«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың ережесі Жалпы ережелер



Дата19.02.2017
өлшемі336 Kb.
#10686

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрымен бекітілген

« » 2017 жыл





«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың ережесі


Жалпы ережелер
1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың осы ережелері (ары қарай – Ережелер) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылы 29 желтоқсанда №919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің жаңа Бағдарламасының екінші бағыты аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ретін анықтайды.
Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  1. Халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі жергілікті атқарушы орган – ауданның, облыстық мәні бар қалалардың, облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өңірлік еңбек нарығына сүйене отырып халықты жұмыспен қамтуға көмектесетін бағыттарды анықтайтын құрылымдық бөлімі;

  2. Кәсіпкерлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган – жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін басқару қызметтерін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімі;

  3. микронесие – шағынқаржыландыру ұйымдары (ШҚҰ)/екінші деңгейлі бантер (ЕДБ)/несиелік серіктестер (НС)/ «АШҚҚҚ» АҚ қарыз алушыға ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттары негізінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен микронесие беру туралы Келісімшарты бойынша берілетін қарыз қаражаты;

  4. шағынқаржыландыру ұйымы – ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен анықталатын, шағыннесие беру бойынша қызмет атқаратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Шағын қаржы ұйымдары туралы» заңымен рұқсат етілген қосымша қызмет түрін атқаратын коммерциялыұ ұйым болып табылатын заңды тұлға;

  5. бастаушы кәсіпкер – шағынқаржы ұйымына/несиелік серіктестерге микронесие бойынша жүгінген уақытта жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден қту мерзімі үш жылдан аз кәсіпкер;

  6. шағын несиелендіру ұйымы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;

  7. Бағдарлама операторлары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының аул шаруашылығы министрлігі;

  8. қаржылай емес қолдау операторы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

  9. өңірлік кәсіпкерлер палатасы (ӨКП) – өңірлік (облыстық) деңгейдегі қаржылай емес қолдау операторы;

  10. өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалы (ӨКП филиалы) – жергілікті деңгейдегі қаржылай емес қолдау операторы;

  11. субсидиялау бойынша оператор – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ;

  12. кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі уәкілетті орган – кәсіпкерлік саласындағы басқару мен салааралық үйлестіруді іске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

  13. халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган – халықты жұмыспен қамту саласында басқару мен салааралық үйлестіруді іске асыратын орталық атқарушы орган;

  14. өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (өздерін жұмыспен қамтушылар) – табыс алу үшін тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді өндірумен (таратумен) жеке айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорынның (шаруашылық) ақы төленбейтін жұмысшылары және жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер қатарындағы жеке тұлғалар;

  15. жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және жұмыс істеуге дайын тұлғалар;

  16. халықты жұмыспен қамту орталығы –ауданның, облыстық мәні бар қалалардың, облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шарасын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыруды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

  17. өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалындағы жұмыс тобы – бизнес-тренер, жоба үйлестірушісі, сонымен қатар ӨКП филиалының және жұмыспен қамту және кәсіпкерлік жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің қатысуымен құрылған уақытша жұмыс органы;

  18. бизнес-тренер – бизнес-менторлық (коучинг) принципі бойынша бизнес-жобаларды, жоба қатысушыларын дамытуға, сондай-ақ қолдауға қажетті кәсіби құзырет пен қабілетке ие жеке тұлға;

  19. жоба үйлестірушісі – қызметіне кәсіпкерлік негіздері бойынша сабақтар ұйымдастыру, практикалық оқыту тиімділігін сараптау, «кері байланысты» жасау, сонымен қатар білім алушыларға бизнес-жоспар дайындауға көмектесу кіретін жеке тұлға.

  20. бизнес-жоспар – қаржы-экономикалық үлгі, бизнес-операцияларды іске асыратын бағдарлама, кәсіпкер әрекеті, фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу нарығы, маркетинг, операцияларды үйымдастыру және олардың тиімділігі туралы мәліметтер көрсетілген құжат.



«Бастау Бизнес» жобасы бойынша іске асыру тетігі
2. «Бастау Бизнес» жобасы Бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерлік дағдыларына, оның ішінде ауылшаруашылық кооперативтерін құру принциптерін оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын қолдау бағытталған

3. Халықты жұмыспен қамту орталықтарына тіркелгеніне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтушылар жәәне ауылдық елді мекендерде және аудан орталықтарында (моно қала болы саналмайтын) тұратындар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытудың қатысушылары болып табылады.

4. Осы Ереженің №1 қосымшасына сәйкес 80 ауданнан жеке тұлғалар – жұмыс істейтін және бастаушы кәсіпкерлер (тіркелген сәттен бастап 3 жыл ішінде) кәсіпкерлік негіздерін оқытудың қатысушысы бола алады.

5. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген талпынысты анықтау үшін тестілеуден өту жобаға қатысудың міндетті шарты болып табылады.

6. Жобасы қатысушылар үшін оқу тегін.

7. Осы Ереже талаптарына жауап беретін жеке тұлға «Бастау Бизнес» жобасына күнтізбелік жыл ішінде бір рет қана қатысуға құқылы


Ұйымдастыру кезеңін жүзеге асыру кезеңі

(«Бастау Бизнес» жобасын іске қосуға дайындық)
8. Қаржылай емес қолдау операторы жоба бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға қажетті материалды-техникалық жағдайды қамтамасыз етуге міндетті. Бұған қоса ақпараттандыру, тестілеу, оқыту және бизнес-жобаларды сүйемелдеу кезеңдеріне де қолдау көрсетіледі.

9. Қаржылай емес қолдау операторымен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік негіздері бойынша «Бастау Бизнес» жобасының ұйымдастыру кезеңі келесі шарттарды қарастырады: 1) оқуға әлеуетті қатысушыларды ақпараттандыру; 2) тестілеуді ұйымдастыру арқылы іріктеу кезеңін өткізу; 3) оөыту үдерсіні іске асыруға қатысты басқа да ұйымдастырушылық мәселелерді шешу.

10. «Бастау Бизнес» жобасының ұйымдастырушылық кезеңін өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалы (Қаржылай емес қолдау операторы) жанындағы жұмыс тобы жүзеге асырады. Жұмыс тобының құрамы жергілікті атқарушы органы және ӨКП филиалының бірлескен бұйрығымен және/немесе шаралар жоспарымен бекітіледі.

11.Тестілеу кезеңі туралы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілінде көрсетілген аудан территориясына тарайтын жергілікті БАҚ көздерінде және интернет сайтта тестілеу өтетін күнен 5 (бес) жұмыс күн бұрын жарияланады. Хабарландыруда міндетті түрде тестілеудің өтетін жері, күні мен уақыты көрсетіледі.


Жобаға қатысушыларды таңдау тәртібі (тестілеу)
12. Тестілеу кезеңіне Бағдарлама талабына сәйкес халықты жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган бекіткен жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, бизнес-бастамасы бар тұлғалар мен бастаушы кәсіпкерлер жіберіледі.

13. Тестілеуге қатысуға жіберілу үшін жеке тұлғалар міндетті түрде жеке куәлік көшірмесін, мекенжай анықтамасын, өтініш және 2, 3 қосымшаға сәйкес толтырылған анықтама өткізулері керек.

14. Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкерлікпен айналысуға ынтаны анықтау үшін тестілеуге техникалық қолдау көрсетеді, сондай-ақ тестілеуден өту процедурасында түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

15. Қаржылай емес қолдау операторы ӨКП филиялы жанынан тестілеу нәтижесін қарау жөніндегі комиссияны құрады.

16. Оқуға жіберілу үшін шектік мән 100 балдық жүйенің 55 балл көлемінде анықталады, өткізілген өңірге қарай азайтылуы мүмкін. Шектік мәннің өзгеруі туралы шешімді ӨКП филиялы жанынан тестілеу нәтижесін қарау жөніндегі комиссия қабылдайды, бұйрықпен бекітіледі.

17. Тестілеуге қатысушы белгілі бір сұрақпен жүгінген жағдайда ӨКП филиалы қарамағынан құрылған тестілеу нәтижелерін қарау бойынша тестілеу комиссиясы тест қорытындысын түсіндіреді.

18. Қаржылай емес қолдау операторы тестілеу аяқталғаннан соң 2 (екі) жұмыс күні ішінде комиссияның тестілеу қорытындыларымен протоколын (4-қосымша) электронды пошта және/немесе телефон шалу және жергілікті БАҚ көздерінде, сондай-ақ, Қаржылай емес қолдау ператорының ресми интернет ресурсында жариялайды.

19. Тестілеу бойынша шекті балл көрсеткішін жинай алмаған қатысушыларға Бағдарламаға сәйкес басқа оқыту бағдарламалары ұсынылады.

20. Тестілеуге қатысушы шектің мәннен төмен нәтиже көрсеткенде қайта тестілеуден өтуге құқылы. Оның үстіне қатысушы тестілеуге күнтізбелік жылда 2 реттен артық қатыса алмайды.

21. Тестілеуге қатысқандардың арасында төмен шектің мәнді жинай алмай, бірақ нақты бизнес-идеясы болса, ерекшелік жағдай ретінде оқуға жіберілуі мүмкі.

22. Тестілеу қорытындысын шығарғаннан кейін ӨКП филиалы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушылар арасынан топ құруға және практикалық оқытуды бастауға міндетті. Топтағы қатысушылар 15-тен кем емес және 70-тен көпболмау керек.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту кезеңін ұйымдастыру

23. Қаржылай емес қолдау операторы/ӨКП аудандық филиалы тестілеу қорытындысы жарияланғаннан кейін 3 (үш) күн ішінде тәжірибелік оқытуды бастайды.

24. Қаржылай емес қолдау операторы/ӨКП аудандық филиалы оқыту кезеңінің басталғанда топты бизнес-тренермен және үйлестірушімен қамтамасыз етеді.

25. Қаржылай емес қолдау операторы/ӨКП аудандық филиалы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытуды жүргізуде топты тәжірибелік оқыту үшін қажетті көрнекі материалдармен, техникалық қондырғылармен (соның ішінде интернетке қолжетімділік), өткізілетін орынмен қамтамасыз етеді.

26. Топты тәжірибелік оқытудың жалпы ұзақтығы 80 сағат, жұмыс күндері 4 сағаттан кем емес күнделікті жүктемемен. Оқытуды бизнес-тренер оқу жоспарына сәйкес заманауи оқыту әдістемелерін пайдалана отырып интерактивті түрде жүргізеді.

27. Оқыту кезінде жоба қатысушыларына қажеттілігіне қарай кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері (салық салу режимдері, маркетинг негіздері), сәйкес өңірлердегі талап етілетін бизнес-жобалар жайында, кооперативтер құру жөніндегі ақпараттық-әдістемелік материалдар, қаржы алуға арналған құжаттар үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, стартаптарды іске қосудағы халықаралық тәжірибе бойынша ақпараттар ұсынылады.

28. Оқыту кезінде үйлестіруші: 1) оқуға қатысушыларды телефон арқылы шақырып және сабақтың бейнежазбасын жүзеге асыруды ұйымдастыру жолымен сапа мониторингін жасайды; 2) оқуға қатысушылардың сабаққа қатысуын есепке алады; 3) жеке консультациялар кестесін жасайды; 4) оқуға қатысушыларды қажетті ақпараттық-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

29. Жобаға қатысу кезінде қатысушы өзіне келесі міндеттерді алады: 1) сабақтан қалмау; 2) қызығушылығының болуы; 3) сабаққа келмеген жағдайда қосымша консультация алуға; 4) маркетингтік зерттеулерге, жұмыс отырыстары мен талқылауларға белсенді қатысу; 5) шешендік өнер тренингтері мен жеке консультацияларғау қатысу; 6) бизнес-тренердің көмегімен бизнес-жоспар жасау және қаржылық модельді есептеу.

30. Оқыту кезеңіне бизнес-тренердің жеке тәжірибелік кеңесі, соның ішінде жоба қатысушысының бизнес-объектіге баруы кіреді.

31. Жеке оқыту бизнес-жоспар әзірлеу және/немесе жаңадан басталынған бизнес-жобаны дамыту бойынша кеңестен тұрады. Жеке тәжірибелік кеңес сессиясының саны оқуға қатысушының қажеттілігіне байланысты. Сонымен бірге, консультация ұзақтығы бір топқа 120 сағаттан аспауы керек.

32. Оқыту кезеңіне қосымша ретінде ӨКП аудандық филиалы жанындағы комиссия аясында, сондай-ақ сәйкес қаржы институтының комиссиясы аясында бизнес-жобаны алдын ала қорғау (таныстыру) мақсатында көпшілік алдында сөйлеуге дағдылану тренингі кіреді. Қажеттілігіне қарай тренингті өткізу мақсатында бизнес-тренер көпшілік алдында сөйлеу техникасы жөніндегі тренерді тартуға құқы бар.

33. Тәжірибелік оқыту басталған кезден бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей ӨКП аудандық филиалы жанындағы комиссия оқыту үйлестірушісінен алған есеп негізінде бизнес-жобаларды алын ала таныстыруға рұқсат және жоба қатысушыларына сәйкес сертификаттар тапсыру туралы алдын ала шешім қабылдайды. Шешім 5-қосымшаға сай хаттамамен ресімделеді.

34. Оқуды аяқтағаны туралы сертификатты бизнес-жоспар әзірлеген/дамытқан және алдын ала қорғауға (таныстыруға) жіберілген оқуға қатысушылардың алуға құқы бар; жобаға қатысқаны туралы сертификатты құзыреттілік деңгейін арттырған, бірақ оқуды аяқтаған кезінде әзірленген бизнес-жоспары жоқ оқуға қатысушылар ала алады.

36. Оқыту қорытындысында әзірленген бизнес-жоспар осы Бағдарлама қарастырған, қаржы институты кредиттік комиссиясының талаптарына сай (қайшы болмауы керек) болуы керек.


Бизнес-жобаны қаржыландыру үшін қорғауды ұйымдастыру тәртібі
37. Қаржылай емес қолдау операторы/ӨКП аудандық филиалы бизнес-жобаларға рұқсат туралы шешім қабылдау және оқу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылғаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ӨКП аудандық филиалы жанындағы комиссия отырысы аясында алдын ала қорғауды (таныстыруды) өткізеді.

38. ӨКП аудандық филиалы жанындағы комиссия отырысының таныстырылған бизнес-жобалар бойынша соңғы шешімі алдан ала таныстырылым өткен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттама түрінде ресімделеді (6-қосымша).

39. Бизнес-жобаларды алдын ала таныстыру нәтижесі жөніндегі хаттама ілеспе хатпен бірге қол қойылған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде микроқаржы институтының аумақтық филиалына ӨКП филиалының директорының/ӨКП аудандық филиалы төрағасының қол қоюы үшін жолданады.

40. Микроқаржы институтына (Бағдарламаның қаржы операторына) 5 (бес) жұмыс күні ішінде бизнес-жоспарды қарауды және қаржыландыру туралы шешім қабылдауды ұсынады.

41. Қаржыландыруды алу үшін міндетті шарттар:

а) бизнес-жоспар;

б) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат;

в) бизнес-жобаларды алдын ала қорғау туралы хаттама;

г) қаржы институтының ішкі талаптарына сәйкес өзге де құжаттар.

 

Бизнес-жобаларды сүйемелдеу тәртібі

 

42. Практикалық оқу кезеңін аяқтағаннан және/немесе қаржыландыру туралы шешім алғаннан кейін Қаржылық емес қолдау операторы/ӨКП аудандық филиалы іске асырылған бизнес-жобаларды оларды бастаған сәттен бастап 12 (он екі) ай ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.



43. Бизнес-жобаларды сүйемелдеукезеңі аясында «Бастау Бизнес» бағдарламасына қатысушылар бизнесті бастау және дамыту бойынша операциялық және стратегиялық мәселелерге қатысты ауызша және жазбаша сұрау салуларға жауап алуға, оның ішінде маркетинг, өткізу, салықтық реттеу және басқа мәселелер бойынша кеңес алуға құқылы.

44. Сүйемелдеуді ӨКП аудандық филиалының қызметкерлері бизнес- тренерлерді тарта отырып (қажеттілігіне қарай) жүзеге асырады.

45. Бизнес-тренердің жоба қатысушысының объектісіне шығуымен байланысты қосымша қаржы шығындары жоба қатысушысына (келісім бойынша) жүктеледі.
Мониторинг

 

46. Қаржылық емес қолдау операторы/ӨКП аудандық филиалы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 2-не кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша мынадай ақпаратты береді:


1) оқуға жіберілген адамдар саны;

2) оқуды аяқтаған адамдар саны;

3) өз ісін бастаған адамдар саны;

4) микрокредит алған адамдар саны.

 

Жоба қатысушыларының шығындарын өтеу тәртібі

 

47. «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту оқушылар үшін тегін болып табылады.



«Бастау Бизнес» жобасын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен Бағдарлама операторы мен Қаржылық емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу жолымен жүзеге асырылады.

48. Тестілеуден өткен және оқу кезеңіне жіберілген, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарлама қатысушылары 14 (он төрт) АЕК мөлшерінде жол жүру ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

49. Оқуды аяқтағаны туралы сертификат және оқуға қатысқаны туралы сертификаттар алған Бағдарлама қатысушыларына жол жүру ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдау және стипендия төленеді.

50. Сертификаттар болған жағдайда ақы төлеуБағдарлама қатысушысының банк деректемелеріне жүргізіледі.

51. Жол жүру ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдау мен стипендияны төлеу тестілеу нәтижелері бойынша оқу кезеңіне жіберілмеген (шекті деңгейге жетпеген) Бағдарлама қатысушыларына жүргізіледі.

52. Бағдарлама қатысушыларына көтерме ақы төленбейді, тұруға және басқа да ілеспе шығыстары өтелмейді.



«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік

негіздеріне оқытудың ережесіне
1-Қосымша

(«Бастау Бизнес» жобасы бойынша аудандар тізімі)




Өңір атауы

Аудан атау

1

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Бурабай ауданы

Атбасар ауданы

Бұланды ауданы

Aршалы ауданы

Зеренді ауданы

Шортанды ауданы

2

Ақтөбе облысы

Мәртөк ауданы

Шалқар ауданы

Алға ауданы

Мұғалжар ауданы

Темір ауданы

Ырғыз ауданы

3

Алматы

Еңбекшіқазақ ауданы

Қарасай ауданы

Жамбыл ауданы

Іле ауданы

Талғар ауданы

Райымбек ауданы

Панфилов ауданы

4

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Жылыой ауданы

Индер ауданы

Махамбет ауданы

5

Шығыс-Қазақстан облысы

Үржар ауданы

Аягөз ауданы

Қатон-Қарағай ауданы

Зырян ауданы

Зайсан ауданы

Тарбағатай ауданы

Шемонаиха ауданы

6

Жамбыл облысы

Қордай ауданы

Меркі ауданы

Шу ауданы

Тұрар Рысқұлов ауданы

Жуалы ауданы

7

Батыс-Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Ақжайық ауданы

Теректі ауданы

Қазталов ауданы

Бөрлі ауданы

Жаңақала ауданы

8

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Нұра ауданы

Осакаров ауданы

Абай ауданы

Бұқар-Жырау ауданы

9

Қостанай облысы

Қостанай ауданы

Әулиекөл ауданы

Жетіқара ауданы

Меңдіқара ауданы

Қарабалық ауданы

Федоров ауданы

Қарасу ауданы

10

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

Қазақлы ауданы

Арал ауданы

Жаңақорған ауданы

11

Маңғыстау обылсы

Бейнеу ауданы

Маңғыстау ауданы

Қарақиян ауданы

12

Павлодар облысы

Баянауыл ауданы

Качир ауданы

Шарбақты ауданы

Ертіс ауданы

Железин ауданы

13

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Айыртау ауданы

Қызылжар ауданы

Мағжан Жұмабаев ауданы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

Есіл ильский район

Аққайың ауданы

14

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

Мақтаарал ауданы

Сайрам ауданы

Ордабасы ауданы

Түлкібас ауданы

Қазығұрт ауданы

Төле би ауданы

Барлығы – 80 аудан


«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік

негіздеріне оқытудың ережесіне

2-қосымша

(«Бастау Бизнес» жобасына қатысуға өтініш үлгісі)

Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына/Өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының директорына//елді мекен, аудан (облыс) әкіміне

_____________ мекенжайында тұратын

__________________________________

Өтініш
      Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлік дағдыға үйрету жобасы бойынша тестілеуге қатысушылар тізіміне қосуды сұраймын.
Қосымша ___ парақта (қажеттілігіне қарай):

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; сауалнама; мекенжай анықтамасы.    


Жұмыспен қамтуға көмектесетін қарастырылған белсенді шараларды алуға қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиялар бар мәліметтерді пайдалануға келісемін.


*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапты.
Күні                                         қолы
---------------------------------------------------------------------
                           (кесу сызығы)
_____________________________________ өтініші
      «___» __________ 20___ ж. қабылданды және № ______ тіркелді
   

Құжатты қабылдаған тұлғаның аты-жөні, лауазымы, қолы: _____________


_____________________________________________________________

*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапты.



«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік

негіздеріне оқытудың ережесіне

3-Қосымша

(Жоба қатысушысының сауалнамасы)
Сауалнама


Аты-жөні




Туған күні




Тұрғылықты жері




Мәртебесі

  • жұмыссыз

  • өзін-өзі жұмыспен қамтушы

  • кәсіпкерлік белсенділіктегі тұлға

  • бастаушы кәсіпкер

Бизнес-идея, бизнес-жоба (ссала)




Бизнес-идея, бизнес-жоба сипаттамасы



Кепілзат қамтамасыз етілуінің болуы (шағыннесиелеу үшін)




Сабақ қатысу мүмкіндігін растаймын (80 сағат практикалық сабақ)




Осымен дайындығымды растаймын

1) Заңды тұлға формасында кәсіпкерлік субъектісін тіркеу (қаржыландыруға өтінімді қарау сәтіне дейін)

2) сабақты қалдырмауға,

3) қызығушылық таныту,

4) сабақтан қалған жағдайда қосымша кеңес алу,

5) маркетингтік зерттеулерде, жұмыстық жиналыстар мен талқылауларға белсенді қатысу,

6) тренингтер мен жеке кеңес алуға қатысу,

7) бизнес-жоспар дайындау және бизнес-тренердің қолдауымен қаржылық модельді есептеу.



Қолы _________ Күні _________

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік

негіздеріне оқытудың ережесіне

4-Қосымша

(Бизнес-жобаларды алдын ала қорғау қорытындысы бойынша хаттама)
Бизнес-жобаларды алдын ала қорғау қорытындысы бойынша хаттама
__________ауданы__________ облысы.
ӨКП филиалы комиссиясының отырысы __________________ ж. аясында

Келесідей бизнес-жобалар қаралды:






Жоба атауы

Жобаның қысқаша сипаттамасы

Қажетті қаржы сомасы

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15









Комиссия отырысының қорытынды бойынша келесідей жобаларды алдын ала мақұлдауға шешім қабылданды:






Жоба атауы

Мақұлдау туралы шешім

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10







11







12







13







14







15







16








Комиссия төрағасының қолы

Аты-жөні ____________қолы____________


Комиссия мүшелерінің қолы
Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________



«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік

негіздеріне оқытудың ережесіне

5-Қосымша

(Жоба қатысушыларын тестілеу нәтижесі бойынша хаттама)
Оқыту кезеңінің аяқталу нәтижесі бойынша хаттама
__________ауданы__________ облысы.

Күні______
«Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқыту кезеңінің аяқталу нәтижесі бойынша келесідей сертификаттар түрін табыстау туралы шешім қабылданды
Оқу аяқтау туралы сертификаттар




Аты-жөні

Негіздеме

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10







11







12







13







14







15









Оқытуға қатысу туралы сертификаттар




Аты-жөні

Негіздеме

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10







11







12







13







14







15








Комиссия төрағасының қолы

Аты-жөні ____________қолы____________


Комиссия мүшелерінің қолы
Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________


«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік

негіздеріне оқытудың ережесіне

6-Қосымша

(Жоба қатысушыларын тестілеу нәтижесі бойынша хаттама)
Бизнес-жобаларды алдын ала қорғау қортындысы бойынша хаттама
__________ауданы__________ облысы.

Күні______
«Бастау Бизнес» жобасының әлеуетті қатысушылары тестілеу қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті:




Аты-жөні

Нәтиже

(балдық белгіде)

Оөыту кезеңіне жіберу туралы шешім

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15











Комиссия төрағасының қолы

Аты-жөні ____________қолы____________


Комиссия мүшелерінің қолы
Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

Аты-жөні ____________қолы____________

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік

негіздеріне оқытудың ережесіне

7-Қосымша
Кәсіпкерлік жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасын жүзеге асыру туралы есеп беру үлгісі

(ай сайын әр айдың 2-күні)


«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша

есептің жиынтық кестесі






Елді мекен атауы (облыс, аудан)

Тестілеуден өтіге өтінім берген тұлғалар саны (үміткер)

Тестілеуден өткен тұлғалар саны/ шалғай елді мекендерден тестілеуден өткен тұлғалар саны (оқуға өткізілген үміткерлер)

Оқуды аяқтағандар саны (сертификат алғандар аяқтаған/тыңдаған)

Жаңа жобалар саны (өз істерін ашқан)


Қаржыландыру алған жеке және заңды тұлғалар тізімі (шағыннесиелендіру)

























Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет