Баяндама Тақырыбы: Ойын-балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту құралы



Дата06.07.2018
өлшемі15,96 Kb.
#48119
№29 «Балауса» бөбекжайы МКҚК

Баяндама

Тақырыбы:

Ойын-балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту құралы.

Қазақ тілі мұғалімі: Аққалиева А.Ғ.

Орал 2017ж.

       Мектепке дейінгі ұйымда өзге ұлт өкіл балаларына қазақ тілін оқыту жұмысында балаларға мемлекетік тіл туралы түсінік беру, коммуникативтік қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

      Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-тіл үйретудің негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

      Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, қазақ тілінде атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

      Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту ісінде мұғалімге:

- балалардың қазақша сөздік қорларын дамыту;

- жаңа сөздерді меңгерту;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

     Осы аталған міндеттерді мұғалім үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, өзара сөйлесу, тілдік қарым-қатынас белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, мңғалімнің үйреткен сөзін тез меңгеріп алуы,сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

      Орыс тілді топтарда мемлекеттік тілде коммуникативті дағдыларын дамытуда - ойын әрекеті ең негізгі құрал болып табылады. Мұғалім бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу, саяхат барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.

Мен өз тәжірибемде де орыс тілді балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында көбіне ойын әрекетін қолданамын. Көбіне дидактикалық, үстел үсті, заттармен және сөздік ойындарын ойнатамын.

        Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Көкөніс пе,жеміс пе?», «Бұл ойыншық қазақша қалай аталады?», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.

       Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Орманда,жайлауда», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».

        Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Дұрыс ата», «Аудармашы», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

Сонымен қатар баланың тілдік қарым-қатынасын дамытуда дидактикалық ойынның да алатын орны зор. Әрбір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізіп, күнделікті оқу қызметінде дидактикалық ойындарды дұрыс қолданып отырса тіл меңгеруде оңды нәтиже береді.

Баланың тілдік қарым-қатынасын дамытуда еркше орын алатын ойын түрі –рөлдік ойындар. Рөлдік ойынның мәні- ойын барысында баланың тілдік қатынас жасауға деген талабын ашады. «Қажетті сөзді үйренсем,тауып дұрыс айтсам» деген ойды туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық ерекше мкңызға ие болады. Рөлдік ойындар үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп, өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді.

Мен балалармен жұмыстану барысында бөбекжайға қуыршақ театры келсе, олардың қуанатындығын, сонымен бірге кішігірім көріністерді қуыршақтардың көмегімен өздері ойнағанды жақсы көретінін байқадым. Балалар қойылым барысында қуыршақтардың сұрақтарына жауап беріп, олардың өтініштерін орындайды, кейіпкерлермен бірге күліп,жыласа-бірге жылап, қайғырса-бірге қвйғырып, келе жатқан қауіп-қатерді ескертіп, әрқашанда сүйікті кейіпкерлеріне көмектесуге дайын отырады. Сондықтан мен театрландырылған ойындарды оқу қызметімде жиі ойнатамын. Өйткені бұл ойындар арқылы бала үйренген сөздерін тез естерінде сақтап, ой-өрістері кеңейіп, сөздік қорлары молаяды,тілдері жаттығады, коммуникативтік дағдылары дамиды. Театрландырылған ойындар –режиссерлік және драматизациялық ойындар болып бөлінеді. Режиссерлік ойындарға үстел театры, көлеңке театры,фланеграф театры жатады. Мұнда балалар барынша кейіпкердің рөлін ойнап,оны интоциямен, мимикамен білдіреді.

Драматизациялауда қуыршақтарды,ойыншықтарды немесе саусаққа тағылған кейіпкерлерді қолданады. Бұл ойындарды ойнағанда бала кейіпкердің рөліне енеді. Мысалы, белгілі бір кейіпкердің маскасын ,қалпағын,жұмыс киімдерін киіп, кейіпкерді сомдайды.

Саусақ театры көбіне ертегі кейіпкерлерін сомдауға қолайлы. Бірнеше кейіпкерді сомдауға болады. Мысалы: «Жеті лақ», «Шалқан», «Үйшік» ертегілерін сахналау.

Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін ,коммуникативтік дағдыларын дамыту жұмыстарында, баланың қоғамдық белсенділігін қалыптастыруды, баланың өзара қарым-қатынастарын дамытуда ойынның маңызы зор.

        

 

 



 
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет