Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері


Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері



бет4/12
Дата23.05.2020
өлшемі417,5 Kb.
#70822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Камалова Дилафруз ДИПЛОМ

1. Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс –әрекеті

Оқу – іс әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажеттігі білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.

Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан- жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру- ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.

Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Мәселен, мұның бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді. Үшінші кезенде, ұғынғанын нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезенде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысын түсінеді. Мәселен, ”от жақса түтін шығады” дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды да шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланыстығын түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп аталынады. Бастауыш сынып оқушылары оқу материалдарының мәнісіне терендеп бара бермейді. Оларды жай жаттап алады да, өз бетінше пікір айтуға орашолақ келеді. Бұдан анализ, синтез процестерінің балада онша дамымағаны көрінеді. Мұғалім оқушы ойлауындағы анализге жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала материалдың бір-бірімен қиысып байланыспаған жеке жақтарын меңгереді де, осыдан ұғымның меніне толық түсінбей қалады. Сондай-ақ,мұғалім синтездеу тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс байланыспай қалады да, берілген мағлұматтың практикалық мәні кеми түседі. Кейбір мұғалімдер баланың белсенді ойлау процесін дамытудың орнына оның ес қабілетін өсіруге ерекше мән береді, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып, әр нәрсені бір –бірімен салыстырғызып, талдап жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал, материалды өз күйінше жаттап алу, оның мағынасын түсінбей оқу жақсы нәтиже бермейді, бала дұрыс білім ала алмайды. Бастауыш мектеп мұғалімдері осы жайды қатты ескергендері дұрыс.



Психолог П.Я.Гальперин (1902-1988) өзінің “Ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасуы” теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әректтерді (затты ұстап көру, тұрқын, көлемін ажырату, шамамен өлшеу,т.б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестеді. Содан соң дауыстап және іштен айта алатын болады,сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді. Баланың білім меңгеруі, мұғалімнің сабақ оқытуы екеуі де «инемен құдық қазғандай» аса қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-ой керенаулығын, рухани жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр уақытта оқушының рухани тілектерін ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамытуы қажет. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының зердесінде де «бәрін білуге» құштарлықтан туындайтын тамаша қасиет бар. Олар: «Қоянның аяқтары неге ұзын», «Ақтиін неге ағаш басында тірлік етеді?», «Шалқалап тұрған шыбыңдар неге құлап кетпейді?» т.б.осындай көп сұрақтар қояды. Кейбір ата-аналар, тіпті мұғалімдер де балалардың осындай үйреншікті, мәнісі бар сұрақтарына жауап бермейді»сен мұны бәрібір түсіне алмайсын», «жоғары сыныпқа барғанда оқисыңдар» деп ұзын арқау, кең тұсауға салып кете береді. Әрине, сұрақ біткенің бәріне жауап қайтара берудің қажеті жоқ, бұл сұраулардың кейбіреулері осы жастағы балалардың интеллектік мүмкіндіктерін көтермейді де, бірақ мына жағдай әр уақытта есте болуы тиіс. Егер бала мүмкіндіктері жете бағаланбаса, тілектері қанағаттандырылмаса, бұл оның дүниені танып –білуге құштарлығының болмауына әкелуі ықтимал. Балалардың ақыл-ойын дұрыс дамыту үшін оқытуды тым жеңілдетудің де қажеті жоқ. Баланың ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана қарқыңды дамытуға септік тигізе алады. Мәселен, 1 сыныптың мұғалімі балаларға 9 санның екі және жетіден, алты және үштен құралатындығын айтып: «9 саны тағы да қандай сандардан құралады? - деп сұраса, олар:», «Төрт пен бестен»- деп жауап береді. «Тоғыздан төртті азайтсақ, қанша қалады?», «Тоғыздан бесті азайтсақ ше?», «Сендер нені аңғарасыңдар?» деп мұғалім ой сала сөйлейді. Балалар:’’Қосындыдан бірінші қосылғышты шегерсек, онда екінші қосылғышы шығады’’.-дейді. Мұғалім тағы да ойын жалғастырып:’’Екінші қосылғышты шегерсек қайтеді? ’’Онда бірінші қосылғыш шығады’’, -дейді бір оқушы.’’Олай болса; қосындыдан қосылғыштардың біреуін шегерсек”,- деп мұғалім сөзін сабақтай бергенде,”екіншісі шығады” деп бала сөйлемді аяқтайды. Міне, оқушының ойлау белсенділігінің осылай дамуы, білім мен дағдыға қанығудың негізі осылай қаланады, ол шамалардың арақатынас мен амалдарды терең түсінетін болады. Бұл жай бізге арифметиканың аясынан шығып, бірінші сыныптың бағдарламасына геометрия мен алгебраның элементтерін кіргізуге мүмкіндік беріп отыр. Осының арқасында шәкірттер заттар мен фактілерді саралап, салыстырып, әр құбылыстың неден туындайтынын, яғни оның себебін іздестіретін болады, олар сұраққа жай жауап беріп қана қоймай, өздеріде сұрақ қоя біліп, оның өз бетінше шеше білуге машықтанады. Мәселен, бірінші сыныптағылар үшін Д.Б.Эльконин құрастырған әліппеде осы жағдай қатты ескерілген.

Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады. Тәрбиеші, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен,оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады. Мәселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен саналықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез –құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана – сезімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмен (мәніне түсінбей құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау т.б.) құтылу қиын болады.

Мектеп оқушыларының оқуға саналы қатынасуын тәрбиелеп, дамытуда мұғалімдер ұжымының алатын орны ерекше. Мәселен олардың арқасында мектепке сырттай оқуға қызығып келетін балалар да жйі ұшырайды. Мұндай бала мектепке үйіне, оның партасына, мұғалімге, өзіндей балаларға көңіл бөледі. Оқу оны жөнді тартпайды, өйткені, оған қиын көрінеді. Баланың көбінесе ойнағысы келіп тұрады, партада дұрыс отыра алмайды,жйі қозғалады, айналасына алақ – жұлақ қарай береді. Мұндай баланы үйінде ойлатып не тыңдатып әдеттендірмеген.

Оқуға, білім алуға ұмытылуды тудыратын мотивтер (себептер) балада бірден пайда бола қоймайды. Бастапқыда бұлар өте қарапайым болып

келеді. Мәселен, ол оқып жазғанына ғана, алған бағасының жалпы санына ғана мәз болады. Ата- анасынан қорқып жақсы оқуға тырысатын не жолдас баласымен бәсекелесіп жақсы оқуға тырысатын балаларда болады. Баланың жасы өскен сайын оның мотивтерінің де мазмұны өседі. Мәселен, білімді адамның халқына мол пайда келтіретінін, жұрттың ондай адамдарды құрметпен сыйлайтынын түсіне бастайды.

Оқу әрекетінің психологиялық табиғаты жайында, кейбір оқушылардың не себептен үлгерімі төмен болып, екінші жылға қалып қоятындығы жайлы сөз болғанда, төмендегідей себептері анықталады. Үлгермеушілік негізінен екі түрлі себепке байланысты туып отырады. Мәселен, бір жағынан, оқыту тәсілдері мен бағдарламалардың ол қылықтары, оқушыға берілетін білім мөлшерінің нақты белгіленбеуінен туса, енді бір жағынан, балаларды өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне байланысты (оқуға шамасы келмеу) болып отырады. Соңғы кезде психологиялық тұрғыдан жүргізілген зерттеулер балалардың өзіне байланысты болатын үлгермеушіліктің бес тобын ашып отыр. Үлгерімі нашар балалардың бірінші тобына мұғалім бақылауынан біраз уақыт шығып қалған оқушылар кіреді. ( Мәселен, 5-6 апта бойы ауырып сабаққа бара алмаған оқушыға мұғалім тарапынан жәрдем көрсетілмесе, оқушыға оқуға деген енжарлық пайда болады). Екінші топқа ми ауруларымен ауырған (ақыл-ой кем) балалар жатады. Осындай балалар тек арнаулы мектептер арқылы білім алуы тйіс. Үшінші топқа мүкіс еститін,не істеуі кейінен нашарлаған балалар жатады. Мұндай балаларды ақыл – есі кем балалар оқитын мектепке жіберу дұрыс емес. Нашар еститін балалар өздеріне арнайы ашылған мектептерде ғана оқуы қажет. Түрлі аурулармен ауырып,организмі әлсіреген балалар үлгермейтіндердің төртінші тобын құрайды. Осы топтың балалары санаториялық мектептерде оқыса ,оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп кете алады. Үлгермеушілердің бесінші тобына нашар мінезді балалар (сотқар. қасарысқан,қыңыр,т.б.) жатады. Үлгермеушілердің бірінші үшінші, төртінші тобындағы балалар, жетілдірілген әдістермен оқытылса, олардың оқукеренаулығы жойылып, ақыл-ойының белсенділігі біртіндеп артатын болады. Балалардың сабақ үлгермеушілігінің көзін неғұрлым ерте табу, сондай-ақ, оларға қажетті психологиялық шаралар таңдай білу - әр мұғалім ойластыратын негізгі мәселе. Бұл, сонымен бірге педагогика, психология ғылымдарының әлде де болса тәптіштеп зерттей түсетін зор мәнді ғылыми проблемасы. Бұл жердегі мақсат терең де тиянақты білім беріп қана қоймай, “жастарды еңбек сүйгіштік, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиелеуде олардың бойында моральдық қасиеттерді қалыптастыруда екендігін есте ұстау керек.

Оқу –мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланыты.

Баланың оқу әрекеті-күрделі, жан –жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б, психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.

Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат міндеттерін анықтауға үйрету керек.

Егер бала әрбір оқу жұмысын ( тапсырмасын) не үшін қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе,онда оқушы әрекетінің саналығы артады.

Оқу жұмысының мақсат - міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс падалануға. өз әрекетін қадалауға (бақылауға) бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.

Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағыталған ойлаудың жалпы амал- тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болуға табылады. Оқу әрекетінін белгілі құрылымы мыналар:

1.Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар).

2.Оқу әрекеттері ( баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл амалдары ).

3.Бақылау ( оқушылардың өзін – өзі қадағалап тексеріп отыруы)

4.Бағалау ( мұғалімнің және оқушының өзіне өзі берген бағасы).

Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады.Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі.Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбыластардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды,заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау – нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау- белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен –өзі қалыптаспайды. Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет