Баяндама Тақырып:«Заманауи білім технологиясы-қазақ тілін үйретудің тиімді жолы.»



Дата10.03.2017
өлшемі50,12 Kb.
#11178
Баяндама

Тақырып:«Заманауи білім технологиясы-қазақ тілін үйретудің тиімді жолы. »

Баяндаманы дайындаған:

«№116 Тобыл орта мектебі»КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Егізбекова Роза Серікқызы

Тобыл кенті,2015жыл

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның ел басқарушысы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны емес баршамызға түсінікті. Сондай-ақ, Елбасы: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Сонымен қатар педагогикалық шеберлік орталығында біздің мұғалімдер текқана жай үндемей, отырып, тиыш қана сертификаттарын алып үйге қайтып, ешкімге ештене бермей, айтпай, жұмыстарына кіріседі. Қазіргі заманда ондай дәстүрлі сабақтың оқытуы аз,неге десек мұғалім өзінен бастау керек. Көп жағдайларды зерттеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетіне айналды. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болуы. Теориялық бағдарлама Кемридж университеті мен Назарбаев интеллектуалдық мектеппен бірге құрастырылған , өйткені ең маңызды мәселе : « ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», сонымен қатар « Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Осы болып жатқан өзгерістер мен оқудағы әдістерді не үшін өзгертуге керек? Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдерісіне мультимедиалық технологиялар, заманауи технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу. Осы проблеманы шешу үшін оқыту әдістері арасында – конструктивті теория қарастырырған . Конструктивті теория дегеніміз оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы естіп көрген нәрселер, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен жүзеге асып дамыту, ең алдымен оқушыны жақсы түсіне білу нақты міндет қойылып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен жұмыс істеуін, түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.

Джон Дьюи айтқандай білім беру саласы өмірдегі маңыздылығын көрсетсе, өзі де толық жандандырып болуы тиіс. Сонымен қатар осы бағдарлама бойынша мен өз тәжіребиімде(практикамда): Неге? Не? Қалай? деген сұрақтарға жауап табуыма тырыстым. Сессия үстінде өткен жұмыстар: топтық жұмыс, пікірталас, презентация және жеке өз зерттеу жұмысын жоспарладық солардың бәрі үлкен үлес қосты. Тақырыбым: «Қазақ тілі сабағында топтық жұмыс арқылы 9 «б» сынып оқушылардың коммуникативтік қабіліеттерін дамыту.» Мақсатым: Коммуникативтік қабілеттерін дамыту, диалог түрінде оқыту, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т.б.) дамыту. Міндеттерім: 1.Коммуникативтік қабілеттерін дамыту, төрт компонент: айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым. 2. Топта жұмыс істеуге үйренуге, бір- бірін есту, түсіну, тыңдау, айту, тіл үйренуге. 3. Алған білімдерін өмірде пайдалануға.

Қандай білім берудің және оқытудың жаңа тәсілдерін жоспарладым?Ол сауалнама, сұхбат, бақылау және бағдарламаның екінші кезенін зерттеу. Осы зерттеу жұмысын бастау үшін 9 «б» сынып оқушыларын таңдадым, сол сыныпта екі жыл жұмыс істедім. Оқушылардың мінездерін,ерекшеліктерін біліп зерттеу жұмысына кірістім. Бір оқушының үлгерімі жоғары , үш оқушының үлгерімі жақсы, қалған оқушылардың үлгерімі төмен. Сауалнамаға 10 оқушы қатысты. 1) Тапсырмалардың қайсысы сендердің қызығушылығын арттырады? 11% бүкіл тапсырмалар қызықты. 2) Сабақтың қай түрде өтетінің білесің бе? 11% жоқ деп жауап берді. 3) Сабақта басқа әдіс пен тәсілдерді көргін келеме? 67% иә деп жауап берді. 4) Сабақта өзінді қалай сезенесін? 67% сабақта өздерін жақсы сезінеді. 5) Сабақта әрқашан қызықты болады ма? 11% қызықты емес деп жауап берді. 6)Тапсырманың қайсысы қиын? 11% лексико- грамматикалық тапсырмаларды орындағанда қиын деп жауап берді. Сондықтан 67% өздерін сенімді сезінеді, бірақ 11% лексико- грамматикалық тапсырмаларды орындағанда қиналады. Оқушылардың басты білімдерін анықтау үшін жұмыс жүргізілді, өйткені барлық кемшіліктерді біліп, түзетуім қажет. Сауалнаманың жауаптары бойынша мен өз тәжиребиімде талдауға кірістім. Ең бірінші жоспар құрастырып, содан кейін қысқа мерзімдік жоспар төрт сабаққа құрастырдым.

Осы қысқа мерзімдік жоспар құрастырғанда топтық жұмысын, жұптық жұмысын, өздік жұмысын байқадым, барлық тапсырмалар оқушылардың ерекшеліктеріне сай болды, қиын жағдайлар болмау үшін оқушыларды топтық жұмыс дегеніміз не, топта қалай жұмыс жасаймыз, қалай бағалаймыз, кім- кімді бағалайды осындай сұрақтар болмау үшін ережелермен таныстырып, оқушыларда өз ережелерін құрастырды. Сабақты бастау алдында психологиялық ахуалды өткізіп, оқушыларды сабаққа дайындаймыз.

Содан кейін топтарға бөлінді «Өз сынарың тап» стратегия арқылы, ол кезенде мақал- мәтелдерді, өлең жолдарын, нақты сөздерді бір- бірімен салыстырып өз сынарың табуға тиісті, солай топқа бөлінеді, үстел үстіндегі өздеріне ұнайтын әртүсті киіз үйге отырады, бірақта бірінші рет оқушылар кім- кімді ұнатады, кім- кіммен дос дегендей отырған, келесі сабақтарда ондай жағдай болған емес. Сабақтың тақырыбына, мақсатына оқушылар өздері жетуге тиісті, осы мақал- мәтелдерді, өлең жолдарды, нақты сөздерді жай ғана алмай әр сабаққа, әр тақырыпқа өз өлеңдерді, мақал- мәтелдерді оларды салыстырып тақырыпқа жетеді, мақсатқа көмек арқылы жетеміз. Сабақта интеактивті тақтаны қолдандым, презентациялар көрсеттім, « Қалташа - жұмбақ», «Сұрақты ұстап ал», «Константинополь», «Постер», «Венн диаграммасы», «Бақыт баспалдағы» және т.б. стратегиялар арқылы сабақ алдындағы қойылған мақсатқа жетеміз. Сабақ сонында «Бақыт баспалдағы» стратегия бойынша бағалайды:1) 100% сабақты қиын емес деп бағалады. 2) 80% өздері жақсы сезінеді, 20% өздері орташа сезінеді. 3) бүгінгі сабақ ұнады ма? 100% иә, деп жауап берді. Осы төрт сабақтан кейін мен тағы сауалнама өткіздім: 1) осы өткен сабақтар ұнады ма? 100% ұнады деп жауап берді. 2)тапсырмалардың қайсы қиын. 50% қазірқиын емес, деп жауап берді, 50% қазір қиын деп жауап берді. 3) әртүрлі қиыншылықтамен кездесті. 80% киыншылықтармен кездескен жоқ, 20% қиын деп жауап берді. 4) топпен жұмыс жасағанын ұнады ма?60% иә деп жауап берді, 30% жоқ деп жауап берді.

Күтілетін нәтиже, алдағы жоспарым:

Әрбір сабақтың жетістіктері де, кемшіліктері де болады. Мен осы педагогикалық шеберлік орталығында болғаныма өте қуаныштымын, өйткені ХХІ ғасыр мұғалімі,жаңа формация мұғалімі кім екенін біліп, өз тәжіребиімді өзгертіп, арғарай жұмысты жалғастырамын. « Мұғалімнің жұмысы және оқушының жетістіктері бұл күтілетін нәтиже!», бұрынғыдай «Мұңалім- Мұғалім» дегеніміз жоқ, «Мұғалім- Оқушы- Мұғалім» осыны ұмытпау керекпіз.




Каталог: uploads -> doc -> 1144
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1144 -> Сабақ 3 бөлім: Меніңотбасым және достарым Сабақтың тақырыбы: Көңілді достар Күні: Мұғалімнің аты-жөні: 1-сынып


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет