Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған Ақмола облысы Зеренді ауданы Баратай негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы Мақсаты



Дата18.02.2017
өлшемі337,05 Kb.
#9975


Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Баратай негізгі мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы

Мақсаты:

  1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған

білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы

ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен

таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген

құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал. «Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған» таныстырылым.Безендірілген зал қанатты сөздер мен тақырып.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,



Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған»атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді)
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әнші балапан», «Кішкентай күз аруы», Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған » атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Ырысбек: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!

Айдана : Бүгінгі «Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған » атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ырысбек: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

Айдана : Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

Ырысбек: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

Айдана: Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

Ырысбек: Армысыздар жас достар

Болашаққа жол бастар.

Айдана: Білім деген ғажаптың

Келешегі қазақтың

Басталады біздерден.

Ырысбек: Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың.

Ән мен шашу шашайық.

«Мектебім, аяулы мектебім!»

Айдана: Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ

Ырысбек: Қош бол, құтты Бастауыш!

Алғыстарым көп менің.

Ақыл - білім, тәрбиең,

Ой-санама еккенің.

Айдана: Есігіңді ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім сен қуана.

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,

Сенен артық дүниені таба алам ба?

Мектебім – мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

Ырысбек: Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал.

Тепкілесең кетпейді.

Өртіңе де күймейді,

Ұрылар да тимейді

Жатып ішер жамбастап,

Жалқауды ол сүймейді

Ырысбек: Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

Шықсын енді ортаға биші қыздар

Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.

Ортада «Бипыл» биі

Ырысбек: Айдана, дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?

Айдана: Иә, Ырысбек адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

Ырысбек: Дұрыс айтасың:

Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.

Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.

(Ендеше құрметті ұстаздар, қазір шырқалар ән сіздерге арналады)

Ән: Ұстазым менің, ұстазым

Ырысбек: Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жиреніп,

Ақын болған кім бізге?

Десек, ол жан - мұғалім (хормен)

Қапастағы елдердің

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің,

Сырын айтқан кім бізге?

Рахмет, саған мұғалім! (хормен)

Айдана: Отанның ұланын,

Баулыған мұғалім.

Өзіңсің ағытқан,

Білімнің бұлағын.

Мен сенің көктемің

Нұрыңмен көктедім.

Сол үшін өзіңе,

Алғысым көп менің! (хормен)
Ырысбек: Анамдай сүйем мен,

Шеберін ғылымның.

Ұстаздан үйренем,

Өнерін білімнің,

Үйретіп іс сазын,

Мың жаса ұстазым! (хормен)

Айдана: Сүйікті мұғалім,

Бес алсам ұнадым,

Екі алсам сынадың,

Алдыңда әрқашан,

Бас иіп тұрамын, (хормен)

Сүйікті мұғалім!

Алдарыңызда бізге қонаққа келген мектебіміздің әншілері Жанель мен Ділнәзді «Мектебім» әнімен қарсы алыңыздар!

Ырысбек: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Айдана: Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

Ырысбек: Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.

Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.

Жүргеніңді ұнатып арамызда.
Айдана : Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.

Жан дүниесін баланың жайлап алған.

Ырысбек: Біздің қолымызға даярлық тобында алғаш қалам ұстатқан аяулы да, құрметті ұстазымыз Айсұлу Шаймұратқызына сөз кезегін береміз.

(Айсұлу Шаймұратқызы шырқалар ән сіздің құрметіңізге араналады)

Ән: Учать в школе

Ырысбек: Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғылымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.



Айдана :

Әйтекенің жарып айтқан,

Қазыбектің қазып айтқаны,

Төлебидің тауып айтқан,

Ұлағатты сөздерінен



Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)

1 - оқушы

- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт

- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

2 - оқушы

  • Дос табу оңай ма? - депті қарт.

  • Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.

3- оқушы

- Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.

- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.

- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.

4 - оқушы

  • Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.

  • Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.

  • Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

5-оқушы

- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.

- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.

- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.

Ырысбек: Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін?

Айдана: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деген. Ендеше туған тіліміз, ана тіліміз туралы тақпақ өлеңдерге кезек берейік.



Ырысбек: Тілім барда, қазағым бар, халқым бар.

Дәстүрім бар, ата жолым салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.

Айдана: Тілім менің — елдігім де, ерлігім,

Кемеңгерлік кемелдігім, кеңдігім.

Тілім менің мөлдірлігім, пәктігім,

Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.

Ырысбек: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, күш құдыреті қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.

Айдана: «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.

Ырысбек: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны.

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда.

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты.

Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Айдана: Сөз сөйлесе жарқын - ақ,

Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Сұлушаш Ауталипқызына

Алғыс айтады түлегі.

Жас түлектерді марапаттау

Не жетеді көңілдің байлығына,

Мойындатар еңбегімен жұртты мына

Сыныбыниеттес боп қолын бұлғап,

Сәттілік тілеп тұр ғой топ басшысына

Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Қате ісі әрқашан мойындалар.

Әр ісіне жауапты Ырысбектің

Арманы болашақта орындалар

Айдана мінезі бар жанға жайлы,

Ешкімді еш уақытта алдамайды.

Күліп жүр өмірде дәл осылай

Қиындыққа кездессең болма қайғы.

Айданадай бишіміз бар мақтанамыз,

Әніне рахаттанып шаттанамыз.

Талантымен талайды табындыртар,

Айданаға ақ тілекті ақтарамыз.

Мұғалім: Ал енді 4 сынып түлектерін ортаға шақырып «Қоштасу» вальсін тамашалайық.

Құрметті ата-аналар!

Жақсы шәкірт азамат атанады.

Халқынан, ата-анадан бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы деп ортаға бүгінгі жас түлектеріміздің ата-аналарын шақырамыз.

Мұғалім: Осымен «Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған » атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!

Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз болсын, түлектер!

Аттанарда ұрпағым бақ жолына, Түссін деп тура нақ жолына,

Арнайы ақ матадан жол төседік, Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!

(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады)


Каталог: BEDFC24BAFF83CC1
BEDFC24BAFF83CC1 -> Жамбыл 1846 жылы туған. Ақпанның үскірік боранында атасы Ыстыбайдың ауылы үдере көшіп, Шудың бойына қарай бет алады. Ыстыбайдың немересі, Жабайдың үшінші перзенті
BEDFC24BAFF83CC1 -> Семинар Шығармашылық жазу жұмыстарының тәсілдері Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
BEDFC24BAFF83CC1 -> Ойын-сайыс «Менің отбасым және математика»
BEDFC24BAFF83CC1 -> Сабақтың тақырыбы: Математикалық ғаламға саяхат Сабақтың мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Тәрбие сағатының құрылымы: І. Ұйымдастыру ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын
BEDFC24BAFF83CC1 -> Осылай ел халқының, келген қонақтардың асыға күткен ескерткіштің ашылу салтанаты басталып та кетті
BEDFC24BAFF83CC1 -> Ағылшын тілін оқытудағы ойынның маңызы және оның түрлері
BEDFC24BAFF83CC1 -> Махаббат қайда деме жүрегіңде
BEDFC24BAFF83CC1 -> Cынып озаты Сабақтың мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы,тұтастану тарихы. Қазақ-тек бірігу,бірлесу жолында келе жатқан халық


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет