Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі0,56 Mb.
#32345
  1   2   3
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы « » __________

№ бұйрығына 2-қосымша  


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 16-қосымша  



Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін
«Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(қарапайым және негізгі деңгей)
(оқыту қазақ тілінде емес)

1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

2. Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен және ойды түсінікті жеткізуді мақсат тұтатын коммуникативтік бағытымен дәйектеледі.


      3. Бағдарлама өзге тілде білім алатын бастауыш сынып оқушысын қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді.

4. Бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік, ұлттық, т.б. ерекшеліктерін ескере келе, тілді үйретудің тиімді әдіснамасын жетілдірудің жолын айқындады. Тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріліп, тілдерді оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.

5. Бастауыш мектепте қарапайым деңгейдің 3 игерімі, ал негізгі деңгейдің 1 игерімін меңгерту талап етіледі:

1) 1-3-сыныптардағы қарапайым деңгей - А13 игерімді қамтиды:

бастапқы орташа игерім-А1 – 1-сынып;

бастапқы толық игерім-А1.1 – 2-сынып;

бастапқы жетік игерім-А1.2 – 3-сынып;

2) 4-сыныпта негізгі деңгейдегі-А2.1.25 игерімінің алғашқы баспалдағы қамтылады: қалыптасу қарсаңындағы бастапқы игерім А2– 4-сынып.


      6. Қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің еуропалық жүйесі негізге алынды.

7. Білім мазмұнының желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая;

2) әлеуметтік-мәдени ая;

3) оқу-еңбек аясы.

8. Бағдарлама қазақ тілін үйренуге негіз болатын тақырыптық, аялық бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуін қарастырады. Басты мәселе сөйлесім әрекеттеріне негізделген тілдік және мәдени-танымдық құзыреттіліктер, қатысымдық (коммуникативтік), проблемалардың шешімін табу, ақпараттық түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.

9. Пәнді оқыту мақсаты – қарапайым және негізгі (негізгі деңгейдің алғашқы игерімі) деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.

10. Оқыту міндеттері:

1) оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;

2) оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;

3) қарым-қатынас әдебінің қарапайым нормаларын меңгерту:

4) ойын жағдаяттарында қазақ тілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;

5) оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне (қазақ тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу;

6) оқушылардың оқу білігін, шынайы өмірлік жағдаяттарда алған тілдік білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;


      7) оқушыларды қазақ халқының балаларға арналған әндермен, тақпақтармен және ертегілермен, фольклормен, көркем әдебиетімен, ойындармен таныстыру;

8) оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

11. Білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу әдебиеті мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі, оқушы деңгейіне сай келуі, білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттау ұстанымдары басшылыққа алынды.

12. «Қазақ тілі» пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары келесі пәндермен тығыз байланыста іске асырылады:

1) «Әдебиеттік оқу» пәнімен: қазақ тілінде берілген аутентті мәтіндер негізінде оқушылар өз ойын қазақ тілінің танымдық ерекшеліктеріне сай жеткізуге дағдыланады; Отанын – Қазақстан Республикасын, қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын құрметтеуге тәрбиеленеді;

2) «Музыка» пәнімен: қазақ тілінде берілген әндерді тыңдау, оны өздері айтып үйрену арқылы оқушылар адамның көңіл күйін, сезімін түсінеді, эстетикалық талғамы дамиды;

3) «Бейнелеу өнері» пәнімен: қазақ тілінде берілген суреттер арқылы оқушылар өнердің адам табиғатымен, өмірімен үндестігін түсінеді, әдемілікті, сұлулықты көріп сезінеді, иллюстрацияларды ауызша/жазбаша суреттеу арқылы ойлау-қабылдау қабілеті мен тілдерін дамытады;
      4) «Еңбекке баулу» пәнімен: қазақ тілінде берілген тәрбиелік мәтіндердің мазмұны арқылы оқушылар оқудың, білім алудың, тіл үйренудің маңызын игереді, еңбектің адам өміріндегі орнын түсінеді;

5) «Математика» пәнімен: қазақ тілінде ұсынылған мәтіндер негізінде оқушылар сандар мен фигуралардың атауын қазақ тілінде үйрену барысында математикадан алған білімдерін еске түсіреді, толықтырады, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады;

6) «Дүниетану» пәнімен: қазақ тілінде ұсынылған мәтіндер арқылы оқушылар өз айналасын таза ұстауға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға үйренеді.

13. Оқу жүктемесінің көлемі:

1) оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:

1-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 66 сағат (33 апта);

2-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;

3-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

4-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

2) оқу ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:

1-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 66 сағат (33 апта);

2-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;

3-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

4-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат.

14. Оқу бағдарламасының 3-4-сыныптарға арналған білім мазмұнында сағаттар мөлшері оқыту тіліне байланысты келесідей үлгіде көрсетілген. Мысалы: І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 38/26 сағат: «Мен және менің отбасым. Отбасы мүшелерінің жұмыстары» – 10/8 сағат. Мұндағы алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, белгіленген соңғы сан ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерге арналып көрсетілген.
2. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
15. Пәнді оқытуға аптасына 2 сағаттан, барлығы 66 сағат бөлінген.
    16. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
      17. Әлеуметік-тұрмыстық ая – 30 сағат. «Сәлем, менің атым - Әлібек!» - 6 сағат:
     1) тілдік бөлім:

грамматика.тәуелдік жалғауы, «жоқ», «берші», «ал»;


 фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстары;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер – «бар»/«жоқ»;


     2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Амандасу. Танысу. Қысқа диалогтік сөйлеу. Диалог-сұрақ. Монологтік сөйлесім. Өзін таныстыру. Сөйлесімде «бар»/«жоқ» сөздерін қолдану;

тыңдалым: қысқа, нақты, қарапайым хабарламаларды көрнекілікке сүйеніп түсіну;

оқылым: тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін дауыстап оқу. Таныс сөздерді оқу барысында лексикалық мағынасына сәйкестендіру, яғни түсініп оқу;

тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері (санамақтар). Ең көп тараған қазақ достарының аттары.

18. «Менің досым» - 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: тәуелдік жалғауы;

фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстары;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік сөйлесім. Баяндаудың қысқаша қарапайым түрі;

тыңдалым: дене мүшелеріне қатысты бұйрықтарды түсіну. Тақырыпқа байланысты мұғалім мен сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: тақырыпқа байланысты сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дауыстап оқу. Таныс сөздерді оқу барысында лексикалық мағынасына сәйкестендіру;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері (санамақтар, тақпақтар).

19. «Аңдар» – 6 сағат:

1) тілдік бөлім:       грамматика: Мынау піл. Піл үлкен. Кенгуру кішкентай;


фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстары;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік сөйлесім. Суретті (тақырып бойынша) қарапайым сипаттау;

тыңдалым: қысқа, нақты қарапайым хабарламаларды көрнекілікке сүйеніп түсіну. Тақырыпқа байланысты мұғалім мен сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: тақырыпқа байланысты сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дауыстап оқу. Оқу барысында таныс сөздерді лексикалық мағынасына сәйкестендіру;


      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері (санамақтар, тақпақтар, жұмбақтар).

20. «Мен алтыдамын/жетідемін» – 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: тәуелдік жалғауы;

фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстары;

лексика: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандары. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік сөйлесім. 1-10-ға дейін санау. Қарапайым хабарлау;

тыңдалым: қысқа, нақты, қарапайым хабарламаларды көрнекілікке сүйеніп түсіну. Тақырыпқа байланысты мұғалім мен сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: тақырыпқа байланысты сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дауыстап оқу. Таныс сөздерді оқу барысында мағынасын түсіну;

тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері (санамақтар, тақпақтар, жұмбақтар).

21. «Робот – менің досым (бас, қол, аяқ)» – 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: Бұйрық рай. Барыс септігі. «Рақмет»;

фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстары;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Бір-бірімен бұйрық алмасуы. Монологтік сөйлесім;

тыңдалым: тақырыпқа байланысты мұғалім мен сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: тақырыпқа байланысты сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дауыстап оқу. Таныс сөздерді оқу барысында лексикалық мағынасына сәйкестендіру;


      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері (санамақтар, тақпақтар, жұмбақтар).

22. Әлеуметтік-мәдени ая – 18 сағат. «Менің аулам» – 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: жатыс септігі;

фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстары;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік сөйлесім. Қарапайым хабарлама жасау. Тақырыпқа қатысты сурет бойынша қарапайым сипаттау;

тыңдалым: тыңдағанда көрнекілікке сүйеніп қарапайым шағын хабарламаларды түсіну;

оқылым: қысқа мәтіндерді оқығанда негізгі ақпаратты тауып алу. Түсінгенін сурет, сызба және жауап беру арқылы көрсету;

жазылым: сөз бен сөйлемді графикалық нұсқасына қарап жазу;

тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар (тақырып көлемінде).

23. «Үзіліс. Жүр, асханаға кеттік» – 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: барыс септігі, жатыс септігі. Ауыспалы осы шақ;

фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстары;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік сөйлесім. Күнделікті іс-әрекетін сипаттау (тақырып көлемінде);

тыңдалым: тыңдағанда көрнекілікке сүйеніп қарапайым, нақты шағын хабарламаларды түсіну;

оқылым: қысқа мәтіндерді оқығанда негізгі ақпаратты тауып алу. Түсінгенін сурет, сызба және жауап беру арқылы көрсету;

жазылым: сөз бен сөйлемді графикалық нұсқасына қарап жазу;

тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар (тақырып көлемінде).

24. «Мынау не?» – 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: не? сұрау есімдігі;

фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстары;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік сөйлесім. Тақырып көлеміндегі затты, суретті қарапайым сипаттау;
      тыңдалым: көрнекілікке сүйеніп қарапайым шағын хабарламаларды түсіну;
      оқылым: таныс тілдік бөлім негізінде құрастырылған сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді мәнерлеп оқу. Қысқа мәтіндерді оқығанда негізгі ақпаратты тауып алу. Түсінгенін сурет, сызба және жауап беру арқылы көрсету;
      жазылым: сөз бен сөйлемді графикалық нұсқасына қарап жазу;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар (тақырып көлемінде).
      25. Оқу-еңбек аясы – 18 сағат. «Сөмкеңде не бар?» – 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: зат есім. Ережесіз. Көптік жалғаулар;

фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстары;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік сөйлесім. Баяндау. Затты, суретті (тақырыпқа қатысты) сипаттау;

тыңдалым: көрнекілікке сүйеніп қарапайым, нақты айтылған шағын хабарламаларды түсіну;

оқылым: таныс тілдік бөлім негізінде құрастырылған сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді мәнерлеп оқу. Қысқа мәтіндерді оқығанда негізгі ақпаратты тауып алу. Түсінгенін сурет, сызба және жауап беру арқылы көрсету;

жазылым: сөз бен сөйлемді графикалық нұсқасына қарап жазу;

тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар (тақырып көлемінде).

26. «Мектептің жүзу бассейні» – 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: жатыс септігі;

фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстары;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Затты, суретті (тақырыпқа қатысты) сипаттау;

тыңдалым: көрнекілікке сүйеніп қарапайым, нақты шағын хабарламаларды түсіну;

оқылым: таныс тілдік бөлім негізінде құрастырылған сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді мәнерлеп оқу. Қысқа мәтіндерді оқығанда негізгі ақпаратты тауып алу. Түсінгенін сурет, сызба және жауап беру арқылы көрсету;

жазылым: сөз бен сөйлемді графикалық нұсқасына қарап жазу;

тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар (тақырып көлемінде).

32. «Кел, санайық!» - 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: Бұйрық рай;

фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстары;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Заттарды қосу. Затты, суретті (тақырыпқа қатысты) сипаттау;

тыңдалым: көрнекілікке сүйеніп қарапайым, нақты айтылған шағын хабарламаларды түсіну;

оқылым: таныс тілдік бөлім негізінде құрастырылған сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді мәнерлеп оқу. Қысқа мәтіндерді оқығанда негізгі ақпаратты тауып алу. Түсінгенін сурет, сызба және жауап беру арқылы көрсету;
     жазылым: сөз бен сөйлемді графикалық нұсқасына қарап жазу;
     тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар (тақырып көлемінде).


3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
      27. Пәнді оқытуға аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.
      28. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды.
      29. Әлеуметік-тұрмыстық ая – 32 сағат. «Мен және менің отбасым» - 5 сағат. «Менің әкем мен шешем, атам мен әжем. Менің ағам/әпкем, інім/сіңілім/қарындасым»:

1) тілдік бөлім:

грамматика: тәуелдік жалғауы. Ілік септігі. Табыс септігі. Жатыс септігі. Сілтеу есімдігі;

фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстарын қайталау;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-мәлімет. Диалог-сұрақ. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Қарапайым баяндау. Қарапайым сипаттау. Бағалау (қарапайым);

тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты, шағын хабарламаларды түсіну;


      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда негізгі ақпаратты түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;

жазылым: сөйлемді графикалық нұсқасына қарап жазу. Жазбаша жауап;


      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу;

этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:

қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

30. «Менің қазақ достарым» – 5 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: тәуелдік жалғауы. Ілік септігі. Табыс септігі. Жатыс септігі. Реттік сан есім;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-мәлімет. Диалог-сұрақ. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Баяндаудың қарапайым түрі. Сипаттау (қарапайым түрі). Бағалау (қарапайым түрі);


   тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну;

оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;


      жазылым: графикалық нұсқасына қарап жазу. Жазбаша жауап. Жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Көп тараған қазақ достарының аттарын айту.

31. «Менің киімім. Сырт киімдер. Дене мүшелері» – 6 сағат:
      1) тілдік бөлім:

грамматика: тәуелдік жалғауы. Барыс септігі. Бұйрық рай. Дыбыс үндестігі (к/г), лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-мәлімет. Диалог-сұрақ. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Баяндау (қарапайым). Сипаттау. Бағалау;


      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну;

оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;


      жазылым: графикалық нұсқаға қарап жазу. Жазбаша жауап. Жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

32. «Үй жануарлары: қой/қозы, сиыр/бұзау, жылқы/құлын. Менің күшігім/мысығым» – 5 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: барыс септігі. Сұраулы сөйлем. Дыбыс үндестігі (к/г; қ/ғ);

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Диалог-реплика. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Баяндау;

тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну;

оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;

жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;

тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

33. «Менің сүйікті ісім» – 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: ауыспалы осы шақ. Табыс септігі;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Шағын монолог құрастыру. Сипаттау. Бағалау;

тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;


      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;

жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;


      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

34. «Менің сүйікті ойыншығым» – 5 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: табыс септігі. Сұрау есімдігі: не? Дыбыс үндестігі (қ/ғ);

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;


     2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Сипаттау. Бағалау;

тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;

оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;

жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;

тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

35. Әлеуметтік-мәдени ая – 16 сағат. «Менің демалыс күнім. Жүр, Думанға, барамыз» – 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: барыс септігі, табыс септігі. Тәуелдік жалғауы;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Диалог-реакция. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Шағын әңгіме құрастыру, сипаттау;

тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;

оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;

жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;

тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану.

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

36. «Менің көшем» – 5 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: Ілік септігі. Барыс септігі. Зат есім, көпше түрі. Көптік жалғау. Жіктеу есімдігі;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Сипаттау тұрғысында шағын әңгіме құрастыру. Өзінің іс-әрекетін сипаттау;

тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;

оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;

жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;

тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:

қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).


      37. «Тазалықты сақтайық» – 5 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: ілік септігі. Жатыс септігі. Көптік жалғау. Барыс септігі;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;


     2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Іс-әрекетті сипаттау. Бағалау;


      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;

жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;


      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:

қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

38. «Оқу-еңбек аясы» – 20 сағат. «Апта аттары» – 7 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: сұрау есімдігі: қанша?

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Сипаттау тұрғысында шағын монолог құрастыру;
тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді сұраққа жауап беру арқылы түсінгенін білдіру;

оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру.

жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

39. «Менің оқу-құрал жабдықтарым» – 7 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: тәуелдік жалғауы;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: Диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Монологтік сөйленім құрастыру;


    тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді нақты сұраққа жауап беру арқылы түсінгенін білдіру;

оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;

жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

40. «Дүкенге барамыз» – 6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: барыс септігі. Сұрау есімдігі: қандай? қанша?

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Жауап беру. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім;

тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;

оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру.


      жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;

тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).


Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет