Баяндама. Тақырыбы: «Оқушылардың география сабағында қызығушылығын арттыру»



Дата26.08.2017
өлшемі50,67 Kb.
#28289
Баяндама.
Тақырыбы: «Оқушылардың география сабағында қызығушылығын

арттыру»

ХХІ- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі заманға сай зерделі шығармашыл, қабілетті де білімді өзгермелі ортаға сай тез бейімделгіш жеке тұлға бейнесін қалыптастыру маңызды. География ғылымының өте қызықты да күрделі, осы пәнге қызықтыру үшін мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта тиімді қолдануды талап етеді.

Елбасының ұрпақ болашағы үшін айтқан ой – түйіні ғасыр мектебіне жаңа заман талабына сай жаңаша оқыту технологиясын игеру міндетін жүктеп отыр. Білім заңының 8 – бабы мектепке «Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу қажеттігін жүктейді».

Осыған орай жаңа ғасырда мектептегі география сабағына мынадай талаптар, мақсаттар жүктейді.

Сабақта дәстүрлі емес сабақ түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы белсенділігін артырады. Физикалық және материктердің физикалық географиясы бойынша ойын – сабақ, викториналық – сабақ, сабақ – конкурс, топтық сайыс сабақ, географиялық саяхат сабақ, білім тексеру сабағы, 8, 9, 10 – сыныптарда Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы шет елдер географиясын өткен кезде интеграциялық сабақ, блок сабақ, сабақ – конфиренция – реферат немесе – оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын қорғау сияқты сабақ түрлерімен толықтырылады.

Дайындық барысында мен әрдайым оқушының географиялық білімін жетілдірудің негізі – оқушының өз бетінше ізденуін, көзден тыс қалдырмаймын, үнемі оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмасын деп, қосымша ақпарат іздеп ,зерттеп келуге арналған тапсырмаларды ұсынамын.

Оқытуда түпкі мақсатқа жету үшін мен өзбетінше ізденуге аса көңіл бөлемін. Неміс педагогі Адльф Дистервег ХІХ ғасырдың өзінде – ақ «жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы» - деген болатын. Сондықтан шындықты өзім айтып хабарламай, жарияламай, күнделікті сабақта проблемалық ситуацияларды шешуге жіктеймін. Сонымен қатар бір сабақтан екінші сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын. Осындай жұмыс түрі оқушының өзіндік ізденісіне жол ашады.

Жалпы білім беретін мектептегі барлық оқушылар бірден өзіндік ізденіс жұмысымен айналыса алмайды. Бірақ осындай жұмыс түрлері ерекше шығармашылықпен айналысатын баланың өз бойына қызығушылықтары болуы шарт немесе пәнге деген қызығушылығы басым болады. Менің ойымша оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана ұштай алады. Шығармашылық арқылы баланың таным мотиві қалыптасады.

Өйткені таным арқылы балаға оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу әкеледі.

География сабағында инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту
Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы. Сондықтан да қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер жаңа технологияны пайдалану жолдары түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы орайда ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновация -лық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелер дің бірі болып отыр.
Мектепте оқу - тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың бірден - бір жолы - ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, өз бетінше ізденуін арттыру.
Әрбір мұғалімнің шығармашылық жұмысы белгілі бір мақсатты көздейтіні сөзсіз. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы негізгі мақсат - олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Ал, бұл мақсатқа жету оқытудың көптеген міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, яғни:
• жаңа материалды берік және түсініп оқуына;
• білімін өз бетімен оқып толықтыруға;
• жоғары оқу орындарына жақсы дайындалған талапкерлерді беруге;
• сол талапкердің таңдаған мамандығын шығармашылықпен игеруге.

Мұғалімнің барлық қабілеті - оның шығармашылық жұмысынан көрінеді.


Бұл тұжырым - психологияның негізгі принциптерінің бірі. Оқушының білім алудағы жоғары белсенділігін қалыптастыру үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс қолдану - оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың ең басты құралы болып табылады. Сондықтан да оқушының танымдық дамуын қамтама -
сыз ету үшін, оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін жиі қолдану өте қажет. Бірақ түрі әдіс - тәсілдерді пайдаланғанда, оқушының бойында танымдық қабілеттің бар - жоғын ескеру қажет. Күрделі танымдық тапсырмаларды тек ғана қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Таным қабілетінің дамуына сай емес, оқушының мүмкіндігінен жоғары тапсырмалар, оқушының өз қабілеті мен күшіне деген сенімін жояды. Олай болса, оқушының танымдық қабілетін дамыту – ұзақ үрдіс деген қорытындыға келуге болады. Ол үшін мұғалімнің жұмыс жүйесі біртіндеп, жоспарлы және көздеген мақсатқа жетуге бағытталған болуы қажет.


Міне, бұл сабақта оқушылардың бәрі де ізденісте болып, бәрі де қызу жұмыс жасап, сабақтың өн бойында қызығушылық танытты. Сондықтан да оқушының айтқан көзқарасын қолдайтын немесе оны жоққа шығаратын элементтері бар сабақ - өзінен өзі оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тудырады.
Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіретін ең кең тараған, ең байырғы тәсілдердің бірі - мұғалімнің сұрақ қоюы. Бірақ мұғалім сұрағы оқушының тақырыпты игергенін тексеру құралы ретінде емес, оқушының білім қорын анықтайтындай дәрежеде қойылуы керек. Осы тұрғыда мен өзім сабақ беретін сыныптарымда «Ол кім? Бұл не?» немесе «Неге? Қалай? Қашан?» деген сұрақтарды жиі пайдаланамын.


Қорыта келгенде: Қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім беру мен саналы тәрбие беруде электронды оқу құралдары, қашықтықтан оқыту және дидактикалық тапсырмалар мен оқыту секілді заман талабына сай әдіс тәсілдерді қолданып жүрмін. Бұлардың ұрпақ тәрбиесі мен білім беруде маңызының зор екенін қазіргі тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл тәжірибелердің негізі оқушы білімін саралап, қабілетіне, бейімділігіне байланысты бағдарлы сыныптарды ұйымдастыруға негізделген және де пәннің, ғылымның маңызды бағыттары бойынша өз білімдерін тереңдете түсуіне ықпал ететіні ақикат. Осы жағдайды ескере келе жаңа технологияның әдіс-тәсілдерінің маңызын түсіндіру мақсатындағы дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақтарды жиі өткіземін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын байқадым.

География пәні ең қызықты, оқушылардың белсенділігін, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән. Дегенмен әрбір сыныптың танымдық қызығушылығының тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі. Ал әрбір сыныптағы әдіс пен тәсіл оқушылардың танымдық қызметінің белгілі бір деңгейіне есептелінеді. Сондықтан да оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін сәйкес оқыту әдісін таңдай білу керек.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Оқушылардың география сабағында қызығушылығын арттыру»

География пәні мұғалімі: Ізмағанбетова Ә.Ш.

2016 жыл,мамыр
Каталог: uploads -> doc -> 12b2
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12b2 -> 7 Қолданылған әдебиеттер
12b2 -> Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету
12b2 -> Сабақтың тақырыбы: ж ж дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты
12b2 -> «Ұстазым – ұлағатым, қарттарым қазынам!» (Ертеңгілік) Ересек «Ақкөгершін»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет