Бастауыш сынып оқушыларына математика сабағында ұлттық тәрбие беру жолдары



Дата01.04.2017
өлшемі139,86 Kb.
#12849
әож 37.035.6
Бастауыш сынып оқушыларына математика сабағында ұлттық тәрбие беру жолдары.
Қыстаубаев Ш.

«Сырдария» университеті

Республикамызда халық ағарту жұмысы кең қанат жайып,мектептер саны көбейіп,олардың материалдық базасы нығаюда.Бүгінгі күні білім беру , дамыту және тәрбиелеу дейтін тығыз бірлікте алынған үш егіз процестің міндеттері де арта түскен.Осы міндеттер тек оқыту процесін дұрыс ұйымдастырғанда ғана шешіледі.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал математика сабағында ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыру тұрғысынан нақты көмек көрсетуді көздейді. Сондықтан мұнда бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында ұлттық тәрбие берудің өзіндік ерекшеліктері ,сондай-ақ сабақ барысында осы ерекшеліктерді жүзеге асырудың жолдары қарастырылған.Бұл мақалада 1-4 сыныптар бойынша бірнеше сабақтың үлгі жоспары беріліп отыр. Бұл сабақ үлгілеріне әр мұғалімнің өз сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай ұлттық тәрбиенің түрлерін енгізеді. Бірінші сынып мұғалімдері үшін мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға математика сабағында 10 көлеміндегі санды өту барысында ұлттық ұғымды қамтитын 3, 4, 5, 6, 7 сандарына байланысты түсінік беріледі. Сол сияқты сандарға байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ырым-тыйымдар, санамақтар кеңінен қолданылады. Бірінші “5 санының құрамы”.

Бесті қандай сандардың қосындысы түрінде жазуға болатынын сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды қосындыға кері амалды жазып айырма құрастыруды үйретіледі.

Өз орныңды тап ойыны

Оқушыларға 1-ден 5-ке дейінгі сандар таратылып беріледі. Оқушылар ретпен қатарға тұрады. 1, 2, 3, 4, 5

ОРАЗА

Тақтаға екінші жағын аударып ілінген “ораза”


деген сөз шығады.

- Қазір Ораза айы немесе Рамазан айы дейміз.

- Рамазан айының өту барысы туралы “Оразаң қабыл болсын ұстаған жан” атты бүктемемен таныстырып өтіледі.

- Үйлеріңде кімдер ораза ұстады?



  • Ораза ұстаудың қандай тәртібі бар?

Ораза толық 30 күнді қамтиды. Оразаны қыз бала 9 жасқа, ұл бала 12 жасқа толған-соң ұстауға болады. Өте кәрі, ауру немесе жас баласы бар адамдар ораза ұстаудан босатылады. Ораза ұстаған адам таң ертең күн шықпай және күн батқан соң тамақ ішеді. Таң алдындағы тамақ “сәресі” деп, ал күн батқаннан кейінгі тамақ “ауыз ашар” деп аталады. Күндіз су,тіпті дәрі ішуге,темекі шегуге болмайды.

”Түн” Тақтаға сағат іліп,белгі бергенде балалар оянады.”Сәресі ” ішуге көмектесейік.Ол үшін оқулықтағы тапсырма орындалады.

Суретке қарап 5 санының құрамын анықтау.

Тақтада орындалады.

4+1=5 2+3=5 0+5=5

1+4=5 3+2=5 5+0=5

Ауыз жабылды.Сағат кешкі ауыз ашар уақытқа қойылады.

Балалар,кешкі ауыз ашарда ауызды сумен шайып, құрмадан ауыз тиеді.Ал құрма бізде өспейді.Сол үшін құрма әкелуге көмектесейік.Құрманың суреті артындағы тапсырмалар орындалады.


+ =5 + =1 + =5

+ =5 + =2 + =3

Сөзжұмбақ.



  1. 30-күн күндіз тамақ ішпейтін кезең.

  2. Балалардың топталып әр үйге айтатын әні .

  3. Бес мезгіл оқитын мұсылманның парызы.

Балалар,осымен рамазан айы аяқталды.Ораза айт мейрамы құтты болсын!-деп шелпек ауыз тигізіп,сабағымызды имандылыққа тәрбиелеу жолымен аяқталады.

2. “7 санын қосу және азайту тәсілдері” сабағында .

Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып,оқушылардың білімдерін тексеру халқымыздың ұмыт болған салт-дәстүрлерін жалғастырып үйреніп,құметтеуге тәрбиелеу.

-Балалар ,бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ.

Қазір біз “Жеті ата ” ауылына саяхат жасаймыз.


  1. “Ата ” ауылына келдік.Оқулықпен жұмыс.

Екі оқушы тақтада орындайды.

1+7=8 3+7=10

7+1=8 7+3=10

2+7=9


7+2=9 0+7=7

7+0 =7


  1. “Әке” ауылының тапсырмасы.

7-1=6 7-3=4 7-5=2

7-2=5 7-4=3 7-6=1
-Ал балалар ,жер батпақ ,жол ауыр,құлап қалмайық.

(Бәріміз арбаға жөнделіп отырайық).

Оқушылар партаға жөнделіп отырады.

-Нұржан,атты айда

-Айт,шу жануар!

-Міне,”Бала “аулына да келіп қалдық.

“Әке” аулының да тапсырмасын жақсы орындадық.

-Ал, балалар бағанадан екі ауылға саяхат жасап ,шаршаңқырап қалған болармыз,енді өзіміздің “сергіту сәтін”жасап алайық.

Бас бармағым алғашқы

Балаң үйрек -жалғасы.

Ортан терек-ағасы.

Шылдыр шүмек-нағашы.

Кішкентай бөбек-балапан,

Бәріне ортақ-алақан.



  1. “Бала” аулының тапсырмасы.(Өзіндік жұмыс)

Көк кесінді-9см.

Қызыл кесінді-7см.

Жасыл кесінді-3см.

Оқушылар өздері кесіндіні өлшеп салыстырады.

9см-7см=2см 7см-3см=10cм 2см<10см


  1. “Немере” ауылының тапсырмасы.

Есепті құрастыр және шығар:Үлкен қасық-10 ? артық.

Кіші қасық-7

10-7=3


  1. Шөбере аулының тапсырмасы.

Міне, көзді ашып жұмғанша “шөбере” аулына да келіп қалыппыз. Бұл ауыл сендерге, сынақ дорбасын” яғни қоржын әзірлетеді.(Қоржынға түсіріп беру). Қоржынның ішіндегі сұрақтарға жауап берсек қана ,бұл ауылға кіре аласыз.

Үлестірмелі тапсырма.



7күн. 7 жұт. 7 жоқ. 7 ғалам



бүгін құрғақшылық жерде өлшеуіш жоқ. шығыс.

ертең жұт аспанда тіреуіш жоқ батыс.

бірсігүні өрт таста тамыр жоқ оңтүстік.

арғы күні оба тасбақада талақ жоқ солтүстік.

ауыр күн соғыс аллада бауыр жоқ аспан.

сонғы күн топан су аққуда сүт жоқ. жер.

азына зілзала жылқыда өт жоқ. жер асты.


  1. ” Шөпшек” ауылы:

“Шөбере” ауылынан шығып ,”шөпшек” аулына бет алдық.Арбада толып қалмау үшін,”Жауабы кімде ?” ойынын ойнаймыз.


  1. “Немене ” ауылының тапсырмасы.

Шығармашылық тапсырма.

10 ағашты үш қатарға төрт-төрттен отырғызуға бола ма?

Міне балалар ,жеті ауылдың адамдары сендердің білімдеріңе риза болып жатыр.

Бүгінгі жеті атамызбен табыса отырып,7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстық.

Қазақ халқы 7 санын өте қасиетті сан деп білген.Өйткені ,жаңа туған нәрестенің шілдеханасын жетінші күні жасаған.Қайтыс болған адамның жетісін берген.Жеті қазынаны,жеті жұтты тектен-тек атамаған.

Аталарымыздың:жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер деген сөзі шыққан тегін ,ата-бабасын білген оқушы ,өскенде туған туыстарына мейрімді ,жақынын танитын жақсы азамат болып өседі деген екен.

Әкесіне баласының баласы-немере.

Шөберенің баласы -шөпшек.

Шөпшектің баласы-немене болады.Әрі қарай өскенде білетін боласыңдар,-деп сабақты қорытындылады.


  1. 10 санын азайту.

Оқушылардың ой -өрісін дамыту,тілін жаттықтыру.Төрт түлік мал туралы жалпы мағлұмат беру, мал атауларын, қасиеттерін білу арқылы халықтың тіршілік істерімен таныстыру.

-Төрт түлікке нелер жатады?

-Жылқы, түйе, қой, ешкі.

Бүгін біз төрт түліктің иелеріне (атасы) саяхат жасаймыз.

Жылқы атасы- Қамбар ата.

Түйе атасы - Ойсыл қара.

Сиыр атасы- Зенгі баба.

Қой атасы- Шопан ата.

Ешкі атасы- Сексен ата.

“Қамбар ата”ауылы.

Жылқы ер қанаты.Ол сезімтал ,талғампаз жануар.Жылқыда өт жоқ.Сондықтан ол күйіс қайырмайды.Жылқының жүйрігі, жорғасы болады.

Қамбар атаның тапсырмасы.

1.10-1=9 10-4=6 10-7=3

10-2=8 10-5=5 10-8=2

10-3=7 10-6=4 10-9=1
1)Мал төлдерінің аттарын ата?

Түйе төлі – бота.

Жылқы төлі – құлын.

Сиыр төлі – бұзау.

Қой төлі – қозы.

Ешкі төлі – лақ.

“Ойсыл қара” ауылы.

Төрт түлкінің төресі – түйе. Оның еті – тамақ, шұбаты-сусын, жүні-киім. Түйе табылмас көлік. Ол шөлге төзімді келеді.

Ойсыл қара тапсырмасы.

Азайтқыш 10 болатын теңдіктер жазуға бола ма?

“Зеңгі баба” ауылы.

Сиыр-ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, қаймақ, құрт, май, ірімшік жасалады.

“Зеңгі баба” тапсырмасы.

1)Кесінділерді оқушылар өлшейді.

Қызыл-3см, көк-2см, жасыл-5см, сары-10см.

2)Малдың дыбыс шығаруы.

Түйе боздайды, Жылқы кісінейді, Сиыр мөңіреуі, Қой маңырайды, Ешкі бақырады.
“Шопан ата” ауылы.

Қой жуас малға жатады. Ол төрт түліктің ішіндегі момыны. Қойдың сүйетін шөптері – изен, жусан, ажырық. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басылады. Киім-кешек алаша, кілем тоқылады.

«Шопан ата» тапсырмасы.

Есеп құрастыру және шығару.

1)Қозы-10 Бұзау-5? артық.

Лақ-7 3-еуі кем Құлын –2.

2)Малды қалай шақырады? Түйені “кеч-кеч”, жылқыны құрау-құрау”, сиырды “ахау-ахау”, қойды “кішай-кішай”, ешкіні “шөре-шөре”.

“Сексен ата” ауылы.

1) 7-3=4 9-5=4 7-1=6 5-2=3

6-2=4 8-2=6 6-3=3 9-3=6

Айырмаларды ата мәндерін ата. Мәні бірдей айырмаларды баған түрінде жазып көрсет.

2)Төрт түлік туралы мақал-мәтел, тыиым сөздер айт.

Ат-адамның қанаты.

Соңғы түйенің жүгі ауыр.

Сиырдың сүті-тілінде.

Қойдың сүті қорғасын.

Ешкілі қой өреген.

Малдың басынан ұрма.

Малға теріс мінбе.

Малды теппе.

Ақты төкпе.

Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, салт-санасы түсінігі төрт түлік малмен тығыз байланысты болған. Себебі мал арқылы өмірлік, тұрмыс-тіршілігін айқындаған. Халық өзінің ең асылын малға бағалаған.Баласын жақсы көргенде “балам”, “қозым”, “құлыным” деп еркелеткен. Баласының ойын мал атауымен байланыстыра қоятын болған.

2-сыныптарда сандарға байланысты яғни 10 көлеміндегі сандардан үлкен сандарға байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылпаштар,ырым-тиымдар, санамақтар 1-сыныпқа қарағанда күрделірек етіп алынады.Сонымен қатар сыйымдылық, көлем, ұзындық, уақыт, өлшем бірліктерін өткен кезде қазақтың байырғы өлшем бірліктері туралы да түсінік, ұғым, беріледі. М: Ұзындық, қашықтық туралы елі, сүйем, қарыс, адым, құлаш десек, сыйымдылық, көлем туралы уыс, қос уыс, шымшым, шөкім, қалдық деген өлшем бірліктері қолданылады.

Ұзындықты өлшеу.Метр.

Қазақтың байырғы өлшем бірліктерін білуге, ол туралы мақал-мәтел, өлеңдер білуге тәрбиелеу.

Есіңе сақта.

1дм=10см. 1м=10дм. 1м=100см.
Ерте кезде қазақ халқы өлшеушілерін шақырым, құлаш, қадам, қары, қарыс, сүйем, бармақ, елі, шынашақ, кез, кеш жерден атаған.

1-шақырым-850м, 1қарыс-20см, 1қары-85см, 1құлаш-142см,1елі-2см-ге тең.

Метрмен өлше. Бөлменің ұзындығы мен енін тап. Адым деген немене?

Білу үшін шырағым.

Білмегеніңді сұрағын.

Бір аттасаң алдынға.

Сол болады бір адым.

Шақырым: Дауыс жетер аралық.

Шақырым деп аталған.

Даладағы даналық-

Қылған арғы атаңнан.

Сүйем: Жүрген елдің ойында.

Ескі өлшемдер мол екен.

Бір сызықтың бойында.

Сөздің соң қол бармақты-

Сүйем деген сол екен.

Қарыс: Бір сызықтың бойында.

Бармақпен ортан қолынды.

Созсаң өлшей қоюға-

Қарыс деген сол екен.

Балалар біз бүгінгі сабақта ұзындықты метрмен, децметрмен өлшеуді білдік, қазақтың байырғы өлшем бірліктерімен таңыстық.

Әр сынып жоғарылаған сайын сабақ барысында енгізілетін ұлттық тәрбие негізінде берілген тапсырмалармен орындалатын жұмыстар да күрделене береді. 3-сыныпта қозы кеш жер, ай шатарам жер, таяқ тастан жер, көшелік жер, сүт пісірім, шай қайнатам, алмырт, намазшам, т б түсінік беріледі.

7-ге көбейту және бөлу сабағы.

Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп отырады. Әр ауыл өздерін топтарын айтып таныстырады.

“Абай ауылы” 1.”Жеті атасын білмеген жетеміз”.

2.Жеті тиін садақа.

“Ыбрай” ауылы. 1.Жеті жұрт ағайынды.

2.Жеті жұртың тілін біл,

жеті түрлі білім біл.

“Шәкерім” ауылы 1.Жеті қой,жеті қабат жер асты.

“Мұхтар” ауылы 1.Жақсыны жеті жыл жетелесен, адам болады.

Жаманды жеті жыл жетелесең, каден болды”

Математикалық жұмбақтар.
“Абай” ауылына:

Бір ағаштың 12-бұтағы бар.

Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара.


“Мұхтар” ауылына.

Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жақты сұрап.
“Ыбрай” ауылына.

Тау басында 4-бала,

Кезек-кезек ойнаған.

4-баланың қолына.

4-айды әкеп байлаған.
“Шәкәрім” ауылына.

64-бөлмеде,

32-тұрғын бар.

Ақ, қара қып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғандар.

Хана үшін де, жаны үшін де,

Бермейді олар намысын.

Бастауыш сыныптың 4-сынып математика сабақтарында “Есепті теңдеу құру арқылы шығару” сабағын жер бетіндегі Алланың емшісі Мұхамед пайғамбарға періштелерінің бірі “білім артық па, жоқ дүние-байлық артық па?” деген сұрақ қоюынан басталады.

Соныман қатар барлық сыныптарда да әзіл есептер, қазақтың, қара есептері, суретті жұмбақтар, сөз жұмбақтар және ұлттық ойындар кеңінен пайдаланылады. Халық ойындарын математика сабақтарында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен бәрін ұштастыруға қолайлы.

Матиматика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы: Ойын сабақтың басында ортасында және соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл-күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру.

Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі. Оқушылырға жоғарыда келтірілген ұлттық ұғымдар арқылы тәлім-тәрбие бере отырып, халқымыздың үміт болған салт-дәстүрін жалғастырып,үйреттіп құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдебиеттер:

1.Т. Р. Әлібаев.

“Математикадан сыныптан тыс жұмыстар мен халық есептері.” Ал:1997 ж.

2.Е. Сағындықов.

“Қазақтаң ұлттық ойындары” Ал:1991 ж.

3.Ө. Тұрманжанов.

“Қазақтың мақал-мәтелдері” Ал:1997 ж.

4.Н. О. Ысқақов.



“Халық өлендері” Ал:1963 ж.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет