Ббк 84 қаз 7-5 б 45 б 45 Т. Бердалина «Нұр рауаны»


Дүниенің төрт бұрышы: (төрт құбыла)



бет7/14
Дата20.06.2018
өлшемі392,72 Kb.
#43781
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Дүниенің төрт бұрышы: (төрт құбыла)

Күннің шығысы (шығыс) Күннің батысы (батыс)

Күннің оң түстігі (түстік) Күннің сол түстігі (терістік)

Төрттаған: Төрт жолды, ойы жинақы бір шумақ өлең.

Төрт табақ: Қазақ ғұрпында қонағына табақ тартқанда,оның ерекше құрмет дәрежесін білдіретін төрт түрлі атаулаған- Бас табақ: бас (шеке), жамбас, асықты жілік, қазы, қарта жал жая, белдеме;

Орта табақ: жамбас, ортан жілік, қазы қарта, белдеме (ұзын омыртқа), сүбе;

Сый табақ: жамбас, ортан жілік, асықты жілік, қазы қарта омыртқа;

Ал, Қыз ұзату, не келін тусіру тойы, не қызы төркіндеп келгенде, не қонысмай беру (қонағасы қонақ асы) болса; қыздар табағы (жілік, жүрек, бүйрек, тіл), құдалар табағы бас (шеке) үлкен жілік тұтас, қазы, қарта, жал, жалпақ омыртқа); құдағилар табағы (жамбас, асықты жілік, сүбе омыртқа); келін құдашалар табағы болып тартылады; ас даяшылар, малшылар да ұмыт қалмайды. Әсіресе табақтың қызықты болуы сойған малға (қой, тай, үлкен жылқы) байланысты, кісіге арық мал сойылмайды. Қонақтарды дәрежесіне, кұрметіне, жасы үлкендігіне, т.б. бас ерекшеліктеріне қарай отырғызылады.

*Бессанымен келетін: «Бесбақыт», «бессезім», «ғылымның бес тілі», «бес асыл», «бес дұшпан», «бес парыз»,«бес уақ намаз», «бес топ», «бес түлік түрлері» және «бес қонақ». Қазақ қалқының астрологиялық жұлдызнама білімі ертеден - ақ анық та, дұрыс жетілген. Ел аралап, жер шола жүргендегі қолдарындағы (адрес) мекен-жайы жұлдыз, жер, су, ну, тау атауларымен үлкен есеп жүргізіп отырған. Сол себептен бір жылды алты ай жаз, алты ай қыс деп бөлген. Әр айда отыз күн болған. Жыл аяғында артық бес күнді «бес қонақ» деп атаған. Осы қыс пен жаздың қақ ортасындағы «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» болып тұратын «бес қонақты» қазақ есіне қатты алып бағалаған. Мұны «жуанның жіңішкерер, жіңішкенің үзілер арасы», деп, оны «өліара» дел атаған. Өліараны өткізбей жолаушы жолға шықпаған, той-жиын жасалмаған, мал сойылмай қонақ шақырылмаған. Қыстан қалған сүр, пісастарын соза-тарта өлара кезеңін аман-есен өткізіп салған. Осы «бес қонақ» күн өмірдің есебінен қалыс қалмай отырып, қайтыс болған адамдардың әр отыз жасына бір жас болып есепке кіріп, 60 та (62-ден 63-ке қаратып, 70-те 72-ден 73-ке, 90 -да 93-тен 94-ке қаратып жерлеп отырған. Бұл есептің бәрі 22-наурыз - бірінші ай - жыл басы есебінен басталатын болған. Қыс керуені қаңтар-он бірінші ай болып келген. Кеңес заманында он бірінші ай-қараша (ноябрь) делінген. Сонда, XI -айда туған бала оз жасынан он бір ай кіші болғаны ғой. Әрі наурыз күнінің есебінде 22 күнге не артық, не кем боп тұрады. Біздің жобалауымызша «бес қонақ», «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер кезі» осы «өліара», ескіше ақпанда жұлдыздың екі жаңасынан басталады білем. Бұрынғы есепте айдың жүрісі отыз, отыз бір күн болмайды, жұлдызбен есептелінген; таңның атып, күннің бату аралығында жылында бес күн қалыс қалатынын қазақ есепші астрологтары өте дәлдікте біле алған. «Күнім өтіп барады деп, жылаған қазақ» күннің бір тұтамын да бос жоғалтпағанының дәлелі осы болар.

Өліара өтісімен үй қора тазаланып, кір қоқыс жуылып шайылып, бүр бұзылып (бүрілген соғым сар маңызы) Жыл басы-Жаңа жылға дайындық басталады. Жаңа жылды өткерген соң, жыл соңының қара суығына бала-шаға, мал-мүлікті ұрындырмас үшін жылнамалардың есеп болжамын бағамдай отырып, сәуірді еңсере, мамырда мамырлай көшігі, жер қайысқан гүл мен шалғынға қона бастаған. Бір жыл ерте, бір жыл кеш көшу мәнісі осы жұлдыз жорамалда жатса керек.

Жазғы жайлауды қырық-елу шақты күнде, топырағын шаңытпай, көгалын тоздырмай ауыстырып отырған. «Жерді тоздырып, гүлін солдырып, көгалы өліп, жердің шаңы шықса, малға қолайсыз, адамға жәйсыз болып, түрлі науқас пайда болмас үшін, үнемі қоныс аударып отырған. Жаңа жердің түрі кілемдей жәйнап, шаңсыз, дәрі шөптерінің исі аңқып, сар саумал исіне қосылғанда көңілің елітіп, денең сергіп қалушы еді»,- дейтін анам бір әңгімесінде.

Бес парыз: Құдайдың бірлігі мен Мұһаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау.

Намаз оқу. Ораза ұстау. Қайыр садақа беру. Иман және Иһсанда (адамгершілік және раһымшылықта) болу

Бес қару: Садақ. Найза. Қылыш. Айбалта. Күрзі (Мылтық).

Бес бақыт: Денсаулық. Ата ана. Бала. Жанұя. Отан.

Бес асыл: Талап. Еңбек.Мақсатты ой. Білім. Қанағат.

Бес дұшпан: Өсек. Өтірік. Еріншек. Мақтаншақ. Дарақы.

Бес сезім: Ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос.

Адалдық - қадір - қасиетің нық.

Ғашықтық - жүрегіңнің қалауы.

Сүйіспеншілік - ата ана, бауыр, туыс, дос, көрші, маңайға көңілің.

Кішіпейілділік - Ұлық болсаң да, кішік бол, деп, сөз қоссақ айып болмас.

Бес қасиетті: Ұлағатты

Сабырлы

Тәрбиеші ҰСТАЗ.

Адал

Зиялы

Бес түлік: Жылқы. Түйе. Сиыр. Қой. Ешкі.

Бес қонақ: Қазақ есепшілері бір жылды алты ай жаз, алты ай қысқа бөлген. Жыл аяғында он екі айдың есебіне кірмей қалған бес күн «бес қонақ» деп аталған дедік қой жоғарыда. Осы қыс пен жаздың қақ ортасындағы «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» болып тұратын кез «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер арасы» деп, жоғарыда айттық.

Ғылымның бес тілі: Фәлсафалық ой тілі. Шығармашылық — өнер тілі, Әдеби — мәдени тілі. Дін - ғибадат тілі, Қоғам - һұқ тілі

Бес уақ намаз:

Таң намазы — шығыс көкжиектен таң рауандағаннан басталып, күн шығудың сәл алдына дейінгі уақытта оқылады;

Бесін намазы - күн тас төбеден сәл ауғаннан басталып, әр нәрсенің көлеңкесі бір, екі есе ұзарғанға дейінгі уақытта оқылады.

Ақшам намазы - күн батқаннан басталып күнбатыстағы қызыл арай, не ақ шапақ жоғалғанға дейін созылады;

Екінті намазы - бесін уақытының аяқталуынан басталып, күн батқанға дейінгі уақытқа созылады.

Ақ намазы (жашыйық, не ясту намазы) - ақшамның уақыты шыққаннан кейін, таң намазының уақыты кіргенге деиінгі аралықта оқылады;



Бес сайыс: Шынығу (спорт), күрес түрлері (белдесу, іштеншалу, алып соғу, т.б.)

Ат жарысы - (бәйгі, аударыспақ, қыз қуу. көкпар),

Нысана көздеу - жамбы ату, мылтық ату:

Жүзу - түрлі қашықтықта, өзен көлде бойлау, құлаштау, шалқалау, сүңгу; теңізді жарып өту, құламадан секіру, соңғы екеуі өте сирек жағыдайда, бәс тігіссе, не қиын қыстаң жағыдайларда ғана болған. Жүгіру, секіру - түрлі қашықтықта.



Бес түліктің пірлері: Қазақы салт-санада малдың да «иесі» болады. Әр шаруаның бір пірі болады- мыс:

Қой атасы - Шопан ата.

Шаруаның бір пірі - Шопан ата,

Келтірме қу, пірата, қойға топан.

Жылқы атасы - Қамбар ата.

Шаруаның бір пірі - Қамбар ата,

Тілегенге өзің бер ақтан бата.

Түйе атасы - Ойсылқара.

Шаруаның бір түрі - Ойсылқара,

Түйені өсір жарылқап, болсын пана.

Сиыр атасы - Зеңгі баба.

Шаруаның бір пірі - Зеңгі баба,

Сиыр берсең сүтті бер, өңкей мама.

Ешкі атасы - ІІІекшек ата.

Шаруаның бір пірі - Шекшек ата,

Қарағай мүйіз серкелі,

Шүйде жалды желкелі,

Шекшек ата баласы,

Ешкі бассын үйіңді.

Бес жақсы : Қалың мал, немесе кісі құны ретінде төленетін дүние мүліктің, малдың ең бағалы, басты деген төрт түрін айтады. Ол әр аймақта әртүрлілеу болып келеді.

1.Жүйрік ат 2.Нар түйе З.Бұлғын ішік сусар не кәмшәт бөркімен 4.Қалы кілем 5.Алмас қылыш, (кей жерде:бәйгі ат,берен мылтық, немесе берік сауыт, сырт киім, артық түйе деп ауысады).



Бес өсиет: - топасқа сенбе,

  • тасыр адам алдында осалдық жасама,

  • қайда да, тіпті үйіңде де сақ жүргейсің,

  • өзі аш отырған үйге қонаққа барма,

  • жаманның қолынан сыйлық алма.

Көпке қызмет жасайтын адамның бес қасиеті:

Бір көзі жүз көзден артық көре біліп, екінші көзі көр-соқырдан бетер көрмейтін болсын.

Бір құлағы сақ, екіншісі «керең» болсын.

Көңілі керуен сарайындай кең болсын, естіген, көргенінің бәрін көңіліне сыйғызып, әрі сақтай білсін.

Есі естігенін қайталаушы болмасын, жақсы да, ақылды сөзді ғана айтсын.

Әрі зәр, әрі бал төгетін тілі болсын.



Көркемдік бес таным: алып ер, қара жер, шырын су, қызыл қан, қара тер (еңбек).

*Алтысаны жәйында да білуге тұрарлық жөн-жоба бар. Мәселен,«адамдардағы алты асыл қасиет», «алты игілік», «алты парыз», «алты асқар», «алты алаш», деген сияқты ұғымдар.

Алты астам тіл. БҰҰ-ның деректері бойынша, алты қалықаралық тілде тарайды. Олар: һанзу (қытай), ағылшын, орыс, испан, араб, француз. Бұл да оп - оңай дүние болмаса керек.

Алты алаш. Алты алаш туралы ел аузында түрлі пікірлер айтылады. Бірінде алты ұлтты кіргізеді, енді бірде қазақтың өз ішіндегі тайпалар бірлестігін жатқызады. Біздің бақылауымызша ру емес тайпа құрылысында болған мемлекеттері кіруі керек сияқты.

Алты асыл қасиет: Руһтың түп тамыры; күш-қуаты; жауһар жақұты; өмір пәрмені; арзу арманы - алты асыл қадір қасиеттің өн бойында. Бұл алты белгі әр адамның бойында да болмақ. Олардың әрқайсысы өзінше бір Әлем, бір-бір кұдірет.

Бірінші - нәпсі. Ол сезім мүшелерінен тұрады.

Екіншісі - парыз. Парасат, түйсік, түсінік сезімдерінен туады.

Үшінші - ақыл. Таным, түсінік, ой - сана, түп түйсікті басқаратын -осы.

Төртінші - ілім. Санаға сәуле түсірер, түйсікке түйір себер,дән ризығын теруші - осы.

Бесінші - қамқорлық. Бейшараға пана, қам көңілге қажыр қайрат, дертке дәрмен, ауруға ем, жанға жанашыр - осы.

Алтыншысы - тауһид. Жалқыға жұп, жалғызға сеп, жекеге жетекші, бейілге бейім қасиет осы. (Негізінен өзбек тілінде басылған құжаттан алғаш тәржімалаған Исраил Сапарбай).



Алты парыз:

  1. Адамдардыңбір-біріне деген міндетінен тұрады.

  2. Бір-біріне сәлем беру

  3. Шақырғанға бару

  4. Кеңес сұраса ақыл қосу. Сұрағанына жауап беру.

  5. Ауырса көңілін сұрау.

  6. Қайтыс болса көңілін қосу.

(Мұһаммед пайғамбар һадисінен)

Алты игілік: Денсаулық. Қазына. Әйел. Ұрпақ (бала). Білім. Дос.

Жадқатүйгенімен оқып білгенінен жөнге келтіре отырып, біздің қазақ - мұсылман алты асылға қосып, «адамдағы жеті жетістік -қасиет»деп, руһты негізге кояр болар.Руһ бүкіл төрткүл дүниенің әуелгі әміршісі, һәм һалифасы. Әлем руһпен ғана абат та азат, әсем де көркем, ғажап та ғанибет дегім келеді (Б.Т.)

Иә, сенімсіз күй кешіп, түсінбегенімізді жоққа шығармайық та, оған асықпайық, одан да оның себебін іздеуге құлшынайық. Бәрін білеміз деген өркөкірек мінезден аулақ болған жөн. Дүниеде жұмбағы шешілмеген, тылсым күші аңызға айналған оқиғалар баршылық, деп ұғынамын. Аңыздың да арғы-бергі түрінде бір шындық барын ескерген жөн.

Ата-бабаларымыздың, судай аққан қаны қара жер топырағына сіңіп, көзге көрінбес бір үлкен қажетімізге айналғаны болар, ал сан мыңдаған жарықтық арғымақ, сәйгүлік жылқылардың тұяғының дүбірі, қылыш, найза, айбалталардың шаңқ-шұңқ даусы мен жарқылы, анау-мынау адам көтере алмас гүрзілердің гүрсілі аспан-жер қойнауы, тау-тас, жыра-шатқалдардың жадында мәңгі жазылып қалғанына сенбеске болмас. Табиғаттың жадына сене көріңіз. Табиғаттың да көзі, құлағы, есі мен иесі бар. Ол ұсақ-түйекті де елейді ал соғыс сияқты, көші-қон, керуен сияқты мың-сан тіршілік жиынтығынан шыққан руһ, сана өрісі (-биоток), қуат(- энергия), қан, жан, ой тағы басқа қасиеттерді бойында сақтап келер ұрпаққа сыйлық ретіндей, әр ғасырға бірді-екілі ғұлама беріп, «осалын» өзіне қайтарып алып» отыратын секілді. Мен үшін ғасыр үні қазағымның сансыз алмасқан ғасырлар үні секілді естіледі. Әттең, ғасырлар сырына тереңірек үңілуге мына желкедегі жетпіс жыл бөгет те болған екен. Әттең, дүние-ай, сырыңа мен ғашықпын, ұлғайғанда білуге сонша асықтым. Иә, Дала ғасырлар айнасы ғой! (БТ)

  • Ендігі сөзіміз киелі санның бірі -«жеті» жайлы.

Қай ел болмасын өмір салтында бақсылық, балгерлік болғанын білеміз. Сондай ұғымдар қазақта да болды. Қазақ құмалақ ашқанда, құмалақты үшке бөледі де «жетіскенге келетін жеті әліп»,- дейді. Мұндғы әліп - «білу», «тану» деген мағынада. (Қырғызша: «айлагер құды-қырық бір арыбы бар» дейді). Құмалақ аша білетін қариялар сөзіне қарағанда, құмалақтың «жеті әліп» боп келуі-маңдайы ашылған, бақыт қонған, қыдыр дарыған кісінің белгісі. Мұндағы «жетіскен» деген сөз «жеті әліп» боп келудің «жаман» белгі емес дегенді жетістік деп ұқтырады. Қазақ, біреуді кекете сөйлегенде, «осы сен неменеге (жеті есеп дегенге сайды) жетісіп отырсың - дейді! (неменеңе масаттанып, байып отырсың мағынасында). Бұны сәуегейлік десек те, сөздің тегін шықпайтынына сеніңіз. Тек ол сөзді түсініп, біліп айтқандар болған да, келе-келе мағынасын түсінбей, дәстүрлі сөзді білмей, түсінбей, тек, қайталаушылар барын түсіну. Қалык, жеті қабат жер, жеті қат көк(аспан),-дейді. Өзінің ойын «жеті» мен байланыстыруда бұл сан есімнің қазақ өмірінде және басқа да қалықтың атам заманғы өмірінде азды - көпті дерегі бар екенін көрсетеді. Сондықтан «Жеті қарақшы»(Большая медведица - орысша, қырғызша - «Жеті арһар») жұлдызының атауы, бұл санның аса бір қасиетін көрсетеді. Аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 керінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдызшасы Алиот пен Дубке деседі. Жетіқарақшының жарық жеті жүлдызының сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. "Темірқазықты айнала қозғалатын Жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады екен. Адам көзге бадырайып қарап тұрған жеті жарық жұлдызды өз атымен атаған да болар, дегенмен мұнда еш киелілік жоқ деу дұрыс болмас. Себебі, басқа жұлдыздардың бірін «Темірқазық», «Үркер», «Шолпан» десе, енді бірін «Есек қырған», «Ақбозат», «Көкбозат» деп те атаған. Ал, көзге баданадай көрініп қарап түрған жеті жұлдыз «жетіқарақшы» дегенді дұрыс деп түсінсек, мұнда діни ұғым жок, десек, онда қазақ, көзге көрінбейтін түнді неге «жеті түн», «жеті қараңғы түн» (темный мрак) дейді.Яғни: «жетітүнде неғып жүрсің?», «жеті қараңғы түнде қайда барасың?», немесе «жетіқарақшыны таныған жеті түнде адаспас» деген (фраза) сөз жүйелері жиі айтылады. Бұл жетінің «жеті – (магия) сиқыршы күш» саны болуда. «Жеті әулие» (бүзірік, мүдірік деп те келеді) мұндағы «бүзірік» - зор, ірі деген мағынада, яғни, Ісләм дінінде: «жеті шәріп» деген ұғым тұр:

Жеті шәріп мыналар:

  1. Мекке шәріп;

  2. Мәдинә шәріп;

  3. Бұһар шәріп;

  4. Шам шәріп;

  5. Қатым шәріп;

  6. Құддыс (Мысыр) шәріп;

  7. Кәлем (Құран) шәріп.

«Жеті аспан»: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық.

«Жеті дозақ»: Сағир. Лазо. Саһар. Жаһим. Жаһаннам. Һауиа. Һатома

«Жеті сана»: Сенім, Үміт, Қайрымдылық, Ақылдылық, Әділеттілік, Сабырлылық, Руһ күші. (Б.Т.)

Таурат кітабы бойынша Жаратқанның Әлемді жаратуға арнаған «жеті күні»:

Бірінші күні – Нұрды (жарықты) жаратқан.

Екінші күні – Аспанды жаратқан.

Үшінші күні – Жерді жаратқан.

Төртінші күні – Күн, Ай, Жұлдыздарды,

Бесінші күні – балықтар мен құстарды,

Алтыншы күні – Адамдар мен аңдарды жаратқан.

Жетінші күні – дем алған.

Өлімге себепкер жеті күнә: Тамақсаулық. Жалқаулық. Нәпсіқұмарлық. Өркөкіректік. Ашушаңдық. Қызғаншақтық. Сараңдық. Бұл жеті күнәні V –ғасырда суретші Иероним тамаша бейнелеген.

Әлемнің «жеті кереметі» «Әлмисақтан бері мұсылманбыз», - деп жүрген қазақ ұғымындағы «әлмисақ» дәуірі үш мың жылдықтың арғы төңірегіндегі әңгіме екені даусыз. Оған бір дәлел ретінде грек қалқының «Әлемнің жеті әлеметі» (кереметі) дегені қай заман?! («Семь чудес света»). Мұның өзінің арғы дәуірін ұмыт қалдырмай отырып, жаңа қосарларымен толықтырылып отырылады.

Ал, алғашқы аты әлемге айғақ «Жеті әлемет» мыналар:

  1. Колос Родосский - күн кұдайы Гелиосқа арналған (бронза) қола (статуя) - мүсіні (сымбат өнері), б.д.д. 224 жыл. Биіктігі 32 м, Родос аралында. Зіл-заладан күйреген.

  2. Эфестегі Диана храмы (ғылым ордасы, шіркеу). Қазіргі Түркия аймағында. Колонналарының биіктігі 18 метр (аршын), 1 аршын (скального монолита) жартастан тұтастай ойылып жасалған, ішінде грецияның ең таңдаулы суретшілерінің суретімен безендірілген, б.д.д. 262 жылдар.

  3. Египет жағалауына жақын тұстағы Фарос маягі (теңіз бағдаршамы), б.д.д. 283 жылдар. Биіктігі 180 метр шамшырақ, үлкен кемелерге портқа жол көрсетіп, 1500 жыл қызмет жасаған. Зіл-заладан жойылған.

  4. Галикарнас қаласындағы (Түркия) Мавзол патшаның табытһанасы (жерленген жері, б.д.д. 353 жылдар. Өте әдемі, алып дүние болғандықтан, патша атымен мавзолей делінген. Осы үрдіс әлі де жалғасуда.

  5. Зевс статуясы - мүсіні, сымбат өнері, Олимп қаласы (Греңия), Фидия 12 метр (аршын) денесі сүйектен жасалып, алтыннан киім кигізіліп, көздері ең асыл тастардан жасалған ғажайып. Әлем таңқаларлық ғажап дүние болған. Бұл да жойылған.

  6. Вавилон қабырға - корған (стены защитные) немесе Семирамида аспалы бағы, деп те аталған, қазіргі Ирак жерінде болған, б.д.д. 600 жылдардан бұрынырақ (до н.э.) На- вуходоносар патшаның бұйрығымен жасалған. Биіктігі 100 метр, кірпіштен жасалған. Қазір орнында құм үйіндісі жатыр.

Египеттегі пирамидалардың ішіндегі көзге ерекше түсетін аса көрікті де көрнекті Хеопстың пирамидасы. Оны шамамен 6 мың жылдар бұрын Хеопстың (Хуфу) өзі тұрғызған. Фараон әйелдерімен жерленген. Пирамидаға әрқайсысының салмағы 2,5 тонналық 2300000 дана қашалған тас жұмсалғаны есептеп шығарылған. Пирамиданың жалпы салмағы 5 миллион 750 мың тонна, биіктігі 137 м. Кейбір мамандардың пайымдауынша Хеопс пирамидасына жұмсалған тастардан осы замандағы 120 мың тұрғыны бар қала салуға болады екен (Жиырма жыл ішінде салынып бітсе керек). Пирамиданы тұрғызу үшін алмастырылып отырған 100 мың құл жұмыс істеген деген сенімсіз дерек бар.

Қазіргі кезде оның ерекше ерен жоғарғы сананы меңгерген бір Құдірет күші (Высший разум) салғанын дәлелдеуге тырысуда. Ғажайыпты ғажайып күш қана орнататына мен сенемін. Ғасырлардың ғасырында Пирамида өзі дәлел нұсқамаса еш ғылым оны дәлелдей ала қоймас. Ғалымдардың дерегі,тек болжау ғана. Қалық емшісіне, нағыз көріпкелдің болғанына ғасырлардың дана ұғымына сенімсіз қараған білім алға басып, жүзеге аса қоймас; түсте түлкінің боғы емес қой...Тереңірек ойлансақ, миллиондаған құлдардың қолынан мұндай алып жұмыс келе қояр ма екен? «Высший разум» - «Ең Жоғарғы Сана Күшінің» ғажап туындысы немесе «Ғарыштық қуат» шығар деген ойдан арылу қиын-ау. Мұндай күшке ақыл жеткізе алмай, Ғылым да мүдіретін секілді.(БТС)

Ертегрек Әлемінің жеті ақылманы:

Ертегрек Әлемі бізге дейінгі дәуірлер мен жылдардан он жетінші ғасыр аралығында көптеген данышпандарды (әр ғасырда жеті ақылманның) дүниеге келтірген Гомер, Гесиод Периандр Солон, Фалес, һилон, Эзоп, Анаһарсис, Гераклит, Пифагор, Эсхил, Геродот, Гиппократ, Демокрит, Исократ, Платон, Сократ, Софокл, Арестотель, Бион, Менандр, Эпикур, Цецилий, Гай Цицерон және Рудаки, Авиценна, Фирдоуси, Омар һаям, Саади, Баруһ т.б. данышпандар болған.

Сондай-ақ жеті санымен аталатын «жеті кереметтер»:

V - ғасырдан бері танылған жеті керемет:

  1. Ертедегі Артемида храмы

  2. Александрияда жер астындағы жол пішінде қазылған мазарлары

  3. Қытайдың ұлы қорғаны

  4. Англиядағы алып тас қорған

  5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы

  6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара.

  7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатһанасы.

Біздің жыл санауымыздай үш ғасыр бұрын ұлы қолбасшы патша Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Кіші және Орта Азияны, Египетті, Оңтүстік Индияны,т.б. елдерді жаулап алып, сол өңірлердегі өзі көріп тамашалаған ерекше сәулет өнер үлгілеріне аса жоғары баға берген. Кейінгі заманда олар:

«Әлемнің жеті кереметі» атанған.

ХV-ғасырға дейін қалықтар ұғымында қалыптасқан «Жетітеңіз» бар:



  1. Жерорта теңізі

  2. Парсы теңізі

  3. Батыс Африка теңізі

  4. Шығыс Африка теңізі

  5. Қызыл теңіз

  6. Үнді теңізі

  7. Оңтүстік Қытай теңізі («Жердің шеті», «Конец света»).

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет