Баспасөз баяны өтетін күні мен уақыты



Дата02.07.2018
өлшемі42,5 Kb.
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАР» тақырыбындағы дөңгелек үстелі аясында мемлекет және қоғам қайраткері

«НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ» және «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТАҒДЫР. ШӘБДЕН ЕРАЛИЕВ» атты монографиялық еңбектердің оқырмандарға таныстырылымы әрі тұсаукесерінің

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
Өтетін күні мен уақыты: 20 желтоқсан 2017 жыл, сағат 11.00.

Өтетін орны: Астана қ., ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы.

Телефондар: +7(7172) 74-12-85, 74-12-52, 74-01-68. 8707-834-96-85

Е-mail: kanat-02-79@mail.ru; erimbet 99@mail.ru
2017 жылдың 20 желтоқсанында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен «Ұлы Дала тұлғалары» сериясымен жарық көрген «НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ» және «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТАҒДЫР. ШӘБДЕН ЕРАЛИЕВ» атты монографиялық еңбектердің тұсаукесері өтеді.

Іс-шараға қоғам қайраткерлері, кәсіби ғалымдар, жоғарыдағы аталған тұлғалардың үрім-бұтағы, туған-туыстары, Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, Астана қаласының ЖОО оқытушылары мен мектеп мұғалімдерін қатыстыру жоспарланып отыр.

I. «НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ» атты монографиясы (авторы Қанат ЕҢСЕНОВ). Ұсынылып отырған монографияда қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Н.Д. Оңдасыновтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі деректер негізінде жан-жақты сөз болады. Еңбекте қайраткердің өскен ортасы, еңбекке араласуы, 1938-1951 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы (Үкімет төрағасы) қызметін атқарған.

1944 жылы ЖенПИ, Педучилище, Консерватория және «Қазақфильм» киностудиясының негізін қалауға Қазақстан Үкіметінің төрағасы ретінде қаулысын шығарған. 1945-1946 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының ашылуын ұйымдастырған. Ашылу салтанатында алғашқы сөз сөйлеген. 1954-1955 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы қызметін атқарды.

1955-1962 жж. Гурьев облысын басқарып, мұнайлы өлкенің дамуына зор үлес қосқан. 1962-1989 жж. Мәскеуде тұрып шығармашылықпен айналысып, 6 том еңбекті жарыққа шығарған. Қайраткер Н.Д. Оңдасынов Қазақстанның дамуына ерекше еңбек сіңірген тұлға.
II. «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТАҒДЫР. ШӘБДЕН ЕРАЛИЕВ» атты монография (авторы Құндызай ЕРІМБЕТОВА).

Еңбек жолын Сарысу ауданының ауыл шаруашылығы санағын жүргізетін мекемеде тіркеуші жұмысынан бастаған кеңес дәуірі тұсындағы мемлекет және қоғам қайраткері Шәбден Ералиевтің белгілі әрі белгісіз тағдыр жолдары баяндалады. Ауыл молдасынан сауатын ашып, 1911-1915 жж. Түркістан жер шаруашылығы училищесін, одан әрі Ташкент орыс-қазақ училищесін тәмамдаған. 1919 ж. Түркістан майданы саяси басқармасының инспекторлығына тағайындалғаннан кейін, Ішкі істер халық комиссариаты курсына оқуға жіберіледі. 1921-23 жж. Түркістан милиция басқармасының инспекторы, 1923-1925 жылдары Ақмола уездік милиция бөлімінің бастығы, Ақмола губкомы бөлім меңгерушісінің орынбасары, губкомның бюро мүшесі болды. 1925-28 жж. Ақмола уездік аткомда әкімшілік бөлімінің бастығы, атқару комитеті төрағасы қызметіне тағайындалады. Қазақстан Орталық атқару Комитетінің жауапты қызметкері, Адай округтік атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Шу өзені бойында 1898 жылы дүниеге келген Ш.Ералиев жұмбақ жағдайда 1928 жылы Каспий теңізінде қайтыс болады. Форт Шевченкоға жерленген.

Автордың негізігі алға қойған мақсаты, небәрі 30 жыл өмір сүрген Ш.Ералиевтың өмірі мен тағдырын тарихи кезеңмен байланыстыра саралау. Қоғамды қақ жарған Ресейлік төңкерістің ұлт аймақтары мен оның тұрғындарына әсерін, Шәбден Ералиев өміріне қатысты жәйттерді деректер арқылы негіздеу, «оның өлімі қуғын-сүргінге әсер берді ме?», «артынан тұяқ қалды ма?» және басқа да сұрақтарға жаңаша көзқараспен жауап табуға ұмтылыс жасалған. Тарихи тағылым арқылы, келешек Рухани жаңғыруға кең жол ашылатыны айқындалады.

Сіздерге ұсынылып отырған зерттеу жұмыстары, тұлғалар тағдыры мен ел ішіндегі ахуал, біртұтас елдік мәселелер өзектілігімен негізделеді.

Жоғарыда аталынған еңбектер қызығушылық танытқан көпшілік қауымға, тарихшылар мен қоғамтанушы мамандар, студенттерге арналған.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

презентации монографий «НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ» и «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТАҒДЫР. ШӘБДЕН ЕРАЛИЕВ» в рамках круглого стола «Рухани жаңғыру: личности в истории Казахстана»
Дата и время проведения: 20 декабря 2017 г., 11.00 ч.

Место проведения: г. Астана, Национальная академическая библиотека РК

Телефоны: +7(7172) 74-12-85, 74-12-52, 74-01-68. 8707-834-96-85

Е-mail: kanat-02-79@mail.ru; erimbet 99@mail.ru
20 декабря 2017 года в Национальной академической библиотеке РК состоится организованная Институтом истории государства КН МОН РК презентация монографий «НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ» и «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТАҒДЫР. ШӘБДЕН ЕРАЛИЕВ», изданных в рамках серии «Ұлы Дала тұлғалары».

В мероприятии примут участие общественные деятели, ученые, потомки и родственники Нуртаса Ондасынова и Шабдена Ералиева, сотрудники Института истории государства, преподаватели вузов и учителя школ г. Астана.

I. Монография «НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ» (автор Канат Енсенов). В монографии на основе документальных источников изучена жизнь и общественно-политическая деятельность видного государственного и общественного деятеля казахского народа Н.Д. Ондасынова. В работе описываются детство, начало трудового пути, период работы Ондасынова председателем Совета министров КазССР в 1938-1951 гг.

В 1955-1962 гг. он возглавлял Гурьевскую область и внес значительный вклад в развитие нефтяного края. В 1962-1989 гг. проживая в Москве, активно занимался творческой работой, издал 6 томов. Н.Д. Ондасынов – фигура, внесшая особый вклад в развитие Казахстана.


II. Монография «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТАҒДЫР. ШӘБДЕН ЕРАЛИЕВ» (автор Кундызай Еримбетова).

В книге рассмотрены известные и неизвестные страницы биографии государственного и общественного деятеля советской эпохи Шабдена Ералиева, начавшего свой трудовой путь регистратором сельскохозяйственной переписи в Сарысуском районе. Получив первоначальное образование у аульного муллы, Ералиев в 1911-1915 гг. продолжил свое обучение в Туркестанском земельном училище, затем окончил Ташкентское русско-казахское училище. После назначения в 1919 году инспектором политического управления Туркестанского фронта направляется на курсы Народного комиссариата внутренних дел. В 1921-1923 гг. – инспектор Туркестанского милицейского управления, в 1923-1925 гг. – начальник отдела милиции Акмолинского уезда, заместитель заведующего отдела Акмолинского губкома, член бюро губкома. В 1925-1928 гг. – начальник административного отдела исполкома Акмолинского уезда, назначен на должность председателя исполкома. Был ответственным сотрудником в ЦИК Казахстана, являлся заместителем председателя исполкома Адайского округа. Родившись в 1898 году у берегов реки Шу, Ш. Ералиев загадочным образом умирает в 1928 году в Каспийском море. Похоронен в Форте Шевченко.

Главная цель автора состоит в рассмотрении жизни и деятельности Ш. Ералиева, прожившего всего 30 лет, во взаимосвязи с историческим контекстом, включающий революционные события, гражданскую войну в России, начинавшиеся репрессии.

Представленные работы актуальны с точки зрения оригинального исследовательского взгляда на противоречивые общественно-политические процессы и в контексте жизни и деятельности знаковых фигур того периода.



Эти научные труды адресованы широкому кругу читателей, историкам, обществовежам, студентам.
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет