Бастауыш мектеп жасындағы оқушының жеке тұлғалық қалыптасуы



Дата25.04.2020
өлшемі20 Kb.
#64621
Байланысты:
1111

Бастауыш мектеп жасындағы оқушының жеке тұлғалық қалыптасуы

Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке тұлғалық қалыптасу мәселесі осыған дейін де қазіргі кезде де психологияның пәні болып табылады. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін М.Ф.Морозов, С.Л.Рубинштейн, Л.С. Славин, С.Л. Выготский, Д.Б. Эльконин, Е.А.Шестаков, Л.И. Божович және т.б. қарастырды. Мектеп өмірінің бастапқы кезеңін 6 – 7 жастан 10 – 11 жасқа дейінгі (І – ІV сыныптар) аралық құрайды. Бастауыш мектеп жасында балалар дамуында маңызды даму резевтері көп. Оқыту барысында бастауыш сынып балаларында жасына сай және орта мектеп жасына ауысуына байланысты психологиялық ерекшеліктерге бейімделушілік қалыптасады. Бірақ, баланың жеке тұлға болып қалыптасуы әр түрлі жолдармен жүреді. Біріншіден оның мектепке қандай дайындықпен келуі, екіншіден оның қабылдап жатқан педагогикалық әсеріне байланысты. Кішкентай оқушылар көбінесе оқуды жақсы көреді. Балада кіші мектеп жасында оқу әрекеті жетекші роль атқарады[1].

Бастауыш сынып оқушылары үшін мотивтердің ішінде, әлеуметтік мотивтер көп орын алады, олар баланың іскерлікке жағымды қатынасын, танымдық қызығушылықтарын анықтайды. М.Ф. Морозовтың эксперименттік зерттеулері бойынша, 1-сынып оқушыларын интелектуалды белсенділікті, ойлы ынталылықты көп қажет ететін білім қызықтыратыны анықталады. Әсіресе балаларды қиындай түсетін оқу тапсырмалары қызықтырады. Балалар, оларды ойландыра түсетін жаңа материалды қарастырғанды ұнатады. Оларға өздеріне сөйлем, сөз, ойландыратын тапсырмаларды құрауға берсе сол оларды қызықтырады. Бастауыш сынып оқушыларының ынтасы қиын күрделі тапсырмалар орындауға бағытталған. М.Ф.Морозовтың зерттеулерін жалпылай отырып, оның эксперименттері және бақылауларын ескере келе, төменгі сынып жасындағы балалар күрделі оқу жұмыстары мен бәріне зор ықылас танытады, бірақ соның ішінде оларға өздеріне күрделісін, қиынын, көп ынталанатынын, ойландыратынын және оларға жаңа білім беретінін таңдайды. ІІІ – ІV сынып оқушыларын көбінесе фактілерді түсіндіру, олардың қарым – қатынасының себептік құрылымдары оқу барысында нақты заңдылықтар қызықтырады.

Бастауыш сыныптың соңында балаларды жеке пәндер бойынша іріктеу басталды. Кейбір оқушыларда бұл тұрақты қызығушылық тудырады. Егер бастауыш сынып жасында қызығушылық дамымаса, онда оқуға жауапты және сапалы қатынас жаман жағына өзгереді. Бұл өзгеріс шамамен 3 – ші сыныптарда болады.

Бастауыш мектеп жасындағы баланың психикалық процесі және функциясы әбден жетіледі – ес логикалық түрде, зейін ерекше тұрақты, интелектуалды операциялар абстрактты және күрделілеу болады. Танымдық қажеттілік аса қажетті және күшті қажеттілік болып табылады. ІІІ – ІV сыныптарда мінез – құлықтың және іс - әрекеттің негізін қалайтын мотивтер, біртіндеп әлсірей бастайды. І – ІІ сынып оқушыларының қажеттіліктері мен талпыныстары, қызығушылығы біріншіден жаңа қоғамдық жағдайға байланысты. Дегенмен ІІІ – ІV сыныптарда балалар бұл жағдайға үйреніп, өз міндеттерін жақсы меңгеріп, қажетті сезімін тудыратын бастапқы кездегі жаңа және ерекше тартымдылығын жоғалтады.

Оқушының мектепке және оқуға деген жағымды қатынасын төмендететін тағы бір себеп бар. Ол мұғалімдер мен тәрбиешілердің баланың бойындағы мінез – құлықты қалыптастыруды міндет етіп қоймауы. Орыс педагогтарының арасында дағдыға ерекше көңіл бөлген К.Д.Ушинский. Ол дағдының, тәрбиенің, мінез – құлықтағы ролін қарастырумен қатар, оны мінездің ерекше компоненті деп есептеді. Мысалы, С.Л.Рубинштейн былай сендіреді: «Адамды бір нәрсені орындауға үйретсек, ол адамның дүниетанымына, адамгершілігіне әсер етіп, оның мінез – құлқынан орын алып, дағдыға айналады. Дағдыға айнала отырып, ол адамның «екінші болмысына» айналады».

Балаларда тұрақты жекелік сапалар, оларды еріксіз көндіру арқылы емес жаттығу арқылы, жағымды мотивтерді қолдану арқылы қалыптастырса жемісті болады.

Л.С. Славинаның зерттеулері:

- «Егер ересек адам баланың өзіндік белсенділігін жұмылдыра алса, онда осы іс - әрекет формалары және жүйелі жаттығулар, балада қажетті сапаларды қоғамдағы мінез – құлықты меңгерумен қорытындыланады;

- Ол өзінің психологиялық табиғатына сай мотив сапасын, спецификалық мінез – құлықпен қорытылады.

- Балада сапа формасы мінез – құлыққа сай жаттығу процесін жүргізу кезіңде орындалады.

- Меңгерілген мінез – құлық формасы мына жағдайда тұрақты болады. Біріншіден, бала сол мінез – құлыққа үйренсе, екіншіден – егер осыны өзі іштей қаласа.

- Балада тұрақты құлықтық – психологиялық сапа қалыптастыру, оның мотивация сферасында, мінез – құлық сферасында (өрісінде) нақты ұйымдастырушылықты қажет етеді»-деген ойға жетелейді.

Мотивацияға келетін болсақ, біріншіден, бұл мінез - құлықтың сапасы қажеттілігімен сәйкес келсе; екіншіден, бұл мінез – құлық ол үшін өзі ұмтылатын үлгі, идеал болса тұрақты болады.

Бастауыш мектеп жасында баланың еріксіз мінез – құлық сферасында көп өзгеріс болады. Мектепке бару секілді жаңа өмірдің әсерінен, оның мінез – құлық және іскерілік сферасы едәуір даму жолын өткізеді.

Л.С. Выготскийдің айтуынша дифференциялды ойындар және баланың мектептік өміріндегі еңбек, бастауыш сыныптағы бала дамуында ерекше болып табылады және бала дамуындағы психикалық процестер мен функциялардың қалыптасуына әкеледі. Бұл жастағы бала еркінің даму негізі оның ересектер қойған мақсаттарды басқаруы, сонымен қатар сол мақсатты өзі де қоя білуі, өз мінез – құлқын, іскерлігін басқара алушылығына байланысты. Мектептегі оқуға өту оның мінез – құлықтық еркін ғана қалыптастырып қоймай, танымдық, психикалық процестерін қалыптастырады.

Білімді меңгерудегі мінез – құлық еркі туралы ерекше зерттеу жүргізген Д.Б.Элконин және оның қызметкерлері. Олар былай ойлайды, біріншіден білім баланың іс – әрекеті үлгісімен жүзеге асырылуы тиіс, екіншіден оқушылар өзін - өзі үнемі басқаруы керек[2].

. Баланың оқу барысында бастапқы кезде есте сақтау ерікті және әдемі түрде жүргізіледі. Ол басқа әрекетте ерекшеленіп, теориялық жаттаудың тәуелсіз түрін қалайды.

Бастауыш мектеп жасындағы балалар өздерінің ойлау процесін нашар басқарады. Олар алдына қойған тапсырмадан тез көңілі бөлінеді. Өз ойларын соңына дейін жеткізе алмайды. Л.С. Выготский мен оның оқушыларының сансыз зерттеулері мынаны көрсетті; бастауыш мектеп жасында баланың психикалық процесі мен функциялары сыртай жанама түрге ие болды. Бұл психикалық процестерді саналы түрде басқару үшін балаға сол процестерді ұйымдастыратын сыртқы әдістер керек. Сондықтан төменгі сынып оқушылары естіген нәрселерін артынша қайталап, сол зат туралы ойлай бастайды. Бұл жерде сөйлеу баланың сүйеніп ойларын ұйымдастыратын сыртқы әдіс болып тұр[3].

Сонымен бастауыш жасындағы баланың танымдық психикалық процестері, оның ойын кезіндегі еріксіз іс - әрекетінің арқасында пайда болып, өзінің мақсаты, мотиві, әдісі бар тәуелсіз психикалық іскерлікке айналады: есте сақтау – ойында қалу – ерікті жаттауға қабылдау – бақылау әрекетіне; -ойлау – ойлану әрекетіне т.б. Бұл өзгерістерді қорытындылай келе мынаны көрсету керек, бұл жастағы танымдық психологиялық процестер, егер оқу барысы жеткілікті түрде дұрыс ұйымдастырылған болса айқын қалыптасады. ІІІ – ІV сыныптарда психикалық процестер толық қалыптасқан болады. Бұл жастағы баланың дамуына оқу барысындағы еңбек әрекетіндегі жоғарғы табыстар ерекше әсер етеді. Бұндай мотивацияның жоғарылауы, баланың одан әрі дамуына, екі жақты пайда әкеледі: біріншіден, балада өмірлік тұрақты жекелік ерекшелік қалыптасады – ол сәтсіздіктен қашып, табысқа жетуге ұмтылады; екіншіден бұл баланың басқа да қабілетінің тез дамуына әсер етеді[4].

Табысқа жету мотивациясына екі жекелік құрылым әсер етеді: өзін - өзі бағалаушылық және талпыну деңгейі. Бастауыш сынып оқушыларында өзіндік бағалаудың үш түрі кездеседі: адекватты, көтеріңкі және басыңқы.

Адекватты бағалау балалар, белсенді, сергек, тапқыр, көпшіл болып келеді. Олар көбінесе өз жұмысындағы қателерге қызығушылықпен қарап өз бетінше табуға тырысады. Өз мүмкіншілігіне сай тапсырмаларды таңдайды. Өзін - өзі бағалау тұрақтылығы төмен балалар өте сирек кездеседі. Бұның бәрі бастауыш мектеп оқушыларының өзін - өзі бағалаушылығы динамикалық, мұнымен қатар тұрақтылыққа жақын, кейін жеке тұлғалық іс - әрекетке әсер етіп, жекелік қасиеттердің қалыптасуына әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларының өзін - өзі бағалаушылығы төмен адекваттылығы олардың әрекеттерінен, кескін келбетінен айқын білініп тұрады.

Өзін - өзі бағалаушылығы жоғары балалар өз мүмкіншіліктерін жоғары бағалайды. Олар өздерінің шамасы келмейтін тапсырмаларды таңдайды. Менменділік, көрсоқырлық, жөнсіздік, жоғары өзімшілдік - өзін-өзі бағалаушылығы жоғары балалардың сипаттамасы. Бастауыш мектеп жасында нақты жағдайлы өзін - өзі бағалаушылықтан (өзінің әрекеттерін, қылықтарын бағалау) жалпылама бағалаушылыққа ауысу басталады. Жалпылама өзін - өзі бағалаушылығы, қабілеті мен іс - әрекетінің үлгісі ретінде болжанады. Қыздардың өзін - өзі бағалаушылығы. ІІІ сыныпта да, ІV сыныпта да ұлдардан жоғары болады. Бұл қыздардың тәртіп әрекетінің (орындаушылық, талпыныстылық) мектеп талаптарына сай келуімен түсіндіріледі.

Бастауыш мектеп оқушыларының өзін бағалаушылығы өзінің құрдастарымен қарым – қатынасы кезінде қалыптасады және коррекцияланады. Әдетте бұл баланың өз құрдастарының тобына «сіңуін» анықтайды, өйткені олар өзін бағалаушылығы белсенді адекватты балаларды жоғары бағалап, өзін бағалаушылығы төмен балаларға қарама – қарсы пікір білдіреді. Баланың топтағы немесе коллективтегі тартымдылық деңгейі оның білімдегі табысына, іскерлігіне ғана емес, сонымен қатар оның топтағы, жүйедегі құрдастарымен қарым – қатынасына да байланысты.

Бастауыш мектепке сай келетін жас кезеңін (І - ІV сыныптар) баланың жеке мінез – құлқының қалыптасып, бекітілетін кезеңі ретінде қарауға болады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың бір – бірімен қатынасы кезінде едәуір өзгерістер болады. Бұл кезеңдерде балалардың коллективтік байланыстары, ортақ пікірлері, бір–біріне деген талаптары, бағалаушылықтары қалыптасады. Олардың жеке тұлғалық бағыты анықталады, мұғалімдеріне, жолдастарына деген шарттары қалыптасады, жаңа өнегелі сезімдері және қажеттіліктері пайда болады. Жалпы оқу әрекеті оқушылардың жалпы мақсатқа ұмтылушылығын тудырады.

Негізінде балалық қатынасқа жататын әрекет біртіндеп оқу әрекетіне айнала бастайды: өзара талап етушілік және өзара көмек туындайды. Бастауыш сынып балаларында жекелік қоғамдық бағыттаушылық, басқа балаларды сынып жұмыстарымен қызықтырушылық пайда болады.

Бастапқыда бастауыш сынып балаларының қоғамға бағытталушылығы, оның құрдастарының ортасына ұмтылуымен, бір істі барлығына жария етуімен, басқалардың істеген ісін қайталауымен байқалады. Бұл арқылы бастауыш сынып оқушыларының еліктегіштігі көзге түседі. Бірақ бұл бағыттаушылық уақыт өте келе жаңа дамыған формаға ие бола бастайды. Балалар өздерін бір бүтіннің бір бөлігі ретінде сезіне бастайды. Е.А.Шестакованың зерттеулері бойынша І және ІІ сынып оқушыларына мұғалімнің бүкіл сынып алдында ескерту жасауы парықсыз екені анықталады. Дегенмен, бұл ІІІ - ІV сынып оқушыларына бұл басқаша әсер етеді, олар құрдастары алдындағы ескертулерге қайғырады. Бұл кезде балалар арасында күштірек дифференциаланған жекелік қарым – қатынас туындайды. ІІІ - ІV сыныптарда оқушылар жолдастарының әрекеттерін өзара талқылай бастайды. Бастауыш мектеп жасындағы балада пайда болған қоғамдық бағыттаушылық арқасында, олар белсенді түрде топтағы өз орнын табуға, өз құрдастарының алдында сыйлы, абыройлы болуға тырысады[5].

Қорыта келе, бұл бастауыш мектеп жасындағы оқушының қоғамға бағыттала дамуы, өз көзқарастарының тобына бағытталуы, құрдастарының арасында өз орнын таба білуі үшін, ол топтың пікірімен санасуы, сол топтағы қабылданған қағидалар мен салттарға бағынуы қажет. Алайда, бұл қағидаларды меңгеруі бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың өнегелі сезімдерінің қалыптасқанын білдіреді. Бастауыш мектеп жасындағы басты жаңашылдықтар, осы кезеңде қалыптасып баланың жаңа жас кезеңдік дамуына, орта мектептік жасқа өтуіне қажетті алғы шарты болып табылады. Бұл біріншіден, бастауыш мектеп жасындағы танымдық өрісінің дамуы, балада шындыққа деген жаңа танымдық қатынастың дамуы, ойлаудың қиын формаларына ауысуы. Ал, екіншіден, баланың қажеттіліктерінің аффекті деңгейінің жаңадан құрылуы, өзінің мақсаттарын, қулықтың шарттарын және сезімдерін саналы түрде басқаруы. Үшіншіден, баланың тұлғалық қасиеттерінің негізін қалайтын мінез – құлық және әрекет формалары жақсы қалыптасуы керек.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.- Алматы: 1987.

  2. Столяренко А.М. Психология и педагогика – М., 2001.

  3. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. – Алматы: 2004.

  4. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. - М.: 1996.

  5. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология.ІІ т. – Шымкент: 2007.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет