Барлығы – 90 сағат



бет4/8
Дата05.11.2016
өлшемі1,46 Mb.
#632
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиет: К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «ИздатМаркет»,2006ж., 52-59-беттер.,119-бет. А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке»-1997ж., 85-87-беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, үн-таспа тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Ырғақ термині өте жиі, әр салалы қолданылады. Мысалы: өлең жолының ырғағы, проза, қойылым, дем алу, адам организмінің ауысу, алмасу, ауытқу, жүрек соғуы. Тіпті жыл мезгілдерінің ауысу ырғағы.Ырғақты сезіну жас шамасына, шығарма екпініне де байланысты. Ырғақ – есту қабілетімен қатар қойылатын музыкалық қасиеттердің бірі. Ырғақ өлшеммен тығыз бірлікте. Күй өлшемдері ырғағы өзіндік ерекшеліктерімен әлі зерттеліп келе жатқан құбылыс. Күй ырғағы табиғаты күрделі, оны түсіну, түйсікте, бесіктен даритын, берілетін қасиет.

СӨЖ мазмұны: Жекелеген әуендерді орындап, оның ырғағын қайталап,

дауысын келтіру, қол қимылымен, болмаса белгілі әуенге қимылмен көрсету жолдары, жылдам, орта, жай екпінді күйлер.әуендерді орындап жаттығу. Күйдің ерекшелігін ,музыкалық құрылысын талдап үйрену. «Жайма қоңыр» күйінің тональдығына, техникалық қиындықтарына, дыбыс бояуына, қағыстарына көңіл бөліп жаттығу. «Жайма қоңыр» күйін жаттағанда динамикалық белгілеріне ден қою керек. Күйдің көркем, әуезді болуы оң қолдың саусақ қағысымен сол қолдың саусақ кестесінің жарасымына тығыз байланысты. Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену.

31 практикалық сабақ

Тақырып:Динамикалық дыбыс күші өзгешеліктері. М. Әубәкіров «Фантазия»

Практикалық сабақ мазмұны: Фантазия – қиял болжам деген ұғымды білдіреді, еркін құрылымдағы шығарма. Шығарма вариациялы түрде жүреді. Фантазиянының кіріспесі қағыспен басталады.Шығарманың тақырыбы вариациямен өрбиді.Фантазия асықпай, әндете басталады. Кейін бірте-бірте фантазияның екпіні күшейеді.Он алтылық ноталармен алма-кезек қағыспен ойналады да, кейін екпіні бәсеңдетіледі.Фантазияда кездесетін динамикалық белгілер: p (ақырын, жай), f (қатты), ff (өте қатты).

Әдебиет: К.Сахарбаева «Домбыраға арналған шығармалар» хрестоматиясы. Алматы «Мектеп»,2002ж., 141-157-беттер.

Техникалық оқу құралдары:оқулық пайдалану, үн-таспа тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Динамика – домбыра дыбысы көркемдігінің негізі. Динамикалық белгілер – қойылым дұрыс болғанда ғана нәтижелі болады. Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдар жеткілікті. Ол тербеліс және әшекей өрнектер (мелизм). Жекелеген әуендерді орындап, оның ырғағын қайталап,

Дауысын келтіру, қол қимылымен, болмаса белгілі әуенге қимылмен көрсету жолдары, жылдам, орта, жай екпінді күйлер.әуендерді орындап жаттығу.



СӨЖ мазмұны:Домбырада орындау шеберлігін арттыру үшін динамикалық белгілерінің қойылымын дұрыс қою керек.Динамикалық белгілер – қойылым дұрыс болғанда ғана нәтижелі болады. Қатты дыбыс шығара білген де шеберлік емес. Дыбыс қаттылығы қағыс күшіне байланысты, қағыс күштірек болса, дыбыста күшті, бірақ шеберлік мұнымен шектелмейді. Барлық мүмкіндікті, әдіс есеппен қосқанда ғана сіңімді, түсінікті дыбыс алынады. Дұрыс сақталған тыныштықтың өзі музыка. Ол шығарманың дұрыс тынысы.Осы қағидаларды ескеріп, фантазияны ойнап жаттығу.
32 практикалық сабақ

Тақырып: Өткен тақырыптарды қайталау.Қазақ күй өнері және А.Жұбанов.

Практикалық сабақ мазмұны:Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ халқының күй өнері – Ахмет Жұбановтың өмірімен тығыз байланысты. А.Жұбанов – қазақ күйлерін қорғап, оның ұлттық өнер ретінде қалыптасуына баға жетпес ұшан теңіз еңбек етті. Көп жағдайда А.Жұбанов жайлы сөз бола қалса – Құрманғазы оркестірін құрушы, соның негізін қалаушы деп бағалайды. Құрманғазы оркестрі қазақ халқының рухани өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Қазақ домбырасының академигі А.Жұбанов – қазақтың күй өнерін, белгілі бір ғылыми жүйемен тиянақталған қағидалар дәрежесінде алып қарайды. Күйшілік өнердің тәжірибесіне сүйене отырып, күйлерді болашақта қалай дамытудың жолын сілтеді. Өзінің терең білімін, жан – жақты жетілген ғылыми тәсілін, парасатты ақыл – ойын – халқының өнері үшін алға қойған мақсатын орындап шығуға жұмсады.

Әдебиет: А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы, «Жазушы»-1975ж., 4-10 беттер.,

Т.Мерғалиев,С.Бүркіт,О.Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы-2000ж.,44-50 беттер.



Техникалық оқу құралдары:оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Гаммалар мен арпеджиоларды әр түрлі штрихта, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурамен әр тональдықта ойнату. Мысалы; D-dur, A-dur тағы сол сияқтылар. Күйдің көркем, әуезді болуы оң қолдың саусақ қағысымен сол қолдың саусақ кестесінің жарасымына тығыз байланысты. Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену. Домбырадағы позициялардың схемасын ойнап жаттығу. Жаттығуларды , гаммаларды, арпеджионы санап ойнауға жаттығу. Үстінде кварта аралығымен бастап және аяқтау домбыра бұрауына үйрену. Жоғары қағыстарды бірден тездетуге тырыспаған жөн. Студент қолы жаттыққан сайын, қағыс аралығын жиілете беру керек.

Ең әуелі студент саусақтарын оң қолды қоспай, бірнеше рет пернеге қойып, дыбыссыз қозғалысқа келтіреді.



СӨЖ мазмұны:Өткен сабақтарды қайталағанда ескеретін қағидалар: домбыра тартудан бұрын,аспапты ыңғайлы ұстап, дұрыс отырып үйрену, көркем шығарманы өз бетінше үйреніп, орындауға дағдылану. Шығармамен танысу барысында оның авторы, өмір сүрген дәуірі, музыкалық тілінің стилистикалық және орындалу ерекшеліктері жөнінде, туындының мазмұны, характері, сюжеті, негізгі екпіндері, құрылысы мен позициясымен танысу. Күйде әуелі бас буын, ортаңғы буын, содан соң кіші, үлкен сағаларды, ал пьесада фразаларды, сөйлемдерді жеке – жеке ойнап жаттыққан жөн. Техникалық қиын тұстары арнайы жаттығулар арқылы меңгеріледі. Тағы бір ескеретін жай, есту, есте сақтау, шығарманы әр тональдықта ойнай білу, нотаны бірден оқып – ойнап кету қабілеттерін үнемі қадағалап, дамытып отыру студенттің творчестволық мүмкіндігін ашатыны сөзсіз.

33 практикалық сабақ



Тақырып:Байжігіт «Көкбалақ»(XVI-XVII ғғ.) Теріс бұраулы күйлердегі ерекшеліктер.

Практикалық сабақ мазмұны: Домбыраның соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, секста интервалын – 1, 2 – саусақтармен, квинтаны – 3, 2 – саусақтармен, ал квартаны 4,2 – саусақтармен алу. Квинта интервалын - 2, 3, содан соң 3, 4 – саусақтармен алу.мысалға: Байжігіттің «Көкбалақ» күйін ойнап талдау. Қазақ тіршілігінің көзі жылқы екені белгілі. XVIII ғасырда өмір сүрген қазақтың белгілі жырауы Ақтамберді өзінің бір толғауында: «Қыздың көркі – құлпыда, жігіттің көркі – жылқыда», - дейді. Күй өзінің атынан көрініп тұрғандай жорғаның жүрісін бейнелейді. Күй екпіндете жүрдек ойналады.

Әдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,113-117-беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Байжігіт қазақтың күй өнеріне ұлттық әуез дарытуға ұйтқы болған, сөйтіп осынау қанатты өнердің төлтума тұлғасын біржолата орнықтыруға ықпал ете білген санаулы саңлақ күйшілердің бірі. Байжігіт тек қана дәулескер күйші емес, сонымен бірге қара сөзге шешен, өлең сөзге көсем ақын болғандығы жөнінде дерек бар. Байжігіттің жиырмададан астам күйлері белгілі. Бұлардың ішінде «Қайың сауған», «Қоңыр қаз», «Жетім торы», «Көкбалақ», «Қосбасқан», «Беласар», «Секіртпе» т.б.күйлері бар.

СӨЖ мазмұны: «Көкбалақ» күйімен дайындалғанда, мына нәрселерге көңіл бөлу қажет; домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, барлық саусақ бірдей емес, бірақ пернеден шығар дыбыс деңгейі бірдей болуы керек.

Сол қол саусақтары кестесінің аймақ аралық ерекшеліктерін сақтау. Оң қолдағы әр саусақтың өзіндік қажеті бар, әр буынның, домбыра мойынының, бет қақпағының аумағының қай шамадан қағудың дыбыс бояуы үшін қасиетін ажырата білген дұрыс. Қағыс күшінің ішекке жанасуындадәлдік заңдылығы бар. Дыбыс күшін жобалауда шынтақты ашып, жабудың өзіндік реті бар. Оң қолда жүретін әдемі қимылдар, қағыс түрлері қиын да қызықты үрдіс. Орындаушылық өнердің тобықтай түйіні екі қолдың жымдасқан үндестігінде, ойыңның жүректі серпіген сол сезіміңнің саусақ арқылы пернеге тіл бітіріп, домбыраны сөйлетуінде.

34 практикалық сабақ

Тақырып : А. Жайымов «Желдірме»

Практикалық сабақ мазмұны : Күй – халық әуендері негізінде «желдірмелер» жанрындағы , шертпе күй дәстүріндегі шығарма. Күй басталғаннан-ақ суырып салмалық айқын аңғарылады. Жылдам ырғақпен интонациялар термелердегідей түйдектеле қайталанып, белгілі бір сюжеттік аңыз-әңгіме айтылып жатқандай әсер береді.Күй көтеріңкі көңілде, сергек сезіммен жіті орындалады.

Әдебиет: А. Жайымов «Шаттанамын» Дайк – Пресс- Алматы, 1997. 27-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Күйде «до» пернесінің бас буында «соль» ішегінде тұтылып орындалуы, кодада бас буында екінші тақырыптың параллельдік терциямен орындалуына мән беру.Ашық ішектердің үздіксіз естіліп тұруына жаттығу. Формасы рондо тектес.

СӨЖ мазмұны: Өткен тақырыптағы күйлерді пысықтау. Шығарма ойнағанда бабына келтіріп тамылжыта, тебірене орындауға дағдылану.

Орындау кезінде динамикалық белгілерге мән беру керек. Сахнаға дайындалып шығуға жаттығу. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шыығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәріне жаттығу.

35 практикалық сабақ

Тақырып: Қазанғап «Домалатпай Ақжелең»

Практикалық сабақ мазмұны : Күйде ой көзімен көру басым, әрі нақты. Күйдің негізгі сарыны ақырзаман емес, өміршең тума ниеттегі үмітке бай жасампаз арда күш. Тағдырдың тәлкегіне қарсы шығу бүкіл қазақ күйлеріне тән, дегенмен «құмырсқа тасқа басса тәңірге аян», бұл күйдің атқан жайдан озық тұрар жебе екені естіген құлаққа кәміл. «Домалатпай» - аты айтып тұрғандай елгезек шора емес, қарысып қалған тағдыр емес, налу да, жалығу да емес, ұланғайыр үмітін қажырлы қайратқа ұластыра алған танымды, тындырымды, жігерлі күй. «Сабыр түбі алтыннан қымбат» дегізетін өміршең, жеңімпаз гимн іспетті асыл күй.

Әдебиет: С.Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап» Алматы – 2001ж. 22-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Қазанғап Ақжелеңдерінің ішінде көркемдік жағынан үлкен орын алатын күйлерінің бірі «Домалатпай». Бұл күйінде композитор қазақ әйелдерінің арқан есіп, жіп иіріп жүгіріп жүріп өрмек тоқыған өмірлерін суреттесе бір жағынан елеусіз өтіп жатқан өмірдің өзі де қилы-қиян домалап өтеді екен ғой деп жеті түрлі күй шығарған екен.

СӨЖ мазмұны: Орындау кезінде динамикалық белгілерге мән беру керек. Сахнаға дайындалып шығуға жаттығу. Сол қол саусақтары кестесінің аймақ аралық ерекшеліктерін сақтау. Оң қолдағы әр саусақтың өзіндік қажеті бар, әр буынның, домбыра мойынының, бет қақпағының аумағының қай шамадан қағудың дыбыс бояуы үшін қасиетін ажырата білген дұрыс.

Бұл күйде дәстүрлі бас буын, кіші саға, үлкен саға жоқ. Күй негізгі екі тақырыптың квартаға дейін көтеріліп, сол биіктікте қайталанып орындалу принципінде дамып отырады. Күйге күрделі қағыстың техникасына байланысты туындайтын құбылмалы ырғақ тән. Күй тездете, еркін орындалады.



Әдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,222-226 беттер.

36 практикалық сабақ



Тақырып: Н. Тілендиев «Алтын дән»

Практикалық сабақ мазмұны: Н. Тілендиевтің «Алтын дән» поэмасы аспаптық музыка жанрындағы тамаша туындыларының бірі. Шығармада қазақ халық аспаптарының барлық орындаушылық мүмкіншіліктерін сарқа пайдаланып, қазақ халқының күй жанрын асқан шеберлікпен дамыта білген. Поэма – еркіндік құрылыммен ерекшеленетін аспаптық шығарма. Оның мақсаты, жоспары, анық болжамы болады.

Әдебиет: К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 235-бет.

ОЖСӨЖ мазмұны: Поэма – шағын, лирикалық шығарма.

«Алтын дән» поэмасында қарама-қарсы екі бейне бірін-бірі толықтыра отырып, жаңа құрылымдық, көркемдік жетістікке жеткен. Бірақ сол дәстүрлі нұсқадан аспай, шеберліктің әдіс, амалдарын іздей отырып, негізгі бөлімді «Allegro» кең дамыған классикалық күй формасында батыс өңірінің тегеурінді төкпе әдісінде алған.Бұл шығармаға алыптық, батырлық сипат береді.



СӨЖ мазмұны: Өткен тақырыптағы күйлерді пысықтау. Шығарма ойнағанда бабына келтіріп тамылжыта, тебірене орындауға дағдылану.

Орындау кезінде динамикалық белгілерге мән беру керек. Сахнаға дайындалып шығуға жаттығу. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шыығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәріне жаттығу.

37 практикалық сабақ

Тақырып: Мәмен «Ақшолпан» (1859 – 1931)

Практикалық сабақ мазмұны : Мәмен күйші, Әлікей, Түркеш сияқты дарынды күйшілер мен ұлы ұстазы Құрманғазы дәстүрін жалғастыра отырып, өзі де күйлер шығара бастайды. Мәмен өз күйлерінде әрбір әуендік фраза мен күй құрылысындағы детальдарды шеберлікпен өңдеп жетілдіруі соншалық, оған импровизациялық иірімдер қосып, күй формасындағы бөлімдердің бірін ауыстырып немесе алып тастау мүмкін емес.Композитор жалпы төкпе құрылысындағы заңдылықтарды сақтай отырып, күй формасын өзінше дамыта түскен.

Әдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,216-221 беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : «Ақшолпан» күйінде бірнеше күй буындары бір бөлім құрайды. Мәселен, күй тақырыбы мен орта буын бір арнаға құйылса, кіші саға мен үлкен саға тұтасып жатыр. Бұл күйден Батыс Қазақстан күй формасының күрделенген әрі сығымдалған үлгісін, яғни күйдің 3 бөлімдік структурасын көреміз. Күй екпіндете, еркін ойналды.

СӨЖ мазмұны: Күйді өз бетінше үйреніп, орындауға дағдылану. Күймен танысу барысында оның авторы, өмір сүрген дәуірі, музыкалық тілінің стилистикалық және орындалу ерекшеліктері жөнінде, туындының мазмұны, характері, сюжеті, негізгі екпіндері, құрылысы мен позициясымен танысу. Күйде әуелі бас буын, ортаңғы буын, содан соң кіші, үлкен сағаларды, ал пьесада фразаларды, сөйлемдерді жеке – жеке ойнап жаттыққан жөн. Техникалық қиын тұстары арнайы жаттығулар арқылы меңгеріледі. Тағы бір ескеретін жай, есту, есте сақтау, шығарманы әр тональдықта ойнай білу, нотаны бірден оқып – ойнап кету қабілеттерін үнемі қадағалап, дамытып отыру студенттің творчестволық мүмкіндігін ашатыны сөзсіз.

38 практикалық сабақ



Тақырып: Мәмен «Он жетінші жыл»

Практикалық сабақ мазмұны : «Он жетінші жыл» күйінің композициялық құрылысы нақты әрі шымыр. Бас буын функциясын бертін келе өзіндік бөлім

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Күйді орындағанда домбыра дыбысының көркемдігін негіздеу. Динамикалық белгілер – қойылымын дұрыс болғанын қадағалау. Күйдің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдар жеткілікті. Ол пунктирлі және әшекей өрнектер (мелизм). Жекелеген әуендерді орындап, оның ырғағын қайталау.

Дауысын келтіру, қол қимылымен, болмаса белгілі әуенге қимылмен көрсету жолдары, орындап жаттығу.



СӨЖ мазмұны:Домбырада орындау шеберлігін арттыру үшін динамикалық белгілерінің қойылымын дұрыс қою керек.Динамикалық белгілер – қойылым дұрыс болғанда ғана нәтижелі болады. Қатты дыбыс шығара білген де шеберлік емес. Дыбыс қаттылығы қағыс күшіне байланысты, қағыс күштірек болса, дыбыста күшті, бірақ шеберлік мұнымен шектелмейді. Барлық мүмкіндікті, әдіс есеппен қосқанда ғана сіңімді, түсінікті дыбыс алынады. Дұрыс сақталған тыныштықтың өзі музыка. Ол шығарманың дұрыс тынысы.Осы қағидаларды ескеріп, күйді ойнап жаттығу.

39 практикалық сабақ



Тақырып: А. Жайымов «Аққулы айдын»

Практикалық сабақ мазмұны : «Аққулы айдын» - шертпе күй дәстүрінде «Аққу» тақырыбындағы шығармалар тектес жазылған. Күй – негізінен жаратылыс, табиғат үйлесім – жарастығын, жастық шақ, жан сұлулығын, мөлдір де таза махаббат пәктігін паш етеді. Күйде үш бөлімді форма қолданылған. Қобызға арналған музыка стилінде жазылған кіріспе және қорытынды бөлімдері тақырыпқа негізделген. Автор қобыз үнімен қоса Аққу образын неғұрлым айқын беругетырысқан. Бұл жерде аққу үнін білдіру үшін дыбыс құраушы характерін беретін нахшлагтар пайдаланылған.

Әдебиет: А. Жайымов «Шаттанамын» Дайк – Пресс- Алматы, 1997. 39-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Күйде аққу образын домбыра әуенін қолдану арқылы берген.Басында дыбыс ашық ішектер бірлігінде, орта және жоғарғы регистрлердегі кіші секундалық және кіші терциялық интонациялар айқындаушы мағынаға ие болады. Олар аққу дауысына еліктеу сияқты құраушы характерін береді. Күйдің әуендік жүйесі қарапайым, ол сиқырлы – салттық мағынадағы қайталанып отыратын интонациялардан құралады. Бұл күйдің ерекшелігі - оның кварталық құрылымда шығарылуы. Бұған дейін «Аққу» аттас күйлер тек теріс бұрауында шығарылып келген.

СӨЖ мазмұны: Домбыраның жоғарғы регистрін дыбыс құраушылықты пайдалану тәрізді жанрға тән белгілерді сақтай отырып, жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді пысықтау. Шығарма ойнағанда бабына келтіріп тамылжыта, тебірене орындауға дағдылану. Орындау кезінде динамикалық белгілерге мән беру керек. Сахнаға дайындалып шығуға жаттығу. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шыығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәріне жаттығу.

40 практикалық сабақ



Тақырып: Сембек «Наз Қосбасар»

Практикалық сабақ мазмұны : Тәттімбетің ізбасар, мұрагерлері Қыздарбек, Әбдилермен қатар шыққан күйші-композитор – Сембек. Қыздарбек, сембек, Әбди Қарағанды облысының Шет ауданында өмір сүрген, аталас туыс, ағайын адамдар болған. Кезінде «ескілік өнерді насихаттағаны үшін» деген айыппен Әбди мен Сембек «халық жауы» ретінде атылған.Саяси идеологияның жазықсыз құрбандары болған. «Наз Қосбасар»-шағын ғана әуенненқұрылған күй болғанымен өте әуезді, иірімге бай күй.

Әдебиет: А. Тоқтаған, М. Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері» Алматы «Білім» 2005ж.123-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Домбыра аспабының саусақ кестесінің қағидалары ; қол қойылымын бастағаннан-ақ аспап мойнында саусақ қойылымы табиғи орналасуын қалыптастыру, сөйлем, иірімді орындағанда алғашқы аппликатуралық үлгіні сақтау, әр саусақтың перне басуда тепе-тең күшін реттеу, саусақтардың жеке сезінуін қолға алу, алақан, білезік, білек, иық – буындарының көмегін саралау, дәстүрлі қалыптасқан саусақ кестесі заңдылықтарын сақтау.

СӨЖ мазмұны: Күйді бірнеше рет ойнап шығу. Дыбыс сапасымен жұмыс жасау. Әуенді іштей білу. Есебіне көңіл бөліп жаттығу. Тұтас игерумен қатар ондағы сан алуан динамикалық белгілерді игеру. Күйді орындағанда бабына келтіріп тамылжыта,тебірене орындау – көркемдік мәнін жеткізе орындауға көңіл бөлу.

41 практикалық сабақ



Тақырып: Өткен тақырыптарды қайталау. Махамбет «Қайран, Нарын» (1804-1846)

Практикалық сабақ мазмұны :Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену. Сонымен бірге шығарманы жан-жақты біліп, талдап есте сақталатындай дәрежеде қарапайым тілде түсіндіре білудің маңызы зор. Күйді үйренгенде көңіл бөлетін жағдайлар: түсініктеме, күйді толығымен ойнау, қиын жерлеріне көбірек тоқталу, қиын тұстарын игеру жолдарын түсіндіру, есебінен қателеспей нақты ойнату.

Әдебиет: : А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,133-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Махамбет Өтемісұлы – халқының қамын жеген батыр, ұлы ақын. Махамбет күйлеріндегі саға буынның ауқымды, кең болып келуі қазіргі орындаушылардың күй желісін дамытып, оның формасын жетілдіріп, толықтыру мақсатында туған.

СӨЖ мазмұны: Күйді өз бетінше үйреніп, орындауға дағдылану. Күймен танысу барысында оның авторы, өмір сүрген дәуірі, музыкалық тілінің стилистикалық және орындалу ерекшеліктері жөнінде, туындының мазмұны, характері, сюжеті, негізгі екпіндері, құрылысы мен позициясымен танысу.

42 практикалық сабақ



Тақырып: Е. Брусиловский «Румын әуендері»

Практикалық сабақ мазмұны : Композитор Е. Брусиловскийдің «Румын әуендері» - домбырашы-орындаушы қауымның репертуарынан кең орын алған шығарманың бірі. «Румын әуендері» 1953 жылы Бухарест қаласында өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестиваліне байланысты Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріне арнап жазылған. Оны М. Әубәуіров 1954 жылы күйсандықтың сүйемелдеуімен орындау үшін домбыраға лайықтап түсірген.

Әдебиет: К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 129-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Шығарма вариациялы түрде жүреді. Кіріспесі қағыспен басталады.Шығарманың тақырыбы вариациямен өрбиді.Шығарма асықпай, әндете басталады. Кейін бірте-бірте шығарманың екпіні күшейеді.Он алтылық ноталармен алма-кезек қағыспен ойналады да, кейін екпіні бәсеңдетіледі.Шығармада кездесетін динамикалық белгілер: p (ақырын, жай), f (қатты), ff (өте қатты).

СӨЖ мазмұны; Домбыра аспабында аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау. Бас буындағы ля-си-до дыбыстарымен жаттығу,домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, күйді ойнап жаттығу. берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау.Ілме қағыс-сұқ саусақпен төмен, бармақ және сұқ саусақпен жоғары қағылатын қағыс. Тұтпа қағыс- қағыстан соң немесе қағыстан бұрын ішекті саусақтармен тұтып қағу.Жаттығулар ойнау.Күймен – шығарма орындаудағы аппликатуралық ерекшеліктерді ажырата білу.

43 практикалық сабақ



Тақырып: М. Әубәкіров «Жас екпін»

Практикалық сабақ мазмұны : «Жас екпін» - жеке жоспарлы арнайы концерттік шығарма. Автор шығармада – жастық шақты, құбылмалы да жігерлі, еш нәрседен қаймықпайтын қайсарлықты көрсете білген. Шығарманың бірден жоғары нүктеден басталуы да біріншіден, мазмұнына байланысты, екіншіден, бұл күй дәстүріміздің сиректеу кездесетін нұсқасы.Өте тез екпін, триольді қағыстар құбылмалы динамикалық бояулар күрделі үш бөлімді шығарманың мазмұнын аша түседі.

Әдебиет: К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 116-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Шығарма желісі тез екпінмен басталады. Екінші бөлім нәзіктік, сыршылдық әуенімен түрленеді. Автордың бұл жерде алға қойған мақсаты алынған тақырыпты дамыта отырып, орындаушының орындаушылық шеберлігін, техникасын кең түрде қолданады. Екі бөлімнен кейін каденция, жаңғырықты дыбыс (флажолет) әдісін қолданады. Каденция негізгі бөлімге қайта оралып, үшінші бөлімге жалғасады. Бастапқы екпінде бір тыныста шығарма бітеді.

СӨЖ мазмұны; Шығармадағы аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау. Берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау.Ілме қағыс-сұқ саусақпен төмен, бармақ және сұқ саусақпен жоғары қағылатын қағыс. Жаттығулар ойнау.Күймен – шығарма орындаудағы аппликатуралық ерекшеліктерді ажырата білу.

44 практикалық сабақ



Тақырып: Орынша «Байжұма»

Практикалық сабақ мазмұны : А. Затаевич өзінің «Қазақтың 500 әні мен күйі» деген атақты еңбегінде «Байжұма» күйін «Масленица» деп сипаттайды.Бұл қате пікір. «Байжұма» тобын жанр деп айтуға болады. Себебі, Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш, Мақаш, Қоңырша, Дина, Әлікейлердің «Байжұмалары» бір-бірінен күй мінезі тұрғысынан алшақ тұрғанымен, оларда әуеннің тууы, өрбуі, кеудеге шығуы тұрғысынан қарайтын болсақ бір логика бар.Орыншаның аталмыш күйі өте екпінді, ажарлы, аударылып-төңкерілген, шалт, көркемдік шешімдерге бай күй. Бұл «Байжұма» батыс күй дәстүрінің жауһары деуге лайық туынды.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Саз құралдары (пәннің атауы) Пәннің оқу-әдістемелік кешені


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет