«Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы



Дата19.02.2017
өлшемі253,12 Kb.
#10607
«Бейнелеу өнері , сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
Усманов Б. Бизакова Б.
Академиялық сурет ІІІ
05010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы

студенттерінің практикалық жұмыстарына арналған

әдістемелік нұсқау































Шымкент 2012

1 лекция тақырыбы: Натюрмортты дәлме-дәл бейнелеудің заңдылықтары.



Мақсаты: академиялық суреттегі негізгі теориялық қағидалармен танысу.
Бейнелеу өнерінің орындалу жолдарына жаттықтыру, дағдыландыру. Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қабілетін қалыптастыру.
Сурет салу өнерге өте ерте кезден бастау алады. Сурет салу өнерінің тарихы тереңде жатыр. Алғашқы қауым кезіндегі суретшілер тас немесе сүйек беттеріне айқын сызықтармен түрлі бұйымдар, жануарлар, тіпті адам бейнесін де асқан шеберлікпен сала білген.
Бұл туралы Қазақстан жартастарындағы бейнелеу шығармашылығы толық хабардар ете алады. Сурет салуды адам кәсіпшілікте пайдаланғаны белгілі, нақтырақ айтсақ, көзешілік, яғни құмыра жасауда оның суреттері қарапайым жолдармен меңгере бастады.
Сурет салу өнерінің даму кезеңі қала құрылысының дамуы, қоғамдық орындар, ірі – ірі сарайлар салудың өркендеуі кезінде дамыды, арнайы өнер мектептері ашылып, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер дайындау қолға алынды. Бізді қоршаған ортадағы өзіміз пайдаланып келген көптеген бұйымдар да суретшінің нобайлары бойынша жасалады. Егер салынатын зат, уақытша болса да, қозғалмайтын болса, онда оны асықпай салуға болады.

Мұндай сурет - ұзақ салынатын сурет деп аталады.
Сурет салуды бастағанда ең алдымен салынатын суреттің бәрін түгел көз алдыңа келтіріп, пайымдап алуың керек. Сосын нобай (эскиз) жасау барысында қағаз бетіне өзің таңдап алған көру нүктесінен салынатын бұйымдарды немесе көріністі орналастыруға болады. Сонымен қатар жарық көзінің қай жақтан түсіп тұрғандығын да ұмытпаған жөн. Пішіннің құрылымын түсіну оның кеңестіктегі орналасуы, бұйымның көрінбейтін бөлігін сезу, қағаз бетінде заттың үш жақты көлемін түсіруге көмектеседі.
Живописьте басты нәрсе - түс. Жалпы алғанда әрбір бояу түстерінің өз мағынасы бар екені сөзсіз.«Натюрморт»- бірнеше заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелейтін көркем шығарма.«Натюрморт»– француз сөзі, дәлме - дәл мағынасы «өлі табиғат»деген ұғымды білдіреді. Әрқашан натюрморт орындауда жалпыдан жекеге көшу принципін ұстау керек.

Өйткені шығармашылық ізденуде оқушылар форма мен композициялық тәсілдерді еркін игеру арқылы көркем шығарманың мазмұнын жетілдіре түседі. Бояумен сурет салуға үйрету деген ең негізгі тапсырма натюрморт салу болып табылады.


а) заттарға талдау жасау;
ә) заттардың бір - бірімен қатысын анықтау;
б) заттардың композициялық құрылымын ойластыру;
в) денелерінің тұтас көрінуін байқау;
г) жарық пен көлеңкесін сурет салу заңдылығына сай орындау.


Оқушылар ұзақ мерзімді сурет салғанға жалығады, кейде шыдамы жетпейді. Сондықтан жылдам сурет салуға, яғни долбар жасауға үйрену қажет.
Долбар дегеніміз - контур мен үйлесімді сызықтар пайдалану арқылы орындалатын сурет. Долбар салуда ТМ, 2М, 3М сияқты қарапайым қарындаш түрлерін пайдаланамыз. Долбар салуға жаттығу жылдам сурет салуға бейімділікті қалыптастырады. Контур сызықпен долбар жасағанда заттың көлеңке жақ сызығы жуандау, ал жарық жағы жіңішке сызықтар арқылы орындалады. Сонда ғана зат көлемді, ауқымды болып бейнеленеді. Осы жаттығудың негізінде бірнеше заттан тұратын натюрморт орындауды үйренеміз.

Кеңістікте, жазықтықта бейнелеудің заңдылықтары.

Мақсаты: Кеңістікте, жазықтықта бейнелеудің заңдылықтарын меңгеру.



Бейнелейтін нәрсеміздің биіктігін, енін, көлденеңін салыстыра отырып, ара қашықтығын анықтау арқылы суретін саламыз. Әрбір зат қағаз бетіне үйлесімді де орнықты түрде орналасуы керек. Пропорциясын қараймыз, пропорция дегеніміз - биіктігінің көлденеңіне, нәрсенің бір бөлігінің екінші бөлігіне шамалық қатынасы, сондықтан белгілегенде өте мұқият болу керек. Суреттің мазмұны мен құрылысы оның жеке бөліктерімен өзара байланысты болмаса, ол дұрыс шықпайды. Сондықтан компоновка жасаймыз.
Компоновка дегеніміз - орындалатын жұмысты жоспарлау.
Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің(композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Бейнеленетін нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін көмекші сызықтар(тік, көлденең, көлбеу) сызылады. Күрделі, 4 - 5 заттан натюрморт бейнелеу.


Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қараймыз.
1 - кезең: нәрсені қағаз бетіне ықшамдап орналастыру
2 - кезең: нәрсенің құрылымына назар аудару
3 - кезең: заттың өңін жарық пен көлеңке арқылы айқындау
4 - кезең: бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезең болады.


Бір тұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалатын суреттің жарасымдылығына баса назар аударып, жұмыс аяқталады. Заттардың өңін айқындағанда ең жарық, ең қараңғы жерлерді анықтап алуымыз керек, ол үшін мына сурет заңдылықтарын естен шығармауымыз керек:


1. Жарық деп заттың үстіне түскен жарықты айтады.
2. Жылт деп заттың үстіне түскен жарықтың ең ашық жерін айтады.
3. Жартылай жарық көлеңке деп заттың үстіне жанама түскен жарықтан пайда болған жартылай көлеңкені айтады.
4. Меншікті көлеңке деп заттың бетіне жарық толық түспеген жерді айтамыз.
5. Шағылысу жарығы - заттың көлеңке жағында басқа жарықтың әсер етуінен пайда болған, әлсіз жарықты айтамыз, оны рефлекс деп те атауға болады.
6. Заттың түспе көлеңкесі - бір заттан екінші затқа немесе екінші жазықтыққа түскен көлеңкені айтады.
7. Меншікті көлеңкедегі жарықтау жерлер рефлекс деп аталады.


Бұл өзгерістер жарықтан бастап көлеңкеге дейін әртүрлі рең қоюлығына, яғни бояу түстерімен осылай бөлінеді.
Натюрмортта фон, артқы бөлігі елеулі роль атқарады. Натюрморттың артына тығыз орналастырылған фон біздің назарымыздан шашырап, қойылымнан кетуіне мүмкіндік бермейді.
Натюрмортты қоюдағы заттарды топтастырудың тағы бір ережесі - салыстырмалы түрде аяғында бос, жеңіл алдыңғы план.
Көзбен көруге мейлінше ауыр, ірі заттар артқа таман, неғұрлым жеңіл заттар - оның алдында тұруға тиіс, ал ең алдыңғы план мүлдем бос, ашық болуға тиіс.

Сурет салуды керісінше емес, төменнен жоғарыға қарай жүргізген жақсы. Бұл тек натюрморттың суретін салуға емес, кез келген басқа да натуралдық қойылымды салуға қатысты.
Ең алдымен заттың өзіне тән түстік ерекшелігін қоршаған ортаға байланысты байқау. Мысалы: қоңыр нәрсенің артына көк шүберек ілсек, онда суық түс басым болады, ал қызыл түсті шуберек ілсек, жылы түс басым болады.

Әр нәрсенің басым түсінің қалың болуына байланысты түстік реңді ажыратуға болады. Мысалы: сары шүберек ілінген фонда қоңыр құмыра бояуы қанық болады, ал сия көк шүберек ілінген фонда қоңыр құмыра жарықтау болып көрінеді.
Алдымен заттың өзіне тән түсін солғын бояй отырып, біртіндеп қоюлата жағылады.

Акварель бояуымен жұмыс істегенде ашық түстерді шамадан тыс қолдануға болмайды. Біздің түстерді қабылдауымыз әдемі«сабақтас»түстің пайда болуына жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңке бөліктері жарықтануы мен қатар жылы және суық түстік реңдер мен ерекшеленеді.
Егер жарық жылы болса, онда көлеңке суық реңге ауысады.

Ал жарық суық болса, көлеңке жылы реңді болады. Жылы мен суық түстердің үйлесімді болып келуі живописьте әуен туғызады.
Музыка үшін 7 нота қандай роль атқарса, живопись үшін ең қою қалың бояудан ең нәзік реңдерге дейін сондай роль атқарады. Өйткені дүниенің бар байлығы мен сұлулығын осы түс қана бере алады.
Заттың қасиеті мен бояуын сол түс арқылы ғана бере аламыз. Шығармашылық жұмыс жасау оқушылардың сабаққа деген белсенділігі мен білімі арқылы дамиды. Олар бояумен жұмыс жасағанда мына ерекшеліктерге мән беру керек: шыны ыдыс - мөлдір, ағаш астау - жұмсақ, темір ыдыс - қатты, осындай әр түрлі материалдардың қасиеттеріне байланысты түстік бояуды дұрыс қолдана білу оқушының шығармашылық жұмыс істеуін айқындайды.

Заттың мөлдірлігі мен жылтыр болуы таза түстің бояуымен жұмыс жасауды қажет етеді, ал заттың тығыз, салмақты болуы күрделі қою бояулар арқылы шешім табуға жетелейді. Оқушылар натюрморт орындауда өздерін күнделікті үйреншікті жұмыс істеуімен шектемей, тақырып бойынша қомақты шығармашылық ізденуден туындаған натюрмортты орындауға көшу керек.

Мысалы: Т. Тоғысбаевтың«Асхана»атты интерьер көрінісінде орындалған натюрмортына назар аударып көрейікші. Қарама - қайшы ашық түстер мен бейнеленген бұйымдар мен заттардан ұлттық нақышты байқай аламыз.

Қазақ халқының қонақжайлылығын меңзейтін дөңгелек дастарханы жайлып, көрпесі төселіп, қонақ күтіп тұрғандай көрініс береді. Алдындағы қуыршақ балғын баланың тәтті өмірін елестетсе, артқы фонда ас әзірлеген ана бейнеленген. Терезеден дала тіршілігімен тағдырлас әке бейнесі көзге елестейді.

Мұның бәрін біртұтас дәмдес ететін дастархан екені сөзсіз.
Нәрсеге қарап салумен қатар, есте сақтап жатқа салу мәселелеріне ерекше назар аудару керек.

Сурет салуда қолданатын құрал-жабдықтар мен оны іске асыратын әдістемелер.

Мақсаты: Сурет салуда қолданатын құрал-жабдықтармен жұмыс жасауды меңгеру.


Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы суатты сурет салуға үйрету мәселелеріне көңіл бөлінеді. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан теориялық білім беремін.

Компоновка – қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру деген сөз.
Пропорция бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу деген ұғымды білдіреді.

Жарық деп бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз.
Көлеңке дегеніміз заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі.
Сондықтан затты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Сурет салуға үйрету бейнелеу өнерінің ең негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан сызық арқылы нобай, долбар жасауға үнемі жаттығамыз. Көзбен көрген нәрсесін есте сақтап, жылдам бейнелеуге үйренеміз.

Долбар жасауда нақты заттың пішіні жіңішке әрі жуан тұтас сызық арқылы бейнеленеді. Суретте түзу сызықтан гөрі қисық сызық әлдеқандай жанды болып келеді. Әсіресе қимылды жануарлар мен адам образын бейнелеуде долбардың рөлі зор. Сондықтан жанды нәрселерді бейнелеуден бұрын, ең алдымен қарапайым заттардың суретін салып үйренгеніміз дұрыс. Тек қана әрбір заттың пішіндік ұқсастығын тауып қана қоймай, оның реңдік қатынасына да баса назар аударған жөн. Реңдік қатынастар жарық пен көлеңке бөліктерін беру арқылы шешіледі.

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.
1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.
2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра қарау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Меншікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке.

Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.

4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.
1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең

Сурет салудағы перспективалық заңдылықтар.
Перспектива- “Перспектива” сөзін латын тілінен аударғанда “анық көремін” деген мағынаны білдіреді. Перспектива сурет салушыға кез келген бейнені өмірде қалай көрсек, дәл солай бейнелеуге мүмкіндік туғызады.

Қайта өрлеу дәуірінің суретшілер Пьеро делла Франческа, Леонардо да Винчи, А.Дюрер және т.б. перспектива жөнінде оқытуға көп үлес қосты.

Перспективаны түсіну үшін ең алдымен көкжиек сызығы жөнінде білу керек, өйткені, барлық перспективалық құрылыс осыған байланысты. Көбінесе көкжиек жөнінде айтқанда, аспан мен жердің шектескен сызығы жөнінде ой туындайды. Ал негізінен алып қарағанда географиялық көкжиек перспективалық көкжиекпен байланысты. Перспективалық көкжиек барлығын жоғары жағынан және төменгі жағынан көрінетін заттарға бөледі. Перспективалық көкжиек сызығы әр уақытта көз деңгейінде орналасқан. Оны қалай анықтауға болады? Ол үшін стаканға су құйып, оны көз деңгейіне жақындату керек. Егер де оған жоғарыдан немесе төменнен қарайтын болсақ су беті эллипс пішінді болады. Ал дәл көз деңгейінде болғанда, түзу сызық болып көрінеді.

Егер адам отырса перспективалық көкжиек төмендейді, егер жоғары қарай шықса жоғарылайды. Перспективалық көкжиектен төменде жатқан барлық көлденең сызықтар бақылаушыдан алыстаған сайын жоғарылайды, ал жоғарыда жатқан сызықтар төмендейді.

Барлық параллель көлденең сызықтар бақылаушыдан алыстаған сайын көкжиек сызығына жақындап, сонда түйісу нүктесі деп атайды. Бірнеше параллель сызықтар орналасқан жеріне қарамай барлығы бір нүктеде түйіседі. Мысалы, көкжиек сызығына қиғаш орналасқан үй суретін салса, оның әр екі қабырғасының өз түйісу нүктесі болады. Ал тік сызықтар әр уақытта параллель күйінде қала береді. Көлденең орналасқан шеңбер перспективада эллипс түрінде көрінеді.

Сурет салушыға көлеңке перспективасын да білу керек. Күн жерден өте алыста болғандықтан оның сәулелерін параллель ретінде қабылдаймыз. Жасанды жарықтан түскен заттардың көлеңкелері жан-жаққа түседі. Оның өлшемін жарықтан шыққан түзулер арқылы анықтайды.

Неғұрлым бейне жарыққа жақын болса, соғұрлым көлеңке үлкейеді.

Сонымен қатар, заттардың сәулелерінде де перспектива заңдылықтары бар. Суда өсіп тұрған ағаштың сәулесі дәл сол күйінде қарама –қарсы бағытта көрінеді. Бөлме ішіндегі заттар да перспективаның жалпы заңдылықтарына бағынады. Бөлмедегі көкжиек сызығы да көз деңгейінде өтеді. Адам денесін, басын салғанда да перспективалық өзгерістерді ұмытпаған жөн. Міне, бұл айтылғандар сызықтық перспектива туралы.

Сонымен қатар, сызықтық перспективамен бірге ауа перспективасы да сурет салуда үлкен орын алады. Заттар бақылаушыдан алыстаған сайын өзінің айқындылығын жоғалтып бұлдырай түседі. Қою түсті заттар алыстағанда салқын реңге /көбінесе көгілдір, кейде қою көк/, ал ашық түстер жылы реңге айналады.

Түстер мен көлеңкелер, заттардың материалы алыстаған сайын дұрыс көрінбей, тұтасып кетеді, силуэтке айналады. Егер заттарды ашық түстермен, бөлшектерін анық көрсетіп бейнелесе, жақын жерде тұрған сияқты көрінеді. Керісінше бұл қасиеттерді жоғалтса, олар бізден алыстайды.

Сурет салу кезінде осы екі перспектива заңдылықтары жүзеге асса, жұмыс өз дәрежесінде орындалады. Сол себептен перспектива қандай да болмасын суретте үлкен маңызға ие.

Әдебиеттер:



Сурет салу сауттылығына үйрету.

 

Сурет салу сауттылығын үйрету- Эскиз және нобай орындау - Кез келген суретші өзінің болашақ шығармасын жасауға кіріспе бұрын, оған керекті кейбір нәрселердің сырт нобайын тездетіп қағаз бетіне түсіріп алады.

Заттың өзіне қарап отырып шапшаң нобайлар салу суретшінің шығакрмашылық процесінде маңызды рөл атқарады.

Ұзақ уақыт салынатын суретен айырмашылығы сол, нобайларда бейнелеуші объектілердегі ең басты нәрсе, жалпы әсер беріледі. Сонымен бірге оларда заттың пішіні, пропорциясы, көлемі, бейнелеуші адамның психологиялық жай-күйі дұрыс, нанымды берілуге тиіс.

Нобайлар үйрену, танып-білу мақсатында жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сурет заттың өзін, айналадағы өмірді зерттеп, танып-білудің, шеберлікті жетілдірудің құралы болып табылады.

Ал белгілі бір шығарманың бөлшектерін, жекелегн бейнені жасау мақсатымен нобайлар салған кезде суретшінің алдына басқаша шығармашылық мақсат қойылады. Нобайлардың бұл екі қызметі де бір-біріментабиғи байланыста.

Бірқатар жағдайларда нобайлар белгілі бір оқиғалардың тікелей әсерінен (немесе заттың өзіне қарап отырып) жасалады да, суретшінің қиялындағы болашақ тақырыптық композициямен, нақтылы сюжетпен байланысты болмайды.

Нобайлар салудың пайдасыф зор. Әсерлерді жинақтаумен қатар мұндай суреттер болмысты, заттар мен құбылыстардың өзіне тән ерекшеліктерін көре білуді дамытады. Нобайдың басқа да міндеттері бар. Белгілі бір қағаз пішініне натюрморт сала бастаудан бұрын, картина бетіне нәрселерді неғұрлым тиімді орналастыру үшін бірнеше нобай жасау қажет.

Жеке-жеке қағаздарға нобайлар салынып, композиция табылғанан кейін, яғни көру орталаға анықталып, соның айналасына натюрморт заттар орналасқаннан кейін, сурет салуға кірісуге болады. Алдымен тағы көру орталығы белгіленеді, ал натюрморт заттары суретке негіз етіп алынған нобайдағыдай салынады. Осы нобай оңай әрі шапшаң салынады, заттардың өзіне әзірше қарамаса да болады.

Сурет салған жұмысты жалпыдан бастап, ең әуелі нәрселердің жалпылама пішінін, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені дұрыс салып алу қажет.

Эскиз болашақ шығарманың түпкілікті өзі емес, тек нобайы болғанымен, мұнда суретші нобайға қарағанда көбірек еңбек сіңіреді. Эскиз көбіне ой-қиял бойынша, бірақ бейнеленуші объектінің өзін бақылау негізінде жасалады. Оны қарындашпен де, акварель бояулармен де, майлы бояулармен де, пастельмен де жасауға болады. Эскизде суретші композициялық міндеттерді шешеді: болашақ картинаның неғұрлым лайықты көлемін, оның композициялық және мағыналық орталығын, жарық түсу сипатын, түстер гаммасын және т.б. іздестіреді. Сондай-ақ ол жекелеген элементтерд: қандай да бір фигураның қимыл қозғалысын, бет-бейнесіндегі ым-ишараны егжей-тегжейлеп көрсетуге ұмтылады.

Кез келген елеулі көркем шығарманы жасауға кірісу үшін алдын ала көптеген нобайлар мен эскиздер жасап алу қажет.

Әдебиеттер:


  1. Бейнелеу өнері оқулыктары 5-7сынып.

  2. Абай атындағы мемлекеттік уневерситеттің жанында кұралған бағдарлама 60 жинақ 2006ж.

  3. В С Кузин. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе М.2007

  4. Неменский В.И. Изобразительное искусство и художественный труд 1-4

  5. Пособие для учителя М., 2008 г


Композиция туралы түсінік.

Композиция - Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отырғаныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бәрі де композицияның негізгі бастаулары. Бұл сөз әдетте музыкалық шығармаларға арналғандай, бірақ мұнда кең ұғым бар. Түсініктірек болу үшін, бұл туралы нақтылай сөз етейік.

Жазушы роман жазғысы келді дейік. Болашақ дүниенің негізгі ойлары басында пісіп-жетілген, ол шығармасының жоспарын жасайды. Ол жоспары, жазушының ойындағы дүниелері бірлік пен бірегейлікке жеткенше, әрқайсысы өз орындарын тапқанша, талай өзгерістерге ұшырап, сан рет қайта сүзгіден өтеді. Содан кейін ғана ол көркем сөзге көшеді. Архитектор да белгілі бір ғимараттың жобасын сызбастан бұрын, оның сырт көрінісі мен негізгі пропорциясын анықтағанша, бірнеше эскиздер жасайды.

Міне, алдын ала атқарылатын осы шаруаларды жобалау немесе қарапайым түрде жоспарлау деп атайды. Бұл жоспарлаудың мақсаты – жеке нәрселерді ( бөлімдерді) тұтас бір дүниеге айналдыру.

Композиция (латын тілінде “құрастыру”, “тәртіпке келтіру” деген мағынаны білдіреді) – шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композицтя – көркем құрал. Ол комподзиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарынөз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.

Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.

Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілегенсоң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырды.

Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын, шығармадағы сәулелі немесе күңгірт тұсты, өзінің айналасындағы ортадан айшықталған, автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық (бір немесе бірнеше заттардың тобын) деп атаймыз.

Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орьалықты табу оңайға түспейді. Ешқашан да картинаның композициялық орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруға болмайды. Көп жағдайда сәйкес келеді де. Сондай-ақ композициялық орталық тақырыптық орталықпен де қабыса бермейді. Ал геометриялық, композициялық, тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс. Мұндай қабысудың классикалық үлгісінен мысал келтірейік.

16 ғасырда Италияда әлемнің ұлы суретшісі Леонардо да Винчи өмір сүріп, жұмыс істеді. Бірнеше жылдар бойы ол “Құпия кеш” атты үлкен картина – фреска жасаумен айналысты.

Діни болжам бойынша бұл Христостың өлімнің жақындағанын сезген соң, соңғы рет шәкірттерін жинап сұхбат құру сәті еді. Леонардо да Винчи үшін фрескадағы тақырыптық орталық – Христос тұлғасфы. Бұл бейнені жасауға ол бірнеше ай шамасында еңбектенеді. Леонардо фресканың қатаң да ұлы қарапайымдылығын айшықтау үшін оны симметриялық тұрғыдан орналастырған еді. Христостың тұлғасы картинаның математикалық ортасында қалды.

Төбе мен қабырғалардың түзу де, анық сызықтары, перспектиалық түйісу де сол орталық бейнеде қиылысады. Мазасызданған шәкірттерінің толқын тәрізді қимылдарының бағыттары да көрермен назарын орталыққа түйістірде. Сөйтіп, Христос тұлғасы бұл жерде тек тақырыптық және композициялық қана емес, сонымен бірге фресканың геометриялық орталығы болып табылады.

Біз бүкіл әлемдік көркемөнерде осыншама ойлы композициялық құрылымы дамыған, орындалу жағынан кристалдай таза және кереметтей қарапайым пішінді өзге мысалды білмейміз.

Композиция суретші үшін негізгі мақсат емес екенін ескеру қажет, өйткені композицияның негізгі мұраты – суретшінің идеялық ойын көрсету. Осыдан композициялық құрылымының түйіскен жері ғана емес,сонымен қатар, шығарма мазмұнын анық көрсетуге қызмет етуі керек.

Композицияның өрнектелуі күші композициялықорталық бір уақытта тақырыптық орталық болған кезде арта түспек

Әдебиеттер:



  1. Бейнелеу өнері оқулыктары 5-7сынып.

  2. Абай атындағы мемлекеттік уневерситеттің жанында кұралған бағдарлама 60 жинақ 2006ж.

  3. В С Кузин. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе М.2007

  4. Неменский В.И. Изобразительное искусство и художественный труд 1-4

  5. Пособие для учителя М., 2008 г


Заттардың пропорциясын байқау.
Заттардың пропорциясын байқау - Пропорция сөзі латын тілінен аударылғанда “арақатынас” немесе “шамалас” деген ұғымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде “пропорция” деп бейнелеуші нәрсенің бөлшектерінің өлшемдік қатынасы, немесе туындыдағы бейнеленген жеке нәрселердің өлшемдік сәйкестілігін айтады.

Әр нәрсенің өзіндік пропорциясы, яғни нәрсеніңжекелеген өлшемдік қатынастарынан тұрады. Мысалға, әрбір келесі сан алдыңғы сандар бірлігінен тұратындығы секілді: 1,1,2,3,4,5,8,13, т.б.

Нәрсе көлемін пропорциялық өлшем бірлікке бөліп қарастыру ежелгі дәуірден “алтын бөліну” (золотое сечение) деген атаумен белгілі. “Егер адамның белінен табанына дейінгі өлшемі мен сол белінен төбесіне дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құраса; сол сияқты, қолын жанына жіберіп тұрған адамның төбесінен ортаңғы саусағының ұшына дейінгі өлшем мен сол ортаңғы саусағының ұшынан табанына дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құрайды. Сол бірінші өллшем бірлігіндегі адамның белінен табанына дейінгі арақашықтық, екінші өлшем бірлігіндегі адамның төбесінен ортаңғы саусағына дейінгі арақашықтыққа тең болады.

Осыған орай адам табиғатындағы, немесе жалпы қоршаған ортадағы өлшемдік ара қатынасты эллиндіктердің білгенін ұлы математик Эвклид өз еңбектерінде жазды. “Бұл арақатынасты мен “алтын бөліну” деп атаймын” деген болатын Леонардо да Винчи.

Әр нәрсенің пропорциясы оның құрылысының ерекшеліктеріне тығыз байланысты. Сондықтан да жазықтық бетінде құмыраның дұрыс пропорциялық бейнесін тұрғызу үшін, оның көлемі қандай геометриялық фигураларға ұқсайтын бөлшектерден тұратындығын анықтап, олардың өзара өлшемдік қатынасын салыстыра отырып бейнелеу қажет. Ал туынды бірнеше нәрселерден тұратын болса, онда олардың бейнесін бір-бірінің өлшемдік ерекшеліктеріне байланысты салыстыра отырып бейнелейді.

Сурет салғанда заттың өзіне тән ерекшеліктерін, оның пропорцияларын: биіктігінің көлденеңіне, бір бөлігінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет.

Сурет саларда алдымен кескіннің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауын ойластырып алған орынды. Бұл үшін суреттің жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағындағы шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ шеттерінен қағаз жиектеріне жеткізбей, белгілі мөлшерде ашық орын қалдырған жөн. Өйткені, қағаз жиегіне тақап салынған сурет онша әдемі болып көрінбейді.

Салынатын суреттің бөліктерінің өзара қатысы дұрыс көрсетілмеген болса, перспектива құрылысы, жарық пен көлеңке, бояудың түсі жақсы берілгенімен сурет жақсы болып шықпайды.

Заттың пропорцияларын дұрыс беру – оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі. Пропорциялық қатыстар дұрыс берілгенде ғана көрушілер салынған суретті нанымды қабылдайды.

Суреттегі өлшемдер қатысы нәрсенің өзіндегі өлшем қатысына тең болуы керек. Қарындашпен шаманы анықтағанда қолды алға барынша созып тұрып өлшеген жөн. Олай етпесе, дұрыс өлшенбейді. “Визирлеу” әдісіне онша көп әуестенбеу керек, өйткені бұл көзбен мөлшерлеуді дамытуға кедергі келтіреді.

Егер ұдайы жаттығудың арқасында көзбен мөлшерлеу күшті дамыған болса, визрилеп өлшеуге қарағанда көзбен мөлшерлеу дәлірек болып шығады.
Әдебиеттер:


  1. Бейнелеу өнері оқулыктары 5-7сынып.

  2. Абай атындағы мемлекеттік уневерситеттің жанында кұралған бағдарлама 60 жинақ 2006ж.

  3. В С Кузин. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе М.2007

  4. Неменский В.И. Изобразительное искусство и художественный труд 1-4

  5. Пособие для учителя М., 2008 г


Жарық, көлеңке заңдылықтары.
Жарық, көлеңке заңдылықтары - Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайыц көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тексызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады.

Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады.

Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды. Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір нәрселерге жарықтың тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп аталады.

Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады.

Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарын көру қиын емес. Бұл – заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл дақтар заттардың дөңе,с және ойыс бетінде, сондай – ақ олардың қырларында көбірек байқалады.

Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай – ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.

Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі. Өңнің қоюлығы не бәсеңдігі заттың көлеңкелері мен оған түскен жарықтың арасындағы қатынастарға сәйкес болып шығуы тиіс.

Бейнелеуші объектінің түс қатынастары уреттегі өңдердің қатынастары арқылы берілуі керек.

Түстердің және жарық пен көлеңкенің үйлесімін берген кезде ақшыл нәрседегі (мысал гипстегі) көлеңке қара нәрседегі жарықтан ашығырақ болатынын есте ұстаған жөн. Өңі берілетін суреттерді салғанда өңдер қатысын салыстырып, анықтап алу керек.

Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу керек, әлбетте рефлексті де ұмытып кетуге болмайды. Суреті салынатын нәрсенің жарық түсіп тұрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болуы тиіс.

Суретте өң тұтас берілуі керек. Суреттегі өң нәрсенің пішінін, түсін және жарықтың түсуін берудің құралы болып табылады. Заттың сыртқы бетінің түсі оның өңі деп аталады.

Пропорциялар мен негізгі пішіндерді анықтағанда түсіп тұрған көлеңкелердің шетінен бастамау керек, өйткені олар заттардың негізгі пропорцияларын да, бедерін де белгілемейді. Тіпті бұл көлеңкелер кейде заттың пішінін мүлдем бұзып, оның көзге түсіп тұрған пропорцияларын бұрмалап, өзгертіп, бүлдіріп те жібереді.

Көлемді пішінді салғанда оған түскен жарықты, ақ дақты, жартылай өңді, көлеңке мен рефлексті таба білу міндетті шарт екендігі әрдайым есте болу керек.

Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылық контраст деп аталады. Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы контраст соғұрлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда контрасттар мейлінше ашық болады да, екінші, үшінші, одан арғы планда контраст азая береді.

Сонымен, бақылаушыдан алыстаған сайын, нәрсенің жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді, ал күңгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын етіп көрсетуге талаптану керек.

Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы зер салып қарауды қажет етеді. Жарық пен көлеңкені нәрсенің негізгі пішіндерімен бір мезгілде белгілеген жөн.

Сөйтіп біз жарық пен көлеңке жөнінде біршама түсінік алдық. Мұның бәрн есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек. Суретін салып отырған зтымыздың жарық пен көлеңке шекараларын айырып алудан бұрын заттың жоғарыда атап өтілген анықтамасы бойынша пропорцияларын ескере отырып, оларды дұрыс сала білу керек.



Бейнелеу сабақтарында немесе сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар шетелдердің белгілі бейнелеу өнері шығармаларымен және көп ұлтты қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен танысып, жекелеген белгілі бейнелеу өнері туындыларының композициялық шешім, түс ерекшеліктерін талап өз түсінігін, пікірін әңгімелейді. Бұл оқушылардың өнер танығыштыққа тәрбиелеп, комуникативті қабілеттерін арттырады. Осыған орай қазіргі кеездегі тәуелсіз еліміздің білім және ғылым жүйесін реформалау нәтижесінде алғаш жарық көрген бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту бағдарламаларымен оқулықтарын батыс Еуропа, Ресей бейнелеу өнерінің кейбір белгілі суретшілері, сәулетшілері, мүсіншілерінің шығармалары, ұлттық қолөнері енгізілген. Соның ішінде, әрине, көп ұлтты қазақ бейнелеу өнері, ұлттық қолөнері кеңінен орын алған. ол оқушыларға басқа да елдердің бейнелеу өнерімен терезесі тең дамып келе жатқан өз елінің өнерін талап, танып, үлкен отансүйгіштік сезімге бөленуіне мүмкіндік жасайды.

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:

  1. Барчай Е. Анатомия для художников.-Будапешт, 1999 г.

  2. Основы учебного академического рисунка. ЭКСМО. 2004 г.

  3. Ростовцев Н.Н. Академический рисунок: Курс лекций: Учеб. Для студентов худож. - граф. фак. Пед. ин-тов, 1999 .

  4. Оспанов Б.Е. Развитие композиционной грамоты на занятиях по академическому рисунку у студентов начальных курсов педагогичес-ких вузов: Учебно-методическое пособие. – Алматы: Баспа: «НЅр –Принт», 2006. – 32с.

  5. Бамес Г. Учебник по пластической анатомии. - ИК "Труд", 2001.

  6. Барчаи Е. Анатомия для художников. – Будапешт, 1982.

  7. Лушников Б.В., Перцов В.В. Рисунок. Изобразительно-выразительные средства. – М:ВЛАДОС, 2006.

  8. Павлов Г.М., Павлова В.Н. Пластическая анатомия. – 3-е изд. - М.: Искусство, 1967

Қосымша әдебиетер:

  1. Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты: 2-е изд. – М.: Просвещение, 1981.

  2. Барщ А.О. Рисунок в средней художественной школе. – М.: Академия художеств СССР, 1963 .

  3. Медведев Л.Г. Академический рисунок в процессе художественного образования. – Омск: Издательский дом «Наука», 2008.

  4. Жеделов Қ.О.,Оспанов Б.Е. Натюрморт. Алматы. 2005.

  5. 100 Шедевров искусства Казахстана. Живопись, Скульптура, Графика. Алматы ИД «Жібек жолы», 2013.-264с.

  6. Ералин Қ, Байдаулетов Ж. Бейнелеу өнерінің түсіндірме сөздігі 2010.-66с.

  7. Ералин Қ, Бейсенбеков Ж, Шаханбаев М. Бейнелеу өнері мен дизайн шығармашылығы 2010.-120с.

  8. Гордон Л. Рисунок. Тхника рисования головы человека / Перевод с анг. Е.Зайцевой. - М.: Изд-во Эксмо, 2004. – 120 с.

  9. Алексеев П.К., Короткова А.Л., Трофимов В.А., Основы изобразительной грамоты. –СПб: НИУ ИТМО, 2011. – 70 с.

  10. Бейнелеу өнері оқулыктары 5-7сынып.

  11. Абай атындағы мемлекеттік уневерситеттің жанында кұралған бағдарлама 60 жинақ 2006ж.

  12. В С Кузин. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе М.2007

  13. Неменский В.И. Изобразительное искусство и художественный труд 1-4

  14. Пособие для учителя М., 2008 г

WEB сайттар тізімі

http://www.practicum.org/

http://www.museum.ru/N38289

http://st-books.ru/item/10554

http://gallerix.ru/read/konstruktivnyj-risunok-natyurmorta-iz-geometricheskix-tel/

http://nnm.ru/blogs/vi_pro/uchebnyy_risunok_v_akademii_hudozhestv/

http://webislife.ru/akademiya.html

http://www.lib.ua-ru.net/diss/cont/218871.html

http://abc.vvsu.ru/Books/ris_diz_1/page0003.asp

http://hudozhnikam.ru/osnovi_risunka/22.html



http://www.skulptu.ru/textbookr.htm
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет