Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметін ұйымдастыруда әдістемелік жұмысты дамыту жолдары



бет1/2
Дата22.06.2017
өлшемі207,05 Kb.
#19774
  1   2
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметін ұйымдастыруда әдістемелік жұмысты дамыту жолдары
Қойбақова Гүлбағым Нұрқабылқызы

Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

« Мектептің жаны – мұғалім.

Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы.

Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға

үйрете білетін болса,ол мектептен балалар

көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң,

ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика,

методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім »

А. Байтұрсынов
Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі- сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.

12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай – ақ қоғам пайдасына қарай өзін- өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады.

12 жылдық білім беруге көшу

1) Қазақстандық білім жүйесін реформалауды

2) Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа

ұлттық үлгіні жасауды

3) Жалпыға арналған біліммен « білім әркімге өмір бойы» үлгісіне саналы түрде көшуді

4) Әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге көшу мәселелерінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер: «Баланы оқуға қалай үйретеміз?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.

Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, философиялық, физиологиялық және т.б ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата- анаман тығыз ынтымақтастықтан тұрады.

Бүгінгі өскелең ұрпақ өмір сүріп отырған уақыт өткен буын заманына мүлдем ұқсамайды. Қазіргі ұрпаққа қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, жоғары ой-өріс, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым- қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.

А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы керек.

Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.А.Байтұрсынов «жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой.

Қазіргі таңда 12 жылдық оқытуға көшу аясындағы ең өзекті мәселелердің бірі – бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау және қайта даярлау мәселесі екені сөзсіз. Себебі, жаңа формация мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, керсінше, кіші мектеп оқушыларының танымдық іс- әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі сипатынан терең мән бере білуі, нәтижеге бағдарланған білім сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Мұғалім өмір бойы оқушы екенін естен шығармауымыз керек.

Ал оқушының танымдық, шығармашылық қабілетінің ресурс ретінде дамытылуы үшін мұғалімнің өзі де шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс.

Ұлы ағартушы А.Байтұрсынов « Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек»- деген тұжырымында «шығармашыл мұғалім шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.

12 жылдық мектептің ұстазы өскелең өмір талабына сәйкес зерттеу жұмысының тақырыптарын таңдап алып, сол проблеманы ғылыми тұрғыда терең талдап, мынадай логикалық құрылымын айқындап алған жөн:

  • Зерттеу проблемасы, өзекті мәселені табу, оның өзектілігін дәлелдеу.

  • Зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындау.

  • Тақырыпқа сәйкес арнайы әдістемелік – педагогикалық әдебиеттерді зерттеу, проблеманың ғылыми- теориялық негізін ашу.

  • Зерттеу әдіс – амалдарын құру.

  • Болжамдар ұсыну.

  • Педагогикалық тәжірибе жасау.

  • Тәжірибе нәтижелерін теориялық салыстыру.

  • Нәтижелерді қорытындылау.

  • Жүргізілген зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу. Әдістемелік нұсқау әзірлеу.

Бастауыш мектепте оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, оның жеке тұлғалық еркіндігін дамыту концепциясы баланы тұлға ретінде қалыптастырудың ең тиімді механизмі ретінде сипатталады. Ал жеке тұлғаның еркіндігі оқу әрекеті жағдайында субьектілер қарым- қатынасын жүзеге асыру арқылы орындалады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында « Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім» деген болатын.

[ 12 жылдық білім №8 2006]

12 жылдық білім жүйесіне көшу барысында әрбір ұстаз жүрегіне ой салар өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты педагогтарға қойылатын талаптар да өте жоғары.

12 жылдық білім берудің негізі өзінің және қоғамның мүддесінде өзін- өзі белсендіруге дайын өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болса, педагогикалық құзіреттілікті дамыту, үнемі іздену – мұғалімнің басты міндеті болып табылады.

Мұғалімнің барлық ақпаратты жағдайлардан хабардар болуы, азаматтылығы мен елжандылығы.Ең бастысы, өзінің Отаны- Қазақстанның патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету.

Еліміздің болашағы қазіргі білім беру жүйесіне, оның негізгі сатысы орта мектептердегі оқу – тәрбие ісінің нәтижесіне келіп тіреледі. Кез келген сабақты шығармашылық -әдістемелік амал- тәсілдермен түрлендіріп өткізу үшін әрбір мұғалім теориялық және әдістемелік шеберлігін пайдаланады.

Сондықтан да, мектепте мұғалімдердің шеберлігін арттырып, шыңдай түсу үшін әуелі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға баса көңіл аударылады.

Мектебімізде мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыруға ерекше ықпал жасап, көмек көрсетіп отыратын негізгі орталық - әдістемелік кабинет жұмыс істейді. Кабинеттің жабдықталуы заман талабына сай «Әдістемелік көмек», «Озат тәжірибе – ортақ іс», «Сынып жетекшілерге көмек», «Жаңа технология - сабақта» т.с.с бөлімдерге бөлінеді.

[ «Мектеп директорының орынбасары» №3 2010 жыл]

Жас ұрпаққа егеменді еліміздің тұтқасы болатын жан – жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеу жаңа ғасырдағы мұғалімдер алдындағы міндет.

Мектеп жұмыстарының ішінде ең басты мәселелердің бірі – педагогикалық ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау. Мектеп жұмысын меңгеріп, зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға директор және оның орынбасарлары. Ұстаз тұлғасына қойылатын талаптар әрқашанда жоғары болатыны белгілі. Үздіксіз біліктілікті көтеру - әр педагог үшін бүгінгі таңның басты міндеті, талабы. Білімді жетілдірумен әркім өз еркімен шұғылдануы тиіс, себебі бар білім дамымалы жағдайда тез ескіреді, яғни білімді жаңартып отыру өте қажет. Бастауыш сынып мұғалімдеріне білімдерін жетілдіріп отыру, үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білім мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс – тәсілдерімен қарулана отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының негізгі саласы болып саналады.

Бәсекеге қабілетті экономикасы қоғамдық жаңаруға негізделген жан- жақты білім беру жүйесі керек десек, оның алғашқы ізденістері, іргетасы мектептен басталады. Қазіргі уақытта қоғам мұғалімдерден жан- жақтылық, іс- әрекетіндегі жүйелілікті талап етіп отыр. Мұғалімдердің осы талаптар тұрғысынан табылуы кәсіби даярлығын, шеберлігін шыңдайтын әдістемелік кеңес жұмысына байланысты.

Бастауыш сыныптың әдістемелік бірлестігінде «Оқытудың жаңа педагогикалық – инновациялық технологияны қолданып, мұғалімнің кәсіби құзіретін жетілдіре отырып, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру» тақырыбында жұмыс жасаймыз.

Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргізе отырып, оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Оқу үрдісіндегі жаңа технологияларды зерттеу, қолдану, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздар еңбегін тарату, жасмамандарға көмек көрсету.

Әдістемелік кеңес жұмысының бағыты:









Ұйымдастырылған құрылым мұғалімдердің білімін, кәсіптік деңгейін, шеберлігін жетілдіру жолдарын жүзеге асырады. Әдістемелік кеңес жанынан оқу- тәрбие жүйесінде мұғалімдердің шығармашылық ізденістері мен зерттеу жұмыстарына жағдайлар жасау, шығармашылығы шыңдалған мұғалімдерден «»Ізденіс орталығы құрылды.

Білім жүйесін дамытуға байланысты мұғалім еңбегін зерттеп, саралап, шеберліктерін шыңдау мақсатымен түрлі семинарлар, шығармашылық есептер мен пән олимпиадалары, апталық, ашық сабақтар, пікір алмасулар өткізіп тұру .

Әдістемелік кабинет құрал- жабдықтармен жабдықталған:

  • Мектептің оқу және әдістемелік жұмысының ұйымдастырылуын бейнелейтін стенділер;

Педагогикалық басылымдар қоры мен педагогика, психология, оқыту әдістемесі және тәрбие мәселелері бойынша әдебиеттер;

  • Оқу құжаттарының үлгілері( жеке әдістемелер, дәрістер, сабақ өткізудің жоспарлары т.б!

  • Ақпараттық көрсеткіштер, оқыту мәселелері бойынша әдебиеттер каталогі

  • Мектеп көлемінде қолданылатын электрондық оқулықтар және басқа да дидактикалық материалдар каталогі

  • Жетекші педагогтардың басқа материалы түрінде оқыту мен тәрбиенің теориясы мен практикасының жинақтамалры;

  • Анықтамалық әдебиеттер (энциклопедия, сөздіктер, анықтамалықтар және т.б)


Мектептегі әдістемелік қызметтің әдісі мен тәсілі:


























Каталог: uploads -> doc -> 0494
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0494 -> Тема курса Сабақ тақырыбы Өндіріс пен өнім өндіруге жұмсалған шығындарды жоспарлау Тема урока Оқыту стандарттары Стандарты обучения
0494 -> Сабақтың тақырыбы: Иран. Ауғанстан. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Сабақтың мақсаты
0494 -> Күні, айы, жылы: 11. 03. 15 Сыныбы: 7 «А» Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет