Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Восход жалпы орта білім беретін мектебі тарих пәні мұғалімі Жанабилова Тотия Жанабиловна Сабақтың тақырыбы



Дата20.06.2018
өлшемі22,51 Kb.
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Восход жалпы орта білім беретін мектебі

тарих пәні мұғалімі

Жанабилова Тотия Жанабиловна


Сабақтың тақырыбы: Н.Хрущевтың аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» және оның Қазақ КСР-да жүзеге асырылуы, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру.

Мақсаты:

Білімділік: Ауыл шаруашылығын интенсивті дамыту мақсатында қабылданған Н.Хрущевтың аграрлық саясаттағы

«жаңа бағыты» және оның Қазақ КСР-да жүзеге асырылуы мен алғашқы табыстары тоқталу.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: өз елінің тарихын құрметтей білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тың эпопеясын толық меңгереді, аталмыш кеңестік саясаттың дұрыс және бұрыс жақтарын ажырата біледі, тарихи баға бере алады.

Сабақ әдіс-тәсілдері: БИС технологиясы элементтері

Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгендеу


Күлім қағып қолымды

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайыңнан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен

Жүрегімді мен сыйлайын.

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір қысайын.


ІІ. Жаңа сабақ


  1. Экранда суреттер көрсету.

  • Бұл кімдер? (Н.С.Хрущев, Ж.Шаяхметов, П.К.Пономаренко, Ф.И.Голощекин)

  • Осы адамдарды қандай тарихи оқиғалар байланыстырады?

  1. Тірек сөздермен жұмыс.

МПМ ашық журналы арқылы тексеріледі /12-15 сөз: «+» 12-ден аз: «-»/
1953 ж, Н.С.Хрущев, П.К.Пономаренко, 1954 ж, Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы, 6 аудан, 6,5 млн. га, 640 мың адам, 2 млн адам, 25 млн. га, Ы.Жақаев.


  1. Мәтін оқу. Тірек сөздермен салыстыру.




  1. Қарама-қарсы сұрақтар /иә – жоқ/.




1

1954 жылғы қаңтарда Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Жұмабай Шяхметов сайланды.

жоқ

Пономаренко

2

Қазақстан бойынша жыртылған жер көлемі 25 млн га

иә




3

1954-1955 жж көктемдерінің аралығында тың өлкесінде құрылған астық кеңшарларының саны – 337.

иә




4

1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру сесбінен дәнді дақылдар егісі аумағын 1100 - 1200 га –ға арттыру, ол жерлерден 13 млн пұт астық алу көзделді.

жоқ

13 млн га, 1100-1200 пұт астық

5

Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Қызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев тарыдан рекордты өнім алуға қол жеткізді.

жоқ

күріш

6

1954 жылғы қаңтарда Қазақстан Орталық Комитетінің екінші хатшысы болып Л.И.Брежнев отырғызылды.

иә




7

«Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді» деп санаған Н.С.Хрущев

жоқ

Ж.Шаяхметов

8

Тың игеруге көшіп келген адамдарғаәр отбасы басшысына 500-1000 сом, әр отбасы мүшесіне 150-200 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді.

иә




9

Тың игерілген аудандар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы.

иә




10

1950-60 жылдары республикаға 2 млн–ға жуық адам көшіп келді.

жоқ

1954-1962 жж

11

Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы 640 мың адам келді. Соның ішінде 150 мыңы механизаторлар еді.

иә




12

Қазақстан бойынша тың жерлерді игеру Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Ақтөбе облыстарында жүргізілді.

жоқ

Ақтөбе емес

Павлодар




  1. Мәтінмен жұмыс

МПМ /63 сөзден жоғары – «+»/

1953 жылғы қыркүйекте КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н.С.Хрущев тағайындалды. «Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді» деп санаған республика партия ұйымының басшысы Ж.Шаяхметов орнынан алынды. 1954 жылғы қаңтарда Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып П.К.Пономаренко сайланды, екінші хатшысы болып Л.И.Брежнев отырғызылды.

1954 қаңтар- наурыз – КОКП Орталық комитетінің Пленумында тың және тыңаған жерлерді игеру шешімі қабылданды. 1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру сесбінен дәнді дақылдар егісі аумағын 13 млн га –ға арттыру, ол жерлерден 1100 – 1200 млн пұт астық алу көзделді.

КСРО бойынша тың жерлер игерілетін аймақтар:Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы.

Қазақстан бойынша тың жерлерді игеру Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді. Тың игерудің алғашқыекі жылында республикаға барлығы 640 мың адам келді. Бірақ 150 мыңы ғана ауыл шаруашылығының механизаторлары еді. Тың игеруге көшіп келген адамдарға көп жеңілдіктер жасалды:


  • әр отбасы басшысына 500-1000 сом, әр отбасы мүшесіне 150-200 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді.

    • 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді

    • мал сатып алу үшін 1500-2000 сом несие берілді.

    • 1,5 центнер астық немесе ұн берілді.

    • 2-5 жылға дейін ауылшаруашылық салығынан босатылды.

1954-1962 жылдары республикаға 2 млн–ға жуық адам көшіп келді.1954-1955 жж көктемдерінің аралығында тың өлкесінде құрылған астық кеңшарларының саны – 337.

Тың көтеру жоспары артығымен орындалып жатты. Қазақстанда 1954 жылы тамызда жыртылған жер көлемі - 6,5 млн га.1956 жылы республика 16 млн т астық жинады.

1956-1958 жж тағы да 4,8 млн га тың жерлер игеріліп, егіс аумағы 28,6 млн га дейін өсті. Барлығы тың игеру жылдарында Қазақстанда 25 млн га жер жыртылды.

Тың игерушілердің көтеріңкі рух, еңбекке деген құлшыныс жоғары болды. Сол жылдары Қазақстанның оңтүстігінде күріш өсіру жанданды. Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Қызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштен рекордты өнім алуға қол жеткізді.




  1. Тест жұмысы (ҰБТ-де кездесетін сұрақтар) /15 балдан жоғары - «+»/

  1. Тың игеру жылдарында Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП ОК-ң бірінші хатшысы болып сайланды:

А. Д.А.Конаев В. Л.И.Брежнев

С. Ж.Шаяхметов Д. П.К.Пономаренко Е. Н.Төреқұлов




  1. Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы қанша адам келді?

А. 640 мың адам В. 440 мың

С. 740 мың адам Д. Келген жоқ Е. 1 млн




  1. Тың және тыңаған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды:

А. 1954 ж В. 1946 ж С. 1947 ж Д. 1943 ж Е. 1954 ж


  1. 1954 – 1955 ж тың жерлерді игеру есебінен дәнді-дақылдар егісі аумағын арттыру көзделді?

А. 15 млн га В. 13 млн га

С. 7 млн га Д. 25 млн га Е. 31 млн га




  1. Тың игерудің алғашқы екі жылында республиканың ауыл шаруашылығына келген механизаторлар саны?

А. 70 мың В. 100 мың

С. 120 мың Д. 150 мың Е. 170 мың




  1. Тың игеру жүргізілген облыстар

А. Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Торғай

В. Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе

С. Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Солтүстік қазақстан

Д. Павлодар, Атырау, Көкшетау, Ақмола, Орал

Е. Павлодар, Ақмола, Ақтау, Солтүстік Қазақстан, Орал, Алматы, Көкшетау


  1. 1954-1955 жж көктемдерінің аралығында тың өлкесінде құрылған астық кеңшарларының саны:

А. 137 В. 237 С. 337 Д. 437 Е. 537


  1. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н.С.Хрущев қашан тағайындалды?

А. 1953 ж тамыз В. 1953 ж мамыр

С. 1953 ж қыркүйек Д. 1953 ж қазан Е. 1954 ж қазан




  1. Тың жерлер игерілетін аймақтар:

А. Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ

В. Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы.

С.Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Қырым

Д.Қазақстан, Сібір, Солтүстік Қазақстан, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы

Е.Қазақстан, Сібір, Урал, Түркия, Еділ бойы


  1. Тың игеру кезінде республикаға көшіп келген адамдарға 1500-2000 сом ақша не үшін берілді?

А. Тұрғын үй салуға В.мал сатып алуға

С. Техника сатып алуға Д. Жер сатып алуға

Е. Бір реттік көмек ретінде


  1. Тың игеру кезінде басқа республикадан көшіп келген адамдар неше жылға ауыл салығынан босатылды?

А. 1-3 жылға В. 2-5 жылға

С. 4-8 жылға Д. 7 жылға Е. 10 жылға




  1. Қазақстанда 1954 жылы тамызда жыртылған жер көлемі қанша гектар болды?

А. 13,4 млн га В. 7,5 млн га

С. 9,4 млн га Д. 25 млн га Е. 6,5 млн га




  1. Күріш өсіруде еңбектің тамаша үлгісін көрсеткен қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Қызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі:

А. Ж.Демев В. Ш.Берсиев

С. М.Довжик Д. Ы. Жақаев Е. П.Музыка




  1. Тың игеру жылдарында Қазақстанда барлығы қанша млн.га жер жыртылды?

А. 13,4 млн га В. 7,5 млн га

С. 9,4 млн га Д. 25 млн га Е. 6,5 млн га




  1. Тың игеру жылдарында Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП ОК-ң екінші хатшысы болып сайланды:

А. Д.А.Конаев В. Л.И.Брежнев

С. Ж.Шаяхметов Д. П.К.Пономаренко Е. Н.Төреқұлов




  1. 1954-1955 жж тың жерлерді игеру есебінен алу көзделді?

А. 800-900 млн пұт астық

В. 1000-1100 млн пұт астық

С. 1100 – 1200 млн пұт астық

Д. 1200-1300 млн пұт астық

Е. 1300 – 1400 млн пұт астық


  1. «Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді» деп санаған 1953 жылы орнынан алынған республика партия ұйымының басшысы

А. Д.А.Конаев

В. Л.И.Брежнев

С. Ж.Шаяхметов

Д. П.К.Пономаренко

Е. Н.Төреқұлов


  1. 1956 жылы жиналған астық көлемі?

А. 12 млн т

В. 14 млн т

С. 16 млн т

Д. 18 млн т



Е. 20 млн т
ІІІ. Бағалау. МПМ бойынша

5 «+» «5»

4 «+» «4»

3 «+» «3»
ІV. Үй тапсырмасы: 9-сынып оқулығына шолу
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет