Бастауыш білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы бойынша



бет2/2
Дата29.01.2017
өлшемі475,44 Kb.
#8150
1   2

42. 3-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 3-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.

43. Оқушы 3-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.

44. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.



45. 4-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.).


Сабақ тақырыбы

Сабақтың мазмұны


Сағат саны

І-тарау. Өзін-өзі тану бақыты

1

Өзін-өзі тану – өмірді тану

«Өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктер. 4 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінің мазмұны; адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылық.

1

2

Білімге құштарлық

Білім құндылығы туралы түсінік. Білім, даналық ұғымдары туралы мағұлұмат; Білімге, оқуға қызығушылық.

1

3

Ойлы бала озар

Ой ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Терең ойдың, ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығы; ойлай білу іскерліктері.

1

4

Менің сыныбым – менің ұжымым

Ұжым, достық құндылықтары туралы түсінік. Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығы; өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастары.

1

5

Менің арманым

Жақсы ниетпен армандай білу және оған қол жеткізуге ұмтылу. Арман ұғымы туралы түсінік.

1

6

Ата-баба өнері

Өнер құндылығы туралы түсінік. Ата-баба өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығы;

1

7

Тілім менің тірегім

Тіл, Отан құндылықтары туралы түсінік. Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығы.

1

8

Мен елімнің азаматымын

Оқу, Отан, ел, махаббат құндылықтары туралы түсінік. Туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығы.

1



ІІ-тарау. Адами қарым-қатынасқа үйренейік

9

Жақсы сөз – жанға қуат

Сөз, бақыт құндылығы туралы түсінік. Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығы; жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктері.

1

10

Адал достық

Достық құндылығы туралы түсінік. Адал достықтың мәні; өзара сыйластық қарым-қатынастары.

1

11

Ашу – дұшпан, ақыл – дос

Ұстамдылық, сабырлылық адами қасиеттер туралы түсінік. Ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәні; өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.

1

12

Қуаныш – жан шуағы


Бақыт, сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсінік. Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәні; өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.

1

13

Кешірім мен келісім

Достық құндылығы және татулық, кешірімділік адами қасиеттері туралы түсінік. Кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығы; шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктері.

1

14

Ортақ іс табысы

Еңбек, сыйластық, ынтымақ құндылықтары туралы түсінік. Ынтымақ, бірліктің адам өміріндегі маңызы; бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктері.

1

15

Құрметтей білейік

Құрмет, сыйластық құндылықтары туралы түсінік. Құрмет, сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығы; ізетті қарам-қатынас жасау іскерліктері.

1

16

Жақсылық жасай білейік

Қайырымдылық, қамқорлық, жақсылық құндылықтары туралы түсінік. Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігі; жақсы істер жасай білу іскерліктері.

1

ІІІ-тарау. Адам болам десеңіз...

17-18

Талаптыға нұр жауар

Білім, өнер құндылықтары туралы түсінік. Талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығы.

2

19

Ақылды тыңдай білу де өнеге

Сыйластық құндылығы туралы түсінік. Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығы.

1

20

Өзімшілдік пен көпшілдік

Бірлік құндылығы және көпшілдік адами қасиет туралы түсінік. Көпшілдік, өзімшілдік ұғымдары туралы түсінік; өзара сыйластық қарым-қатынастары.

1

21

Батылдық пен өжеттік

Халық, Отан, махаббат құндылықтары туралы түсінік. Батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік; шешім қабылдай білу іскерліктері.

1

22

Еңбекқорлық пен еріншектік

Еңбек құндылығы туралы түсінік. Еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсінік.

1

23-24

Төзім мен табандылық

Төзімділік, табандылық тәрізді адами қасиеттер туралы түсінік. Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығы.

2

25

Сабыр түбі – сары алтын

Сабырлылық, ұстамдылық тәрізді адами қасиеттер туралы түсінік. Сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығы; жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.

1

26

Жақсылықтан жақсылыққа

Жақсылық құндылығы туралы ұғымдар. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы; жақсылық жасау іскерліктері.

1

IV- тарау. Әсемдік әлемінде

27-28

Табиғатқа қамқорлық

Табиғат құндылығы және қамқорлық адами қасиеті туралы түсінік. Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы; табиғатқа қамқорлық жасау түсінігі.

2

29

Жер-Ана

Жер ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Жердің адам өміріндегі маңыздылығы; жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастары.

1

30

Су – өмір көзі

Су ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Судың адам өміріндегі маңыздылығы; суға қамқорлық жасау іскерліктері.

1

31-32

Таза болса табиғат, аман болар адамзат!

Табиғат, денсаулық құндылықтары және табиғатқа қамқорлық адами қасиеттері туралы түсінік. Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсінік; денсаулығын күту іскерліктері.

2

33

Денсаулық өмір негізі

Денсаулық құндылығы туралы түсінік. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығы; денсаулығын күту іскерліктері.

1

34

Үйренгенім көп менің

Адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсінік. «Өзін-өзі тану» пәнінен 4-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау.

1

46. 4-сынып оқушыларының білімін бағалау.

47. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 4-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.

48. Оқушы 4-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.



49. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.

3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
50. Оқушылар 1-сыныптың соңында:

  1. адамгершілік құндылықтар мен өзін-өзі тану, білім, елжандылық, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, сүйіспеншілік сияқты жаңа ұғымдар, құндылықтар туралы алғашқы түсініктерді біледі;

  2. балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді;

  3. қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, Отан, денсаулық, әдептілік, өзара түсіністік, сыйластық құндылықтарын меңгереді;

  4. мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, шыншылдық сияқты адами қасиеттердің мәнін түсінеді;

  5. табиғатқа қамқорлық, денсаулықты сақтау, жасампаздық жарасымы туралы түсініктері қалыптасады;

  6. денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінеді, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және қолдана алады;

  7. өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;

  8. Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтары туралы түсініктерді біледі;

  9. шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін сезінеді, құрбыластары мен үлкендер арасындағы достық пен сыйластықты бағалай біледі;

  10. оқушы құқығы мен міндеттерін біледі және оларды қолдана алады.

51. Оқушылар 2-сыныптың соңында:

  1. бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім, ой, сөз, іс, татулық, махаббат, шындық, ар, ұят, обал, сауап сияқты жаңа ұғымдар туралы кеңейтілген түсініктерді біледі;

  2. оқуға құштарлыққа талпынуды, ұстаздарын сыйлауды, халық даналығын бағалауды, отбасылық дәстүрлерді сақтауды, туған өлкені аялауды, ана тілін құрметтеуді үйренеді;

  3. адамның өзіне және өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім, шыншылдық, адалдық, әділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды қасиеттері, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен эмоциялардың көрінісі туралы түсініктері болады;

  4. қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алады;

  5. адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы бастапқы түсініктері болады, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым-қатынас жасайды;

  6. адамдармен қарым-қатынаста достаса білуді, өзара келісімге келуді, түсінісуді, тіл табысуды, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білуді, көңіл күйін басқара алуды біледі;

  7. денсаулығын күтуді және сақтауды біледі;

  8. өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алады, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін қолдана алады.

52. Оқушылар 3-сыныптың соңында:

  1. бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді және өзін-өзі тануға құштарлық, білім, іс, қиял, сөз, бірлік, Отан, ризашылық пен алғыс, өнер, ақыл, еңбек, мақтаныш, мейірімділік, жақсылық, адамгершілік, адамшылық сияқты жаңа ұғымдар туралы терең түсініктер алады;

  2. адами сезімдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата біледі;

  3. мораль, этика мәселелерін талқылау барысында өзінің пікірін білдіріп, өз сөзіне және ісіне жауапкершілік таныта алады;

  4. адамның жағымды және жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың себеп-салдарын талдай алады;

  5. шаңырақ сыйластығы, ұл бала мен қыз бала достастығын біледі;

  6. денені шынықтыру қажеттігін түсінеді, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алады;

  7. топта, сыныпта, отбасында өзіне және өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлайды, сондай-ақ бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай алады;

  8. өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете алады;

  9. табиғаттың өмір сүрудің негізі ретіндегі маңызын түсінеді;

  10. қоршаған ортаға қамқорлық танытып, табиғи көздердің тазалығын сақтай біледі;

  11. оқу кітаптарын саналы түрде таңдай біледі, өз мінез-құлқын әдеби кейіпкерлердің әрекеттері арқылы бағалай алады.

53. Оқушылар 4-сыныптың соңында:

  1. адамгершілік құндылықтар мен өмірді тану, білімге құштарлық, ойлылық, ұжымшылдық, арман, ата-бала өнері, тіл, туған ел, жақсы сөз, адал достық, қуаныш, ашу мен ақыл, кешірім мен келісім, ортақ іс, құрмет, жақсылық жасау, талаптану, тыңдай білу, өзімшілдік пен көпшілдік, батылдық пен өжеттік, еңбекқорлық пен еріншектік, төзім мен табандылық, сабырлылық сияқты жаңа ұғымдар туралы терең түсініктер алады;

  2. өзінің сезімдері мен талпыныстарын көрсете алады, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерін тежей алады;

  3. өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;

  4. этика ережелерін біледі және іс жүзінде қолдана алады;

  5. табиғатқа, жер-анаға, суға қамқорлық жасай алады;

  6. денсаулықты сақтау және нығайтуды біледі;

  7. адам мен табиғаттың үйлесімділігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсерін сезіне алады, табиғатқа қамқорлық жасайды;

  8. өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінеді, ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатысты екенін біледі, қоғамға қызмет етудің мәнін түсінеді.

54. Мектептің бастауыш сатысына арналған рухани-адамгершілік білім беру мазмұны «Өзін-өзі тану» пәні бойынша БМЖМС-да қабылданған рухани-адамгершілік білімнің жалпы мақсаттарына және оларға сәйкес күтілетін нәтижелер жүйесіне қол жеткізу құралы болып табылады.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет