Бейнелеу өнері Түсінік хат



бет1/10
Дата03.09.2024
өлшемі111,5 Kb.
#203809
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1-сын. Бейнелеу өнері КТЖ 2024-2025


Бейнелеу өнері
Түсінік хат
"Бейнелеу өнері" оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген.

"Бейнелеу өнері" пәні оқу және тәрбие процестерінің органикалық бірлігі болып табылады. Онда эстетикалық және көркемдік білім беру дәйекті және жүйелі түрде білімді ұсыну мен көркемдік іс-әрекет дағдыларын үйретуге негізделген.


"Бейнелеу өнері" пәнін оқытудың міндеттері:



  • Қазақстан халқының өнері мен мәдениеті және салт-дәстүрлеріне, әлемнің мәдени алуан түрлілігіне құрмет көрсету;

  • рухани келісім мен толеранттылық идеяларын ұстану;

  • қоршаған ортаны және экологиялық тепе-теңдікті сақтау;

  • шығармашылық және сыни ойлау;

  • коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді пайдалана білу;

  • өмір бойы оқуға және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру;

  • бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып, әсемдікке баулу;

  • шығармашылық жұмыстарда қоршаған әлемге деген көзқарасын білдіру қабілетін дамыту;

  • сурет, кескіндеме, композиция, мүсін бойынша бейнелеу сауаттылығы негіздерімен танысу;

  • бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет) және бейнелеу өнерінің жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистік жанры және т. б.) танысу;

  • қоршаған заттардың пішінін, көлемін және құрылымын көру және түсіну қабілетін қалыптастыру;

  • кеңістіктік қабылдауды қалыптастыру;

  • графикалық және түстану дағдыларын дамыту;

  • моториканы, логикалық ойлауды, өздігінен ойлауды және идеяларды іске асыруды дамыту.

  • әр түрлі материалдармен жұмыс істеудің көркемдік дағдыларын және әр түрлі бейнелеу техникасын меңгеру;

  • шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін көру қабілетін дамыту (көрмелер, мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер және т. б.)

  • балалардың сезімталдық, көңіл-күйін білдіруін, зейінін, есте сақтау, қиял, елестету қабілеттерін дамыту;

  • өзіндік, мақсаттылық, ұқыптылық, еңбекқорлық сияқты жеке қасиеттерді қалыптастыру;

  • ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау.

"Бейнелеу өнері" пәнін оқыту нәтижелерін бағалау қалыптастырушы бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқу ақпаратының бөлімін зерделеуі аяқталғаннан кейін оқытудың белгілі бір кезеңінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі, білім алушыларға кері байланыс беруден шығатын критериалды бағалаудың "сынақтан өтті" және "сынақтан өтпеді" қағидатын негізге алу қажет.


Оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет