Баяндама «Өзіне-өзі қол жұмсауғА Әрекеттенетін балалардың мінез-қҰЛҚының психологиялық ерекшеліктері»



Дата26.08.2017
өлшемі78.33 Kb.

Жамбыл орта мектебі


БАЯНДАМА

«ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУҒА ӘРЕКЕТТЕНЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

Ата-аналар жиналысында

педагог-психологтың баяндамасы

Дайындаған: психолог Кумусбекова А.Х.

Қараменді

2015 – 2016 оқу жыл

Суицид – ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндіріледі. Әсіресе ауыр және қауіпті дағдарыстар эмоцияға берілгіш, тез жараланғыш тұлғаларда болады. Осылайша суицид – адам мінез-құлқының актісі, ол психикалық ауру әсерінен және рухани күйзелістің ұлғаюы жағдайында жасалады.

Қазіргі психологиялық зерттеулер адамдардың өмірде кездесетін қиыншылықтарды өзіне-өзі қол жұмсаумен шешуге бейім тұратындығын, әрі бұл мәселе генетикамен байланысты екендігін айқындайды.

Суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі зерттеу нәтижелері Ресейде 1917 жылдан кейін ғана баспа бетін көре бастаған. М.Әділбекова өз мақаласында: «А.Е.Личко, К.Леонгард зерттеулерінде жеткіншек жастағыларға тән суицидті мінез-құлық типтерінің үш түрін: демонстративті, аффективті, шынайы деп бөлді. А.Е.Личко т ұлғаның акцентуация типі мен жеткіншектің суицидті мінез-құлық арасындағы байланысты көрсетті. Суицидті мінез-құлықтың демонстративті типінің 50 пайызын истеройдты-бекем және гипертимді- истеройдты типтер құрайды. Ал эффективті суицид кезінде бірінші орынды лабильді- истеройдты типтер алған. Шынайы қастандық, көбінесе, сензитивті типтерде (63 пайыз) болып шыққан. А.Е.Личко жеткіншектік кезеңдегі суицидтің төменгі белсенді шизойдтарға тән екендігіне баса назар аударады .

Егер жеткіншек өзіне сенімсіз, өзін-өзі бағалауы төмен, оптимист емес, бірақ күнделікті істе белсенді, өзін кінәлайтын, қорғанышсыз екендігін сезінетін болса және психикалық дамуы кешеуілдесе, онда осындай белгілері бойынша бала суицидке бейімді деген болжам жасауға болады.

Егер ашық, ақжарқын жеткіншек тұйықталса, бұрынғыдай көпшілікпен араласуға құлқы азаятын болса, мінез-құлқында қызбалық байқалса, кейбір құрбыларымен қарым-қатынасы бұзылса, ерік-жігерінің және қоршаған ортаға деген қызығушылығының болмауы мінез-құлықтық ерекшеліктер болып табылады.

Біздің елімізде алғаш рет өзіне-өзі қол жұмсау мәселесіне қатысты 1999 жылы Қарақұлова Зәуре «Суицидал мінез-құлықты жеке адамның отбасылық тәрбие жүйесіне байланыстылығын зерттеу» (ғылыми жетекшісі -психология ғылымдарының докторы, профессор С.М. Жақыпов) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Диссертациялық зерттеудің теориялық негізі болып Қазақстан, Ресей және кеңестік психологтардың суицидалды мінез-құлқының дәрігерлік және әлеуметтік тұжырымдамалары, атап айтқанда Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн және басқалардың тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның ықпалы туралы еңбектері, К.А.Абульханова- Славская, С.М.Жақыпов, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, В.К.Шабельниковтердің қоғамның тіршілік әрекетіне тұлғаның ендірілуін зерттеудегі функционалды- әрекеттік тәсілі, суицидал мінез-құлықты және оның пайда болуының себептерін түсіндіруде А.Г.Амбрумова, Л.И.Постовалова, В.П.Тихоненко және т.б. зерттеулері саналды. З. Қарақұлованың зерттеуінде суициденттер отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері көрсетілген. Суициденттің ақыл-парасатының, құндылықтарының ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыдан зерттеген (сыналушылардың саны – 350). Сонымен қатар суицидтік мінез-құлыққа бейім келетіндерге психологиялық тексеру жүргізу жолдары белгіленген. Кейбір отбасы мүшелерінің псевдо іс-әрекеттерінің болатындығын анықтаған.

Балалардың өзіне-өзі қол жұмсаған барлық түрлерінің көпшілігін жанжал мен бейберекеттік, яғни ересектердің тарапынан болатын зорлық-зомбылыққа тап болу қорқынышы, мұғалімдер, достары, сыныптастары жағынан көрініс алатын дау-дамайлар, айналасындағылардың тасжүректік және немқұрайлы қарым-қатынастары, жауапсыз махаббат туындатады. Мұндай қадамға, көбінесе тұйық, тез жәбірленгіш, жалғыздықтан зардап шегіп, өзінің керексіздігін сезінген, өмірдің мән-мағынасын жоғалтқандар барады. Сонымен қатар суицидтің болу себебі ата-анасының ішімдікке, нашақорлыққа салынуы, баланың жеке психологиялық ерекшеліктерінен де болуы мүмкін.

Өз-өзіне қол жұмсау жас өскен сайын көбеюде, барлық жастағы адамдар өзіне қол жұмсауға әрекеттенеді. Қазіргі таңда үш бірдей жас ерекшелігі топтарында: балалар арасында, жеткіншектерде және егде жастағы адамдарда мінез-құлықтың өзінен-өзі тиісті мөлшерден ауытқушылығына ерекше мән беруіміз керек.

Балалар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау басқа жас ерекшеліктерімен салыстырғанда сирек кездеседі. Дегенмен де суицидті түсіндіретін теориялар мен сипаттамалар балаларға да қатысты. өзіне-өзі қол жұмсау тәсілдері тіпті әр қилы: дәрі-дәрмектерді мөлшерден тыс ішуден бастап, пистолетпен өзін-өзі мерт қылуы. Сөйтіп 3 : 1 арақатынасында ұлдар қыздардан асып түседі. Сондай-ақ балалардың кейбіреулері, мысалы үшкір затпен денесін шаншып жарақаттау, кесіп жаралау, күйдіру, дәрі-дәрмектерді мөлшерден тыс ішу және биіктіктен секіру сияқты тиісті мөлшерден ауытқушылық істерін әдейі жасап, ауруханаға түседі.

Зерттеушілер көрсеткендей, кішкентай балаларда суицидке әрекет жасау алдында : үйден қашу, апатқа ұшырауды көздеу бағыты, өтірік істерге ұмтылу, ашу қысу, ортадан безу және жалғыздық, сынға сезімталдығының ширығуы, кедергілерге шыдамау, мұңды қиялға шому және өлім мен өзіне-өзі қол жұмсауға деген зор ықылас болады. Зерттеушілер балалар суицидін сүйікті адамын жақын арада жоғалтқан немесе жоғалтатындай болғандағы жағдаймен, отбасындағы стреспен және ата-аналардың жұмыссыздығымен, әке-шешелерінің мейірімсіз қарауымен және депрессияның клиникалық деңгейімен байланыстырады.

Балалар өзіне-өзі қол жұмсау ісінің мәнін толығымен түсінеді дегенге, адамдардың көпшілігінің сенуі қиын. Олардың есептеуінше, баланың ойлауы шектеулі, өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасайтын балалар Шнейдерманның «өлімді елемеушілік» дәрежесіне келеді, яғни дүниеден озған анасына қосылуға ұмтылуы. Сонымен қатар көп адамдар суицидті ойлау типі қалыпты балаларда таралған деп есептейді.

Суицид депрессиямен, өзін-өзі төмен бағалаумен және күдер үзу сезімімен байланысты. Сонымен қатар өзіне-өзі қол жұмсау жөнінде ойлайтындар өздерінің қиыншылықтарын бағалауға және одан құтылудың жолдарын білмегендіктен, күшті стресс күйінде болады.Олардың көпшілігі ұзақ стресті басынан өткізеді, ата-анасынан айрылғандар немесе олармен қарым-қатынастарының дұрыс еместігі, отбасындағы дай-дамай, құрбыларымен өзара қарым-қатынастарының теңбе-тең болмауы және әлеуметтік оқшаулау. Жанама стресс тудыратындар: мысалы әке-шешелерінің жұмыссыздығы, отбасындағы қаржы тапшылығы және дос ұлмен немесе дос қызбен болған түсінбеушіліктер. Өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенуші тинейджерлер арасында ең кең жайылған қиын мәселе – мектептегі стресс болып табылады. Әлдебір оқушылардың үлгермеушілігі, ал басқа оқушылардың «өте жақсы» бағалармен оқуы мәселе туғызады, кейде «басқалардан артықпын» деп сыныпта бірінші, яғни алдыңғы қатарда көрінгісі келуі стрестік жағдайға әкеледі.

Кейбір теоретиктердің есептеуінше, жасөспірімдік шақтағы стрестік хал-ахуал өз алдына суицидқа әрекеттенуді тудыруы ықтимал. жасөспірімдік шақ – бұл жедел өсіп жетілетін кезең болғандықтан, біздің қоғамдағы мектеп пен отбасындағы дау-дамаймен, депрессияны сезінумен, шиеленіспен жиі байланысты. Басқа жас кезеңдеріндегі адамдарға қарағанда, жеткіншектер өте сезімтал, ашуланшақ, өтіп жатқан оқиғаларға қызбалықпен қарайды, сол себепті стресс күйінде суицид актісі ұлғаяды. Сонымен, жеткіншектердің иланушылығы және басқаларға еліктеуге ұмтылуы, соның ішінде өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенушіге, суицид үшін негіз,ой болып саналады. Қайсыбір зерттеулерде айқындалғандай, өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенуші жеткіншектердің 93 пайызы өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенгендермен таныс болып шыққан. Жеткіншектер ересектерге қарағанда өзіне-өзі қол жұмсауда батыл емес. Өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенуші жеткіншектердің кейбіреулері шын мәнісінде өмірден кетуді тілейтіндер болғанмен, көпшілігі басқаларға қандай қиын жағдайға тап болғандығын және олар көмекке мұқтаж екендіктерін түсіндіргісі және айналасындағыларға сабақ болсын деп үйреткісі келеді екен.

Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, дінге сенбеушілік, имансыздық, суицидке жайбарақат қарауға алып келетіндігі анықталды.

Жеткіншектер дағдарысқа түскен жағдайда мамандардан емес, өздерінің құрбыларынан кеңес сұрайды. Баспанасы жоқ немесе үйден қашып кеткен жеткіншектер өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойда жүретіндігі белгілі болып отыр.

Әлемдегі барлық елдерде жеткіншектердің өзіне-өзі қол жұмсауы өсіп келетін көрінеді. Кейбір теориялар осы мәселені әлеуметтік өзгерістермен байланыстырады. Өйткені жұмысқа, колледждегі оқуға бәсекелестіктің күшеюі, академиялық және спорттағы жетістіктер, осыған сәйкес көпшілігінің армандары аяқ асты болып қанағаттанбағандықтан, шамданғыш келеді. Басқадай да түсінік бар, яғни отбасындағы тығыз бірлік әлсіреген, сондықтан отбасы мүшелерінің бір-біріне жат болып кетуі мен шеттетілуі және анаша тартуға қол жетерлік болуы және осыған итермелейтін ортаның қысымын жеткіншектердің сезінуі артып келеді.

Өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенуші жеткіншектер туралы хабарлардың ақпарат құралдарынан берілуі суицидтің өсуіне әсер етеді екен. Репортаждар мен суицидті сипаттау және көркем шығармалар (кинофильмдер және әдебиеттер) жастарға өзіне-өзі қол жұмсаудың моделі ретінде көрініс табуы мүмкін.

К. Елшібаеваның «Суицидтің алдын алу» еңбегінде жанжал жағдайларында мінез-құлықтың сындарлы (конструктивті) амалдарын дамыту, сенімділікке үйрену, құрбыларымен зорлық-зомбылықсыз өзара арақатынас жасау, жеткіншектерді агрессивті сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету, рефлексияның тетігін табу, бақылау мен өзін-өзі қадағалауды дамыту, қауіпті жағдайларды ажырата білу қабілеттерін қалыптастыру, өзіне деген жағымды қарым-қатынасты орнату, оқушыларды күйзеліске қарсы тұра алуын қалыптастыру сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылған.

Сонымен суицид көрініс алған тәлім алушы топпен жүргізілетін психокоррекциялық жаттығулардың мазмұны төмендегідей:

- пікірталас – ұрыс емес;

- адам ашу-ызамен қандай істерге барады?

- қауіпті жағдайлар, сыпайы бас тарту;

- мен өзімді мақтан етемін;

- күйзелістен қалай құтылуға болады;

- мен өз ренішіме еніп кеттім;

- ойлар, сезімдер, мінез-құлық;

- өтініш және менің оған деген қарым-қатынасым;

- менің құқықтарым;

- қиын жағдайлар мені нелерге үйрете алады?

- төзімділік деген не?



Балалардағы суицидті жағдайлар импульсивті, ситуативті және жоспарланбаған болып жиі кездеседі. Суицидтік әрекетіне бару - өмірге бейімделе алмаудың салдары, әрі туыстарынан және сыртқы ортадан оқшаулану негізінде туындайды.

Сонымен, жеткіншектердегі суицидті мінез-құлық, оларды қоршаған ортамен әлеуметтік байланыстың бұзылуын өзін-өзі мерт қылумен қалпына келтіру деген оймен ерекшеленеді. Суицидті мінез-құлық түрлерінің туындауына түрткі болатындар: адамның психологиялық факторы, мәдени деңгейі мен оны қоршаған адамдар. Баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне көп көңіл бөлсек, сонда ғана суицидті мінез-құлық деңгейі аз мөлшерде болады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет