Барлығы – 90 сағат



бет1/8
Дата05.11.2016
өлшемі1,46 Mb.
#632
  1   2   3   4   5   6   7   8
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін» Институт директоры

_______________

М.М.Нагимова

қолы аты-жөні

«__»__________ 2010ж.

«Мәдениет және өнер» институты

«Вокал және аспаптық өнер» кафедрасы

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

«Домбыра» мамандығы

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – 3
Семестр – 5,6

Практикалық сабақ – 60 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) –15сағат

СӨЖ – 15 сағат

Барлығы – 90 сағат



Орал 2010 ж.
Пәннің оқу әдістемелік-кешені __Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының __Алматы 2003ж.________________________________

(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Құрастырушы(лар): Оқытушы ШакеноваА.Н.____________

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Кафедра меңгерушісі: _Бабенко О.А.___________________ ________________

(аты-жөні) (қолы )


Мәдениет және өнер_институттың оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

_ 2010 ж. № хаттама




Мәдениет және өнер_институттың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы

Өтегенов И.Ө._____________________________________ (аты-жөні) (қолы )

Пәннің оқу әдістемелік-кешені __Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының __Алматы 2003ж.________________________________

(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.



2.КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)
Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушының аты-жөні: Шакенова А.Н.

Офис: «Вокал және аспаптық өнер» кафедрасы

Жұмыс мекен – жайы: Достық,162

Жұмыс телефоны: 51-27-39

E – mail:
Пән туралы мәлімет
Мамандық(домбыра)
Кредиттің аптаға бөліну кестесі (2 кредит мысалында келтірілген):


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1 (1 практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ ,СӨЖ

50 + 50 мин.

Байланыс сағаты 2 (2 практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ ,СӨЖ

50 + 50 мин.

Өту орны: № 4 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша


Оқу жоспарынан көшірме: (1 кредитке)


Курс

Семестр

Кредит саны

Практика

лық сабақтар



СОӨЖ

Рейтинг

Емтихан

Барлығы

3

5,6

2

60

30






90



Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат беріледі:

-пәннің мақсаты мен міндеттері,

-пререквизиттер (білім,дағдыларға негізделу үшін міндетті түрде алдын-ала оқылуы тиіс пәндер),

-постреквизиттер (пән соңында алатын білімі, дағдылар тізімі),

-оқыту әдістемесі.

Пән бойынша мағлұмат:Қазақтың классикалық дәстүрлі музыкасы – телегей-теңіз ғажайып рухани мұра. Ол ата-бабаларымыз жасаған көшпелі мәдениеттің құндағында дүниеге келіп, біздің өмірімізбен біте қайнасып келеді. Заманымызға Боғда мен Ұзақ, Дәулеткерей мен Құрманғазы, Қазанғап пен Тәттімбет, Абыл мен Адай, Байсерке мен Мәмен, Түркеш пен Сейтек, Дина мен Сүгір сынды кемеңгер күйшілер арқылы жеткен ұлттық домбыралық классикамыз, бұл – бүкіләлемдік қазына. Күй өнерін XX ғасырда қазақ және орыс ғалымдары зерттеп, өздерінің симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен пайдаланған. Қазақ күйі қазір өз отаны – Қазақ елі шеңберінен шығып, Еуропа мен Американың шырайлы салтанатты сахналарынан да естілуде. Қазіргі заманғы музыкалық өмір күйлердің әртүрлі нұсқадағы үндермен толған. Олардың кейбірі әдейі, белгілі бағыт-бағдармен қолдан жасалған болса, кейбірі өмір ағымымен өзінен-өзі туындаған.Бүгінгі таңдағы кәсіби домбырашыларды оқытып-үйрету, нота бойынша жүргізіледі.

Курс мақсаты: Кәсіби орындаушылық шеберлік негіздерін тәжірибеде меңгеру. Шығарманың көркемдік деңгейін мазмұнын ашу. Дәстүрлі музыка өнерін кәсіби орындаушылық жоғары деңгейде меңгеру.Ұлттық білім бағдарламасының халықаралық дәрежеде танылуын қамтамасыз ету. Білім сапасын әлемдік дәрежеге көтеру. Студенттің өз іс-әрекетін ұйымдастыра алу және білімін жетілдіру қабілетін дамыту.

Курс міндеті: Домбыра аспабын ыңғайлы ұстап, дұрыс отырып үйренудің мәні зор. Домбырашының жалпы музыка танымы аспапты игеру тәсілдерімен тығыз байланыста қатар дамып отыруы керек.Оқытушы сабақ барысында шәкіртінің ой-өрісі мен қабілетіне қарай күй өнерін жан-жақты талдап, тереңдете түсіндіріп отыруы тиіс.

Пререквизиттер: қарапайым музыка теориясы, сольфеджио

Оқыту әдістемесі: практикалық түрде шығармаларды аспапта көрсете білу.
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар,түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Сабақ мазмұны мен кестесі

Сабақтың кез- келген түріне қолданылатын материалдардың тізімі мен атауы көрсетілген «техникалық оқу құралдары» (немесе демонстрациялық және қосалқы материалдар) деген бөлім енгізуге болады.

Мысал ретінде 1.2 бөліміндегідей аптасына 1 кредит сағат жәңе СОӨЖ (1 аптадан кейін) көрсетілген.
1 практикалық сабақ

Тақырып ; Кіріспе сабақ. Дәстүрлі орындаушылық төкпе және шертпе мектептері. халық күйі «Түрікпен»

Практикалық сабақ мазмұны ;қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.

(қарастырылатын мәселелер)



Әдебиет;Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы «Өлке» - 1997 ж.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану,үнтаспа.

ОЖСӨЖ мазмұны : Қазақ пен түркімен мал сүмесімен күн көрген халық. Сол себепті сахарада үзеңгі қағыстырып, малдарын қатар жайып қоңсы болып өткен. Ал, көрші жатқан елдер бір-біріне рухани ықпал етпей қоймайды. Қазақ күй қазынасында түркімен әуендес немесе түркімен сарындарының әсерлерінен туған күйлер көптеп кездеседі.Бұл күйлердің ішінде ең шоқтығы биік тұрғандары Дәулеткерейдің «Көрұғлысымен» ( Н. Бөкейхановтың жеткізуімен ), М. Өскенбаевтың жеткізуіндегі халық күйі «Көрұғлы». «Түрікпен» атты шағын күйді Самиғолла Андарбаев жеткізген.

СӨЖ мазмұны: отырыс,оң қол мен сол қол қойылымымен жаттығу, қағыспен жаттығу, күйді орындап жаттығу Студенттің денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шашырамауын қадағалау керек. Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы «Өлке» - 1997 ж.77-бет.

2 практикалық сабақ



Тақырып: Сақбике «Керілме»

Практикалық сабақ мазмұны : Бұл күй орта ғасырларда өмір сүрген белгілі қазақ домбырашысы Сақбикенің күйі. Әр кезде тұтқынға түскен қырғыздардан рулы ел құрылып, уақыт өте келе Найман руының қырғыз аталығы болып қалыптасады. Сақбике осы Найманның қырғыз аталығынан шыққан.Аңызда жылқы алуға келе жатқан жаудың сарынын сезіп қалып хабарлап отырған көрегендігі үшін Сақбике атанған деседі. Сақбикенің ұлы Қайдауыл батыр бір жылы қырғызды шабамын деп әскер жинайды. Сол кезде Сақбике «балам, ер жігіттің үш жұрты болады. Соның бірі – нағашы жұрт. Есіңде болсын, сені туған менің асыл тегім – қырғыз. Сен өзіңнің нағашы жұртыңды шабуға бара жатырсың» дейді.Дейді де бір қамырықты күй тартады. Сонда қатты толқыған Қайдауыл сарбаздарына «аттарыңды қаңтарыңдар, жорық болмайды» дейді.Күйде қазақ пен қырғыз әуені жымдаса бітіскен. Сондай-ақ , қобыз күйлерінің сарындары бар. Студенттің денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шашырамауын қадағалау керек. Аспап құрылымымен , күтімімен танысу керек .

Әдебиет: Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы «Өлке» - 1997 ж.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Студентті үйрету бағытын анықтау – нота сауаты қолдан алу. Себебі есте сақтау , есту , таза дыбыс мәдениетін қалыптастыру , қабылдауы тез студенттерге қолдан үйренген тиімді. Бүгін үйренгенін келесіде ұмытып отырған студентке сан жүйесінен , нота сауатынан қолайлысы жоқ. Бірақ қысқа , қысқа әуендерді , қарапайым қимыл , қағыстардан бұлармен де жеміске жетуге болады. Бастапқы сабақтарда үйге көп тапсырма берілмейді , кластағы сабақты да бірнеше бөліммен өткізген дұрыс. Арасында аспап құрылымын сұрап , нота жазғызып , әр алуан бағытта, студентті демалғызып өзі күй орындап ойластырған ұстазға шексіз амалдар баршылық. Бір сабақты бірнеше бөлікке бөлу. Осындай шараларды іске асырғаннан кейін , отырып аспапты ұстап үйренгеннен кейін , оң қолға төмен қағыс үйретуден басталады. Жаттығуды тиексіз бастайды. Себебі қағыстың бағытын , қолының салмағын сезінуі үшін студенттің қолына кедергі болмағаны жөн. Жоғары қағысқа қарағанда төмен бағытқа қол өз салмағымен оңай түседі. Жоғары қағысқа кейде жұлқи күш салады, болмаса қолды түскен бағытынан бұра тартады.Буындарға жаттығу, қолдың ішекке жанасуына жаттығу. Жоғары қағыстың дыбыс бояуы, әлді , әлсіз үлес , өлшем түрлері студент үлгеріміне қарай өзгертіліп отырады.

СӨЖ мазмұны: астыңғы ішектегі бір дыбысты бірінші саусақпен басып тұрып, үстіңгі ішектегі күй тақырыбын секундаға дейін ойнағанда, кварта,квинта интервалдарының негізгі дыбыстары тек бармақты жылжыту арқылы басылуына жаттығу.

Сол құрылымын таңбаланбауы , домбыра мойынында орналасуын қадағалап жаттығу. Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы «Өлке» - 1997 ж.93-бет.

3 практикалық сабақ

Тақырып:Көне аңыз-күйлер. Халық күйі «Нар идірген»

Практикалық сабақ мазмұны :Халықтың өткені,тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімі мен ой-арманы туралы небір деректерді көне аңыз-күйлерден танып білуге болады. Олар аққудың сұңқылы, нардың боздауы, құланның дүбірі, жорғаның жүрісі сияқты небір суреттерді көз алдыңа әкеледі.Күй сарындары аңызда айтылатын оқиғаны бейнелейтін шағын эпизодтардан немесе формасы жағынан кіші-гірім күйлер тобынан құралады. Күй формасы шағын әуендік формуланы қайталап орындау арқылы қалыптасқан. Күйлер теріс бұрауда орындалып, көбінесе екі дауыс болып келеді. Аңыз күйлердің ең көне үлгілеріне аң-құстардың атымен аталатын, сонымен қатар, аң аулауда болған сәтсіздіктер мен жан-жануарлар туралы күйлерді жатқызуға болады. Мәселен, «Аққу», «Қаз», «Нар» сияқты күйлер халқымыздың жан-жануарларды киелі санаған тотемдік ой-сенімдерінетбайланысты туған.

Әдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,80-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Күйлердің шығу тегі өнердің әлеуметтік функциялардың бірі тұрмыстық магия болған тарихи кезеңдерді қамтиды. Бізге жеткен көне күйлердің сырлы саздарында магиялық қасиеттердің кейбір жұрнақтары сақталған.Қазіргі уақытта аңыз-күйлердің көпшілігі ертегі-әңгіме тәрізді болып қалды. Алайда, уақыт сағымының құрдымына кеткен өткен ғасырлардың сырлы үнін біздің заманымызға сақтап жеткізген осы аңыз-күйлер екенін ешқашан естен шығармағанымыз жөн.

СӨЖ мазмұны: «Ақсақ қыз», «Ақсақ құлан», «Ақсақ аю», «Ақсақ қаз», «Ақсақ киік», «Ақсақ қой» атты күйлер халық ұғымындағы ақсақ аруақтар культімен тығыз байланысты екенін байқау. «Қос келіншектің зары», «Жетім қыз», «Арбиян қоңыр» сияқты жоқтау күйлерде халықтың өзен суларының екі дүниені бөліп тұратындығы жайындағы діни ұғым түсінігі сақталған. : А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,94-бет.

4 практикалық сабақ



Тақырып: Боғда «Жем суының тасқыны»

Практикалық сабақ мазмұны :Боғданың кең тараған «Жем суының тасқыны», «Боғда», «Қара жаяу» күйлері – терең философиялық толғауға толы лирикалық туындылар. Оның бізге жеткен шығармаларының ішінде, әсіресе дәстүрлі жанрда шығарылған «Сегіз лақ» (ортеке жанрында) «Кербез Ақжелең» мен «Кербез керік» (ақжелең жанрында) тәрізді күйлері жақсы сақталған. Боғда күйлеріне стильдік және жанрлық әркелкіліктер тән. Бұл ерекшеліктер Боғда күйлерінің Батыс Қазақстанның әр облыстарында тұратын домбырашылардан жазылып алынғандығына байланысты болса керек. Әр түрлі орындаушылық мектептің өкілдері оның күйлерін өздеріне тән дәстүрге салып орындағаны белгілі. Соған қарамастан, Боғда күйлеріне ортақ бірқатар ерекшеліктерді анық аңғаруға болады. Осы өңірдің дәстүрлі формасында шығарылған бұл күйлерге байсалдылық, екпін ұстамдылығы тән болып келеді. Сонымен қатар, олардан музыка тақырыптарының интонациялық жақындығы байқалады. Боғданың Жем өзенінің бойын мекен еткені белгілі.

Әдебиет: : А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,121-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Арқасында домбырасы бар Боғда Жем өзені тасып жатқан кезде, бергі беттегі ауылға өтейін деп атын салады.Өзеннің ортасына жеткенде дарияның асау ағысы Боғданы атымен бірге ағызып әкетеді. Бір жарға соғылған аты суға кетеді де, өзі әрең дегенде домбырасын арқалап , жиекке шығады. Боғда демін алып, киімін кептіріп отырып: «Япырмай, мынау табиғаттың күші керемет құдірет екен-ау. Бұл менің атымды ағызып алып кетті, өзім өлім аузынан қалдым. Өмірдің өзі де осы қатты ағыс сияқты емес пе»,-деп, Жем өзенінің тасқынын, оның дүлей күшін, күймен бейнелепті. А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,126-бет.

СӨЖ мазмұны: : сол қол саусақтарының пернеге басуына көңіл бөлу, дыбыс күшін жобалауда шынтақты ашып, жабудың өзіндік ретімен жаттығу. «Боғда» күйі күйшінің атымен аталатын күй.Қазіргі Ақтөбе, Атырау, Орал облыстарының түйіскен тұсындағы Ойыл, Қызылқоға өңірінде Бозтөбе деген биік бар.Бұл Бозтөбе ертеректе Боғда деп аталған. Күй – қайратты, жігерлі, сабырлы. Күйді орындап жаттығу. Күйді басынан аяғына дейін бірнеше рет орындап шығу (бұл орайда бірден оқу сауаттылық ашылады). Бұл кезеңде күйдің жалпы болмысымен танысады. Өте жай орындап, әрбір сөйлемді талдау.Қиын жерлерді көбірек ойнау, қол қимылына жаттығулар жасау, қағыстарын игеру. Күйдің ноталарын дұрыс үйрену, аса ұқыптылықпен қарау. Күйдің әуенін және ырғағын бұзбау. Күйді үйренгенде саусақ кестесін дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Аппликатурасын өзі қойып үйренуге дағдылану.

5 практикалық сабақ



Тақырып: Домбырашылық өнердегі оң қол қағыстарының дәстүрлі атаулары. Домбырашылық өнердегі сол қолдың саусақ кестесінің аймақ аралық ерекшеліктері. Есбай «Ақжелең»

Практикалық сабақ мазмұны : Орындаушылық – терминологияға көптеген қағыс әдістерінің аттарынан басқа, домбырашының сол қолының аспап мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуы, осыған байланысты сол қол саусақтарының қозғалыс тәртібінің өзгерістері және де музыканың мінездемесімен әр түрлі жағдайда қойылған халықтық тұрақты жылдамдық белгілері жатады. Домбыраның қағыстары күйдің мазмұнын түсіндірудегі ең басты құрал,яғни домбыраның қағысы – күйдің тілі.Орындаушылық ұстаздық шеберлікке, ептілікке, көрегенділікке, ұңғыттыққа дағдыланады. Домбырашылық өнердегі үйрету әдісі болжамдық және тәжірибелік елеулі мәселелерді шоғырландырады. Әдіспен тәжірибенің іске асуына қайшылықтар кездесуі мүмкін. Теориялық дұрыс деп шешілген үлгілер шын мәнінде істің болмысымен ұшырасқанда әлсіздік көрсетіп, мойып қалмайтындай етіп түсіндіру, ұғындыру үйретуші үшін оңай жұмыс емес, орындаушылар айтылатын ойын сөзбен қалай болса, аспаппен солай жеткізуі керек.

Әдебиет : Айтжан Есенұлы «Күй – тәңірдің күбірі» «Дайк – Пресс» Алматы-1996ж. 23-37 беттер.

К. Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «ИздатМаркет»,2006ж.,90-бет.



Техникалық оқу құралдары : оқулық пайдалану, күй - табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Орындаушылық өнердің негізгі арқауы шығармаға табиғи берілу, дене қимылы, орындау шеберлігі, сезу, ойлау қабілеті өзара қатынастарынан тұрады. Осы қасиеттер орынды әсер бергенде, орындаушы деңгейі қақында сөз етуге болады. Автор тыңдаушы мен орындаушы арасынан өз ойын ұқса, керісінше орындаушы шығарма болмысын толық жеткізе алса – онда ол жоғары деңгейде болғаны. Себебі әр шығармада автордың өскен ортасы, заманы, стилі, ойы, әдістемелік қыр-сырлары, екпіні, ырғағы, музыкалық тілі сан-салалы екені даусыз. Орындаушы өзінен еш нәрсе қоспайды деу қате түсінік, кейде ол автор ойынан да үздік шығып жатады. Бұл автор ойын өз өн бойынан өткізе білгендігі, әдіс тәсілінің кең, білімінің тереңдігін көрсетеді, өзінше үн қосады, өзгеріс енгізеді, өз қолтаңбасын түсіреді. Орындаушылық деңгей осы қолтаңбамен өлшенеді. Күй өнерінде халық таныған орындаушыларға бас иген, бірнеше ұрпақ арқылы жеткендіктен шебер орындаушылар үлгісі биікте қала алған, слоай бола бермек.

СӨЖ мазмұны : Қағыс атауларын жаттау. Ақжелең күйі ықшам, қабылдауы жеңіл. Форшлагтың қысқа және ұзақ түрлеріне жаттығу. Күйді орындап жаттығу.Сол қол қойылымының дұрыс қалыппен орналасуын қадағалау,қол саусақ буындарының жеке-жеке сезініп дайындалу керек. Керек дыбысқа байланысты қозғалыс жүйесін қалыптастыру, таза дыбыстың күшін (қатты, жай) сезініп естуге талпыныс жасау. Дыбыс әуезіне (қоңыр,ашық) жұмыс. әр саусақ қойылымына жаттығулар (өткен тақырып) жасау. Оң қол қойылымына , төмен қағыс тың дұрыс қозғалысына көңіл бөлу. Ішекке жанасу жүйесін, тек қолды төмен түсірмей жаттығу керек.

6 практикалық сабақ



Тақырып:Сүгір «Жолаушының қоңыр күйі»

Практикалық сабақ мазмұны :Арқаның, Жетісудың, Батыстың, Сырдың, Алтай Тарбағатайдың саз-сарындарының Сүгір күйлерінде көрініс тапқан. Қазақ музыка мәдениетіндегі жетістіктердің барлығын бойына жинаған Сүгір күйлерінің бітім болмысы, құрылымы ерекше болып келеді. Әрине жергілікті Қаратау аймағының әуен-саздары Сүгі күйлерінің негізгі өзегі. Қазақ күй өнерінде Сүгір өзіндік орындаушылық, стильдік ерекшеліктерімен дараланып тұрады. Қара шертіс, іліп қағу, төгіп қағу, тұтып алу, лига, флажолет, форшлаг сияқты түрлі әдіс амалдарды Сүгір өз күйлерінде сарқа пайдаланған. Күйшінің бүгінгі күнге дейін жетіп отырған 30-ға тарта күйлерінен біз осыны көреміз.

Әдебиет: А.Тоқтаған, Г.Ұлтарахова, М.Әбуғазы «Қаратау шертпесі» Алматы, 2006 ж.3-5-беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Сүгір күйшінің орындаушылық өнерін, күйшілік мұрасын жалғастырушылар Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков,Генерал Асқаров, Сейітқан Әлімбеков, Ергентай Борсабаев, Атабек Асылбеков, Әкелі-балалы Әлімхан, Жанғали, Сәрсенғали Жүзбаевтар т. б. Сүгір күйлерін алғаш республика жұртшылығына танытқан қобызшы, әрі домбырашы Жаппас Қаламбев болды. Жаппастың орындауында «Ыңғай төк», «Аққу», «Кертолғау», «Тоғыз тарау», «Ілме», «Шалқыма» т.б. күйлер қазақ күйлері антологиясына еніп, жеке күйтабақ болып шығып мәңгі сақталып қалды. Төлеген Момбековтың орындауындағы «Телқоңыр», «Жолаушының жолды қоңыры» (I-II-ші түрлері) «Бозінген», «Бесжорға», «Шалқыма»,»Қосбасар» т.б. күйлері баға жетпес туындылар, қазақ күй мәдениетіне қосылған үлес А.Тоқтаған, Г.Ұлтарахова, М.Әбуғазы «Қаратау шертпесі» Алматы, 2006 ж.36-бет.

СӨЖ мазмұны: «Жолаушының қоңыр күйі» жеткізуші қаратаулық күйші Әлімхан Жүзбаев. «Шежірелі Қаратау» күйтабағынан нотаға түсірілген. «Жолаушының қоңыр күйі» - сарыны жағынан қобыз күйлеріне жақын.

7 практикалық сабақ



Тақырып : Күйсандық сүйемелдеуімен домбырада шығарма орындау. И. Брамс «Бесінші венгер биі»

Практикалық сабақ мазмұны : Шығарма - болашақ күйші-домбырашының шыңдалып сауатты әрі білікті маман атанып, өрісті дүние таным иесі болуы үшін бірден-бір керек дүние.Халқымыздың дәстүрлі өнер жүйесін сақтай отырып, студент танымының орындаушылық шеберлігінің өсуіне зор ықпал етеді.шығарманы үйреткенде жеңіл әндерден бастау керек. Себебі әндердің мазмұны түсінікті, әр қағысқа бөлгенде әріптен, буыннан келеді. Шығармамен жұмыс – мамандық сабағының негізі, әдістер мен әдістемелік шаралардың бір арнаға топтасуы. Міндетті түрде шығарма жөнінде мағлұмат беру. Яғни шығарманың жанры, стилі, композитор қақында түсініктеме; өмірі, өмір сүрген уақыты шығарманың қағидасы. Шығарманың қиын тұстарына алдын-ала жаттығулар, жай екпінде нотадан оқу керек. Нотадан оқығанда, көзбен жобалау, алыс перне аралықты тұстарын анықтап алу, динамикалық жобаларын анықтау, саусақ кестесі мен қағыс қарымын жобалау керек. Сабақ өту барысында бірден практикалық жүйеде іске асырылады.

Әдебиет: М. Айтқалиев. Домбыраға арналған хрестоматия. «Өнер», Алматы-1980ж.46-50-беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Шығарманы музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрету үшін бірден оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеру, автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн. Шығарма мазмұнына байланысты орындау әдістерін талдау, дамыту деген сөз. Сабақта жаңа шығарманы үйренгенде оны бөлшектеу қателікке соқтырады. Тұтас басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау қажет, ал оның орындау әдістерін, саусақ кестесін, қағыстарын , қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.Осылайша қолға алынса ғана шығарманы белгілі бір иезгілде үйреніп меңгеруге болады. Әрбір шығарманың техникалық қиын жерлері кездеседі.Мұндай жағдайда ұстаз шәкіртке осы іспеттес жаттығулар береді. Бұл жаттығулар шығарманың қиын жерлерін игеруге көмегін тигізетіндей болғаны абзал.

СӨЖ мазмұны: шығармамен танысу, шығармада кездесетін әдіс-амалдарды меңгеру, шығарманың көркемдік мәнін ашу.Тербеліс әдісіне жаттығу.Шығарманың музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрену үшін оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеруге жаттығу. Автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн. Шығарма мазмұнына байланысты орындау әдістерін талдау,дамытуға көңіл бөлу керек. Сабақта үйренген нәрселерін еске сақтап қайталап пысықтау. Шығарманы тұтастай басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау қажет. Оның орындау әдістерін, саусақ кестесін, қағыстарын, қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.Осылайша қолға алынса ғана шығарманы белгілі бір мезгілде үйреніп меңгеруге болады.

8 практикалық сабақ



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Саз құралдары (пәннің атауы) Пәннің оқу-әдістемелік кешені


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет