Бастауыш білім беру деңгейінің «Жаратылыстану» білім саласы бойынша



Дата29.06.2017
өлшемі170,97 Kb.
#20617
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ



Бастауыш білім беру деңгейінің

«Жаратылыстану» білім саласы бойынша

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(1– 4-сыныптар)

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 03.04.2013 жылғы №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.


Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Дүниетану» оқу бағдарламасы – Астана, 2013. –10 б.






© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013

«Дүниетану» пәнінен оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат
1. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Бастауыш сыныптарға арналған «Дүниетану» пәні «Жаратылыстану» білім саласының негізгі пәндерінің бірі.

3. Пәнінің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.

4. Негізгі міндеттері:

1) туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

2) оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;

3) күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;

4) «адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;

5) танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

6) қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;

7) картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;

8) тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;

9) танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;

10) бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;

11) адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;

12) жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

5. Пәннің мазмұнын меңгеру үшін 1 – 4-сыныптарға аптасына 1 сағатты: 1-сынып 33 сағатты, 2 – 4-сыныптар 34 сағатты құрайды.

6. Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыс ескеріледі:

1) қазақ тілімен. Байланыстыра сөйлеу, сипаттау, салыстыру, баяндау арқылы сөздік қорын байыту;

2) әдебиеттік оқумен. Табиғат, жер байлығы туралы әңгімелерді оқу, өлеңдер мен мақал-мәтелдерді жаттау;

3) математикамен. Тәжірибелік жұмыстарда түрлі өлшеу құралдарын қолдану, масштаб туралы түсініктерін кеңейту;

4) музыкамен. Адамның, табиғаттың көңіл-күйін бейнелейтін музыка, күйлер мен әндер тыңдау;

5) бейнелеу өнерімен. Суретшілердің табиғат, табиғат құбылыстары, жыл мезгілдеріне арналған шығармаларын пайдалану;

6) еңбекке баулумен. Түрлі бұйымдар жасау барысында табиғи материалдар туралы білімдерін пайдалану;

7) дене шынықтырумен. Денсаулық сақтау, күн тәртібі, адам өміріне зиянды әрекеттер, адам ағзасын шынықтыру туралы білімдерін толықтыру.

2. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
7. Айналадағы дүние (6 сағат):

1) қоршаған дүние. Денелер. Табиғат құбылыстары.

2) күн және түн, олардың адам, өсімдік және жануарлар тіршілігі үшін маңызы. Айналадағы дүниені бақылау.

8. Адам (4 сағат):

1) адам еңбегі;

2) адамның сезім мүшелері. Көз. Тері. Құлақ. Мұрын. Тіл. Оларды күту ережесі.

9. Табиғат (23 сағат):

1) ауа райы. Тұстарды бағдарлау;

2) табиғаттағы жыл мезгілдері. Күз мезгілі. Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегі. Қыс. Қысқы еңбек. Көктем. Көктемгі еңбек. Жаз. Жазғы еңбек;

3) жыл мезгілдеріне байланысты өсімдіктер тіршілігіндегі өзгерістер. Өсімдіктердің топтары, мүшелері және олардың атқаратын қызметі. Өсімдік жемістері. Тұқым. Тағамға пайдаланатын көкөністер және оларды өсіру жолдары. Өсімдіктердің көбеюі. Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызы. Өсімдіктерді қорғау – адамның міндеті;

4) жануарлар. Құстар. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, бунақденелілер, сүтқоректілер, жәндіктер туралы мағлұматтар. Олардың түрлері, тіршілігі, мекендеу ортасы. Олардың өсімдікке келтіретін пайдасы мен зияны;

5) аңдардың тіршілігі, азықтануы, түлеуі, күз және қыс мезгілдеріне дайындығы. Құстардың қысқа дайындығы. Жануарлардың көктемгі тіршілігі. Малдардың төлдеуі. Құстардың оралуы. Үй құстары. Олардың тіршілігі;

6) топсаяхат: «Өсімдіктер мен жануарлар әлемі», «Құстарға көмек», «Өсімдіктер тіршілігі» (саябақ, мұражай, хайуанаттар паркі, өлкетану мұражайы).

3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
10. Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы (6 сағат):

1) адам өміріне қажетті жағдайлар. Адам және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас;

2) адам еңбегі және оның адам өміріндегі маңызы. Табиғатты қорғаудағы адамның рөлі.

11. Табиғат (8 сағат):

1) көкжиек. Тұсбағар. Сурет және сұлба. Жер сұлбасы;

2) ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның адам, жануарлар, өсімдіктер өмірі үшін маңызы;

3) су. Судың қасиеті. Судың адам, жануарлар, өсімдіктер өмірі үшін маңызы;

4) топырақ. Топырақ құрамы, пайдасы туралы түсінік. Топырақтың маңызы;

5) зертханалық жұмыс. Ауаның қасиетін анықтау (түсі, көлемі, дәмі, иісі, жылу өткізгіштігі). Судың қасиеттерін анықтау (түсі, дәмі, еріткіштігі, күйі). Топырақтың құрамын анықтау (құм, саз, қарашірік);

6) топсаяхат. Тұсбағарды қолданып, қоршаған заттардың, нысандардың орнын анықтау. «Мектеп – үй», «Үй – дүкен», т.с.с. жүретін жолының бағдарын анықтап, сұлбасын қағазға түсіру.

12. Өсімдіктердің тіршілігі (10 сағат):

1) өсімдік – тірі ағза. Өсімдік мүшелерінің қызметі. Тамыр. Сабақ. Жапырақ. Олардың қызметі. Өсімдіктердің өсуі және тіршілік ортасы. Мәдени өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің көбеюі және оған қажетті жағдайлар. Адам өмірінде өсімдіктердің атқаратын рөлі.

2) тәжірибелік жұмыс. Тұқымнан өсімдіктің өнуін, көбеюін бақылау.

13. Жануарлардың тіршілігі (10 сағат):

1) жануарлардың көптүрлілігі. Жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайлар. Жануарлардың мекендеу ортасы. Үй жануарлары және жабайы жануарлар. Құстар. Үй құстары және жабайы құстар. Жануарлардың көбеюі және қоректенуі;

2) өсімдіктер мен жануарлардың адам өмірінде атқаратын рөлі. Табиғатты қорғау ережесі;

3) топсаяхат. «Өсімдіктер мен жануарлар көптүрлілігі» тақырыбында өлкетану, хайуанаттар паркіне, мұражайға саяхат.

4. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
14. Адам ағзасы және оны күту (8 сағат):

1) адам – табиғат перзенті. Ағза мүшелері, оның қызметі. Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі, оның атқаратын қызметі. Қаңқа. Бұлшық ет. Қимыл-қозғалыс мүшелері. Қан айналым мүшелері. Жүрек және оның негізгі қызметі. Тыныс алу мүшелері. Ас қорыту мүшелері, оның қызметі. Жүйке және оның қызметі. Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері. Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі. Көрнекі құралдар. Адам қаңқасы. Плакаттар: «Тыныс алу мүшелерінің құрылысы», «Жүрек құрылысы», «Қан тамырлары», «Адам ағзасы». Секундомер, спидометр;

2) сарамандық жұмыстар. Қол, аяқ сүйектерінің түрлі қимыл-қозғалыс атқаратынын байқау. Бұлшық еттің қимыл-қозғалыс кезіндегі рөлін түсіну. Қан тамыры соғуын (адамның тыныш отырған кездегі және қимыл-қозғалыстан кейінгі) есептеу.

15. Табиғат және адам (14 сағат):

1) табиғатты адам қалай зерделейді? Табиғатты зерттеу әдістері. Бақылау. Тәжірибе жасау. Тәжірибе туралы түсінік. Тәжірибе мен бақылаудың бір-бірінен айырмашылығы. Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу. Көрнекі құралдар. Термометр, таразы, сызғыш, күнтізбе. Шамаларды өлшейтін түрлі құралдар;

2) сарамандық жұмыстар. Өлшеу құралдарымен жұмыс, түрлі заттарды өлшеу. Күнтізбе, сызғыш, сағатты қолданып орындалатын жұмыс түрлері. Термометрмен ауа райын бақылау;

3) денелер. Заттар. Құбылыстар. Денелер туралы түсінік. Табиғи және жасанды денелер. Заттар. Заттардың қасиеті. Табиғи құбылыстар. Әр мезгілге сәйкес табиғаттағы өзгерістер туралы мәлімет. Көрнекі құралдар. Табиғи және жасанды денелердің модельдері;

4) сарамандық жұмыстар. Табиғи және жасанды денелердің айырмашылығын байқау. Денелер мен заттарды салыстыру, олардың байланысын анықтау;

5) ауа, су, ауа райы. Ауа, оның қасиеті. Желдің ауысуы. Табиғаттағы су, оның қасиеті. Бұлт және тұман. Жауын-шашын. Суды қорғау. Көрнекі құралдар. «Табиғаттағы су айналымы» (плакат);

6) сарамандық жұмыстар. Ауа райын болжау (халықтық жорамалдар туралы түсінік беру), жел бағытын, ауа температурасын, т.б. анықтап, «Бақылау күнделіктеріне» толтырып отыру;

7) тау жыныстары және оны қорғау. Тау жыныстары туралы түсінік. Тығыз және бос тау жыныстары. Пайдалы қазбалар және олардың түрлері. Гранит. Құм. Саз және әктас. Ас тұзы. Мұнай және табиғи газ. Адам өмірі үшін пайдалы қазбалардың маңызы.

8) топырақ. Топырақ түрлері, ерекшелігі, құрамы және оны қорғау. Көрнекі құралдар. Пайдалы қазбалар жинақтамасы;

9) сарамандық жұмыстар. Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау. Топырақ түрлерін зерделеу;

16. Өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігі (12 сағат):

1) өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктердің көптүрлілігі. Ылғалды жерде және құрғақшылықта өсетін өсімдіктер. Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер. Жарық сүйгіш және көлеңкеде өсетін өсімдіктер. Өсімдіктер тіршілік ететін орта. Адамдардың өсімдіктерді өз пайдасына жаратуы. Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер. Көрнекі құралдар. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер топтамасы. Жабайы және мәдени өсімдіктер;

2) топсаяхат. Өсімдіктердің көптүрлілігімен танысу. Табиғаттың әр мезгіліне сәйкес өсімдіктердің тіршілігімен танысу;

3) жануарлардың көптүрлілігі. Жануарлардың көптүрлілігі туралы мәлімет. Жәндіктер. Бұнақденелілер. Құстар. Балықтар. Қосмекенділер. Жорғалаушылар. Сүтқоректілер. Жануарлардың мекендеу ортасына бейімделуі. Жануарларды қорғау. Көрнекі құралдар. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар топтамасы. Қорықтар;

4) топсаяхат: Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген жануарлар өмірімен, тіршілік мекенімен танысу.



5. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
17. Табиғат (16 сағат):

1) табиғатты зерттеу және бақылау үшін қолданылатын түрлі әдістер;

2) физикалық карта. Масштаб. Құрлық беті: жазықтар, таулар. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі. Қазақстанның жер бедері, оның физикалық картада бейнеленуі;

3) пайдалы қазбалар, олардың топтары. Қара және түсті металл кендері. Жанғыш пайдалы қазбалар. Кеңге жатпайтын пайдалы қазбалар: фосфорит, асбест, әктас, бор, мәрмәр;

4) су. Су айналымы. Жер асты сулары. Минералды сулар. Өзендер мен көлдер. Адам тіршілігі үшін оның маңызы. Суды қорғау;

5) ауа және ауа райы. Ауаның жер бетінің тіршілігі үшін маңызы. Ауаның құрамы, қабығы. Ауа райын болжау. Ауаны ластаушы заттар. Ауаны тазарту және қорғау. Көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық, географиялық картасы. Жергілікті жердің сұлбасы. Пайдалы қазбалар жиынтығы;

6) сарамандық жұмыстар. Тұсбағарды қолданып бағдарлау. Қазақстанның физикалық және географиялық картасымен жұмыс: пайдалы қазбалар шығатын жерлер, өзендер, көлдер мен Қазақстан Республикасының шекарасын табу. Ауа райын бақылау күнделігімен жұмыс. Ауа райының өзгерістерін анықтау;

7) топсаяхат. Мұражайға (геологиялық) саяхат.

18. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары (12 сағат):

1) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендеріне бейімделуі. Шалғын өсімдіктері мен жануарлары. Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары. Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары. Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары. Ауа райының өзгеруі мен адам еңбегінің әсеріне байланысты олардың тіршілігіндегі өзгерістер;

2) еліміздің егіншілік және мал шаруашылығы. Адамның егін және мал шаруашылығын дамыту үшін жасаған жағдайлары. Көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық картасы;

3) сарамандық жұмыстар. Картадан орман-тоғайлар мен тауларды табу.) Топсаяхат. «Өзі тұратын туған жерінің өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танысу». Саяхат кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

19. Жер – ғарыш денесі (6 сағат):

1) ғарыш туралы алғашқы түсінік. Жұлдыз. Планета. Галактика туралы мәліметтер. Ғарышқа жол ашу. Ю.А.Гагарин тұңғыш ғарышкер. Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев – қазақ ғарышкерлері. Жердің ғарыштан көрінісі;

2) күн. Жер. Глобус – Жердің үлгісі. Жердің Күнді айнала қозғалуы. Оның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы. Күн мен түннің ауысуы және себептері. Жыл мезгілдерінің ауысуы. Көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық картасы. Глобус;

3) сарамандық жұмыс. Глобус – Жер моделі. Глобустың және Жердің айналуы.



6. 1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
20. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар:

  1. табиғаттағы жанды және жансыз денелер;

  2. күн мен түннің айырмашылығы;

  3. адам қолымен жасалған заттар;

  4. табиғи құбылыстар;

  5. адамның сезім мүшелері және оны күту;

  6. өсімдік мүшелері;

  7. жыл мезгілдеріне байланысты жануарлар мен құстардың тіршілік

етуі;

  1. жыл мезгілдеріне байланысты адам еңбегі;

  2. жыл мезгілдерінің атауын, оның адам, жануарлар және өсімдіктер тіршілігіндегі маңыздылығы;

  3. өсімдіктер мен жануарлардың адам өмірі үшін маңызы;

  4. жеке бас гигиена ережелерін;

  5. қауіпсіздік ережелерін білуі қажет.

21. 1-сыныптың соңында оқушылар:

  1. табиғатты қорғаудың қарапайым ережелерін;

  2. айналадағы дүниені бақылау әдістерін;

  3. тұстарды бағдарлау және оның атауын меңгеруі қажет.



7. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
22. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар:

  1. адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынаcы;

  2. ауа, су, топырақтың маңызы мен қасиеттері;

  3. өсімдіктің көбеюі үшін қажетті жағдайлар;

  4. өсімдіктің тіршілік ортасы;

  5. үй жануарлары және жабайы жануарлар;

  6. жануарлар мен құстардың қоректенуі;

  7. өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланыс;

  8. жануарлар мен құстардың тіршілігіне қажетті жағдайлар;

  9. өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі маңызы;

  10. сурет пен сұлбаның айырмашылығын білуі қажет.

23. 2-сыныптың соңында оқушылар:

  1. тұсбағарды пайдалану ережесін;

  2. үй жануарларына қамқорлық жасау жолдарын;

  3. зертханалық және тәжірибелік жұмыстардағы қауіпсіздік ережесін меңгеруі қажет.



8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
24. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:

  1. адамның ағза мүшелері, олардың маңызы;

  2. қимыл-қозғалыс мүшелері;

  3. көз, құлақ, мұрын, тіл, терінің маңызы мен қызметі;

  4. денсаулыққа пайдалы қызмет, зиянды әдеттер;

  5. табиғи және жасанды денелер;

  6. табиғат құбылыстары;

  7. ауаның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы;

  8. су, ауа, пайдалы қазбалар, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудағы адамның әрекеті;

  9. тау жыныстары;

  10. судың қасиеті, бұлт, тұман, жауын-шашынның пайда болуы;

  11. пайдалы қазбалар, оның адам өміріндегі маңызы;

  12. өсімдіктердің тіршілік ету ортасы, оның адам өмірі мен жануарлар тіршілігіндегі маңыздылығы;

  13. жануарлардың тіршілік ету ортасы және олардың қоректенуі;

  14. жануарлардың топқа бөлінуі;

  15. денелер мен заттардың өзара айырмашылығын білуі қажет.

25. 3-сыныптың соңында оқушылар:

  1. денелер мен заттардың қасиеттерін анықтайтын тәжірибелер жасауды;

  2. секундомер, спидометр және термометрді, таразыны қолдануды;

  3. салауатты өмір салтын сақтауды;

  4. пайдалы қазбалар (бағдарлама көлемінде) топтамасын ажыратуды;

  5. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жолдарын меңгеруі қажет.

9. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
26. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:

  1. пайдалы қазбалар, оның адам өмірі үшін маңызы;

  2. су айналымы, суды қорғау жолдары;

  3. адамның ауаны тазарту мен қорғау үшін жасап жатқан істері;

  4. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар (бағдарлама көлемінде);

  5. ауаның құрамы, қабығы, оның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі рөлін;

  6. туған жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы, даму жағдайлары;

  7. өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендері, адам еңбегінің әсері, қорғау жолдары;

  8. ғарыш туралы алғашқы мағлұматты пен қазақ халқының алғашқы ғарышкерлері;

  9. ауа, су және топырақты тазарту және қорғаудың қарапайым жолдарын білуі қажет.

27. 4-сыныптың соңында оқушылар:

  1. Қазақстаның жер бедерін (өзен, көл, тау, орман-тоғай), пайдалы қазбалардың кен орындарын физикалық картадан көрсетуді;

  2. географиялық картадан Қазақстанның шекарасын анықтауды;

  3. қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережесін пайдалануды меңгеруі қажет.

28.Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. қоршаған ортаны сақтауға және оны қорғауға, оған қамқорлық жасауға ұмтылысынан;

  2. адамдардың еңбегі және олардың мамандығына құрметпен қарауынан;

  3. өз-өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен, салауатты өмір салтын сақтауынан;

  4. өз жерінің табиғатына, оның рухани және материалдық байлығына, сұлулығы мен көркемдігіне деген мақтаныш сезімінен, сүйіспеншілігінен көрініс табуы тиіс.

29. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:

  1. қоршаған ортаны бақылау дағдысынан;

  2. табиғи құбылыстарды бақылау және талдау, өзіндік қорытынды шығару білігінен;

  3. табиғатты зерттеу әдістерін қолдана білу дағдысынан;

  4. сарамандық жұмыстар жасау дағдысынан;

5) жергілікті жердің сұлбасын сызу және оны жобалау білігінен;

6) алған ақпаратты талдап, жинақтап, қорытынды жасау білігінен;



7) танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен;

8) қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана білуінен көрініс табуы тиіс.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет