Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту турғанова Т. Е



Дата26.08.2017
өлшемі86,33 Kb.
#29467
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ

ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ

Турғанова Т.Е
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті,Талдықорған қаласы,

Tolganai_94kz_94@mail.ru

Ғылыми жетекші: педагогика және психология магистрі,аға оқытушы

Таурбекова А.С
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі салаларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік ұйымдастырушылық және моральдық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады. Еліміздің егемендікке ие болып, Қазақстан өз алдына мемлекет мәртебесіне жетіп бүгін әлемге, жер жүзіне өзінің елдігін саясатын танытатын шаққа жетіп отыр. Елімізді танытып, оны жетілдіріп, дамытатын жас ұрпақ. Сондықтан да,егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектен білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді [1].

Бастауыш мектеп бұл – оқушы тұлғасы мен санасы дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезеңі. Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлекция туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспармен арақатынаста болуды бастайды. Бастауыш сынып оқушылары мектепке келгенде, таным іс-әрекеті еркін сипатқа ие болады, әрі таным көлемін кеңейтеді. Оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық іс-әрекетін, ғылым-білім жүйелерін меңгереді,сөйтіп өзін практикалық іс-әрекетке даярлайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой мен дене еңбегінің тетіктерін түсінеді.

Жас ерекшелігі және педагогикалық психология оқыту процесінде ең алдымен оқушыларға білім беруде танымдық іс-әрекетінің даму мәселесін зерттеген ғалымдар В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, А.М.Матюшкин, С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович, С.И.Славиналардың оқытудың негізін экспериментальды зерттеулері көрсетеді. Оқу-танымдық іс-әрекет бұл - арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс-әрекеттер түрлері болып табылады.

М.М.Мұқанов өзінің «Жас және педагогикалық психология» еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берілетінін көрсетті: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі, мысалы, тақпақты жаттау үшін соның мәтіні беріледі. Осы мәтінге өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол мәтінге сүйене отырып бала оны жаттап алады.

Баланың оқу әрекеті арқылы әрекеттеніп, яғни мәселені шешуі, олардың танымдық іс-әрекетінің дамуына көмегін тигізеді.

Біздің зерттеу жұмысымыздың қарастырып отырған негізгі объектісі бастауыш сыныптағылардың оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеті дамыту болғандықтан:

- оқыту процесінің ерекшелігі;

- оқыту арқылы жаңа және қызықты білімді меңгеру;

- оқыту ақыл береді;

- білім алу топпен бірге өтеді;

- оқыту білімділік пен сауаттылық береді;

- оқыту мұғалімнің жеке ерекшелігі негізінде көрінеді;



- жақсы баға алумен көрсетіледі.[2]

Танымдық іс-әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс- әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды[3].

Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі де оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен. Баланың әрбір еңбегі құр босқа жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек. Баланың жас кезінен-ақ танымдық әлемін кеңейту, сол бағытта әрекет ету маңыздылығы Абай Құнанбаевтың да еңбектерінде көрініс тапқан. А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша,«бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек»,-деген. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол – тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдылық іс-әрекет рөлімен және оның ұстаған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс. Оқушылардың іс-әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және т.б.)оқушы іс-әрекеттінің жоспарлы жадайда өтуі(бағдарлама, оқыту мерзімі ) оқыту құралдарының болуы (кітаптар, зертханалық құрал-жабдықтар, т.б.); жоғарғы интелектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т.б.) жатады.Оқушылардың танымдық іс-әрекеті – жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдылық, еріктік, сезімталдық үдерістер мен мотивтер бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық жеке қасиеттерін және біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы. Оқушының танымдық іс-әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан,танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс-әрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс-әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу-танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс-әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс-әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т.б.); оқушы іс-әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы, лабораториялық құрал - жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т. б. жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау,т.б.) жатады.

Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Ал, «таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой – өрісінің күрделі үрдісі».

Танымдық қызығушылық бұл – адамның белгілі бір мақсатқа сай іс-әрекетке       құштарлығы. Қызығушылық бұл адамның іс-әрекетіндегі мықты стимул   беруші. Ол белгілі - бір мақсатқа бағытталған шығармашылық мінез-құлыққа ие. Қызығушылық – формасы танымдылық қажеттіліктен көрінеді, тұлғаның      саналы түрде мақсатты іс-әрекетін бағыттап, қамтамасыз етеді.

Танымдылық қызығушылықтың маңызды белгілерінің бірі тұрақтылық      болып табылады. Қызығушылық кейбір жағдайда өте ұзақ мерзімде болады,     бірақ жағдайларға байланысты ол тез жоғалып та кетеді. Сондықтан қазақ      тілінің пән мұғалімі оқушының қызығушылығын арттыра білу керек. Танымдық қызығушылық ол өздігінен дамуы мүмкін емес.

Танымдық қызығушылықты оқушының мінез-құлықы бойынша үш топқа      бөліп көрсетуге болады:



Бірінші төменгі деңгейдегі – оқушылар инертті, сабаққа белсенділігі баяу. Мұндай оқушылар үшін сабақ оқу жағымсыз міндеттердің бірі болып табылады.

Екіншісі қызығушылығы- жан-жақты орташа деңгей танымдық  қызығушылығы жақсы дамыған мұғалімнің көмекшісі. Мұндай оқушылар      сабақта өткен материалдарды тез меңгереді, барлығына икемді және берілген      тапсырманы көпшілікпен талқылауға бейім, сабақ үстінде сұрақ қойып, пікір      алмаса біледі. Сыныптастарының қатесін түзетіп отырады. Мұндай      оқушылардың мінез-құлық тұрақтылығы қанағаттанарлық, оқу материалын      меңгеруге және танымдық қызығушылығының дамуына кедергі жасайды.

Үшіншісі жоғарғы деңгей білімге құмарлығынан, ізденімпаздығынан танымдық қызығушылығының  жоғарлығынан көруге болады. Мұндай оқушылар бос уақытының бәрін өзін қызықтыратын сабаққа арнайды[4].

Танымдық қызығушылықтың даму процесі – мұғалімнің практикалық жұмысы арқылы оқушының қызығушылығының қалыптасуына үлкен көмек көрсетеді.

Оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктерімен заңдылықтарын – компоненттерін меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушылардың өз мүмкіндіктерін пайдалана білуі, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуге көмектеседі. Оқушы білімді жай  уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді. Ал егер оқу әрекетін басқа әрекеттермен (шығармашылық, танымдық, қарым-қатынас, бағалау) байланыстырса, онда “білсем”, “маған керек”, “маған қажет” деген мотивтер ұласады [5].

Танымдық іс-әрекет, арнайы ұйымдастырылған мектептік оқытудан құралады, күрделі психологиялық білім бола отырып, оқыту процесінің өзімен қоса өріледі. Танымдық іс-әрекет ерекше психологиялық феномен болып саналады. Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде таным процестері түйсіктен бастап, қабылдау және ойлаумен аяқталады. Мұның өзінде қарапайым  шындық жатыр, адам өзінің қажеттілігінің келісімінсіз еш нәрсені қабылдай да, ойлай да алмайды. Сондықтан қандайда танымдық іс-әрекет құрамына әрекет немесе операция ретінде кіреді, я болмаса ерекше іс-әрекет бойынша қайта құралады. Ол үшін ең алдымен танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын ескертуіміз тиімді. Оқыту материалдары баланың психикасына үлкен талаптармен келеді. Өйткені ұғыну - өте күрделі әрекет. Ұғынудың өзі бірнеше кезеңдерден тұрады. Мәселен, оның бірінші кезеңі дап аталып, онда бала нені қалай оқу керектігі жайында қажетті мағлұматтар алады.Екінші кезеңде бала ойындағысын өзіндік тәжірибесі арқылы көрсетеді. Ал, үшінші кезеңде ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезеңде бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да,  бесінші кезеңде балада зат пен құбылыс туралы белгілі бір ұғым қалыптасатын болады [5].



Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселесі төңірегінде жүргізілген зерттеулерді талдай отырып, бұл мәселені өмірде шешудің түрлі жолдарын төмендегіше бөліп көрсетуге болады:

танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы.

танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру.

іс-әрекеттің бағдарланушылық негізінен құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы.

оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы.

Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Қорыта келгенде, ең алғаш бала мектеп жасында тек қана білімді жаттау негізінде ғана алмай, оны практикалық яғни іс жүзінде жүзеге асыру негізгі қағида болып табылады. Оның барлығы тікелей мұғалімнің дағды жұмыстарын дұрыс жүргізе білуі мен оны жүзеге асыра білуі аса маңызды орын алады. Демек, осы орайда белгілі қытай ойшылы Конфуцийдің сөзін айта кетуге болады: «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін»,- дейді.



Оқушыларға берілген дағды іс-әрекеттерді олардың тікелей түйсік арқылы қабылдауы деп айтуға болады. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту барысында олардың алдымен ойлау қабілетінің деңгейін анықтап алу шарт. Деңгейі анықталған оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беруге болады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, оқушыларға деңгейлік тапсырманың мәні бұл оқушылардың ең алдымен ойлау қабілетінің дамуына, сонымен қатар қоршаған ортадағы өз дүниетанымдарын кеңейтуге ықпал етеді.

ӘДЕБИЕТ


1. Н.Ә.Назарбаев.Қазақстан-2030.Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуының стратегиясы.- Алматы: Білім, 2007.

2. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. - Алматы: Изд-во КазПИ,1982.

3.Шадрикова В.Д. Позновательные процессы и способности в обучении. – М., 1990.

4. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. – Алма-Ата: Изд.КарГУ, 1992.



5.Тоқсанбаева Н.Қ. Танымдық іс-әрекетке кіріспе:Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2010.
Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
2016-04 -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
2016-04 -> Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 411 штқ студенті
2016-04 -> Кескіндеме өнерінің шығу тарихы
2016-04 -> ЖАҢа технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының Ғылыми танымын қалыптастыру баятбек Жансая Жанатқызы
2016-04 -> ТӘкен әлімқҰловтың ӘҢгімелеріндегі өнер адамдарының бейнесі жайнарбаева Назгуль Нурланқызы
2016-04 -> Өздік жұмыстар арқылы бастауыш сыныпта еңбек тәрбиесін беру тұрсынбай Е. Р
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Қазақ ауыз әдебиеті мен антикалық Әдебиет дәуіріндегі фольклористиканың Өзара үндестігі
2016-04 -> Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлі. Мұқан А.Қ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет