Басқару психологиясы



Дата07.10.2019
өлшемі18,73 Kb.
#49331
Байланысты:
Басқару психологиясы
кили кириспе
Басқару психологиясы - өндірістердегікорпорациялардағы, фирмалардағы, т.с.с. іс-әрекетті басқарудың жалпы психологиялық жақтарын арнайы зерттейтін әрі модельдейтін сала. Басқару психологиясы іс-әрекетті арнайы басқарудың және психологиялық жағдайдың талдамалы модельдерін және еңбектің сапасын көтеруге бағытталған. Басқару психологиясы — басқару жүйелеріндегі (мемлекет басқару, ұйым, мекеме, топ, ұжым және т.б.) адамдардың қатынастарына байланысты мәселелерді зерттейтін және білімдерді жинақтайтын қолданбалы психологияның саласы

Басқарудың ғылыми мектебін негізін салушылардың(1885-1920ж.) (Ф.Тэйлор, Ф.Гилбрет, Л.Гилбрет, Г.Эмерсон, Генри, Кант) пікірінше, басқару – бұл ерекше мамандық, ал ол туралы ілім дербес пән. Олар логикалық талдау мен бақылауды қолдана отырып, жұмысты тиімді орындау үшін жекелеген операцияларды ғылыми жетілдіруді ұсынады, ғылыми басқаруды ұстанады. Ғылыми басқару әдістерінің бірінші кезеңі – жұмыстың мазмұнын талдау және оның негізгі компонентін анықтау екендігін көрсетеді. Өндірістің өнімімен көлемін үлкейте отырып, жұмысшыларды белсендіру мақсатымен ынталандыруды жүйелі қолдануды ұсынды.

Қазіргі басқару ғылымын сипаттау үшін үш негізгі бар. Олар: үрдістік, жүйелілік және жағдайлық.

Үрдістік бағыт. Бұл тұрғыдан басқарудың кейбір негізгі және әмбебап қызметтерінің болуы туралы әкімшілік мектептің негізгі идеясының дамуы ретінде қалыптасып, ол қызметтер үдерістік тұрғысынан басқарудың өзара байланысқан және біртұтас үдерісін түзуші ретінде қарастырылады. Басқару теориясының негізгі мәселесі қызметкердің қайсысын басты және әмбебап деп есептеуге болатынында. А.Файоль базалық басқарушылық қызметтердің бесеуін атап көрсетті. « Басқару – болжауды және жоспарлауды, ұйымдастыруды, билік беруді, үйлестіру мен бақылауды білдіреді». Сондай – ақ басқару қызметтерінің төрт базалық категорияларының: жоспарлаудың, мотивацияланудың, бақылаудың, ұйымдастырудың болуы туралы және екі байланыстырушы қызметтің - шешім қабылдау мен коммуникацияның болуы туралы көзқарас та кеңінен таралды.

Жүйелілік бағыт. Басқару теориясына «жүйелердің жалпы теориясы» үлкен ықпал етті, оған сәйкес кез келген ұйым - бұл өзара байланыстағы бөліктерден тұратын, біртұтас қызмет етуге өз үлесін қосатын белгілі бір тұтастықты құрайды. Жүйелілік тұрғыдан – бұл басқарудың теориялық және тәжірибелік мәселелеріне қатысты ойлаудың белгілі бір тәсілі. Ол басқару теориясының басқа ғылымдармен және зерттеу бағыттарымен байланысын күшейтеді.

Жағдайлық бағыт. Бұл бағыт 60- жылдардың соңында пвйда болып, ұйымдастыру мәселелерінің жалпы әдіснамасын, шешу тәсілдерін білдіреді. Ол жүйелілік тұрғыдан басты тезисті жетілдіреді: ұйым – сыртқы ортамен үнемі өзара әрекетте болатын ашық жүйе. 20-жылдардың өзінде-ақ « жағдай заңы» тұжырымдалған болатын: «Жағдайлардың әртүрлі типтері білімнің әртүрлі типтерін талап етеді». Демек, білімдер кешені және оларды нақты жағдайларға байланысты әртүрлі өмірлік жағдаяттарда тиімді жүргізуге арналған шеберлік қажет.

Басқару үдерісі жағдайлық тұрғыға сәйкес төрт кезеңнен тұрады:



  1. Жетекшінің басқару біліктілігін қалыптастыру;

  2. Жағдайға қатысты қандай да бір әдістерді қолданудан болатын салдарларды көре білу және талдау;

  3. Жағдайды баламалық баяндау, оның басты факторларын анықтау және оларға әсерді бағалау;

  4. Басқару тәсілдерін оң тиімділікке жету үшін нақты жағдайлармен үйлестіру.

Бұл үдерісте үшінші кезең негізгі кезең болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет