Ббк 84 қаз 7-5 б 45 б 45 Т. Бердалина «Нұр рауаны»



бет1/14
Дата20.06.2018
өлшемі392,72 Kb.
#43781
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
УДК 821.512.122

ББК 84 қаз 7-5

Б 45

Б 45 Т.Бердалина « Нұр рауаны» өлеңдер, аудармалар.—

Қарағанды «Tengri Ltd.», 2013,

3-кітап, - 240 б.
ISBN 978-601-80339-6-4
Аңдату.
Тұрсынхан Жақыпқызы ( Сембаевна ) Бердалина - ұлағатты ұстаз, елу жыл білім беру саласында еңбек еткен, ҚР Білім және Ғылым Министірлігінің марапатымен мадақталған «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі және «Бейбітшілік Әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестегі Жазушылар Одағының мүшесі «Нұр рауаны» жинағын балбөбектер мен желкілдеп өскен жастарға үлгі-өнеге болатын, біліміне ілім қосатын өлеңдерімен, жиған-терген, құлағына құйылған жаратылыстың жақұт сөздерімен ұсынады. Өлеңдері шынайы, шындығы салмақты да саналы. Сөзі сұлу. Қалқының ерекше өмір салтын, қасиетті қағидаларын жас өренге жандүниесімен жеткізеді. Керегіңді ал білгенінді қос, - дейді.

Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады.

УДК 821.512.122

ББК 84 қаз 7-5

ISBN 978-601-80339-6-4
ISBN 978-601-7225-48-3 Бердалина Т., 2013

Алғысөз

Нұр Рауаны әр жүректі нурлы қуанышқа бөлейді.
Тұрсынхан Бердалина мамандығы бойынша орыс Филологиясының маман мұғалімі, аудармашы, ақын, қазақ тілінің беделін көтеруші азамат ана.

Кейінгі жылдар бойы қаламгерлікпен жүйелі айналысады.

Негізінен алғанда естелік, һикаят, поэзия, тариһнама жанрларында мемлекеттік тілде жазатын ұстаздың шығармалары республикалық және жергілікті мерзімдік басылым беттерінде жиі жарияланады.

Тұрсынхан екі тілде бірдей педегогика және әдістеме тақырыбындағы: «Қазақ тілі, орыс тілі сабақтарында көрнекілік қолдану», «Вы в каждой школе смотрите с портрета», «Оқушыларды қазақша дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдірудің кейбір жолдары», «Дифференциялап оқыту әдісін орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарында қолдану» «Қ. Жұбанов - теңдесі жоқ тұлға», «Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін игерту арқылы оқушыны қазақша сөйлеуге үйрету», «Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін оқыту», «Сөз туралы сөз айтсақ», «Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін орыс тілді ортада оқыту», «Әлемге әйгілі - 1986», «Сандар сөйлейді», т.б. мақалалары республикалық «Русский язык в казахской школе», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ізденіс - Поиск», «Изучаем казахский язык» журналдарында жарияланды.

Тоқсаныншы жылдары «Азия Транзит» Ақпарат Үйі құрылғаннан бері шығатын қоғамдық-танымдық альманағында, «Сыр мен сымбат» әйелдер журналында, «Қазақ тілін үйренейік - Изучаем казахский язык», облыстық «Орталық Қазақстан» басылымдарында Б.Тұрсынханның еңбектері үнемі жарияланып келеді. Бұл жылдар ішінде: «Өлең сөздің патшасы», «Ғасыр үні - тариһы қазағымның» атты өлеңдер айдарлауы», «Ұстаздар мерейі», «Артық болмас білгенің», «Абай - дара, Абай - дана қазақта», «Шындықтың шырағы сөнбейді» және басқа да көптеген мақалалары шықты.

Автордың қолтаңбасынан мерзімдік басылым қаламгеріне тән қабілет, қоғамдық пікір қалыптастыра алатындығы аңғарылады. Мақала, суреттеме, бейнелеу жазбаларын өмір дәлелдемелерімен айшықтауға, өткен дәуір мен ата-баба дәстүрін бүгінгі күн салтымен үндестіре жазуға шебер. Әдет-ғұрып төркіндері, танымдық тақырыптарға, мемлекеттік тіл мәселелеріне еркін, жан-жақты даярлықпен қалам тербейді.

Қаламгердің өзіндік оқырмандар ортасы қалыптасқан, жарияланымдары сұранысқа ие. Т.Бердалина «Еңбек ардагері», Қазақстан Журналистер одағының лайықты мүшесі. Өлеңдері «Отан», «Туған жер», «Астана - Нұрбақыт», «Сөз және тіл», «Бұлақ сөзім» т.б. философиялық ойлармен қабыса отырып, оқырманы - балаларға да ерекше көңіл бөліп, тәрбиелеп отырады.

Осы «Нұр рауаны» жинағы оқушыларына арналады. Оқып білгенін, естігенін, көргенін жинақтай жүріп, түйіндей отырып, оқырмандарына жеткізуге асығады. Қазақ Әлемінің парасат биігін, даналық мұрасын, зерде қазынасын топтап ұсынады. Жинақта киелі сандармен толықтай танысып, қазақ дүниетанымын түсініп, Қазақ елінің дәстүрлі шаруашылығының қыр-сырларын ұғынуға болады. Ұлтымыздың ұлылығын танып, парасат биігін бақылап, ғажайыбынан қанағат табуға болады. Т.Бердалинаның жинақтары жаңалықтарды жетелей, болашаққа бағдар, білуге тұрарлық. Ұмыт болған, тіпті, қазіргі жастар біле бермейтін, ұлағаты мол сөздерді сөйлетеді Қазақтың ұлан байтақ саһарасында болғанды қанықтап, көз алдына келтіріп, қазақ өнерін паш етіп, жайып салады, ізденіске талаптандырады.

Нұр таңының нұрлы ұшқынының нұр рауан шапағы әр жүректі нұрлы қуанышқа бөлейді.

Ғұмырлы жырлары, ертегі, әңгіме, аудармалары жастарға үлгі, болашақ қазынасына қосылар әсем дүние.

Қарымды қаламгер, арынды ақынымызға үлкен сәттіліктерді, мол табыстарды тілеймін.
Марал Қасен

қаламгер журналист, аудармашы

Таң бозарып атады

рауандап,

Арайы қараңғыны серпіп

тастап.

Шапақтап атқан таңның



райынан

Шұғыласы сәуле құйды

сарайыма.

(Автордан)



КҮН СӘУЛЕЛІ НҰРЛЫ ОТАН

НҰРЛЫ ОТАН
Жарқырады нұрлы таңың

Гүлге орандың нұрлы Отан

Талай ғалым, данышпандар

Сенде туды нұрлы Отан.
Отаным бар еліме айбар,

Ер де туды алтын айдар

Талай ғасыр заманының,

Айғағысың туған Отан.
Зәулім үйлер, биік қорған,

Шаттығы мол, ұлы думан

Сенде еліңнің асқақ үні,

Еркіндіктің жарқын жүзі.
Сенде ақынның тасқын жыры

Сенде өмірдің ғұмыр сыры

Ғасырында даңқы асқан,

Күн сәулелі нұрлы Отан.
Сая, пана нұрлы Отаным,

Сүйіп сені айбаттанам,

Әнді, сәнді Астанам бар,

Жыр жазамын қайраттанам.
Астана – Нұрбақыт
Астана өмірлер өрілген,

Астана тағдыры тоғысты көгіммен.

Күмбездер айшықты, айдарлы.

Қызықты сәттермен бөліскен.
Астана айшықты Ақ Орда,

Қазақы қонысты бақ орда.

Дәуірдің тариһын жазады,

Тәлімді Болашақ ғұлама.
Астанам аспандап барады,

Күн күліп биіктен қарады.

Нұр таңның шашырап шапағы,

Нұрбақыт еліме тарады. 2011

Дара Дәурен

(арнадым сізге)

Желтоқсан келді желпініп

Жетістіктерімен серпіліп.

Еліме келді еркіндік,

Тәуелсіздік жар салып.
Ұзақ көш - тариһ көші бар,

Тар жолы, тайғақ кешу бар.

Қиын кезеңді өткеріп,

Дәуірге өттік бет беріп.
Жаратқанға раһмет,

Нұрсұлтандай ер берген.

Пиғыл, пейілі түзу боп.

Қалқы үшін ант берген.
Ұлы адам - елдің ірісі,

Ұлы адам - елдің ырысы.

Кемеңгер, кеңпейіл тұлғасы,

Астана - тәуелсіздік құрдасы.
Қазақелдің көшбасшысы - Нұрсұлтан,

Ел намысын шығармайды жадынан.

Әр елменен түсінісіп, достасты,

Тайқымайды мақсатынан, жолынан.
Жиырма жылдың таңы биік кезеңде,

Қуаныштан мен отырмын елеңдеп.

Жол бастаған осы үлкен қадамға,

Дәуірге тең, дара дәурен - президент.
Эпилог: Қырандай алғыр, Тірліктен кірпиаз

Сұңқардай сұлу, Сөзі ақылына ерген,

Тылсым сыр ұғар, Ақылы сөзін өрген.

Жаны жомарт. Мінезі сабырлы,

Ойы терең, Қимылы сымбатты

Қос тілге шебер, Еліне пана,

Тілші де өзі елшіде, Жеріне сая,

Дипломат дарын, Нұрынан шаттық

Жүректегі барын, Ескендей сана,

Арнайды еліне. Отанын сүйген

Сегіз қырлы, білімді, Күрескер маңғаз

Ақылы асқақ, ілімді, Азамат нағыз

Тәрбиелі тәлімді, Нұрсұлтан абыз!

Кіндіктен кішіпейіл,
Тұнық сәуле таң сұлу
Қандай әсем тұнық сәуле таң сұлу,

Таң сұлуын қарсы алып тұр жан сұлу.

Үнсіз өзен, таулы орман мүлгіп тұр.

Ақ түбіттей ұлпа бұлттар жөңкіп жүр.
Қуаныштан құстай ұшты жыр сыры,

Ақын еркі жүрегінің тылсымы.

Кеңпейілдің ұясынан түлеген,

Нағыз өлең - нағыз ақын секілді.
Жер дауылы, нөсер аспан жауыны,

Мәшһүр ақын әр қазақтың бауыры.

Түнгі дала таңсәрімен тілдесіп,

Құшағына алды бақыт дәуірді.
Ақшолпандай әппәқ таңым ашылды,

Таң рауаннан күміс шашу шашылды.

Құдіреттің қуанышы құшақтап,

Маңдайымнан сүйді сұлу атырап.
Әппәқ таңнан ақ сезімдер оянды,

Ақын жүрек әппәқ нұрға боялды.

Сұлу қыздай сылаңдаған үміттің,

Мәңгілікке руһы болсын баянды. 2011
Ой құрсауы
Өн бойыңды кейде ауыр ой құрсаулап,

Мойындатып қарттығыңды, күрсінтер.

Шырмауықтай шырмап алған шырғалаң,

Көзің талып, жүрек, бір сәт, дүрсілдер.
Бұл сөзімнің себебі де бар шығар.

Жоққа қажып, мүжілмеуің мұң болар.

Салмақ мінез, таудай талап жарасып,

Бітіміне кең арқауы сай болар.
Жайсаң жанның жан сарайы ғұмырлы,

Құпиясы бар сырының құлыпы.

Жүрек сезім түкпіріне жүгінсең.

Қазынасы, көмбесі бар өнімді
Саналыға салмақ түсіп, батады

Жүйкесіне артық жүк те қатады

Жақсыға да, жаманға да, «бір шіркін»,

Жалқау - жаман мол ұйқыға батады.
Пенде ғұмыр баянсызсың мойында,

Жалғандығың жалпақ жұртқа жария.

Ауыр сәттер саябырлап, бәсеңдер,

Терең ойдан көңіл озса, дәриға.
Ой тереңі шымбайына тартады

Ұйуы көп, түбі терең, салмақты.

Өмір, - деген екен ғой, тек, қозғалыс,

Арманыңа қолың жетсе, сол табыс.
Ана құстай әлпештенсе жүрегің,

Көңіл толып, ой құрсаудан босайды.

Орындалса арманың мен тілегің,

Сезім сергіп, өмір жасың ұзайды.
Бұлақ сөзім

Сен менің осы шағым,

Сен менің болашағым.

Сен менің ақылымсың,

Тәнті боп талпынамын.
Сен менің аққұсымсың,

Айдында ән- жырымсың,

Болашақ - бұлақ сезім,

Сен менің биігімсің.
Сезімге қуат берсін,

Сен маған құлақ, көзсің,

Қиналған сәттерімде,

Табылшы бұлақ сөзім.
Анам, сізге қарыздармын
Ғажап ғүмырға келгенім үшін,

Жақсы өмірді көргенім үшін,

Жақсылармен дос болып,

Тәтті дәмді татқаным үшін

Анам, сізге қарыздармын.

Құлпырған сәнді өмірім үшін,

Жырдан өрнек түйгенім үшін,

Аспан мен Жердің сұлуын танып,

Мәпелеп бала сүйгенім үшін

Анам, сізге қарыздармын.
Менің анам
Менің анам бесаспап

Жөтелсем де емдейді,

Түшкірсем де емдейді.

Алақанда аялап,

Көмегімен демейді.

Бес алып келсем сабақтан

Құлыным, деп, сүйеді,

Тентек болма, балам, деп,

Көз қиығын түйеді.
Сөз және тіл
Сөз өнері тұрады сөзбен тілден,

Ақын тілі өрелі лебіз сөзден.

Өлең-сөздің кестесі, көркем өнер,

Ақын тілі - ақ бұлақ, асау өзен.
Сөз шумағы иалуғат тілі болар

Ақынның сөз өрнегі төрге озар,

Өлең сөздің өрнегі айшықталып,

Әр шумақта ақ тармақ бунақ тұрар.
Бунақ-бунақ өлеңнің ән тармағы,

Әр тармақтың шумағы сөздің нәрі.

Өлең-өнер, ендеше, ақын-өлең,

Толқын дауыс, сезімді сөз мәнері.
Сөз өнері қазаққа үлгі, тәлім,

Ақыл-дана сөздері елге мәлім.

Мәдениет сатысы тілден туар,

Жақсы сөздің тәлімін ақын буар.
Тілек
Ақыл, Дана, Балалар,

Сіздерге айтар тілек бар

Ақындардың жүрегі —

Өлеңдерін оқыңдар?!
Дүние жұмақ дөңгелек,

Жүреді тынбай дөңгелеп.

Оқып білім жұттасаң,

Жалған дүние не қажет?
Өлең оқып жасымнан,

Абайменен таныстым.

Сыр сандығын Сәкеннің,

Ақтарып сан қауыштым.
Оқымасаң ақынды,

Санада болар тоқырау.

Әр сөзімен ақылдың,

Жүрек күйін асырау.
Жалғыз тілек бір тілек,

Түсінгенге мың рақмет!

Айтарлық мың сыры бар,

Өлеңді оқып тұрыңдар.

БАЛАЛАРЫМ БАЛДЫРҒАН

Сіздерге арнап жаздым ән


Әжені сүй

Әжеңді сүй, немере,

Сыйла гүлді өсіріп

Ата - анаңды жеткізіп,

Саған айтты өсиет.


Балақай

Оу, балақай, балақай,

Оқуды да ойлаңдар

Жаз жайраңдап өтеді

Білім төріне бойлаңдар
Сәлем, мектебім

Сәлем саған, мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу, жазу үйретіп,

Санама ғылым сепкенсің,


Дәл осылай сезінем


Күн боп туып,

Гүл боп жерге егілген,

Гүл қызғалдақ құлпырып,

Бүршік жарып төгілген.

Өз ісінің,

Жүрегінің патшасы Ұстаздарды,

Дәл осылай сезінем.

Шәкірттерін сүйіп Таза көңілмен,

Кейде ұрсып,

Сипап шәшін түзеген,

Дәріс беріп,

Ақыл айтып үйреткен
Ұстаздықты ұстазынам үйремген.
Ұстаздарды дәл осылай сезінем

Нағыз ұстаз-
Ұстаздардың ұстазы,


Бастау алар

Бар тірліктің бастауы.

Сөз өнердің
Көңіл бөліп көгіне,


Өрлеп өсер

Бәйтеректтердей дүние.

Дәл осылай сезінемін ұстазды. 2004
Көбелек

Түрлі - түсті көбелек
Біреуі оның көкпенкөк,


Әне, бірі - сары,

Себілгендей тары.

Қызыл жасыл гүлдер
Гүлзарларда түрлен
Жүйрік желмен ойнап,


Көбелек жүр тойлап.
Жаз мезгіл

Көк майса жайқалып
Гүлдер тұр шайқалып,


Күн көзін сіміріп,

Бас изеп найқалып.

Көкорай көк шалғын,

Жұпары аңқыған.

Тамаша жаз мезгіл

Гүл көрпе жамылған.

Құстар
Құстар ұшып келеді лек - легімен
Сусылдайды қанаты жел лебінен.
Қауырсыны жалтылдап күн көзіне


Дем алуға қонады айдын көлге.
Көк аспанның қос қанат кербездері

Ұлы Дала төсінің перзенттері.
Қуанасың оралып туған жерге,
Қуанамын әніңді естіп мен де.

Жаңбыр
Жаңбыр, жаңбыр, жау жаңбыр,

Жауа берші себелей
Егін көкке өрлесін,


Көп қуаныш еселей.

Жаңбыр жаңбыр төгіп өт,

Жалдап бала мәз болсын.

Жайқалт егіс бақшамды,
Күнді көрдім.
Күнді көрдім
Таудан асып келеді,

Ақ қайыңның


Шашын өріп,

Алтын жіппен зерледі.

Күнді көрдім,

Шыңнан түсіп келеді,

Кірпігінен

Нұр шашылып,

Гүлден шілтер өреді
Анашым
Анашым,

Сүйіктімсің, сұлу едің

Саған қарап,

Мен жайлап биіктедім!
Күн нұры
Аман болсын анам,

Болсын аман балам.

Нұрын сепсін Күнім,

Назды болсын үнім

Еңбек
Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты - еңбек.

Кесте тіксең терлеп,

Оның да аты - еңбек.

Сабағыңды діттеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.
Гүлдер

Сүйемін гүлдерді

Желбірей жайқалған.

Сүйемін түр түсін

Күлімдеп шайқалған.
Ғашықгүл

Эдельвеис - Ғашықгүл

Өседі шыңдарда

Кім көріп, кім алса,

Ғашық боп қалат та
Бақытгүл /Орхидея/

Бақытгүл қуаныш нышаны,

Ол кербез, нәзік гүл.

Сұлулық сырын ашады.

Аузын ашып үлбіреп,

Тілін күнге тосады.

Шатқал таста биікте,

Сұлу гүлдің тұрағы.


Үлфілмәлік /Ромашка /
Ромашка қазақша Үлфілмәлік

Рахатты, рақымды, исі нәзік .

Рауандап, рабаттап атқан таңда

Үлфілмәлік тұрады күлім қағып.


Рабаттап-шаттанып

Бөртегүл /Сирень/
Әппәқ, күлгін бөртегүл,

Қауызын ерте жарған гүл.

Қол бұлғайды мамырға,

Самсап тұрған өртең гүл.


Күнбағыс /Подсолнух/
Күнбағыс - ау, күнбағыс,

Күнге ғашық Күнбағыс.

Басыңды иіп, тәж киіп,

Күнге айтасың мол алғыс.


Жауқазын /Подснежник/
Нәуірзек гүл назданып,

Қар астынан бой созды.

Жауқазынның бойы өсіп,

Ақылы толып, ойы озды


Бақбақ /Одуванник/
Жайқалып дала төсінде,

Алтын түстес бақбақ тұр.

Сары ауызы үлбіреп,

Күнге қарап күліп тұр.


Жаз өтіп, күз келеді,

Бақбақтың екеу кезеңі


Ақторғынға оранып,

Үлфілдеп тұр толғанып


Бәйшешек /Тюльпан/
Жарқырайды аспанда Күн күледі,
Қарды азыққып жер беті гүлденеді.
Жұпары бал, суы мол, сұлу көктем
Күнге ұмтылып бәйшешек түрленеді
Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет