Батыс елдеріндегі және жақын шетелдерде аудитті ұйымдастыру мәселелері Аудит термині «audio» деген латын сөзінен,яғни



Дата27.03.2018
өлшемі78,78 Kb.
#39634
Муратбаева А.М

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

ЭжЖБМ

Есеп және аудит



3-курс студенті

э.ғ.к., доцент

Байдаулетов М.Б
Батыс елдеріндегі және жақын шетелдерде аудитті ұйымдастыру мәселелері
Аудит термині «audio» деген латын сөзінен,яғни «ол естиді», «естуші», «тыңдап тұр» деген сөзінен шыққан [1].

Аудит ерекше қызмет атқарады,яғни аудит қорытындысы арқылы шаруашылық субьектілер бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай деңгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады.

Қазіргі таңда аудиторлық тексеру өте қажет,себебі кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тексеру арқылы сол кәсіпорынның дәрежесін,жалры ол кәсіпорынға деген сенімділік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Аудит жүргізуде барлық талаптар мен стандарттарға сай жүргізілуі мен ұйымдастырылуы қажет. Аудитті жүргізуден бұрын оның ұйымдастыру мен нормаларына мән беру ең маңызды этап болып табылады. Бұл жағдайда стандарттар, постулаттар, нормативтік құқықтық актілер және нормалар негізін құраушы элементтер болып табылады. [3]

Постулаттардың шындығы дәлелденбеген жағдайда да олар нақты болуы қажет. Кез келген постулат немесе аксиома соңғы инстанцияда шын болмаса да, білім дамуының процесінде өзгеріске ұшырауы мүмкін. Осы орайда Дж. Робертсон былай дейді: «Аудитолық тексерістің нақты есеп алуындағы постулаттарға соқыр сенімнің қажеті жоқ. Белгілі бір шарттарда постулаттар шыншыл болмауы мүмкін және солар сияқты қызмет етуі мүмкін (нақты жағдайды ескермей) – яғни аудиторлық тексерудің орындалуына немқұрайлы бейберекет араласады».

Шет елдерде аудиторлық істі ұйымдастыру белгіленген қағидаттарды салдарымен бақыланған тұжырымдамалар негізінде айқындалады. Негізгі қойылған талаптар мен іс шаралардың орындалуын қамтамасыз ете отыра, бақылаймыз.

Бақылау-аудиторлық іс теориясында постулаттардың рөлі жоғары. Батыс ғалымдары және мамандары олардың қажеттігін дәлелдейді. 1961 жылы Р.К Маутц және Х. А. Шарфф аудиттің 8 постулатын құрған. Осы постулаттар аудит теориясында кең көлемде қолданды және әйгілі болды.1982 жылы Американ ғалымы Т. А. Али өзінің постулатын қосты. Дж. Робертсон Р. К. Маутц пен Х. А. Шараффтың постулаттарына «экономикалық тиімділіктің максималы» атты постулатын қосты. А. Белкаоуи, Р. Адамс, Я. В. Соколов, К. Ш. Дюсембаев және тағы басқалар бөлек постулаттарды құру және олардың мазмұнын бекіту туралы өз нұсқаларын ұсынды.

Осы ғалымдардың көзқарастары мен практикасын қорытындылай келе, бақылау-аудиторлық істің ғылыми негізіндегі постулаттар мыналар:


  1. Қаржылық есеп беру және қаржылық мәліметтер тексерілген болуы мүмкін.

  2. Мүдделердің болжамды қақтығысы.

  3. Верификациялардың мүмкіндіктері.

  4. Есеп берудің дұрыс болмауы.

  5. Қаржылық ақпараттық тексеріс тәуелсіз ойлардың мақсатында орындалса, онда аның өкілеттілігі аудитордың қызметін реттейді.

  6. Қате шешімдерден босатылмайды.

Осы негізде аудиторлық бақылау кеңістігіндегі теориялар мен стандарттар үшін постулаттардың рөлі жоғары. Олар аудитордың практикалық жұмыстарына да керектігі сөзсіз. Оларды күнделікті практикада қолдану басқарудың техникасын, мақсатын, аудиторлық стандарттарының, нормаларының және ережелерінің мазмұнын түсінуге көмектеседі. Бақылау-аудиторлық стандарттарын жоспарлауда олардың негізі аудиторлық қызметіне тиімді болатын кәсіпкерлік мамандардың арасында қарастырлыған постулаттар жүйесі болып табылады.

Шет дамыған елдерде аудиторлық бақылаудың теориясында және практикасында стандарт ұғымының астарында бақылаудың аудиторлық жалпы қабылданған принциптері жатыр. Берілген аз мөлшердегі ережелер аудиторға бақылау масштабының шараларын, олардың өткізілу әдістемесін түсінуге көмектеседі және аудиторлық қызметтің нәтижесін бағалау болып табылады. Әр елдің халық стандарттары аудит жүргізетін шарттарға тәуелсіз жүргізілуі қажет. Олар аудиторлық қызметтің жоғары дәрежеде болуын, халықаралық нормативтердің талабына жауап беруін, аудиторлардың білімі мен бідіктілігінің әрқашан да жоғарылауын, бөлек бақылау-аудиторлық ұйымдарының жұмыстарының сапасын салыстыруды қаматамасыз етеді, аудиторлардың бақылаушылардың және тағы басқы тексерушылердің еңбегін жеңілдетеді.[2]


Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша аудитке берген анықтамасы мынадай: «Аудит – бұл экономикалық іс әрекеттер мен оқиғалар туралы обьективті деректердің бағалауын,оның деңгейінің белгілі бір өлшемге сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс»[2].

Аудит-дербес,тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырысшылардың шаруашылық-табыстылық есебін,бухгалтерлік есептілік көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап,экономикалық талдау жасап,сараптау жасап,аудиторлық қорытынды жасау.

Аудиттің халықаралық озық тәжірибесін зерделеуге кіріспес бұрын нарықтық экономикалық елдердегі әр түрлі бизнес-құрылымның қызметін қаржылық бақылаудағы өзіндік ерекшелігі бар әрі тәуелсіз жүйесі ретінде оныі қалыптасуының маңызды кезеңдеріне ерекше назар аударған жөн. Тәуелсіз аудиттің негізгі міндеті – көптеген компаниялар, банктер, биржалар, инвесторлар, кредиторлар, кәсіпкерлер, акционерлер дәне тағы басқа пайдаланылатын экономикалық ақпараттың анықтығын тексеріп, өзінің қорытындысын шығаруы болып табылады.

Дамыған шет елдерде аудиторлық кәсіптің әр түрлі атауы бар. Мысалы, АҚШ-та бухгалтер-аудитор қоғамдық немесе мамандандырылған бухгалтер деп аталады. Францияда - сараптаушы бухгалтер немесе есепшот бойынша комиссар, ал Германияда – шаруашылықты бақылаушы немесе кңтапты бақылаушы, Ұлыбритания мен ағылшынсаксондық елдерінде – ревизор немесе алқалы бухгалтерлер және тағы да басқа деп те атайды.

Аудит батыс елдерінде алғаш рет Ұлыбританияда XIX ғасырдың ортасында пайда болды. 1844 жылдың бастап Англияда акционрелердің алдында есеп берулер мен есепшоттарды тексеру үшін тәуелсіз бухгалтерлерді «жылына әдітте 1 мәрте» шақыратын акционерлік компнаиялар басшыларында міндет жүктейтін заң сериялары шықты.

Алдыңғы қатарлы елдерде міндетті аудит туралы құқықтық нормативтік актілердің қабылдануына байланысты тәуелсіз қаржылық бақылау саласы айтарлықтай дәрежеде ұлғайып келеді. Мәселен, Англияда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы шықса, Францияда – 1867 жылы, ал АҚШ – та – 1937 жылы қабылданды.Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіди ұйымы әлемнің көптеген елдерінде құрылған. Атап айтқанда, Ұлыбританияда, Англия мен Уэльстің Алқалы (ант берген) бухгалтерлер институты құрылды(1980 ж.), АҚШ – та – маманданған бухгалтерлер институты (1887 ж.), Германияда – Аудиторлар институты (1932 ж.) және аудиторлар палатасы, ал Францияда – Сарапшы бухгалтерлер палатасы (1942 ж.) мен Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы құрылды. Италияда кәсіби аудиторлық қызметті Әділет министрлігінің бақылауында болатын арнайы атаулы тізілімге енгізілген адам ғана жүзеге асыра алады.

1887 жылы Американың аудиторлар ассоциациясы құрылды, сонан соң 1896 жылы Нью- Йорк штатында заңды жолмен аудиторлық қызмет реттемеленеді. Сол кездің өзінде-ақ аудиторлық лауазымды мамандық бойынша емтиханнан сүрінбей өткен және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арнайы лицензия алған маманданған бухгалтер атқара алатын еді.

АҚШ-та мамандандырылған және мамандандырылған аудиторлық институттары (SEC, FASB, AICPA) бар. Институттар ғылыми зерттеу күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді шешумен ғана емес, болашақта пайда болуы ықтимал мәселелерді де анықтаумен айналысып, оны ой жүгіртіп дұрыс шешімін табуға алдын ала әзірлік ерте бастан жүргізеді.[2]

Алғашқы аудитті ұйымдастыру Ұлыбританияда XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды. 1862 жылы қабылданған британиялық компаниялар туралы заң сол кездің қзінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық бақылау бойынша мамандарға ең аз дегенде жылына бір мәрте компаниялардың есепшоттарын белгілі бір тәртіппен тексеріп тұруын міндеттейді. Әсіресе Шотландияның, Англияның және Уэльстің алқалы бухгалтерлер институты, сондай-ақ Ұлыбританияның Маманданған және корпоротивтік бухгалтерлер ассоциацясы бүкіл әлемге әйгілі болды. Осы Ұлыбританиядағы ассоциациясы тек британ аралдарының тұрғындары ғана мүше болып қана қоймай, сонымен бірге британдық доминион, колониялар мен мандаттық аумақтардың өкілдері де оған кірді. Одан әрі бұл елдердегі ұлт-азаттық қозғалысының дамуы мен тәуелсіздік алуынан кейін аудиторлық кәсіп өкілдерінің басын қосып біріктірген өздерінің ұлттық ұйымдары құрыла бастады.

«Еуропаға оралу» және нарықтық экономикаға көшуге байланысты посткеңестік мемлекеттер мен шығыс еуропалық елдердегі шаруашылық механизмдерін қайта құру тексеру – бақылау жұмысының сипатын түбегейлі өзгертуді және тәуелсіз бухгалтер-аудитор деген сияқты мамандық категориясын қалыптастыруды талап етті.

Шын мәнінде аудиторлық кәсіп алдыңғы орынға шығарылған Шығыс еурпалық елдерде (Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния) тексерушілік қызмет айтарлықтай жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Польша мен Венгрияда сарапшы-бухгалтер категориясы бұрыннан бар болатын. Бухгалерлік сараптау техникасы, сарапшы бухгалтерге кәсіби және этикалық талап аудиторлық тексеру тәсілдермен, бухгалтер – аудиторға қойылатын талаптарға жауап беретін іскерлік және өнеглік нормалар көп жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Мәселен, 1988 жылы Чехия мен Словакияда шетелдік қатысушы кәсіпорындары туралы заң қабылданып, осыған орай бухгалтер-аудитор лауазымы бекітілді. Барлық шетелдік қатысудағы кәсіпорындар ең аз дегенде екі тәуелсіз бухгалтер-аудиторларға жылдық есеп берулерін тексеріп, әрі бекітетін тәуелсіз бухгалтер-аудиторлардың осы атақты алуда жоғары экономикалық және заңгерлік білімдері, ең аз дегенде шаруашылық ұйымдарында 10 жыл жұмыс істеген тәжірибесі болуы керек, сонымен қатар, олардың жасы 35-тен кем болмауы керек. Соңғы хабарларға қарағанда бұл жас 30-ға бейін төмен түсірілген. Сөз жоқ, бухгалтер-аудиторлардың бойында тиісті адамгершілік қасиеттері болуы тиіс. Бухгалтер-аудитор атағына талап қылатын ізденушілер федералдық Қаржы министрлігі бекіткен комиссияның алдында өздерінің білімдері мен шеберлігін іс-тәжңрибеде қолданып, сынақтан өтуі керек.

Аудиторлық фирмалар бұрынғы КСРО-да біріккен кәсіпорындар қызметін міндетті түрде тексеру белгіленген 1987 ж. пайда болды. Тексеруді және олардың есеп беруін бекітуді жүзеге асыру үшін КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы негізінде «Инаудит АҚ» деген атпен алғашқы шаруашылық есепті фирма құрылды. Сонан соң аудиторлық фирмалар аса ірі өнеркәсіп қалалары мен одақтас республикаларының астаналарында қалыптасты. Сонымен бірге «ФБК», «Росэкспертиза», «Контакт», «Қазақстанаудит», «Фукап- аудит» және тағы басқа бірқатары аудиторлық қызмет саласында жоғары нәтижелерге жетті. ТМД елдеріндегі көптеген астаналар мен ірі қалаларда сол уақытта «Үлкен алтылық» деп аталатын КПМГ, «Делойт энд Туш», «Артур Андерсен», «Эрист энд Янг», «Пранс Уотерхаус» және «Куперс энд Лайбренд» құрлықаралық аудиторлық фирмалар мен филиалдар ашылды.[1]



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) оқулық, - Алматы 2006 жыл.

  2. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З:Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп – Алматы: Экономика, 2001.

  3. Налоговый кодекс. О налогах и других обязательных платежах в бюджет. – Алматы: Юрист, 2003.

  4. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.

  5. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша – қазақша сөздік. Алматы: - сөздік – словарь, 1999.

  6. www.wikipedia.org

  7. http://www.kpmg.com

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет