Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі



Дата06.07.2018
өлшемі297,95 Kb.


ЖОБА
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы « » __________

№ бұйрығына қосымша


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығымен бекітілген



Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:

1) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;

2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.
2-тарау. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық

аттестаттау жүргізудің тәртібі
3. Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жартыжылдық) бағаларының негізінде аттестатталады.

1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың (баланың заңды өкілдерінің) келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды.

1-сыныптың бірінші жартыжылдығында оқу материалын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

4. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.

Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

5. Орта білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - мектеп) оқу жетістіктерін сырттай қорытынды бағалау:

бастауыш мектепте (4-сынып) оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу мақсатында ішінара;

негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерін аяқтағаннан кейін:

негізгі мектепте (9 (10) сынып) - оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;

жалпы орта (11 (12) сынып) мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.

6. 2-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды әрбір тақырып пен бөлім бойынша бағдарламалық материалды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері жүргізеді.

7. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Аралық аттестаттау оқу пәндерінің тізбесі (екіден артық емес), нысандары мен өткізу мерзімдері мектептің педагогикалық кеңесінің (бұдан әрі – педагогикалық кеңес) шешімімен белгіленеді.

8. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.

9. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанындағы бақылау жұмыстары қайта ұйымдастырылады. Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша «3», «4», «5» деген бағалар алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.

10. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз қорытынды бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аралық аттестаттауға жатады. Жазғы каникул кезеңінде осы білім алушыларға тиісті пәндер бойынша оқу тапсырмалары беріледі.

Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда, білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.



3-тарау. Білім алушыларды қорытынды

аттестаттаудан өткізу тәртібі
11. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:

1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

12. Қорытынды аттестаттауға орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖМБС) талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

13. Қорытынды аттестаттау өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді.

14. Негізгі орта білім туралы куәлікке енгізілетін барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған 9 (10) сынып бітірушілеріне негізгі орта білім туралы үздік куәлік беріледі.

15. 10-11 (12) сыныптарды оқу кезінде барлық пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттау бағалары «5» болған 11 (12) сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

16. Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

17. Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау өткенге дейін жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанында қосымша бақылау жұмыстарын орындауға рұқсат етіледі.

18. Білім алушыларды денсаулық жағдайлары бойынша «Технология» немесе «Дене тәрбиесі» оқу пәндерінен босату оларды келесі сыныптарға көшіруге және қорытынды аттестаттауға жіберуге әсер етпейді.

19. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:

1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушыларына мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге рұқсат етіледі;

2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;

3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 (12) сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің толық курсынан өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін жалпы орта білімнің толық курсынан өткендігі туралы анықтама алған білім алушыларды білім беру ұйымында тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі.

20. Тиісті оқу пәндері бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қайта бітіру емтихандарын және 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), сондай-ақ білім басқармаларының келісімі бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдері, республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрлік белгілейді.

21. Жазғы тапсырмалар мен қайта қорытынды аттестаттау материалдарын тестілеу немесе жазбаша (эссе), ауызша нысанда мектептер әзірлейді.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына Негізгі орта білім туралы куәлік, 11 (12) сынып білім алушыларына жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

22. Барлық жалпы білім беретін пәндерден үлгеретін білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

1) денсаулық жағдайына байланысты;

2) І - II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

3) жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар, халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер.

23. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

1) мектептің медициналық қызметкерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған тұрғылықты жеріндегі емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы;

2) мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;

3) оқушының үлгерімі мен тәртібі табелі.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.

24. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10) сыныптың білім алушыларына сауыққаннан кейін өтіп кеткен емтихандарды тапсыруға мүмкіндік беріледі.

25. Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13 сағат 00 минутқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясына (бұдан әрі - Комиссия) шағымданады.

26. 9 (10), 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды бітіру емтихандарын немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.

27. Білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер Қазақстан Республикасының мектептерінде 11 (12) сынып үшін қорытынды емтиханнан өтеді. Қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін оларға шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып, жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

28. Білім алушылардың халықаралық алмасу бағдарламасының финалистері толық оқу курсын оқыған кезеңде білім алушылардың халықаралық алмасу желісімен кеткенге дейін оқыған Қазақстан Республикасының мектептері контингентінің есебінде болады.

29. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы түзеу мекемелерінде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың медициналық диагнозына сәйкес аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы шешеді.

30. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары үш пәннен міндетті және таңдау бойынша бір пәнінен ауызша емтихан тапсырады.

31. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысанда өткізіледі:

1) ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін – шығарма, қалған білім алушылар үшін - диктант);

2) математикадан жазбаша емтихан;

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен ауызша емтихан;

4) қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан.

5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) жазбаша немесе ауызша емтихан.

32. Жалпы орта білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары төрт пәннен міндетті емтихан және таңдау пәнінен бір емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады.

33. 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысанда өткізіледі:

1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе (әдеби-сыни және көркем эссенің біреуін таңдау ұсынылады) нысанында жазбаша емтихан:

2) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен тестілеу;

3) қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;

4) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

5) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

6) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.

Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен және таңдау бойынша пәннен тестілеу Министрлік белгілеген мерзімде бір күнде өткізіледі.

34. 9 (10) сынып білім алушыларына емтихан жұмыстарының материалдарын білім басқармалары, республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары және 11 (12) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Министрлік дайындайды.

35. Негізгі орта білім беру деңгейінің 9 (10) сыныбында диктантқа - 2 астрономиялық сағат, шығармаға - 4 астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 3 астрономиялық сағат (физика-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.

36. 11 (12) сыныпта эссе жазуға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына (жазбаша) 5 астрономиялық сағат бөлінеді.

Қорытынды аттестаттаудан өтетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептің ұсынымдарына сәйкес Комиссияның шешімімен емтихан тапсыру кезінде қосымша уақыт беру мүмкіндігі беріледі.

37. Жазбаша емтихандарды өткізу үшін неғұрлым үлкен сынып бөлмелерін дайындау қажет: 11 (12) сынып білім алушылары міндетті түрде бір-бірден, ал 9 (10) сынып білім алушылары бір-бірден немесе екіден отырғызылады.

Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге Комиссияға тапсырады.

Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқталмаған қалпында тапсырады.

38. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын Комиссияға тапсырады, емтихан жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қажет болған жағдайда үзіліске арналған ұзақтау уақыт ұсынылады.

39. Жазбаша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушылардың жұмыстарын Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында тексереді.

Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.

Математика пәні бойынша «2» және «5» бағалары қойылған жазбаша жұмыстарға пікір жазылады.

Оқыту тілі бойынша қайта жазбаша емтихан нысанын мектептің Комиссиясы белгілейді.

9 (10) сыныптағы шығарма және 11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру курсындағы математикадан жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.

40. Мектептерде 5-11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.

5-11 (12) сыныптардағы тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.

41. Мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі 9 сағат 00 минутта басталады. Ерекше жағдайларда осы Ереженің талаптары мен тәртібін сақтау үшін (мектепте білім алушылардың саны көп болғанда) емтихандарды 2-3 лекпен өткізуге жол беріледі.

Эссе тақырыптары салынған пакеттер білім алушылар мен мектептің Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.

Математикадан материалдар салынған пакеттер 9 және 11 сыныптарда ұсынылған тапсырмалар шартының дұрыстығын тексеру үшін мектептің Комиссия мүшелерінің ғана қатысуымен емтихан басталудан 1 сағат бұрын ашылады.

42. Ауызша емтихандарды өткізу үшін 24-тен астам білім алушысы бар сынып емтиханды бірінен соң бірі сол күні тапсыратын екі топқа бөлінеді.

43. Ауызша емтиханда жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, Комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға 1 балға төмендейді).

44. Әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихандар, тестілеулер және сыныптан-сыныпқа көшіру естихандары өткеннен кейін Комиссия білім алушыларға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды және оларды осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріндегі оқу курсының емтихан (тестілеу) және қорытынды бағалар хаттамасына (бұдан әрі - Хаттама) енгізеді. Хаттамаға мектеп Комиссиясының мүшелері қол қояды.

45. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды баға қою кезінде олардың осы емдеу мекемесінің жанындағы мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жартыжылдық) және жылдық бағалары ескеріледі.

46. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары оларға осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады.

Білім алушының жазбаша өтінішінің негізінде мектептің Комиссиясы төрағасының қатысуымен оған жазба жұмыстарын тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.

47. Кезекті емтиханнан «2» деген баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.

48. Комиссия қорытынды бағаларды шығарарда төмендегілерді басшылыққа алуы керек:

1) пән бойынша қорытынды баға жылдық және емтихан бағаларының негізінде ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жартыжылдық) бағаларын ескере отырып анықталады (емтихан бағасы «4», «5» болған жағдайда ескеріледі);

2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға қойылмайды;

3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.

4-тарау. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

жөніндегі емтихан комиссиясы

жұмысының тәртібі
49. Мектептерде қорытынды аттестаттау өткізу үшін Комиссия мектеп директорының бұйрығымен мектептер жанында, білім бөлімі басшысының бұйрығымен аудандық, қалалық білім бөлімдері жанында, басқарма басшысының бұйрығымен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мектептері үшін білім басқармалары жанында және Министрдің бұйрығымен республикалық мектептер үшін Министрлік жанында құрылады.

50. Мектеп жанынан құрылған Комиссия құрамына пән мұғалімдері және мектеп директорының орынбасарлары кіреді. Комиссияны мектеп директоры немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

Мектеп жанындағы Комиссия мүшелерінің саны негізгі және орта мектепте бір бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде бес адамнан және негізгі және орта мектепте екі және одан көп бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде жеті адамнан тұрады.

51. Аудандық, қалалық білім бөлімдері жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, аудандық, қалалық әкімдіктердің, білім бөлімдерінің, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің немесе білім бөлімі қызметкерінің арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны білім бөлімінің басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

52. Білім басқармасы жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, жоғары оқу орындарының, облыс әкімдігінің, білім басқармасының, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің немесе білім басқармасы қызметкерлерінің арасынан тағайындалған хатшы кіреді. Комиссияны білім басқармасының басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

53. Министрлік жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, Министрлік және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ Министрлік қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі басқарады.

54. Мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының, оның ішінде жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау және ауызша емтихан жауаптарын тыңдау;

2) қорытынды аттестаттауды, сонымен қатар тестілеу жұмыстарын өткізуді ұйымдастыру;

3) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

4) қорытынды аттестаттау өткізу уақытына кезекшілер құрамын қалыптастыру;

5) жауап парақтарын сканерлеуді және емтихан жұмыстарын бағалауды ұйымдастыру;

6) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;

7) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласына сәйкес бағаларға ауыстыру;

8) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және шешім қабылдау.

55. Аудандық, қалалық білім бөлімі, білім басқармасы, Министрлік жанынан қалыптастырылған Комиссиялар келесі іс-шараларды жүзеге асырады:



  1. білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  2. қорытынды аттестаттау өткізу уақытына кезекшілер құрамын қалыптастыру;

  3. жауап парақтарын сканерлеуді және емтихан жұмыстарын бағалауды ұйымдастыру;

  4. тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;

  5. осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласына сәйкес бағаларға ауыстыру;

  6. «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО) филиалында емтихан жұмыстарын өңдеу кезеңінде үздіксіз электрқуаты мен телекоммуникацияны ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

  7. жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің тамақтануын, тұруын және оларды ҰТО филиалдарына және кері жеткізуді (ҰТО филиалынан кемінде 50 шақырым қашықтықта тұратын мектеп бітірушілер тестілеу күні 7 сағат 00 минуттан бастап, ал 50 шақырымнан артық қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеуден бір күн бұрын тасымалданады) ұйымдастыру;

  8. апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

56. Жұмыс қорытындысын шығару және «Алтын белгі» белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешім қабылдау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы ағымдағы жылғы 25 маусымнан кешіктірілмей өткізіледі.

57. Министрлік жанынан құрылған Комиссияның жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер білім алушылардың кандидатураларын растау туралы шешімі Министрдің бұйрығымен бекітіледі.

58. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері ағымдағы жылғы тамыз айында оқу жылының жұмыс қорытындылары бойынша мектеп жанынан құрылған Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен Педагогикалық кеңесте талқыланады. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдайды.

5-тарау. 11 (12) сынып бітірушілері арасында

тестілеу өткізу тәртібі
59. 11 (12) сынып бітірушілері арасында тестілеу өздері оқыған мектеп базасында өткізіледі.

Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін тестілеу ҰТО филиалдарының базасында өткізіледі.

60. Тестілеуге қатысушылардың деректер базасын қалыптастыру 1-20 сәуір аралығында ҰТО-ның бағдарламалық қамтамасыз етуімен жүзеге асырылады. Деректер базасын қалыптастыру білім алушылар оқитын мектептерде жүргізіледі, ҰТО-ға мәліметтерді беру ҰТО филиалдары арқылы жүзеге асырылады. Деректер базасын қалыптастыру қорытындылары бойынша тестілеуге қатысушыларға рұқсаттама беріледі.

61. Тестілеу МЖМБС-ға сәйкес ҰТО әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен осы Ереженің 35-тармағының 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген оқу пәндер шегінде өткізіледі.

62. Тест тапсырмаларының саны және нысаны, тестілеуге арналған жауап парағының нысаны, сондай-ақ тестілеуге бөлінген сағат саны әр пән бөлінісінде жасалған тест ерекшеліктерімен анықталады. Тест ерекшеліктерін Министрлік әзірлейді.

63. Тест тапсырмаларының базасын қалыптастыруды, емтихан материалдарын дайындауды және білім басқармаларына жеткізуді ҰТО жүзеге асырады.

64. Емтихан жұмыстарының нәтижелерін өңдеу ҰТО филиалдарында жүзеге асырылады.

65. Емтихан материалдарын білім басқармаларынан әрбір мектепке жеткізуді жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.

66. ҰТО филиалында емтихан материалдарын өңдеу ҰТО филиалы қызметкерінің, мектеп, аудандық, қалалық білім бөлімі және білім басқармасы жанынан құрылған Комиссия өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.



67. Тестілеуге бітірушілер өзімен бірге қара пасталы қалам, жеке басын куәландыратын құжат және тестілеуге рұқсаттама алып келеді. Өзге заттарды әкелуге жол берілмейді.

68. Министрлік әзірлеген жауап парағының қызметтік секторлары толтырылғаннан кейін ғана № 1 орыннан бастап сұрақ кітапшалары таратылады.

69. Сұрақ кітапшалары таратылып берілгеннен кейін бітірушілер сұрақ кітапшасының барлық беттерінің болуын тексереді. Сұрақ кітапшасында беттер болмаса немесе типографиялық жарамсыздықтар орын алған жағдайда, бітіруші ол туралы Комиссия мүшелеріне хабарлайды.

70. Бітіруші жауап парағына сұрақ кітапшасының нұсқа нөмірін және сұрақ кітапшасының титул парағын толтырады.

71. Жауап парағының қызметтік секторы және сұрақ кітапшасының титул парағы толтырылғаннан кейін тақтаға тестілеудің басталу және аяқталу уақыты жазылады.

72. Бітірушіге сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға, емтихан материалдарын ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, iPad, iPod, iPone, SmartPhone), ноутбуктар, плейерлер, радио-электронды байланыстың кез келген түрін (Wi-Fi. Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G) аудиторияға кіргізуге және пайдалануға, сұйықтықпен түзету, беттерін бөлу, қарастырылмаған (жауап парақтарының нөмірлері) секторларды бояу арқылы емтихан материалдарын (жауап парақтары мен сұрақ кітапшаларын) бүлдіруге рұқсат етілмейді.



73. Мектеп бітірушілердің барлығын тестілеу аяқталғаннан кейін мектеп жанынан құрылған Комиссия тестілеу материалдарын ҰТО филиалына өңдеуге жеткізуді жүзеге асырады.

74. ҰТО филиалында тестілеу материалдары өңделіп болған соң мектеп жанынан, аудандық, қалалық білім бөлімі жанынан құрылған Комиссия және ҰТО филиалы үшін емтихан ведомосы 3 данада басып шығарылады.

75. Тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде бітірушілердің назарына жеткізіледі.

Бастауыш, негізгі орта,

жалпы орта білімнің білім

беретін оқу бағдарламаларын

іске асыратын білім беру

ұйымдарындағы білім алушылардың

үлгеріміне ағымдық бақылаудың,

оларды аралық және қорытынды

аттестаттаудың үлгі ережесіне

1-қосымша


Нысан

Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқыту курсы үшін емтихан (тестілеу) және қорытынды бағалардың

ХАТТАМАСЫ

_______________________________ бойынша Қазақстан Республикасы

(оқу пәнінің атауы)
________________________________________________________________

(облыстың атауы)

________________________________________________________________

(аудан атауы)

_______________________________________________________________

(қала (ауыл) атауы) _______________________________________________________________

(мектеп атауы)
Емтихан комиссиясының құрамында:

____________________________________________________________________

Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________________________________________________________________

Емтихан алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________________________________________________________________

(ассистенттің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Білім басқармасынан (Министрліктен) жіберілген емтихан материалдарының пакеті _____ сағат ____ минутта ашылды.

Пакетпен жіберілген емтихан (тест) материалдары осы хаттамаға қоса берілді.

Емтиханға (тестілеуге) келді: ____________________________________________________________________

Білім алушылардың Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Емтиханға (тестілеуге) келген жоқ: _____________________________________________________________

Білім алушылардың Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Емтихан (тестілеу) ____ сағат ____ минутта басталды.

Емтихан (тестілеу) ____ сағат ____ минутта аяқталды.

Емтихан (тестілеу) нәтижелері бойынша мынадай бағалар қойылды:




Емтихан тапсырушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Жазбаша жұмыстың тақырыбы және нұсқасы, билет

Емтихан бағасы (жазумен)

Жылдық бағасы (жазумен)

Қорытынды бағасы (жазумен)

1
















2


































Емтихан комиссиясы мүшелерінің жекелеген білім алушылардың жауаптарының бағалары туралы ерекше пікірлері

_________________________________________________________________


Емтиханды (тестілеуді) өткізу күні: «___» __________20__ ж.

Бағаны хаттамаға енгізу күні: «___»__________ 20__ ж.


Rомиссия төрағасы __________________ ___________

Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы



Емтихан алушы мұғалім __________________ ___________

Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы



Ассистенттер __________________ ___________

Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы

___________________ ___________

Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы


Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің

білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың

үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық

және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне



2-қосымша
Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы

аттестаттың бағаларына ауыстыру

шкаласы


№ р/с

Пән

2
(қанағаттанарлықсыз)

3
(қанағаттанарлық)

4
(жақсы)

5
(өте жақсы)

1

Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32

33 - 40

2

Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32

33 - 40

4

Геометрия

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

5

Физика

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

6

Химия

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

7

Биология

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

8

География

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

9

Дүниежүзі тарихы

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

10

Орыс әдебиеті

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

11

Қазақ әдебиеті

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

12

Ағылшын тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32

33 - 40

13

Информатика

0 – 8

9 – 26

27 – 32

33 - 40

14

Француз тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32

33 - 40

15

Неміс тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32

33 - 40



Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет