Бастауыш сынып математика сабағында көрнекі қҰралдарды қолдану тиімділігі өмірбек Ұ. Ж



Дата19.02.2017
өлшемі59,32 Kb.
ОӘЖ 51-053.4

БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Өмірбек Ұ.Ж.-102-23 тобының студенті

Ғылыми жетекшісі Ахатаева Ұ.Б.-магистр оқытушы.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент


Резюме

В статье рассматривается эффективность применения наглядности на уроках математики в начальных классах.

К.Д.Ушинскийдің айтуы бойынша: «Әрбір сабақтың сапалы болуы – мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде»,- деді. Бұл туралы ол былай деді: «Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрнекілігі» [18, 125].

Бастауыш сынып мұғалімі – Д.Шәріпқазинаның пікірі: Көрнекілік принципі мұғалімнің әр түрлі көрнекі оқу құралдары мен оқытудың аудио визуалдық (есту-көру) техникалық құралдарын, кітаптар, карталар, кестелер және басқа да ашық бояулы, анық та айқын өрнектеліп баспадан шыққан оқу құралдарын пайдалануда өз көрінісін табады.

Қандай да болсын көрнекі құралдарды көрсету әрқашанда сөзбен (түсіндірумен) қосарлана жүргізіледі. Атап айтқанда, сөз оқушының назарын ең басты және маңызды нәрселерге аударуға, көрініп тұрған ағыл-тегіл құбылыстардан оқыту мақсаты үшін қажеттіні таңдап алуға көмектеседі. Сөз бен көрнекілік оқыту ісінде өзара тығыз байланыста болады.

Оқушылармен қарым-қатынасты жақсарту мақсатында мынандай жұмыс түрлеріне ерекше көңіл бөлу керек деп білемін.

1. Оқушының пәнді меңгере алатынына көз жеткізіп, сенімін

арттырамын. Оқушының өз күшіне сенуі – алға қойған міндетті орындап шығуының басты шарты. Ал адамның өз ісін сеніммен атқаруы - өз бетінше жұмыс жасауына апаратын жол.

2. Сабақтың қызықты да, әсерлі өткізілуі жаңа тақырыптың түсіндірілуіне тікелей қатысты. Көрнекілік пен техникалық құралдарды ұтымды пайдалану жоғарыдағы міндетті үйретуді ойдағыдай шешуге көмектеседі. Оқушылардың материалды жеңіл меңгеруіне мүмкіндік туғызады. Олардың сабаққа ынтасын, қызығуын арттыра түседі.

Көрнекілікпен түсіндірілген материалды оқушылар тез қабылдап, жеңіл меңгереді. Есінде ұзақ сақтайды. Сабақта ұтымды қолданылған көрнекіліктер ерекше қызмет атқарады деген.

Ауызша әдістерде сөзге, көрнекілікте көркемдік бейнеге, ал тәжірибеде іс-қимылға сүйенеді. Оқыту әдістерін қолдана отырып, мынаны есте сақтағанымыз жөн. Бала есту қабілеті арқылы ақпараттың 20 пайызын, көру қабілеті арқылы 20-60 пайызын, сөйлеу қабілеті арқылы 90 пайызын қабылдайды.

Бүгінгі мектептерде ауызша, көрнекілік, тәжірибелік әдістерінің үшеуі де қолданылады. Әсіресе жаңашыл ұстаздар В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, т.б бұл әдістерге жаңа мән беруде.

Топталып-жіктелудің тағы бір кең тараған түрі – оқыту әдісін оқушылардың таным белсенділігі деңгейіне сай құру. Бұл бағытты ұстағандар И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин. Олар оқыту әдістерінің бес тобын ұсынады:

а) Түсіндіру ( әңгіме, дәріс, көрсету, сипаттау әдісі, оқулықпен жұмыс істеу, жазбаша жаттығулар);

б) Қайталау (жаттығу, әңгіме, өз сөзімен айтып беру);

в) Мәселелік баяндау әдісі (саяхат, демонстрация, оқушының дәлелді түрде баяндауы);

г) Ізденіс түрлері (байқау, жоспар жасау, эвристикалық әңгіме);

д) Зерттеушілік (тәжірибе, байқау, сыныппен жұмыс, сурет салу)

Сабақта қолданылатын оқыту әдістерімен қоса оқыту принциптері де бар[18, 52].

Оқыту үдерісінің заңдылықтарынан оқыту үдерісінің принциптері туындайды, яғни оны оқытудың дидактикалық прициптері дейді.

Принцип – латын сөзі, негізгі, бастапқы белгі жүйесін оқыту үдерісінің принциптері деп атайды. Соның ішіндегі көрнекілік приципіне тоқталайық.

Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады. Сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімтал - көру мүшелері. Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.

Шарттары:

- балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;

- оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру;

- көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;

- оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру;

- көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану;

- көрнекі құралдың оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі;

- оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату;

- көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу;

- көрнекіліктің алуан түрін қолдану, бірақ көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады;

- көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;

- балалармен бірге көрнекілік жасау, оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол;

- қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;

- көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;

- көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату;

- балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттық көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;

- заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдық көрнекі құралдарды қолдану.

Математикалық білімді жедел қабылдату мен меңгерту әр алуан көрнекі және техникалық құралдарды (модельдерді, таблицаларды, сызбалар мен суреттерді, арнайы диа-кинофильмдерді) тиімді пайдалану арқылы іске асырылады[16, 170].

Көрнекі құралдар оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктері мен конструктивтік қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Мәселен, өзара тең екі үшбұрыштан параллелограмм салу есебін шығарғанда сызбаға қарағанда үшбұрыш модельдерінің берері мол. Сонымен бірге, көрнекі құралдар оқушылардың кейбір практикалық іскерліктерін шыңдауға ықпал етеді. Расында, егер оқушы қолына эклиметрді (бұрыш өлшегіш) ұстап көрмесе, қанша айтқанмен оның вертикаль жазықтықтағы бұрышты өлшеу жөніндегі түсінігі қажетті дәрежеге көтерілмейді. Сондай-ақ көрнекі құралдар математикалық объектілерді жүйелеуге және сараптауға жәрдемдеседі. Мысалы, математика сабағында шамалардың арасындағы тәуелділікті түсінуін жеңілдетеміз.

Бүгінгі таңда мектептер өндіріс орындарында жасалған қажетті көрнекі құралдармен толық жабдықталған. Алайда ішінара кейбір ауыл мектептерінде көрнекі құралдардың толық комплектісі болмауы мүмкін. Сондықтан көрнекі құралдарды қолдан жасау күн тәртібінен түскен жоқ.

Ескеретін бір нәрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей қажетінше, тиімдісіне қарай пайдалана білудің маңызы зор. Мысалы, математика сабағында геометриялық фигураларды өткен кезде фигуралардың әр түрлі моделдерін көрсету оқушылар үшін пайдалы болады да, кейінірек кеңістік қиялын дамытқанда кері әсер етеді, деп ұсынған [21, 61].


Әдебиетттер:

1.Оспанов Т.Қ, Құрманалина Ш.Х, Құрманалина С.Х. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2015. -504 б.

2. Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. 4. Оспанов Т. Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясыныңтұжырымдамасы //Ізденіс. 2014, №3. Б.199-203.

3. Математика бағдаламалары (1-4 сыныптар). Алматы: РОНД, 2016. -32б.

4. Мамараимов М. Бастауыш мектептерде математиканы оқытудың ғылыми - теориялық әдістері //Ізденіс. 2014, №2. Б.229-331

5. Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы: Білім, 2015. -272б.



6. Шаріпқазина Д. Оқытудағы көрнекіліктің мәні //Бастауыш білім. 2011, №3, -10б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет