Ббк 84 қаз 7-5 б 45 б 45 Т. Бердалина «Нұр рауаны»


Алтынмен апталған, Күміспен күптелген, айшықты киіз үй, Ақ Орда - Қазақтың обсерваториясы(Б.Т.С.)



бет6/14
Дата20.06.2018
өлшемі392,72 Kb.
#43781
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Алтынмен апталған, Күміспен күптелген,
айшықты киіз үй, Ақ Орда -
Қазақтың обсерваториясы(Б.Т.С.)

Астроном ғалымдардың айтуынша, Киіз үй далалықтардың обсерваториясы деген ұғым тәлімделген. Шаңырақ бейнеленген, ол бір Отан аясындағы жанұя, отбасын бейнелейді. Ортада оторны -ошақ. Бұл жылулық, әрі қауыпсіз. От жанған жерге жын-шәйтан жоламайды. Оттың да ерекше қасиеті мол. Отпен үй ішін аластайды, қыстаудан жәйлауға көшкенде үлкен екі от салып, арасынан жылқыдан басқа малды айдап өткізген, себебі от малдың жай күйін тазалап қырсықтан, иәки түрлі жұқпалы мәністерден арылтады-мыс.

Сөз тегі-шындық. Ал жылқы тегінен қасиетті жаратылған деп құрметтелген. От Күнге баланады. Аспан, Күн, От, Жер, Су-бесеуі қасиетті де, ғажайып дүниелер екені қатты бағаланған. Көктем шығып, жаз жетіп, бие құлындап, биебау жасарда алдымен бәйбіше жылулық беріп жерді жылытқаны үшін, көкорай шалғын беріп, малға ас болғаны үшін Күнге, Жерге тағзым еткен. Әлемшар да, Күн де, Жер де, шаңырақ та дөңгелек , бұлар бір-бірін толықтап қуаттаушы деп біледі. Қазақтың дастарқаны (стол) да дөңгелек. Мұның Әлемшармен байланысын жоғарыда айтқан едік. Қазақтың тағы бір тамаша сөзі «Айналайын», яғни баласы ауырғанда әке бала төсегін, үйді айнала жүріп, жамандықтан, аурудан қорғап, айналайын аман болшы деп, тілеу тілеген.Келе келе бұл сөз қуатты сөзге айналған.

Киіз үйдің қызықты да, ерекше ғажап дүние екенін Қытай ақыны Бо Цзюн, 772 — 846 ж. ғажаптана таң қалып, өз еліне апарып, сарайының алдына құрып қойған екен де, қарап отырып өлең арнаған. Орыс тіліндегі аудармасы назарларыңызға:

Шерстъ собрали с тысячи овец,

Сотни две сковали мне колең.



Круглый остов из прибрежных ив

Прочен, светл, удобен и красив.

В северной прозрачной синеве
Воин юрту ставил на траве,


А теперь, как голубая мгла,

Вместе с ним она на юг пришла.

Юрту вихрь не может покачнуть,

От дождя ее твердеет грудь,

Нет в ней застенков, ни углов,

Но внутри уютно и тепло.

Удалившись от степей и гор

Юрта приобрела ко мне во двор,- деп, сипаттаған.

(Жинақталған мағлұматтар және ата-анамның өз қолымеи құрған, сонда тұрып, көріп-біліп қызығына кенелген күндерденестелік әңгіме)

Жаз жайлауда, өзен - көл жағасында тігілген ақшаңқан киіз уйде отырып, соза тартып сапырылған сары қымыз ішу аса бір ғанибет - ау, шіркін. Естен, сірә, кетерме? Б.Т.С.
Қымыз

Қымыздың қазақ білген түрлері бар,

Қазақел талай ғасыр түйгені бар.

Тәп-тәтті, тіл үйірер сары қымыз,

Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз.
Мәжәліс, мәслиқатқа даярланған,

Торсықта екі тәулік шайқалынған,

Пісуі әбден жеткен мол қорымен,

Қазақтың түнемелі қымызы бар.
Даярлар асқа, иә ұлы тойға

Үш тәулік ашытылған пісіп майда.

Қазақта құнан қымыз атауы бар,

Қымызды ішпегендер ішіп салар.’
Қарттар мен жас балаға арналады,

Бұрқырап, баяу бүғып ашығаны.

Азанда,таң самалда ұйқы ашады,

Немесе саумал дейді мұның атын.
Тағы бар қысыр қымыз қыс айында,

Науқасқа, әлде жиын, тойға арналған.

Тайы емген қысырақтың сүті тәтті,

Құрметті қонақтарды тамсандырған.
Бал қымыз қымыздардың төресі ғой,

Бал, мейіз, өрік қосып піседі ғой.

Жас ана, сәби бала шөлі қанса,

Бал қымыз денсаулықтың кепілі ғой.
Күз түсіп бие ағытар мезгіл жетер,

Қымызды бірнеше күн сірге жинар

Қазақы ата дәстүр, салт бойынша,

Ет асып, көрші-қолаң бөліп жұтар.
Осындай біз білетін қымыздар бар,

Білмеген оқып білсін, деген ой бар.

Тегінде ауызекі деректерде,

Қымыздың отыз үштей атауы бар.

Б. Тұрсынһан

Қымыз- қазақтың аса қуатты тамағы, күшті дәрісі, шипалы сусыны.

Бесті қымыз - бабына келіп, қотарылмай сабада тұрып, әбден ашиды. Бұл кезде киіз үйдің сыртынан қымыз исі аңқып, кісіні анадайдан түшкіртеді.

Биенің құнарлылығына қарай 7-8 рет сауылады. Бас сауым, бие байланған уақыттан 1-1,5 сағатга, жалғас сауымдар 40 лездеме уақыт шамасында сауылады. Сегіз,он бие байлағандар3-4рет сауып ағытады. Жиырма, қырық бие сауғандар қажетінше 5-6 рет сауып (асқа, тойға, т.б.) ағытады. Сондықтан жабағы, тай семіріп, күш жинап, қыстан күйлі шығады.

Қымыз ыдыс таңдайды. Жылқы терісінен жасалған салқын сабаға, меске суытылып құйған бие сүті бабында ашиды.Ал күбі қайыңнан балса, тым жақсы, ең болмаса түбі мен піспегі міндетті түрде қайыңнан болуы қажет. Қарағайдың дәмі қымызға қолайсыз болады. Сондай-ақ саумал жерді де, желді де таңдайды.Қоңыр салқын жерді сүйеді, ыстықты да, суықты да жақтырмайды. Күз салқынында күбіні орап та қояды,саумалдыжелге тигізбейді. Қымыз ыдыстары жақсы жуылып отыруы керек. Жуып, кептірілген күбіні сары май жағып, тобылғымен ыстайды (қамыс, коға басқа шөптермен ыстауға болмайды). Кешкі салқынмен күбі пісіледі, қымыздың аз көбіне орай 1000 – 3000 рет, не одан да көп пісуге болады, көп пісілген қымыз дәмді бола түседі. Ертемен, қотарарда тағыда пісіледі. Саумал шамшыл келеді, дұрыс күтілмесе қымыз татып (айнып) кетеді,
ырымға жаман деп, есептелінеді, бұл бәйбішеге сын. Қымыз қоры сауылатын бие санына қарай қалдырылып отырады.Қоры мол болса, көп саумал жақсы ашиды. Сары саумалдың тәттілігі, емдік қасиеті еш дәрімен салыстыруға келмейді. Қымыз - түрлі құрт ауруларын, өкпе ауруларын тамақ, сүйек, тері, қан қысымы төмен, жел ауруларының бірден-бір емі, дәру дәрмені.

Біздің дәуірге дейінгі V-ғасырда Грек тариһшысы Геродот көшпелі сақ-скифтер бие сүтінен ағаш ыдыста қымыз ашытатынын жазған. (ҚСЭ 7 т. 100 бет).

Грек дәрігері Гиппократ, «...олар бір жерде малдары шөбін таусып біткенше отырады. Шөпазая бастағанда басқа жаққа кетіп қалады. Өздері пісірілген ет жейді, бие сүтін ішеді және иппак (нан-түркі т.) жейді, деп жазған. («ВДИ» 1949/2.296 бет.)

ТАРИҺ ҚОЙНАУЫНЫҢ ЗЕРДЕ ҚАЗЫНАСНАН.

Киелі сандар жайлы жиған - терген, ілім - білімдер.

Тірі адамға керек ізгі қасиет

соған келіп барлық нәрсе бас иед.

Жүсіп Баласағұни

Киелі сандар сөйлейді:



«Үш», «жеті», «тоғыз», «қырык» сандарымен байланысты ұғымдар.

Қазақтың тілінде әртүрлі нақыл сөз, тақпақ, мақал, діни танымдық сөздер, әдет-ғұрып, түрлі дәстүрлер, салт-сананы айқынды мәнде көрсете алатын сөздер әр түрлі сандармен (3 4,5,6.7,9,40 т.б) тікелей байланыс тауып, түрлі қасиетті ғажайып ұғымдар бере алады.

Бала тәрбиелеуде, үлкен-кіші, кәрі-жас адам тәрбиесіне терең мән беріп, мағыналап, сәтті де, мәнді қағидалар ұсынып, ерен ережелер, әфсәнә, қарымды қағытпалар, сықақ, мысқыл, тұспал, толғаныс, кейіптеу, күлдірмек (анекдоты), әзіл жасай отырып, жұмбақ, мақал, аңыз әңгімелер, жылнама, шежіре, мұңлы әуен, жыр, өлең, ән жазып дәйектеме түйіндеп, іліксөз бен ілмексөз, сыпаттама, пікір, түсініктеу айтын, ерсі әзіл мен әжуәлаған да, маһаббат әнін толғаған да, төрттаған жазып, ауыз әдебиеттің бейнелі өмірін жасап, достық әзіл, қошамет мадақ, бейнелі сөз, жалпы сөз асылын жасағандардың бірі деірісі - қазақ қалқы.

Бұл сандар жөнінде көптеген ғұлама ғалымдар: Н.Кеңесбаев, Н.Я. Марр, Н.И.Ильминский зерттеп, Әлішер Навои, К. Халидов, Будагов, Вамбери, Хортман, Н.И. Золотницкий, Балтабай Адамбаев, Ақселеу Сейдімбеков мақалалар жазған. Қазан каласында басылған кітаптарда, «Алтай» грамматикасында» көптеген пікірлер айтылған. Қазақ елінің идеологиясында - саналы қоғам ой-санасында, бұрынғы өмір тұрмысында бұлсандардың өзіндік орын алғанын аңғарып байқауға тұрарлық. Бұл сандар қазақ үшін өзгеше қасиетті, киелі ұғым екенін көруге болады. Бабадан мұра болып келген сандардың қасиетінің кейбірі барлық елге ортақ та болып келеді. Мәселен, жеті күндік – аптаның барлық елге ортақтығын білеміз. (Тым ертеректе қазақ айы 25-28 күн шамасында бітіп, аптаның бесінші – жұма күні демалыс күні болғанын айан, сондай – ақ: в, х, э, я, ю, ч, щ әріптері мен ь, ъ белгілер де болмаған. Сондықтан көп сөздер қате жазылып, немесе орыс сөзіне айналып кеткен). Н.Я.Марр өзінің «Сан есімдер туралы еңбегінде: «прежде всего создание этапов последовательной связанности не одной смены дня днем, получившего свое округление с течением времени сначала в пяти, потом в семи днях, ни одного года, с последовательностью месяцев, в его круговращении по сезонам, ... Это в целом мерило одинаково и времени, и пространства...»,- деген. Марр пікіріне қарағанда «жеті» санының адам баласының ертедегі өмірінде-ақ уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Осы күнгі сандаған қалықтардың өмірі мен тілдерінде жеті күндік апталықтың болуы, бұл санның айырықша екендігіне айғақ іздеу қажет емес, анық екенін әркім біледі. Демек, мағынасыз сөз,арнаулы бір ұғымға ие бола алмайды, яғни неғайбыл сөз тумайды, ол тілден орын алып, өмір сүруін жалғастыра алмақ емес. «Мағынасыз» сөздің белгілі бір арнаулы «мағынаға» ие болуында үлкен сыр, тамаша дәстүр бар. Иаки, «оу баста бес күндік апта» болғанына еш шүбә келтіруге болмас, ал жұма демалыс және ата-ана, әруақтарды еске алу күні болған. Шындығына жетем деген адамның, ізденуіне тұрарлық жай. Қазақ тіліміздегі көптеген сөздер өткен өмірдің айнасы деу дұрыс шығар. Оны кей тұстарда: ескі идеологиялық сөздер, бұрынғы мификалық ұғымның ықпалынан туған деген, т.б. дүмбілез пікірлер болғаны анық, әлі де айтады.Көркем де жақсы сөздерді ескіртіп, оның орнына түкке тұрғысыз басқа ұлт сөздерін қабыл алғанымызда анық шындық. Сондықтан қазақтың, бұрыннан да үлкен ордалы ел болғандығын, асыл сөздер мен дана ойлардың қазақ саһарасында туғандығын осы сандар туп-тура дәлелдеп, толық пікір білдіре алады.

  • «Үш» саны туралы айтар болсақ, «үш» пен «тоғыз» да, «қырық» та ала-бөле қолданылатын жерлері бар. Мәселен: «үш қайнаса сорпасы қосылмайды» (еш басы қосылмайды, бірікпейді, мағынасында - иичего общего не имеет); «үш ұйықтаса түсіне енбеген» (ешбір ойына кіріп - шықпаған, еш ойында болмаған, мағынасында - даже не мечтал); «ер кезегі үшке дейін»,— деген мақал бар. Ертегілердің өзінде: «үш баласы болыпты», үш қызы бар екен», «үш айдан соң», «һан үш қайтара сұрапты», «үш айлық жер екен», «үш айырық жолда үш түрлі жазу бар екен»,- деген сиякты сөз, сөйлем тізбелері(фраза) жиі-жиі кездесіп отырады.

Н.И. Ильминский өзінің «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінде мынадай мысал келтіреді. «Қазақта жан алу, жан беру дәстүрі болған. Ертеде бір жағдайда жан беруге тура келсе, өлген бір ардақты кісінің моласына барып, оны үш рет айналып: «жалған айтсам осы кісінің әруағы ұрсын» деп қарғанған. Жан беруші айыпқа тартылса ол кісі емес, жазалауға ол кісінің үш ата алыстағы туысқаны болуы шарт болған. Туысқандығы үш атаға жеткен кісінің өзі әшкереленіп, жаман қылығы жұртқа аян болса, сенімсіз болса ғана айыпқа тартылған кісінің туысы жан беруі керек болған, бірақ үш атадан бері болмауы керек деп көрсетеді.

Сондай ақ «үш сөзімен байланысты ойын, ырым, салт, жыл мезгілі, түрлі сенім тәрізді сөздер бар. Қазақта «үш табан», «бес табан», «һан талапай», «бес қақпай», «шертіспек», «арқаласпақ» деген асық ойыны түрі бар. Қырғызда «ордо» деген балалардың асық ойыны да үшпен келетін сөз тізбектері (синтагма) бар екен. Ұйғыр тілінде бұрынғы жылдың үшінші айын «үшінді ай» деген. Мұндай сөздер басқа түркі елдерінде де болған.



Мұсылман елдері ауыз бекітетін «Ражаб», «Шабан», «Рамазан» айларын басқа айлардан бөліп, айырықша «үш айлар» деп атаған. Шағатай тілінде «үш» жақын, туған, қаны бір туысқан деген ұғымды берген «үштің бірі», «ағайынды үшеудің бірі» деген. Сондай-ақ, айып төлеуде де «үш тоғыз» болып келеді. «Үш» санымен байланысты өнеге, өсиет, үлгі сөздерді үнжарғы (газет), үнтолғам (журнал) баспаларынан оқып, біліп, іздестіруге болады. Онымен қоса Сейіт Кенже аһметұлының «Жеті қазына» (Ана тілі, ж.) жинақтауынан да біраз жайлармен танысуға болады.

Өз басым «үш» санмен келетін алпыстан аса үлгі өнеге тіркестерін жинақтадым. Аздап мысал келтіре кетелік:

К - көктің

Ү - үф -----------көктің үф нұры - күн

Н - нұры

«Үш бунақ» Қалық ауа райын сабақтас басқару үшін бір жылды үш бунаққа бөлген: жылы, ыстық, суық деп, олар бас бунақ», «орта бунақ», « аяқ бунақ» деп аталады.

«Үш түрлі ақыл» Адамда ақыл үш түрлі болады екен. Біріншісі екпе ақыл. Бұл адамның өз бойынан табылған ақыл. Екіншісі жұқпа ақыл. Бұл естігенін, көргенін бойына сақтаған басқа адамдардан жинаған ақыл.Үшіншісі кезбе ақыл.Бұл тұрақсыз ақыл. Қазір барда, қазір жоқ.

«Үш мұрат»: сауда мақсаты - ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту.

«Үш түрлі бақыт» Адамның көптеген бақытының ішінде үш түрлі бақ болады.

Біріншісі орнықты бақ. Адамға бір қонса ұшуы қиын бақ. Кейде ақылы аз адамға да қона салады. «Аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін»,-деген осыдан қалған шығар.

Екіншісі орынды бақ. Орынсыз қозғасаң орнынан ұшады. Бұл бақтың орнығып тұруы адамның ақылына байланысты.

Үшіншісі әлсіз бақ. Ұшып кетуі оңай. Қалай келсе, солай кетеді-міс. Мансапты көтере алмай орнынан түсіп қалуы мүмкін.

Сондықтан да таудай талапқа қосып, бармақтай бақ берсін, бақты басып отырар бас (ақыл) берсін деген жөн болар (Б.Т) Сондай-ақ «үш сұмдықтан» үнемі қашып, қашық жүру керек-ті: бірі - бос жүріп бөсуден; екісі - ақылы кем ақымақтан аулақтау; үші - арақ пен құмардан алыстау. Осы үш сұрқайдан аулақ болсаң азбайсың да тозбайсың (Б. Т.)

«Ақымақтың үш жоғы болады» Иманы. Ұяты. Тәубесі (Б.Т.)

«Ақылдының үш жақсысы болады»Жылы жүрегі. Ақыл зерегі. Ғибратты ғұмыры. (Б.Т.)

«Қыздың үш сәні болады» ІІІәші. Көзі. Мықыны (Б. Т.)

Қазіргі заманда қосылып отырғаи «үш пәле» бар дейді С.Ақсұңқарұлы, ол: а)Тұншыққан тұтынушы; ә)Мемлекеттік эгоизм (иаки кертартпалық); б)Өзеуреген өзімшілдік;

«Адами үш кезең болады» Ержеткен ұл; Бойжеткен қыз; Ойжеткен қария- дана (Б.Т.)

Ақын Тұрсынһан Әбдіраһманова апамыздың:

Қазаққа Аллаһ жазып дана берген

Дананы үш үштен ғып дара берген... деген ойын тереңінен діттесек, ол былайша болмақ деп, ой түйеміз:

Үш дара дана: Шоқан (1835-1865), Ыбырай (1841-1889), Абай (1845-1904);

Үш ғалым дана : А.Байтұрсынов (1873-1938),Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931), М.Жұмабаев (1893-1938);

Қатерге басын байлаған, тілін сүйген үш асқақ дана:Қ.Шәкәрім(1858-1931),

Д. Міржақып, А.Қасым(1911 -1955).

Қазағының қамын жеген үш дана: Әлихан, Тұрар, Смағұл;

Үш алып: жыр алыбы Жамбыл, данышпан сөзді ақын Абай, Кенен Әзірбаев.

Қазақтың құрдас үш арысы: сұңқар Сәкен (1894-1938) Ілиас (1894-1938), Бейімбет (1894-1938);

Үш ғұлама ғалым: Қаныш, Мұқтар, Әлкей;

Үш төбе ғалым: Құдайберген Жұбанов (1899-1938),Сәрсен Аманжолов (1903-1958), Нығмет Сауранбаев (1910-1995)

Үш дарабоз: Құрдас сөз шеберлері Ғабит пен Ғабиден(1902 - 1985),

Сәбит Мұқанов

Түйдей құрдас үш ғалым: Мәулен Балақаев,Аһмеди Ысқақов, Кәкен Аһанов (1928-1976)

Сонымен: «Үш жүздің сыны», «Үш бидің жер бөлуі», «Үш би», «Үш қазына», «Үш ақиқат», «Үш қуаныш», «Үш билік», «Үш артық», «Үш тұл» «Үш апат», «Үш байлық», «Үш қат», «Үш кедейлік», «Үш кемдік», «Үштоқтам», «Үш бақытсыздық», «Үш қасиет», «Үш тағылым», т.б. топтамаларды айтуға тұрарлық. Абай ағамыз:

«Қайратсыз ашу тұл,

Тұрлаусыз ғашық тұл,

Шәкіртсіз ұстаз тұл, - деді емес пе?!»

Тариһты соза тартып, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізер: тоқтық, денсаулық, ұстаз десек, олар жөнінде үш өлмес мамандық бар деп түйген жөн болар: Олар: а)оқытушы, ә)егінші, б)емші. (БТ).

Сол сияқты: «Үш тәтті (жақын), «Үш дауасыз», «Үш қадірлі», «Үш қадірсіз», «Үш жамандық», «Үш көз», «Үш жүз», «Үш жұрт», «Үш мақсат», «Үш алыс», «Үш із», «Ер жігіттің үш серігі», «Үш асыл мінез», «Бақыт үйірер үш нәрсе», «Бақытсыздық үйірер үш нәрсе», «Үш жаман сипат», «Үш қуат», «Үш ғайып», «Үш арсыз» және бар.

Үш жүз - атадан мұра болып қалған сөз асылы.

Ұланғайыр жеріне иелік етіп, сол мекенде көшіп-қонып жүрген ұлысты басқару үшін ақылынан да артық кемеңгерлік жұмыс атқарған. һан, биін сайлап, үлкен ұлысты үш жүзге топтап, ақылды ақсақал, байсалды бәйбішелер, данышпан билер арқылы ұйымдастырып, батырларын баптап, бағалап, мыңдаған қолды жинақтап отырған. Олар:

Бекарыс – Ұлы жүз. Ақарыс - Орта жүз. Жанарыс - Кіші жүз. Осы сөздің өзінен - ақ, үлкенді сыйлау, қажеті келсе бағыну, кішіні құрметпен қатарға алу, ауыл ақсақалын ізгіліктеу, кемтарға қайырымды болу сияқты т.б. көптеген-көптеген ұғымды, мінез-құлықты терең аңғара отырып, білуге болады (бұл жайлы алда толықтаймыз).

Ұлы жүз: Үйсін (Дулат, Албан, Суан, Сары Үйсін, Шапырашты, Ошақты, ЬІсты, Сіргелі), Жалайыр, Қаңлы, Шанышқылы.

Орта жүз: аспандай Арғын - Тарақты, Қыпшақ, Найман,Қоңырат, Уақ, Керей

Кіші жүз: үш топ Алшын. Байұлы. (Адай, Беріш, Алтын Жаппас, Есентемір, Таз, Байбақты, Тана, Масқары, Алаша, Қызылқұрт, Тама, Жағалбайлы, Тілеу, Керделі, Керейт, Рамазан).

Алаша һанға Майқы би жіберген үш жігіттен үш жүз таралған деседі. һан соғысқа аттанғанда қосынды үш бөліктен жасаған. Бір бөлігін «кезуші» деп, оқшау ұстаса; бір бөлігін «тосқауылшы» деп, енді бірін «салықшы» деп, сақтықта қосымша ұстап отырған.

Бастапқы келген жүз жігітті, қолбасы мырзасы Үйсінді (Майқы би ұлы) «Ұлы жүз Үйсін» деп атады. Түп қазық «салықшы» болсын, жауға бұлар шаппай, тас-түйін боп тұрсын,-десті.

Ортаншы келген жүз жігіт, қолбасы мырзасы Болатқожа (Қотанұлы, «қожа» сөзі дінмен айналысатынын көрсетіп тұр), бұл жүз жігіт «тосқауылшы» боп орта буында жүрсін, һанның кеңесші, бақылаушысы есебінде болсын деп, оны «Орта жүз Ақжол» атады.

Соңғы келген жүз жігіт қолбасы мырзасы Алшынды (Қоғам ұлы) беті қайтпаған жаужүрек, жан қадірін білмейтін «кезуші» деп, алдында жүріп, жауға шабатұғын осылар деп, «Кіші жүз Алшын» деп ат қояды. (М.Ж Көпеев, 2т. 63 бет)

Ұлы жүз туарда анасы қой етіне, Орта жүз туарда балға, Кіші жүзде бөрінің жүрек етіне жерік болған екен. Қой - момындықтың белгісі; бал - шешендік, білімділік белгісі, бөрі-ержүрек, батырлық белгісі болып келеді.

Үш жүздің сыны.

Ұлы жүзді - қауға беріп малға қой, ұлы жүз шаруаға мығым;

Кіші жүзді - жауынгер, бес қаруын сайлап, жауға қой,

Орта жүзді - қамшы беріп дауға қой, деудің мәнісі бұрынғы күндерде дауласып, биге келген екі адамның келісімімен би қамшысын алады екен, одан соң олар басқа биге бітімге баруына болмайды. Ал алдына барып, қамшыңды берсең, орта жүздің биі бітірмей жібермейді деген сөз бар екен (міндетті түрде әділетті орынатады екен).

Үш би : Әз Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би.

Үш бидің жер бөлуі. Қазақта ақылы адасканды, дау- шарғыны бітістірген, қалықтың бірлігін ұстап, ел басқарған һанға, жауға шабар батырға жөнін айтып, ақ жолға салып отыратын билері болған және аз болмаған. Солардың бізге сөзімен де ісімен де жеткені, жақынырақ та, танып білгеніміз де осы үш би болған. Олар жайлы Нығмет Төкешев:

Қазақта үш би бопты ел қалаған

Аузына не айтар деп жұрт қараған,

Әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек би,

Әйтеке үшеуінен сөз тараған.
Үшеуі ақылдасып жер бөледі,

Үлкен деп Ұлы жүзге жол береді.

Әз Төле қалау сізге берілді деп,

Әйтеке, Қазыбек би тең келеді.
Төле би таңдап апты Алатауды

Ол кезде мекендеген Қаратауды.

Сол заман қалық қалай ынтымақты,

Қазаққа үш ақ кісі айтқан қаулы.
Қазыбек Сарыарқаға ие бопты

Айтқаны елге сондай жүйе бопты.

Жайық пен Маңғыстауды Әйтеке алып,

Қалыққа құтты қоныс майдай жақты.
Үш бидің толып жатыр өсиеті,

Үлгі боп елге істеген әділеті.

Болса да талай ғасыр өлгеніне,

Қалған жоқ ел аузынан қасиеттері.

Адамның ішкі нұр сәулесінің үш аты бар: еңбекқорлық, жақсылық, кішіпейілділік

Адамның ішкі көлеңкесінің де үш аты бар: сүйкімсіздігі, қызғаншақтығы, менмендігі

Адамды қор қылатын үш нәрсе:

а)надандық білім ғылымның жоқтығы,
ә) еріншектік - күллі өнердің дұшпаны, талапсыздық,
ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.

б)залымдық - адам баласының дұшпаны. «Дұшпандық адамнан адамға бөлінеді, бір жыртқыш һисабына қосылады»,- дейді Абай.

Үш әдемі қасиет: сұлу көктем, семіз күз, қырағы көз
Келіннің үш күйеуі болады: алтын елі, ар-намысы, алған жары
Үш қазына:ер қазынасы - жүрген із ел қазынасы — көне көз тіл қазынасы — ескі сөз
Үш сақ: көз-жіті, қүлақ-сақ, көңіл-кең болу керек.

Үш бар: биіктеп кетсең - құлау бар, қуанып кетсең – жылаубар, у ішсең - тәнті құлау бар.

Үш жұрттың тілін білген адам, басқадан үш кез биік болып тұрады.

Үш билік: билік, дәулет, даналық.

Үш кедейлік: кежірлік, еріншектік, ұйқышылдық.

Үш саналы қасиет: адамда-әруаһ, малда-кие, аста-кепиет.
Үш саналы тағылым: мейірімнен - сауап, жақсылықтан -шарапат; жамандықтан - кесапат.

Құтқарушы үш нәрсе: оңашада да, жарияда да Аллаһдан қорқу. Кедейлікте

де, байлықта да жақсы ниетте болу, рзалықта да,ашуда да әділ болу.

Қиратушы үш нәрсе: сараңдық, әуейілік, езімшілдік.

Дәрежені көтеретін үш нәрсе: сәлемдесу, қонақ күту, жұртдамылдап жатқанда намаз оқу.

Күнәні жуатын үш нәрсе: суық түнде дәрет алу, жамиғат намаздарына бару, намаздан соң келесі намазды оқу.

Патшаның үш тұрқы: патшаның қолтығы кең, құйрығыұзын, патша залым болса, жұрт тозады, патша ғалым болса,жұрт озады.

һан мен қарашаның һақы: һан - қазық, қараша - азық, һан -шаңырақ, қалық- уық, һан- соқпақ, би-тоқпақ, һан қасында уәзір білгіш болса, қара жерден кеме жүргізеді.

Үш жұрт. Жігіттің үш жұрты бар: ата жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Өз жұртың - күншіл; бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды; жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді; Нағашы жұртың - сыншыл; жақсылығыңа сүйсінеді, әрқашан тілеуіңді тілейтін тілеуқорың болады.

Қайын жұртың - міншіл; қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды; берсең жағасың, бермесең дауға қаласың.

Үш достық: Әйеліңмен дос бол-үйіңе береке енеді.

Азаматпен дос бол - кадіріңді біледі.

Білімдімен дос бол-сасқанда ақыл береді.

Үш қуат: 1. Ақыл қуат. 2.Жүрек қуат. З.Тіл қуат.

Үш ғайып: 1 .Ажал ғайып. 2.Қонақ ғайып. З.Несібе ғайып.

Үш арсыз: 1 .Ұйқы арсыз. 2.Тамақ арсыз. З.Күлкі арсыз.

Үшдаусыз: 1.Мінез. 2.Кәрілік. 3.Ажал

Үш кадрсіз: 1.Жігіттікті қастерлемеу. 2.Денсаулықтыбағаламау. З.Жақсы жарды қадірлемеу.

Үш жамандық: 1.Нақақ қан төгу. 2.Кісі малын нақақ алу. 3.Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.

Үш қанағатшыл: Ақымақ өткенімен қанағаттанады.Шала есті келешегімен қанағатшыл. Ақылды бүгінімен қанағаттанады.

Үш жақын : 1. Жан тәтті. 2.Мал тәтті. З.Жар тәтті.

Үш көз: 1.Су анасы - бұлақ. 2. Жол анасы - тұяқ. 3. Сөз анасы - құлақ.

Үш тоқтам: 1. Ақыл - арқан. 2. Ой - өріс. 3. Адам - қазық.

Үш алыс: Жер мен Көк алыс. Кәрі мен Жас алыс. Жақсы мен жаман алыс.

Үш із: 1.Бала — артта қалған із. 2. Бақыт - ұзатылған қыз. 3.Байлық - қолға ұстаған мұз, дүниенің қызығы - Сіз бен Біз.

Үш сөз: Ақыл - арқан, ой - тұсау, адам - қазық.

Үш пәк: Аспандай ашық; Тұңғиықтай тұнық; Нәрестедей пәк.

Үш бунақ : Қалық ауа райын сабақтас басқару үшін бір жылды «Үш бунаққа» - жылы, ыстық, суыққа бөлген.

Бас бунақ - қара қатқақ, ашшы өзек(шамамен ақпанның 9 - нан маусымның 9- на дейін),

Орта бунақ - тұяқ терлеп, қой күрлеп, деп аталған (шамамен маусымның 9 - нан қазанның 9 -ы аралығы);

Аяқ бунақ - тоқты тоймас, шөміш кеппес, деп аталған (шамамен қазанның 9 - ы мен ақпанның 9 - ы аралығы),

*«Төрт» санымен келеті өсиеттер де баршылық:

«Әлемнің төрт негізі», «Төрт құбыла», «Төрт таған», «Төрт тұрман», «Төрт тоқсан», «Төрт сәуегей», «Көктен түскен төр қылыш», «Төрт табақ тарту», «Төрт тұлға», «Төрт маусым», «Төрт тоқсан», «Төрт түлік», «Төрт мұрат», «Төрт мүлік», «Төрт қорлық», «Төрт һалифа», «Төрт Періште»,«Төрт пір», «Төрт күнә»

Әлемнің төрт негізі: Топырақ. Ауа. Су. От
Төрт сәуегей: Тамыршы. Жауырыншы. Есепші. Құмалақшы.
Төрт тұрман: Ер тұрман. Мүкәмәл. Жау жарақ. Бес қару.
Төрт кітап:Тәурат-Мұсаның кітабы. Зәбүр-Дәуіттің кітабы.Інжіл -Исаның кітабы.

Құран - Мұһаммедтің кітабы.
Төрт қылыш: һәмһам. Сәмсам. Зұлһыжа. Зұлфыһар.

Төрт тоқсан: Қазақ қалқы бір жылды төрт тоқсанға бөліп
көшіп қонып отырған: Жазда
жайлауға, күзде күзеуге, қыста
қыстауға, көктемде көктеуге көшіп қонған.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет