Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Қабілеттерін дамыту ерекшеліктері



Дата27.12.2016
өлшемі95,74 Kb.
#5439
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абенова Гулсара Талиповна
«Тұран» мектеп - гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мақтарал ауданы Жетісай қаласы

Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы ор талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа саналық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жөні бөлек көзқарастарды, жұмыстың жоғары санасын және кәсібилікті талап етеді.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйін, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірде өз орнын табуға көмектеседі.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары ұсынылады, сабақтардың мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл істі нәтижелі етуде дамыта оқыту жүйесінің қағидалары тірек етіледі.

Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі .

Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз. Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудын мәні зор. Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді:

1) репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі;

2) шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Шығармашылық - төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті:

- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;

- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;

- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;

- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

- нәтиженің жаңалығы, соңылығы.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керекті саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз .

Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарға ұстанылады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі түзеліп отырылады. Оқушы кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу, оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденеді .

Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі - өлең жазуға баулу. Бұл жұмысты бірінші сыныптан бастауға болады. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға беріледі. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:

1) - у- у- у, 2) - е- е- е,

Тәртіпті болу. Барамыз мектепке.

3) - да- да- да, 4) - ға- ға- ға,

Қызықты оқуда. Қызықты кітап оқуға.
5)Мектепке барамыз, 6) Мен бақытты баламын,

Білім аламыз. Өйткені Қазақстанда тұрамын.


7)Біз көңілді баламыз, 8) Екінші сыныпта оқимыз,

Мектепке барамыз. Бір-бірімізбен татумыз.

Көп кітап оқып, Мұғалімді сыйлаймыз,

Білімді боламыз. Бес пен төртке оқимыз.

Осы тәртіппен үйретіле бастаған бұл жұмыс кейіннен күрделене түсті. Енді мұғалім болашақ өлеңнің бірінші жолын тақтаға жазып қояды. Мысалы: «Біз көңілді баламыз», қалған екінші, үшінші, төртінші жолдары ұйқастарды ескере отырып, балалар айтқан ұсыныстардан ең лайықтысын таңдау арқылы құралады. Осылай өлең шумағы дүниеге келеді.

Әрине, жұмыс нәтижелі болуы үшін мұндай әдісті тұрақты түрде және жиі қолданып отыруы керек. Оқушылар өз өлеңдерін белгілі бір тақырыптар бойынша кішкене кітапша түрінде шығарып отыруға болады.

Сынып жоғарылаған сайын әртүрлі тақырыптарға, олардың ішінде қиял-ғажайыптары да бар, әңгімелер жазуды тапсыратын болдық. Мысалы мынадай тақырыптар: «Бұл өте қызықты», «Ең қымбат нәрсе», «Мен қалай құмырсқа болдым», «Қасық болған күнім», солай-ақ өзіңді бір сәт үй мүлкінің бірімін деп есептейді.

Ертегі, әңгіме жазу жұмысын берілген оқиғаны аяқтау түрінде де тапсырып жүрдік. Ондай тапсырмалар балалардың қиялын дамытып, жоғары эмоционалдық деңгейге көтереді.

Балалардың қызығушылығын, шығармашылығын оятқанын көрсету үшін олардың жұмыстарынан мысалдар келтірейік.

«Бір күні мен ас ішіп отырып кәдімгі қасыққа айналып кеттім. Менің ағам менімен нанға май жақты, тамақ ішті, тосап жеді. Ас аяқталған соң, анам мені қалған қасықтармен бірге ыстық суға жуды. Содан соң таза сүлгімен сүртіп, сауытқа салып қойды. Түні бойы сауытта тұрдым. Қасық болған оңай емес екен» (Әшкен Ж.).

«Бұл өте қызықты. Шырша-қылқанды ағаштардың бірі. Ол өзінің инелерін алты-жеті жылда бір ауыстырады. Сол үшін ол үнемі жасыл болып тұрады» (Сатбаева А.).

« Біздің жеріміз дөңгелек. Оны дәлелдеген ғарышкерлер. Сондай дөңгелек планеталар өте көп екен. Олар бір ғаламды құрайды екен. Бұл өте қызықты» (Қайдаров Е.).

Осы тәріздес жұмыстар балалардың қиялын шарықтатып, шығармашылығын дамытуға ықпал ететіндігіне көзімізді жеткізеді.

Сахналау-тек кейіпкердің сөзін жаттап айтып беру емес, кейіпкердің бейнесін, айтар ойын жеткізе алу. Өзіңді сол адамдай сезіну болып табылады. Бұл жұмыс арқылы бала өмірлік тәжірибе жинақтайды, өмірге деген көзқарасы қалыптасады.

Сыныптарда оқылатын шығармалар ішіндегі ең қызықты эпизодтарды тауып сахналау, кейде көріністердің сценарийлерін өздері ойларынан шығарып келеді. Олар аса бір қызығушылықпен өтеді. Мысалы: 3 - сыныпта оқушыладың сахналаған «Төлдердің айтысы», «Төле бидің билігі» т. б. , 2- сыныпта «Қарасора мен Қызғалдақ», «Білгір Қарға», «Торғай мен қарлығаш», т. б. тақырыптар оқушылардың үлкендер байқай бермейтін жаңа қырларын ашып, ұжымдық шығармашылықты дамытуға ықпал етеді.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ЖҰМБАҚТАР және МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРМЕН жұмысты жаңаша ұйымдастырудың көп көмегі тиеді. Жұмбақтар - көркем миниатюра. Оларды салыстыру арқылы пайда болатын образдар беріледі. Сондықтан оларды шешу кезінде баланың логикалық ойы дамиды.

Балалардың өздері шығарған жұмбақтары:
Оның көп парағы бар,

Ашып оқысан, білім аласын.

(Кітап). (Қабыкеш Б.).

Өзі кішкентай жәндік,

Бірақ мықты, еңбекқор.

(Құмырсқа). (Байзельдинов И.).

Аспанда жүреді дөңгелеп,

Нұрын шашады, күлімдеп.

(Күн). (Суярова С.).

Балалар бір-бірінің шығарған жұмбақтарын шешуін тауып , ойлау, дәлелдеу арқылы табылған шешім бала есінде ұзақ сақталып, салыстыруға, қорытуға үйретеді.

«Ана тілі» оқулықтарында берілген мақал-мәтелдерді бала шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың мәні зор. Ауыз әдебиетінің бұл жанрымен жұмыс төмендегідей етіп ұйымдастырылады:

1) оқиғаға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу;

2) керісінше, мақал-мәтелдің мағынасына қарай оқиға ойлау;

3) суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айту;

4) мақалдың мәнін ашатын суреттер жинау;

5) «100 бір жұмбақ - 1001мақал» сайысын өткізу.

Бастауыш сыныптарында оқушылардың тілін дамытуға, шығармашылығын арттыруға ықпал ететін жұмыстың бірі - ШЫҒАРМА жазғызу.

Шығармашылық - мазмұнға байланысты өз пікірін, өз көзқарасын білдіре жазу, қорытынды жасау, тілдің көркемдік құралдарын пайдалану түрінде жазылуы ұсталады. Шығармаға мынандай шарттар қойылады:

1) жазу алдында арнайы дайындықтың жүргізілмеуі;

2) жоғары теориялық деңгейде мазмұнның бай болуы;

3) сыныпта жақсы тілектестік атмосфераның болуы.

Шығарма тақырыптары: «Менің арманым», «Менің келешектегі мамандығым», «Қыс қызығы», «Менің досым», т. б. Мысалы:

Менің арманым.

Менің арманым көп. Ең бірінші мектепті бес пен төртке бітіріп, институтқа түсу. Екіншісі, дәрігер болуды армандаймын. Адамдарды емдеп, өмірлерін сақтаймын. Қазіргі армандарым осы.

Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері жайлы теорияларды талдай, жаңа жағдайларда пайдалану нәтижесінде төмендегідей қорытындыға келдік:

1) орта мектеп жасына келгенде, баланың үлгі-қалыпқа үйреніп, тоқырауын болдырмас үшін, шығармашылық қабілеттерді дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму

дәрежесіне үнемі қарап отырып, оған талапты өсіре беру қажет;

2) бастауыш сынып оқушыларының оқыту барысында шығармашылық қабілеттерін дамыту арнайы әдістеменің болуы талап етеді. Әр сабақтың дамытушылық мақсаттарын арттырып, мазмұнды шығармашылық тапсырмалармен байытып, оларды тұрақты пайдаланып отыру арқылы бұл мәселеде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады;

3) сабақтардағы баланың позициясын өзгертіп, оны әртүрлі бірлескен әрекеттің субъектісі жағдайына қоя білу, баланың дербестігі мен еркіндігінің болуы- табыстың бірден-бір кепілі .

Пайдаланған әдебиеттер


1. Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Алматы, 1999.

2. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии. Учебное пособие. Под ред.С.А.Смирнова. Москва: Просвещение, 1993.

3. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. М.: ИНТОР, 1996.

4. Бастауыш мектеп. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал . №4, Алматы, 2007.

Амалдарды орында.
(287+177)-(892-783) (329+187)+(506-258)
(368+243)-(289+98) (925-637)+(129+86)
925-(185+207) (893-665)+207
257+(742-569) 694-(158+264)

Өрнектерді құрып,олардың мәнін тап:




  1. мен 39-дың қосындысынан 48-ді азайт;




  1. мен 54-тің қосындысынан 32-ні азайт;

94 пен 48-дің қосындысынан 56-ны азайт.


Өрнектерді құрып,олардың мәнін тап:
243-тен 57 мен 39-дың қосындысын азайт;
174-тен 63 пен 27-нің қосындысын азайт;
302-ден 76 мен 48-дің қосындысын азайт.
Теңдеулерді шеш:
Х-46 = 60-4
84-х = 14+27

52+х = 90-18


Теңдеулерді шеш:
Х+182=1000-582
1000-х=198+102
Х-154=400-246

Берілген цифрларды пайдаланып үш таңбалы сандар құрастыр:


5,8,1.
Қатардағы сандарды өсу ретімен жаз:
89,65,47,32,76,15,64,28,91,54,102.
Қатардағы сандарды кему ретімен жаз:
25,69,84,111,75,43,167,94,61,36.
Барлық бір таңбалы сандарды жаз:
Сандарды цифрмен жаз:
6онд.4бірл.; 7жүзд.0онд.9бірл.;
5жүзд.2онд.7бірл.; 1жүзд.5онд.0бірл.

Есепті шығар:


Бір көшеге 137 ағаш отырғызылды.Екінші көшеге одан 15 ағаш кем отырғызылды.Барлығы екі көшеге неше ағаш отырғызылды?

Есепті шығар:


Қоймада 345 кг ұн бар еді, жұмысшылар тағы 655 кг ұн әкелді.Осының 450 килограмынан нан пісірілді.Қоймада қанша кг ұн қалды?

Есепті шығар:


Дүкенде 327 қап күріш бар еді.Түске дейін 107 қабы, ал түстен кейін 121 қабы сатылды.Қанша қап күріш қалды?
Есепті шығар:
Бірінші қорада 17 қой, екінші қорада 19 қой ал үшінші қорада бірінші мен екінші қораларда қанша болса, сонша қой бар. Үш қорада неше қой бар?

Есепті шығар:


Үш сыныпта 78 оқушы бар. Бірінші сыныпта 26 оқушы, ал екінші сыныпта 27 оқушы оқиды. Үшінші сыныпта неше оқушы бар?
Каталог: uploads -> doc -> 0b81
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b81 -> Керей,Жәнібек 2 сұрақ. Абай Құнанбаев бес дұшпан деп нені атады?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет