Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет2/3
Дата15.09.2017
өлшемі0,56 Mb.
#32345
1   2   3

4. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
41. Пәнді оқытуға оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы – 136 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген.
     42. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:
      43. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 52/40 сағат. «Мен және менің отбасым», «Отбасы мүшелерінің жұмыстары – 14/12 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: тәуелдік жалғауы. Жатыс септігі. Сан есім. Сілтеу есімдігі;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Баяу, нақтылы, түсінікті берілген сұхбаттарды түсіну, айту. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог, баяндау;


      тыңдалым: таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғу; күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;

оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;

жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;

тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

44. «Мен бөлмемді жинаймын» – 12/9 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: табыс септігі. Жатыс септігі. Көмектес септігі;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Баяу, нақтылы, түсінікті берілген сұхбаттарды түсіну, айту. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог. Баяндау;
      тыңдалым: таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғу; күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;

оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;

жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекен-жайы т. б. туралы жазу;

тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

45. «Сағат қанша?» – 14/11 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: жатыс септігі;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

46. айтылым: диалог. Баяу, нақтылы, түсінікті берілген сұхбаттарды түсіну, айту. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог. Баяндау;

тыңдалым: таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғу; күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;

оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;

жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;

тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

47. «Мен азық-түлік дүкеніне барамын» – 12/8 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: Сұрау есімдігі: қай? қайда? Сілтеу есімдігі;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Баяу, нақтылы, түсінікті берілген сұхбаттарды түсіну, айту. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог, баяндау;


      тыңдалым: таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғу; күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;

оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;


      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;

тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;


      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

48. Әлеуметтік-мәдени ая – 52/40 сағат. «Қазақстан картасы. Кел, ойнайық» – 14/12 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика. Сұрау есімдігі: қай?

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Қысқа диалог. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог, баяндау, сипаттау;
      тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды пікірлесуді түсіну;таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекен-жайы т. б. туралы жазу;

тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

49. «Туған күн» – 14/11 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: тәуелдік жалғауы;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Қысқа диалог. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог, баяндау;

тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;


      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;

тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;

2) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

50. «Күн суық/ыстық» – 11/8 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: Сұрау есімдігі: қандай? қашан? Болымсыз етістіктің жұрнағы – ма/ме/ба/бе/па/пе;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Диалог-мәлімет – белгілі оқиға, не бір мәселе туралы хабар беру. Диалог-талап. Монолог, хабарлау, баяндау, санау;
      тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;

тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

51. «Спорт залда» – 13/9 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: септеулік шылаулары: соң/кейін;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Диалог-мәлімет – белгілі оқиға, не бір мәселе туралы хабар беру. Диалог-талап. Монолог. Баяндау, сипаттау;


      тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұқбаттарды пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі-түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекен-жайы т. б. туралы жазу;

тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

52. Оқу еңбек аясы – 32/22 сағат. «Менің сыныбым» – 17/12 сағат:

1) тілдік бөлім: грамматика: жатыс септігі. Шығыс септігі. Сұрау есімдігі: қанша? неше? нешеде?

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Диалог-реплика – тілдік қатынаста адам ойын қысқа сөздер мен сөз тіркестері арқылы тез жеткізе білу. Диалог-реакция – берілген сұраққа немесе сөйлем ішіндегі бір сөзге не ойға айрықша мән беріп, соған қатысты өз көзқарасын білдіру. Монолог. Баяндау, сипаттау;


      тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекен-жайы, т.б. туралы жазу;

тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

53. «Менің оқу құралдарым» – 15/10 сағат:

1) тілдік бөлім;

грамматика: Сұрау есімдігі: қанша?

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Диалог-сұрақ. Диалогтың бұл түрінде сұрақ берушінің қызметі басым болып, ол өзіне керек мәліметті екінші адамнан алуға ұмтылады, сондықтан сұрақ қажет мәліметке байланысты қойылады, сұраққа жауап беру талап етіледі. Монолог, баяндау, сипаттау;

тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру. Оқылым. Таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі-түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;


      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;

тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
5. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
54. Пәнді оқытуға оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы – 136 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген.
55. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды.
      56. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 33/25 сағат. «Мен және менің отбасым», «Отбасы мүшелерінің сүйікті істері» – 11/9 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: көсемше -а, -е, -й. Ауыспалы осы шақ;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: тақырып бойынша өз ойы. Отбасы мүшелеріне 3-4 сөйлемнен тұратын сипаттама;

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған отбасы туралы шағын диалогтегі ақпараттар;

оқылым: отбасы мүшелері туралы оқу мәтіндері;

жазылым: отбасы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Сұрақтарға жауап қайтару. Қарапайым этикеттік орамдарды пайдаланып, пікірлесім жасау;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:

қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.


      57. «Үйде не істеймін?» – 11/8 сағат:

1) тілдік бөлім: грамматика: көпше түрдегі жіктеу есімдігі;


      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: тақырып бойынша өз ойы. Үйде не істейтіні туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған үй шаруасы туралы шағын диалогтар;

оқылым: үйде атқарылатын жұмыс туралы оқу мәтіндері;

жазылым: үйде не істейтіні туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап. Үйде не істейтіні туралы пікірлесім;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.

58. «Менің сүйікті тағамым» – 11/8 сағат:

1) тілдік бөлім: грамматика: сын есім. Септік жалғаулары: ілік септігі, табыс септігі, шығыс септігі. Қалау райы;

фонетика: қазақ тілінің буын үндестігі;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойы. Өзінің сүйікті тағамы туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған тағамдар туралы шағын диалогтегі ақпараттар;

оқылым: тамақтың түрлері туралы оқу мәтіндері.


      жазылым: өзінің сүйікті тағамы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлемдер. Сұрақтарға жауап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Өзінің сүйікті тағамы туралы пікірлесім;


      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.

59. Әлеуметтік-мәдени ая – 61/45 сағат. «Менің елім – Қазақстан» – 16/14 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: көптік жалғаулары. Шартты рай. Біріккен сөздер;

фонетика: өзге тілден енген сөздердің орфографиясы;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойы. Қазақстан туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған Қазақстан туралы шағын диалогтегі ақпараттар;

оқылым: Қазақстан туралы оқу мәтіндері;
     жазылым: Қазақстан туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Өзінің елі - Қазақстаны туралы пікірлесім;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.

60. «Астана – таза қала» – 9/6 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: жалқы есім. Туынды сөздер. Тіркесті сөздер;

фонетика: өзге тілден енген сөздердің орфографиясы;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойы. Астананың қандай қала екендігі туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған Астана туралы шағын диалогтегі ақпараттар;

оқылым: Астана туралы оқу мәтіндері;

жазылым: Астананың демалыс орталықтары туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлемдер. Сұрақтарға жауап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап беру. Астананың көрікті жерлері туралы пікірлесім;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.

61. «Мерекелер» – 14/10 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: Еркін тіркестер. Жалпы есімдер;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзі ұнататын мереке туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айту;

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған Қазақстандағы тойланатын мерекелер туралы шағын диалогті ақпараттар;


оқылым: Қазақстандағы мереке түрлері туралы оқу мәтіндері;
     жазылым: мерекелер туралы шағын мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Өзіне ұнайтын мерекелер туралы пікірлесім;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.

62. «Спорт. Менің сүйікті спортшым» – 10/7 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: Сөз тіркестері. Сөйлем түрлері;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзі ұнататын спортшы туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған спорт түрлері туралы шағын диалогті ақпараттар.


оқылым: мереке түрлері туралы оқу мәтіндері;

жазылым: спорт, өзінің сүйікті спортшысы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;


      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Өзіне ұнайтын спорт түрлері мен спортшылар туралы пікірлесім;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:

қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.

63. «Зоопаркке саяхат» – 12/8 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: сын есім, етістіктер;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзі ұнататын аң/құс туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айта алады;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған зоопарктегі аңдар туралы шағын ақпараттар;

оқылым: аң мен құстардың түрлері туралы оқу мәтіндері;

жазылым: зоопарк және өзінің сүйікті аң/құсы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Зоопарктегі өзіне ұнайтын аң/құс түрлері туралы пікірлесім;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.

64. Оқу еңбек аясы – 42/32 сағат. «Менің мектебім» – 14/11 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: күрделі зат есімдер. Ауыспалы осы шақ;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзінің мектебі туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған мектеп туралы ақпараттар;

оқылым: мектеп өмірі туралы оқу мәтіндері;


      жазылым: өзінің мектебі туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Мектеп өмірі туралы пікірлесім;


      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
      65. «Менің күнделігім» – 10/7 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: қос сөздер. Күрделі етістіктер;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзінің күнделігі туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айта алады;


      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі күнделік туралы ақпараттар;
      оқылым: оқу мәтіндеріндегі сөздердің мағынасын ажырата алады. Оқушы күнделігі туралы оқу мәтіндері;

жазылым: өзінің күнделігі туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Оқушы күнделігі қандай болуы керектігі туралы достарымен пікірлесім;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.

66. «Демалыс» – 18/14 сағат:

1) тілдік бөлім:

грамматика: сұраулы сөйлем. Туынды сын есімдер;

лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: Оқушылардың әр тоқсаннан кейінгі демалысы туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айта алады;

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі демалыс туралы ақпараттар;


оқылым: оқу мәтіндердегі оқушылардың демалысы туралы ақпараттар;

жазылым: оқушылардың демалысы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесе алады. Сұрақтарға ауызша/жазбаша жауап қайтару. Өзінің демалысты қалай өткізгені туралы достарымен пікірлесім.

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.


6. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
67. Пәндік нәтижелер бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар:

1) естіген жеке сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс дыбыстауды;


2) әліпбиді және әріптердің графикалық таңбаларын дұрыс жазуды;

3) сөздегі дыбыстардың жуан-жіңішке үндесімдерін айыруды, дыбыс-әріп үйлесімдігін;

4) белсенді қорына енген сөздердің екпінін/дауыс ырғағын дұрыс қоюды;

5) тақырыптар бойынша ұсынылған 100-120 жаңа сөзді;

6) лексикалық бірліктердің мағыналарын;

7) бас әріппен жазылатын сөздерді;

8) грамматикалық құбылыстардың қарапайым үлгілерін;

9) белсенді сөздік қорына енген сөздерден тұратын қарапайым сөйлемдерді сауатты құрудың жолдарын білуі тиіс.

68. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

1) дыбыстарды таңбалары арқылы айыруды;

2) тыңдаған сөздерді дұрыс түсіне алуды;

3) тыңдаған мәтін мазмұнына сәйкес суреттерді таңдап, ретімен қоя алуды;

4) тыңдалған ақпараттан түсінгені бойынша сурет сала білуді;

5) әріп пен дыбыстарды сәйкестендіріп оқуды;

6) сөздердің лексикалық мағынасын түсініп оқуды;

7) кім?, не?, қандай? сұрақтарына жауап беруді;

8) затқа 2-3 сөйлеммен қарапайым сипаттама беруді;

9) суретке қарап 2-3 сөйлем құрап айтуды;

10) өзі, досы туралы айтуды;

11) қысқа өлең-тақпақ айтуды;

12) қазақ тіліне тән әріптерді дұрыс жазуды;

13) қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс жазуды;

14) сөздерді кітаптан, тақтадан көшіріп жазуды;

15) 2-3 сөйлемнен тұратын шағын мәтін жазуды;


      16) адамды не затты атап, оларға сандық, сапалық тұрғыдан қарапайым сипаттама беруді;

17) қойылған сұраққа жауап беруді;

18) сұрақ қоя білуді;

19) қарапайым тілдік модельдер бойынша амандасу, қоштасу, танысу, алғыс білдіруді меңгеруі тиіс.


Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет