңгейінің негізі сурет салу, бояумен жұмыс, аппликация, мүсіндеу, көлемді заттарды жапсырмалау және сәндік-безендіру іс-әрекеттері жатады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру – олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады.

Қоршаған орта болмысын зерделеу және бақылаумен байланысты затқа, натураға қарап сурет салу сабақтың маңызды формасы және бағдарламаны жақсы меңгерудің негізгі шарты болып табылады. «Бейнелеу өнері» оқу пәні өнердегі көркемдік мәнерлеу құралдарын (түс, сызық, дақ, силуэт, композиция, пішін мен тепе-теңдік, ырғақ, көлем, құрылым, кеңістіктік, жарық, сәуле, көлеңке) тану арқылы оқушыларды көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттерге баулиды.



«Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасының білім берудің жаңа тұжырымдамасына бағытталғандығы – оқушылардың әртүрлі өнер түрлеріндегі көркемдік-шығармашылық әрекеттерін меңгеру, өнегелі, көркемдік-эстетикалық құндылықтарды ажырату, өнер туындылары мен мәдениет шығармаларының ерекшеліктерін бағалау біліктілігін қалыптастырады. Тұлғаның өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі айқындау, күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдайда жол табу қабілеттіліктерінің дамуын қалыптастыратын көркемдік-эстетикалық әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.

Бастауыш мектептің төменгі сынып оқушысында көркемдік әрекеттердің бір түрі екінші түрінен ажырамастай, тұтас қабылданады, себебі бала ойын түрінде өнер түрлеріндегі бейнелеу, безендіру, құрастыру әрекеттерімен жүйелі түрде айналысады.

Бағдарлама пән бойынша базалық білім мазмұнын сипаттаудан, сыныптар бойынша жіктелген оқу жүктемесінен, бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың дайындық деңгейіне оқу үрдісінің межелік кезеңінде (4 сынып) қойылатын талаптардан тұрады.



Сабақ түрлеріне қарай уақытты бөлу төмендегідей қарастырылады және мұғалімнің қойылған міндеттерді шешудегі шығармашылық шешімін шектемейді.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет