Баяндама/ О. Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі



Дата10.07.2017
өлшемі15,37 Kb.
#20989
  • «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – заманауи Қазақстандық қоғамның басты бағыты.
  • /Баяндама/
  • Сейлханова Айгүл Жеңісқызы
  • Тарих пәнінің мұғалімі
  • 2016-2017 оқу жылы
  • Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2014 жылғы
  • 17 қаңтарындағы жолдауында: «Мәңгілік Ел» бағдарламасын ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деп бастады.
  • Бұл- ҚР – ның ұлттық идеясынан келген терең тұжырым. Мәңгілік ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлары бойы армандаған мақсаты ғана емес, тәуелсіздік жолындағы жан қиярлық еңбегі.
  • «Мәңгілік ел» – республикамыздың
  • Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламасы. Онда Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіретін құндылықтар айтылады.
  • «Осыдан 13 ғасыр бұрын түркі жұртының данагөй қайраткері Тоныкөк негізін қалаған «Мәңгілік Ел» идеясы бүгінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ерен патриотизмінің арқасында қазақ елінің яғни «Ұлы Дала Елінің» басты ұраныныа айналуда.
  • Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы халқына жолдаған «Мәңгілік Ел» идеясы жолдауын бұрынғы өткен бабалардың билік жолдарымен елге ірі өзгеріс әкелген реформалармен салыстыра саралап жолдаудың қазіргі сәттегі құндылығымен оның іске асу барысын жіті назарға алып, ел болып елеулі іс атқарудың маңызын айқындады. Қазақ халқының басынан өткен қилы-қилы кезеңдерінің тарихына шолу жасай отырып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылындағы жеткен бірегей табыстарымызды білгеніміз жөн.
  • Жоспар:
  • Кіріспе
  • Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясының маңызы
  • Қазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керей хандардан бастап, қазақ
  • хандығына елеулі үлес қосқан
  • тұлғалардың халық игілігі үшін жасаған істері
  • Мәңгілік – тәуелсіздік
  • Қорытынды
  • «Мәңгілік Ел » идеясы қазақ ұлтының мақсат – мүддесімен қатар елімізді мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың ортақ идеясына негізделген жалпы ұлттық идеялогия. Қазіргі кезде әлемде көптеген елдер саяси және экономикалық тәуелділікке тап болуда Ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсап- армандаған тәуелсіздік халқымыздың еш нәрсеге айырбастамайтын ең қастерлі құндылығы. Осы ұлы құндылық тәуелсіздігімізді тұғырлы ету мақсатындағы ұлы идея – Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясы.
  • «Мәңгілік Елге» бастайтын жол-ол ұлттық тұтастық, Қазақстан халқының мызғымас бірлігі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еңбектеген баладан, еңкейген қартымызға дейін Отаншыл болуымыз керек», «Мен қазақпын» деп өз ұлтыңды мақтаныш тұтқың келсе онда тарихыңды біл. Сонда ғана болашағың айқын деді.
  • Иә, отан сүйгіштікке тұнып тұрған өсиеттер әр қазақтың жүрегінде сақталуы керек.
  • Егер жас ұрпақ отансүйгіш, елжанды болып тәрбиеленсе «Мәңгілік Ел» дегеніміз сол!
  • Ұлт көшбасшысының «Мәңгілік Ел» идеясы алапат күшке ие. Олай дейтініміз, адамзат руханиятына, ұлт тағдырына қауіп төндіретін жаһандық процестер жүріп жатыр. Сол жаһандық күшке рухы мықты халық қана төтеп бере алады. Елбасының айтқан сөздерін іске асыратын біз бен болашақ жас ұрпақ. «Мәңгілік Ел» жобасы жайдан айтылған сөз емес. Сөзді ұққан адамға бұл үлкен дүние. Бабалар дәстүрін, саясатын жалғаған Елбасымыз еліміздегі жүзден астам ұлттар мен ұлыстарды қазақтың қара шаңырағының астында ортақ идеяға ұйытып, Қазақстанды әлемдегі алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына қосуды мақсат етіп отыр. Осы кезге дейін он мың түлек бітірген «Болашақ» бағдарламасы Елбасымыздың Қазақстанды Мәңгілік Елге айналдырудағы негізгі стратегиясы.
  • «Мәңгілік Ел» - бұл Қазақстанның ірі державалар арасындағы бәсекеге қабілеттілігі!
  • «Мәңгілік Ел» - бұл тілімізді, ділімізді, тарихымызды, салт – сананы сақтап, қазақ деген атпен алдағы ғасырлардың көшіне ілесу!
  • «Мәңгілік Ел» - бұл келешек ұрпақтың тәуелсіз, алдыңғы қатарлы елде өмір сүруі, Қазақстанның көк байрағының мәңгілік желбіреуі. Елбасымыздың басты мақсаты осы.
  • Ұлы бабамыз Тұныкөк абыз түркі жұртына қалдырған өсиетінде «Туы тұғырлы, елің мәңгілік болсын!» деген екен.
  • Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз – өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұратымыз!
  • 550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимо бекітілді.
  • Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды.Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі . «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығын – халық бірлігін дәлелдейді. Тарихи дата қазақ хандығының құрылуының 550 жылыдығын атап өту – өткен, осы және келер шақтың мирасқорлығын және ұрпақтың бабалар алдындағы қазахи мемлекеттіліктің қайнар көзі.
  • Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайратымен стратегиялық көріпкелділігінің арқасында Қазақстан заңды рәсімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды, Қазақстандықтардың ұлттық идеясымен тарихи санасын қалыптастыуда және халықтың білігін нығайтуда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерекше ролін атап көрсету қажет. Иә, ел болып еңсе көтердік дегенде арғы жағында арқа сүйер, табан тірер не бар екенін қазақ жұрты мен қазақстандықтардың жарасымды тіршілігінің дәлелі болды.
  • Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы қазірдің өзінде елді біріктіруші күшке, ұлттық идеяологияға айналды. Ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының, сонымен қатар ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры, ұлттық рухани құндылығы.
  • Қазақ халқы ХХ ғасырдың соңында мәңгілік арманына жетті. Мойны бұғаудан босады. Дүниеге жар салдық.
  • Біз тәуелсіз ел болдық деп мінберден сөйлеп, биік- биік тұғырдан көріндік. Елдігімізді көтерген Елбасы елдің мәңгілік тұғырнамасын қайта қозғады. Ширек ғасыр елдігімізді танытқан соң бабаның арманын қайта жаңғыртты. Бұл да сындарлы сағаттың жемісі еді.
  • Қазақтың мәңгілік жемісі еді.
  • Бір кездері дүркіретіп билік құрған Көктүріктер империясы ту еткен, Тоныкөк негізін қалаған, ұлы Шыңғыс хан империясының атына айналған Мәңгілік ел құндылығы бүгін, міне, осылайша Қазақстан мемлекетінің түп қазығы – ұлттық идеясына айналды.
  • « Мәңгілік ел» -мыңжылдық жалпы ұлттық идея.
  • Мәңгілік ел – Тәуелсіздік тұсында қалыптасқан философиялық идея.
  • Қорыта айтқанда ел ертеңі көреген басшы мен кемеңгер халқының негізінде болмақ басшысына бағына алған халық пен халқының мүддесінен шыға алған басшысы бар ел мәңгілік болмақ! Елбасымыздың «Мәңгілік ел » идеясы өзінен бұрын өткен бабалар реформасы мен мақсаты бір болғанымен мағынасы мен жүйесі жағынан зор айырмашылық жасайды. Бабаларымыз халқын ауызбіршілікпен алға бастырып, әдет- ғұрпымен руханиятын шыңдап, заңдарымен ел бүтіндігін жер амандығын қорғап отырса, Елбасымыз сындарлы саясатымен өз халқын дамыған елдердің қатарына қосып, басқа елдермен терезесін тең етіп, бақытты да шат- шадыман тірлікке жеткізу, бұл дегеніміз бабалар арманымен мақсаты мен маңызы бір, мәні мен жүйесі бөлек іс.
  • Елбасы бастаған істі ел де қолдамақ, біз секілді ұрпағы жалғамақ.
  • Ол ұлы міндет.
  • Кешегі Мағжан сенген жастарға бүгін Елбасы да сенді. Сенім артты. Сол үшін мәңгілік елге қызмет ету біздің борыш.
  • Тіл мәңгілік, ұлт мәңгілік болғанда ғана ел мәңгілік болмақ. Мәңгілік тәуелсіздік болмақ. Елдің ертеңі нұрлы болсын! Қазақ елі мәңгі болсын!

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет