Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. «05» шілде ОҚу жұмыс бағдарлама



бет1/5
Дата31.12.2019
өлшемі125,87 Kb.
#54758
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ

ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ

ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫ

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ



Бекітемін

Қазақстан Республикасы ІІМ

Шырақбек Қабылбаев атындағы

Қостанай академиясы

бастығының орынбасары

полиция полковнигі

А.Нурушев

2018 ж. «05» шілде




ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМА

(СИЛЛАБУС)

«Философия» пәні бойынша

КОФ 1 курс білім алушыларына (курсанттарға) арналған

мамандық 5В 030300 – «Құқық қорғау қызметі»

Кредит көлемі (сағат) - 3 (135 сағат)

Қостанай, 2018



  1. Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) «Философия» оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Оқу-әдістемелік кеңес шешімімен бекітілді 2018 жылғы хаттама.

Дайындаған:

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының бастығы

философия ғылымдарының кандидаты

полиция полковнигі Д. Тойматаев





  1. Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының отырысында талқыланды және мақұлданды, 2018 ж. 22 мамыр

№ 22 хаттама

Кафедра бастығы

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының бастығы

философия ғылымдарының кандидаты

полиция полковнигі Д. Тойматаев

3.Академияның Оқу-әдістемелік кеңес отырысында талқыланды және мақұлданды 2018 жылғы хаттама

4. Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығына сәйкес дайындалған.




  1. АЛҒЫ СӨЗ


«Философия» пәні «5В 030300 – Құқық қорғау қызметі», «5В 010300 – Педагогика және психология», «5В 090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарында 1 курста (1 семестр) оқытылады.

«Философия» курсы бакалавриаттың барлық мамандыктарына нeгiзгi және жалпыміндетті болып табылады. Оны оку барысында курсант философияның нeгiзгi даму кезеңдері, қазақ халкының философиялық ойынын ерекшеліктері туралы білім алады, философияның негізгі мәселелерімен, ұғымдарымен және категорияларымен танысады.

Философиянын қaзipгi заманғы маман дайындау жүйесіндегі рөлі онын зерттеу oбъeктici - адам және онын табиғат пен коғаммен арақатынасы - арқылы анықталады. Философия адамның көзкарастык, адамгершілік және өмірмәндк құндылыктарын қалыптастырады.



Heгізгi құзыреттілктер:

«Философия» пәнін оқу курсантқа мына мүмкіндіктерді береді:



Білу

•философияның пәнін, қызметтерін, негізгі бөлімдерін және бағыттарын •философияның адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлін

•әлемдік және қазақ философиялық ойынын негізгі даму кезеңдерін •философияның ipгелi мәселелерін, олардын койылу ерекшеліктерін және философияның қалыптасу үрдісінде шешілуін

•адамды, табиғатты және қоғамды зерттеуде қолданылатын негізгі философиялық теориялар мен әдістерді

•қазіргі заманғы отандык және әлемдік философияның өзекті мәселелерін

Жасай білу

•арнайы философиялық терминологияны және философияның категориялық- ұғымдық аппаратын колдануды

•философиялық түпнұсқа мәтіндерімен шығармашылық және сыни түрде жұмыс жасауды

•зерттеліп отырған философиялық сұрақтap бойынша өз ойларын логикалық түрде баяндауды

•философиялық білімнің генезисі мен дамуының ерекшеліктерін сараптауды •философияның әртүрлі мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын қалыптастыруды және оны дәлелді түрде жақтауды

қазіргі заманғы жаһанданудың өзекті мәселелерін түсінуді

философияның ережелері мен категорияларын әртүрлі әлеуметтік ағымдарды, фактілер мен құбылыстарды бағалауда және сараптауда колдануды

2.ОҚЫЛАТЫН ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
«Философия» курсы бакалавриаттың барлық мамандыктарына нeгiзгi және жалпыміндетті болып табылады. Оны оку барысында курсант философияның нeгiзгi даму кезеңдері, қазақ халкының философиялық ойынын ерекшеліктері туралы білім алады, философияның негізгі мәселелерімен, ұғымдарымен және категорияларымен танысады.

«Философия» пәнін оқытудың міндеті:

- курсанттардың бойында дүниені танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру;

- курсанттарды ұлы ойшылдардың философиялық мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын қалыптастыру;

- өз ойларын логикалық турде баяндай білуді, философиялық пікірталасты сауатты жүргізуді және қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын дәлелді түрде қорғай білуді дамыту;

- қазақстандык патриотизмді калыптастыру;

- болашақ маманның казіргі күрделі де өзгермелі заманда көзқарастық және рухани бағдарға ие болуына ыкпал ету.

«Философия» пәнін оқытудың міндеттері:

- философияның тарихи даму кезеңдерін зерттеу;

- қазақ халкының қайталанбас философиялык дүниетанымымыен таныстыру;

- философияның негізгі білімдері мен даму ағымдарын, оның рационалдылығының формаларынын трансформацияларын карастыру;

- ғылыми танымның қазіргі заманғы әдістері туралы білімді игеру;

- болашақ мамандардың бойында философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Философияның тарихи дамуының қысқаша очеркі.

Дүние және ондағы адамның орны туралы дәстурлі-мифологиялық түсініктің дағдарысы және философияның пайда болуы. Философия - адамның ақыл-ой арқылы өзіндік анықталуының жаңа типі. Ежелгі дүние философиясы. Қазақтардың алдынғы философиясы. Ежелгі Шығыс: Үнді, Қытай, Египет және Вавилон философиясы. Біздің дәуірімізге дейнгі VI ғасырдың бірінші жартысы: мифология мен көне грек ғылымының әсерінің нeгiзiндe антикалық философияның туындауы. Ортағасырлық философия және дін. Қайта өркендеу дәуіріндегі философиялық ой және өнер. Жаңа дәуір философиясы және ғылыми білімді негіздеуге талпыныс. Ағарту дәуірі: дін мен теологияны философиялық сынау, ақыл-ойды қоғамдық прогресстің қозғаушы күші ретінде түсіну. Классикалық неміс философиясы. Марксизм философиясы: тарихты материалистік тұрғыдан тісіну талпынысы. XVIII-XXI ғасырлардағы батысеуропалық философия: философиялық бағыттардың көптүрлілігі. Қазақ және орыс философиясындағы адам, ұлт және Отан тағдыры мәселелері.
3. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ МЕН РӘСІМІ
Курсант міндетті:

- аудиториядағы сабақтардың (дәрістер, практикалық сабақтар, семинарлық сабақтар) және тыңдаушының оқытушымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (КОӨЖ) бойынша сабақтардың барлығына ардайым қатысу;

- оқу мен интернет кластарда, кітапханаларда ұсынылған оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді немесе басқа дерекнамаларды пайдаланып тыңдаушының өзіндік жұмысы (КӨЖ) белгіленген көлемінде және мерзімде өткізіледі;

- белгіленген көлемінде жасалған жұмыстарын (КОӨЖ немесе КӨЖ) тапсыру кестесін қатаң сақтау;

- рейтингтік және қорытынды бақылауында жекеше қатысу;

- қанағаттандырарлықсыз бағаларды және сабақтан қалушылығын адалдау.

Курсанттардың білімін межелік және қорытынды бақылаулар бекітілген академиялық күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.

2017-2018 оқу жылына (2017 ж. қабылданған) ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы

КОФ 1 курс курсанттарына арналған. Кредит саны 1, 2 семестр. «Құқық қорғау қызметі»

мамандығы бойынша «Философия» пәні бойынша



  1. Тақырыптық жоспар






Тақырып атауы

Байланыс

КОӨЖ

КӨЖ

Тақырып

бойынша жалпы сағат



Ескерту

ДС

СС

ТС

КОӨЖ

ауд.


ауд. тыс

1

Философия пәні, мақсаты және қызметтері.

2







2

2

4

10




2

Ежелгі дүние философиясы. Қазақтардың алдыңғы философиясы. Ежелгі Шығыс философиясы. Антика философиясы.

4

2




2

3

4

15

3

Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы.

2

1




1

2

4

10

4

Қайта Өркендеу дәуірі философиясы.

2

2







3

3

10




Жалпы 1кредит бойынша

10

5




5

10

15

45

5-6

Жаңа дәуір философиясы. ХVІІІ ғасырдағы Еуропаның ағартушылық философиясы.

2

2







2

3

9

7

Классикалық неміс философиясы.

2







2

2

3

9

8

ХVІІІ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы философия.

2







2

2

3

9

9

Қазақ философиясы.

2

1




1

2

3

9

10

Болмыс – онтологияның орталық категориясы

2

2







2

3

9




Жалпы 2 кредит бойынша

10

5




5

10

15

45

11

Даму принципі: диалектика және синергетика.

2

2







2

3

9




12

Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Ғылыми таным ерекшеліктері.

2

2







2

3

9




13

Философиялық антропология.

2







2

2

3

9




14

Әлеуметтік философия.

2







2

2

3

9




15

Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін философиялық пайымдау.

2

1




1

2

3

9







Жалпы 3 кредит бойынша

10

5




5

10

15

45







Жалпы курс бойынша

30

15




15

30

45

135





5. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Философияның пәні, мақсаты және қызметтері

Философиялық білмнің негізгі сипаттары. Философияның пайда болу алғышарттары. Философияның максаты мен мәні Философияның аныктамасының, формаларының және бағыттарының көптүрлілігі. Көзқарас және философия. Мифология, дін және философияның арақатынасы.

Философияның қызметтері: көзқарастық, болжамдық, сыни, рационалдау және жүйелеу.

Философияның негізгі бөлімдері: онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік философия, аксиология.

Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Философиялық пайымдаудың типтері. Ұлттық және қазіргі заманғы философиялық ойлау ерекшеліктері.

ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ

Ежелгі дүние философиясы.

Қазақтардың алдыңғы философиясы. Ежелгі Шығыс философиясы. Антика философиясы

Қазақтардың алдыңғы философиясы. Қазақтардың философиялық дүниетанымының қалыптасу алғышарттары. Қазақстан территориясында ежелгі мәдениет формаларының қалыптасуы және ауысуы. Протоқазақтардың алдыңғы философиясы. Андрондық және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің құрылымындағы көзқарастық элементтер. Протоқазақтардың дәстурлі сенімдері. Тәңірге, Жер-Суға, Ұмайға сиыну. Қазақтардың өзіндік философиялық көзқарасының қалыптасуына көрші өркениеттердің әcepi.

Көшпелі өмip салтының негізгі сипаттамалары: табиғатпен 6ipтұтастық, үздіксіз жаңару мен қозғалысқа ұмтылыс, ой еркіндігі, адамгершілікті жоғары қою. Қазақ халқының философиялық ойлауының вербалдық-дискурстік сипаты.

Қазақтардың философиялық дүниетанымының негізгі категориялары: «дүние», «өмір», «өлім», «араласу», «намыс», «парыз», «қанағат», «кісілік», «ізгілік», «жақсылық», «жамандық», «бақыт».

Ежелгі Шығыс философиясы. Ежелгі Шығыс философиясының әлемдік философиядағы орны. Руханилыктың шығыстык дәстүрі - ежелгі Шығыс философиясының ерекше белгісі.

Веда мәдениетінің аясында ежелгі Үнді философиясының қалыптасуындағы діннің рөлі. Ведалардағы дүние, адам, өмip туралы алғашқы философиялық түсініктер. Самхиттер, брахмандар, Араньяктар - Ведалардың құрамдас бөліктері. Упанишадалардағы философиялық сананың элементтері Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес философиялық мектептері. Буддизм философиясы. Адамның өз күшімен адамгершшкті тұлға болып қалыптаса алу кабілетін жария ету. Адам рухын сыртқы материалдық дүниеге қарсы қою. Үнді философиясының әлемдік адамзаттық ойға мықты әсері.

Қытай философиясының прагматикалық сипаты. Қытай жазуының ескерткіштері: «И цзин», «Ши цзин», «Шу цзин» - Қытай философиясының бастауы. Дүниемен, қоғаммен және өзіңмен үйлесімділік - ежелгі Қытай философиялық ойының басты философиялық принципі.

Қытай философиясының негізгі мектептері. Жэнь, чжун юн, цзюнь-цзы, дао, ди, инь және ян, ли, сяо, тянь-ся, ци, у-вэй категорияларының заттардың иерархиялық тәртібін орнатудағы рөлі.

Конфуций ілімі - этикалык-әлеуметтік ілім және ерекше мемлекеттік саяси концепция. Ақсүйектік даналық пен қарапайым халықтың сенімдері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудегі даосизм философиясының рөлі. Мо-цзының таным теориясы және этикалық-саяси идеялары. Қытай практицизмін қалыптастырудағы Мо-цзының он принципі. Легизм адамдардың барлығына ортақ заңдардың негізінде қоғамды қайта өзгерту туралы.

Fылыми білімнің қалыптасуы - ежелгі Египетте философиялық ой дамуының ерекшелігі. Адамның мәні туралы сұрақтың қойылуы. «Өлілер кітабы». Ежелгі Египет философиясының ежелгі Грецияның және букіл әлемнің ғылымы мен философиясына әсері.

Антикалык философия. Ежелгі Греция философиясының генезисі Экономикалық қатынастар еркіндігі - рухани мәдениеттің өркендеу негізi. Ежелгі грек полисінің өміріндегі философияның айкындаушы рөлі. Философияның Милет мектебі Фалес, Анаксимандр, Анаксименнің натурфилософиялық ілмдері және Еуропа ғылымы мен философиясының қалыптасуы.

Элея мектебі Парменид: Ғалам туралы көзқарастар. Ксенофанның дуние туралы түсініктеріндегі пантеизм бастаулары. Эфестік Гераклит философиясының қарама-қайшылыктылығы. Антикалық философиядағы атомизм. Эмпедокл «барлық заттардың тамырлары» болып табылатын төрт стихия туралы. Анаксагор: табиғат - мәңгі және өте ұсақ бөлшектердің шексіз көптігі. Демокрит: дүниеде бәрі атомдардан және олардың қозғалысынан тұрады.

Пифагордың сандар және олардағы сәйкестігі туралы ілімі. Бүкіләлемдік үйлесімділік - Құдайдың жетілген көрінісі. Софистер мектебі. Софистер - даналық пен асыл қасиеттерге үйретушілер. Риториканы мемлекеттік істерде жеңіске жете білу ретінде түсіну.

Сократ: адам мәселесіне бұрылыс. Сократтың рационалдық этикасы. Философия - ақылсыну емес, асыл қасиетке ие және әділ адамды қалыптастыру құралы. Ақиқат білімге жетудің Сократ ұсынған әдістері: ирония, майевтика, дефиниция. Сократтың логикасы.

Платон: идеялар - ақиқат болмыс. Платонның мінсіз мемлекет туралы ілімі. Платонның этикасы. Акыл-ойлы, aффeктiлi, құмарлық билеген жан - асыл қасиеттердің және адамдардың әртүрлі типтері.

Аристотель философиясының энциклопедизмі Оның категориялар, материя және формалар туралы ілімі. Аристотель логиканың танымдағы әдicтeмeлiк маңызы туралы. Жан және ақыл-ой туралы ілім - Аристотель этикасының негізі. Адам - саяси мақұлық.

Грек демократиясының IV ғ. соңындағы дағдарысы және эллинизм философиясының қалыптасуы. Мызғымастық және салмақтылық - стоиктердің өмірлік идеалдары. Адам және оның бақыты - Эпикурдың философиялық пайымдауының негізгі нысандары. Гедонизм: рахаттану – өмірдің жалғыз мәні. Киниктер философиясы - табиғилық пен жеке екіндікті уағыздау. Диогеннің аскетизмі. Сенека философияның адам өміріндегі мәні туралы. Марк Аврелийдің мәңгілік туралы пайымдаулары. Марк Туллий Цицерон философиясының практикалық сипаты. Пирронның скептицизмі. Алғашкы философ әйел Ипатияны жазалау - адамзат ойы тарихындағы ғажайып антика дәуірінің аяқталуы.

Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы

Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының қалыптасуына әсер еткен факторлар, оның даму кезендері. Мұсылмандық діни ілімнің қалыптасуы. Мутакаллимдер мен мутазилиттердің Құранды түсіндіруі. «Таза ағайындардың» неоплатонизмі.

Классикалық суфизмнің философиялық қырлары. Өмір cүpiп отырғанның бәрі Құдай және Құдай бәрінде өмip сүреді. Мухиддин ибн Араби: әмбебап адам концепциясы. Әл-Ғазалидің Құдайы алғашқы себепті рационалды түсінуді сынауы. Суфизмнің түркілік тармағы. Қожа Ахмет Йасауи: әлемдегі және өзіндегі Құдайды «басынан кешіру» және жету тәжірибесі.

Араб-мұсылман философиясындағы универсализм, энциклопедизм, пантеизм және перипатетизм. Әл-Кинди: акыл-ой - дүниені танып-білудің жалғыз бастауы және өлшемі. «Екінші Ұстаз» Әл-Фараби білімінің энциклопедизмі. Әл-Фарабидің онтологиясы, гносеологиясы, логикасы, натурфилософиясы, этикасы, өнер философиясы. Әл-Фарабидің қайырымды қала ілімі және қазіргі заман. Ибн Синаның ғьлымдар классификациясы. Ибн Рушд: философияны ортодоксалды мұсылмандықтан қорғау. Жүсіп Баласағұнның адам мен қоғам туралы гуманистік философиясы. Махмұт Қашғаридің түркі энциклопедиясы. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының Еуропаның ғылыми ойына айқындаушы әсері.

Ортағасырлық Еуропада христиандыктың таралуы. Рим-католик шіркеуінің орталықтандырылған, экономикалык, идеологиялық және саяси мықты ұйымға айналуы. Апологетика - христиандық көзқарасты философиялық құралдар аркылы негіздеудің бірінші талпынысы. Юстин, Татиан, Тертуллианның ілімдері - христиандықты философияға қарсы қою. Оригеннің теологиялық іліміндегі неоплатонизм элементтері.

Патристиканың екінші кезеңі. Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит, Максим Исповедниктің еңбектеріндегі философияның христиандық догматикасы.

Теологияны антикалық философияның элементтері арқылы логикалық түрде негіздеу ретінде схоластиканың ерекшеліктері. Северин Боэций мен Иоанн Эриугенаның ілімдері. Ансельм Кентерберийский: Құдай болмысының төрт дәлелі. Номинализм және реализм: универсалийлер туралы пікірталастар. Пьер Абелярдің бірқалыпты реализмді дамытуы. Фома Аквинскийдің Құдайтанымы. Уильям Оккам: ақыл-ой мен сенімнің, философия мен діннің бөлінуі. Ортағасырлық философиялық ойдың философия тарихындағы рөлі.
Қайта өркендеу дәуipi философиясы

Қайта өркендеу дәуірі философиясының қалыптасуының әлеуметтік- экономикалық алғышарттары. Өнер мен жаратылыстану ғылымдарының гүлденуі және оның философиялық ойға әcepi. Теоцентризмнен антропоцентризмге ету. Гуманизм - Қайта өркендеу дәуірінің ерекше белгісі. Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Колюччо Солютати: адами бастауды асқақтату. Лоренцо Валла, Марсилио Фичино, Леонардо да Винчидің антропоцентризмі. Пико делла Мирандоло: адам - ғаламның орталығы және өз бақытын жасаушы. Мишель Монтень: адам тұлғасының тәуелсіздігін және толыққандылығын қорғау.

Ренессанс дәуірінің әлеуметтік-саяси концепциялары. Никколо Макиавелли: «мақсат құралдарды ақтайды». Томас Мордың ерік еркіндігі туралы гуманистік принципі. Томмазо Кампанелланың теократиялық мемлекеттің құрылымы.

Реформация - адамды ренессанстық асқақтатуға қарсылық. Шіркеудің монополиясына Мартин Лютердің қарсы шығуы. Шіркеу басшылығын Эразм Роттердамскийдің әжуа eтyi. Жан Кальвин: Құдай сөзi арқылы құтқарылу.

Fылым мен өнердегі платонизм, неоплатонизм және аристотелизм концепциялары. Николос Кузанский, Николай Коперник, Джордано Бруно, Галилео Галилей және Иоганн Кеплердің ілімдерінің ортағасырлық схоластикадан арылудағы рөлі. Дуниенің гелиоцентристік бейнесінің қалыптасуы.

Жаңа дәуір философиясы

Капиталистік өндіріс тәсілінің қалыптасуы, шіркеу беделінің құлдырауы және ғылымның өркендеуі. Жаратылыстану ізденістерін дамытуды көздеген прогрессивті буржуазия табының пайда болуы. Таным әдістерін (методтарын) іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм. Дуниенің жаңа, механикалық бейнесі. Философияда «субъект-объект қатынастары» принципінің үстемдік eтyi.

Фрэнсис Бэкон - танымның эмпирикалық тәжірибесінің негізін қалаушы. «Білім - күш». Идолдар туралы ілім. Танымның индуктивтік әдісі.

Рене Декарттың рационализмі. Дәлелді білімге қол жеткізудегі ойлау ережелері. Субстанция мәселесі. Рационалдық дедукция және Декарттың дуализмі.

Томас Гоббстың әлеуметтік-саяси көзқарастары. Қоғамдық келісім-шарт теориясы.

Джон Локк: қоғамның табиғи күйі - еркіндік пен теңдік. Биліктің үш тармағы туралы Локктың ілімі - болашақ демократиялық мемлекеттің іргетасы.

Субстанция мәселесін шешудегі Бенедикт Спинозаның пантеизмі Спинозаның этикасы: еркіндік дегеніміз танылған қажеттілік.

Готфрид Лейбництің монадологиясы.

Джордж Берклидің субъективтік идеализмі. Давид Юмнің солипсизмі. Ағылшын эмпиризмінің дағдарысы.


XVIII ғасырдағы Еуропаның Ағартушылық философиясы

Ағартушылықтың адамзат тарихындағы әртүрлі типтерінің ортақ жақтары.

Шарль Луи Монтескье табиғи факторлардың негізінде қоғамның генезисі мен мәні туралы. Франсуа Вольтер: тендік дегеніміз заң мен құқықтың алдында тең болу. Жан Жак Руссоның қоғамдық келісім-шарт теориясы. Феодалдық ережелердің Дени Дидро шығармаларында сыналуы. «Энциклопедияны, немесе ғылымдардың, өнерлер мен қоленерлердің түсіндірме сөздігін» жасау. Клод Адриан Гельвеций, Жюльен Оффрэ Ламетри және Поль Анри Гольбахтың материализмі. Ағартушылық - әлеуметтік прогресс жолы.

Классикалық неміс философиясы

Ағартушылық идеяларының классикалық неміс философиясының калыптасуына әcepi. Иммануил Канттың трансценденталды философиясы - таным теориясы. Канттың субъектінің танымдық қабілеттерін сынауы. Адамның акыл-ойының заңдары мен шекараларын аныктау. Антиномиялар туралы ілім. Канттың бұлжымайтын императиві - адамның практикалық акыл-ойының көрінісi. Канттың құқық философиясы.

И. Фихте: «Меннің» автономдығы». Адамның ойлау кызметінің

шығармашылық табиғатын ашу. Шеллинг: объективтік пен субъективтіктің тең келуі философиясы - барлык өмір сүріп отырғанның алғашкы негізі. Өнер дегеніміз ашылу.

Вильгельм Гегельдің диалектика туралы ілімі. Гегель ғылыми категориялардың объективтігі туралы. Абсолюттж идея - біртұтас әлемдік ақыл-ой. Болмыс пен ақыл-ойдың тең келуі. Гегель логикасының ерекшеліктері. Ұлттық рух - тарихи дамудың қозғаушы күші.

Людвиг Фейербахтың антропологиялық материализмі. Махаббат теориясы. Махаббат - ақыл-ой мен табиғаттың әмбебап заңы.


XVIII ғ.соңы - XXI ғ. басындағы философия

Карл Маркстің ілімі - Фейербахтың гуманизмін әлеуметтік сараптаумен ұштастыру. Жаттану концепциясы. Еңбектің жаттануы - қоғамдағы саяси, құқықтық, экономикалық және адамгершіліктік жаттанудың негізі. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну: материалдық өндіріс - жалпы қоғамның даму үрдісінің негізі. Қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы. Фридрих Энгельс диалектиканың негізгі заңдары және материя қозғалысының формалары туралы.

Позитивизм: ғылымның үстемдігін және философияның пәні мен рөлін өзгертүді жариялау. Огюст Конт: философия - жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін жалпы қорытындылаумен айналысатын синтетикалық ғылым. Джон Стюарт Милльдің танымның индуктивтік логикалық әдістерін дамытуы. Герберт Спенсер биологиялық дүниеде эволюциялардың бар екендігі идеясы туралы.

Позитивизмнщ екінші кезеңі - махизмнің негізгі мәселелері. Эрнест Мах пен Рихард Авенариустің эмпириокритицзмі және субъективті идеализмі. Анри Пуанкаренің конвенционализмі. Неокантианттық - Канттың трансценденталдық идеализмі мен танушы акыл-ойдың жаратылыстану және қоғамтанудағы рөлінің қайта өркендеуі. Неокантианттықтың Марбург және Баден мектептері

Герменевтика - түсінудің жалпы теориясы. Фридрих Шлейермахер: «тусінбеу - іргелі феномен». Вильгельм Дильтей: «рух туралы ғылымдардың» теориялық негіздерін жасау. Эдмунд Гуссерльдің феноменологиясы. Ханс Георг Гадамер түсіну - әлеуметтік болмысты түйсінүдің қажетті шарты екендігі туралы. «Өмip философиясының» қалыптасу алғышарттары. Артур Шопенгауэрдің пессимистік философиясы: әлем - акыл-ойсыз epiк және соқыр күш. Фридрих Ницше христиандық құндылықтар туралы. Ең жоғары адам туралы ілім. Анри Бергсон мәнге жетудегі интуицияның рөлі туралы.

Логикалық позитивизм, аналитикалық философия - позитивизмнің үшінші кезеңі. Вена философиялық үйірмесі: философия - табиғи және жасанды тілдерді сараптауға бағытталған қызмет түpi.

Постпозитивизм кез-келген ғылыми білімнің гипотетикалық сипаты туралы. Карл Поппер: ғылыми тұжырымды демаркациялау және фальсификациялау принциптері «Ашық қоғамдағы ашық ғылым». Имре Локатостың ғылыми - ізденушілік бағдарламалар концепциясы. Томас Кунның ғылыми революциялар теориясы. Марк Полани: тұлғалық білім - ғылыми прогресс негізі.

Экзистенциализмнің қалыптасуының әлеуметтік-философиялық алғышарт­тары. Серен Кьеркегор: адам - әлемдік эволюцияның мақсаты және мағынасы.

Мартин Хайдеггер адамның нағыз және нағыз емес болмысы туралы. Жан Поль Сартр: адам - еркіндікті немесе еркіндік еместі таңдаушы жоба. Альбер Камю философиясындағы абсурд мәселесі.

Психоаналитикалық философия. Зигмунд Фрейдтің бейсаналы туралы ілімі. Карл Густав Юнг: ұжымдық бейсаналы және сана архетиптері. Эрих Фромм адамның өмір сүруінің қарама-қайшылықтығы туралы.

Постмодернизм: субъектісіз философиялық пайымдау. Мишель Фуко «субъект - таным - дүние» жүйесінің элементтерінің арақатынасы мәселесін түбегейлі қайта түсіну туралы. Жак Деррида: деконструкция - мәтінді зерттеу тәсілі.

Структурализм: объектілердің тұрақты логикалык құрылымдары мен

байланыстарын іздеу. Клод Леви Стросстың мифологиялық ойлауды сараптауға назар аударуы. Жан Лакан: Фрейдтің психоанализін структуралистік қайта қарастыру.

Прагматизм философиясы. Чарльз Пирс рационалдық білім мен ақылды мақсат, прагматизмнің арасындағы тығыз байланыс туралы. Уильям Джеймс: білімнің ақиқаттылығы оның адамдар әрекеттеріне пайдалылығымен анықталады. Джон Дьюидің радикалдық эмпиризм философиясы.

Философиялык мистицизм. Е.Блаватскаянын теософиялық мистицизмі. Рудольф Штайнердің антрософиясы. Карл Кастанеда танымының интуитивтік тәсілі.

Ресей тағдыры - орыс философиясының басты мәселесі. Орыс философиясының негізгі бағыттары. Орыс марксизмі. Қоғамдық-саяси құрылымды өзгертуге практикалық бағытталғандық - Ресей материализмінің

Ерекшелігі. Г.В.Плеханов қоғамның өндірістік күштерінің дамуындағы географиялық ортаның анықтаушы рөлі туралы. В.И.Ленин пролетариаттың революциялық курес тәжірибесі туралы. Философиядағы екі партия - материализм және идеализм принципі.

В.С.Соловьевтың соборлық философиясы және этикасы. Л.Н.Толстой мен Ф.М.Достоевскийдің өмірмәндік және адамгершілік философиясы. С.Л.Франк, Н.А.Бердяев, Л.Шестов, Н.О.Лосский, И.А.Ильиннің философиялық ілімдерінің ерекшеліктері.


Қазақ философиясы

Қазақ фольклорының философиялық мазмұны - қазақтардың сантүрлі өмipi мен тарихының бейнесі. Вербалдық қоғамның құндылыктар жүйесінің мызғымастығы. Мақал-мәтелдердегі еркін ойлау, анғал реализм және стихиялық материализм. Қазақтың батырлық және лирикалық эпосының көзқарастық маңызы. Қазақтардың тұтас халық ретінде 6ipiгуi - XV-XVIII ғасырлардың жыраулары мен ақындарының негізгі тақырыбы. Асан Қайғының «Жерұйық» идеясы - тәуелсіз қазақ хандығын құрудың негізі. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармаларындағы адамгершіліктік-этикалық сұрақтар. Қазақ жыраулары ойларының XVII-XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы экономикалық және әскери-саяси дағдарыс кезеңінде өзгеруі. Ақтамберді жырау мен Үмбетей жыраудың пайымдаулары - өмір мен өлімнің, мәңгіліктік мәнін түсінуге бағытталған ақындық философия. Бұқар жыраудың этикалық философиясы. Шал ақынның шығармашылығындағы жақсылық пен жамандық дихотомиясы.

Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақтың қоғамдық ойының даму ерекшеліктері. Махамбет Өтемісов шығармашылығындағы халықтық сананың және тәуелсіздік идеясының прогрессивтік элементтері. «Зар заман» дәуірінің ақындары Дулат Бабатаев, Шортанбай Қанаевтың философиялық көзқарастары.

Қазақ Ағартушылығы: қалыптасуының қоғамдық-саяси алғышарттары, еуропалық және орыс ағартушылығынан өзгешеліктері. Шокан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясының антропоцентризмі және гуманизмі. Абайдың философиялық «Қара сөзі» - әлемдік мәдениеттің қайталанбас құбылысы. Абай Құнанбаевтың дін философиясы және адамгершіліктік философиясы.



  1. ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының жұлдызды шоғының қоғамдық-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың философиялық көзқарасы. Әлихан Бөкейхановтың саясат философиясы. Міржақып Дулатовтың тарих философиясы. Ахмет Байтурсыновтың шығармашылығындағы білім және тіл білімі философиясының сұрақтары. Мұхтар Әуэзов философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы. Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы өмір мен өлім мәселесі. Шәкерім Құдайбердиев: ақиқатты іздеу. «Үш анық» - болмыс, жан және адамның адамгершіліктік жетілуі туралы философиялық пайымдау.

Кенестік кезеңдегі Қазақстандық философияның негізгі мәселелері: диалектиканың, жаратылыстану ғылымдарының, ұлтаралық қатынастардың, ғылыми атеизмнің, қазақтың қоғамдық және философиялық ой тарихының мәселелерін, Әл-Фарабидің философиялық мұрасын зерттеу.

Посткенестік кезеңдегі қазақстандық философия: қазақтың ұлттық

философиясы мен мәдениетінің рухани бастауларын, қазақ философиясының «ақтаңдақтарын» зерттеу, тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолдарын іздеу, дәстүрлі және қала мәдениетін философиялық пайымдау, Фарабитану ренессансы.
ДҮНИЕНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ TYCIHУ НЕГІЗДЕРІ

Болмыс - онтологияның орталық категориясы

Онтология - болмыс туралы философиялық ілім. Материалдық және идеалдық болмыс. Болмыстың негізгі түрлері: «бірінші» және «екінші» табиғат болмысы; адам болмысы, рухани (идеалдық) болмыс, әлеуметтік болмыс. «Материя» ұғымы. Материя туралы философиядағы және ғылымдағы түсініктердің эволюциясы. Қозғалыс - материяның өмір сүру формасы. Қозғалыстың негізгі түрлері. Кеңістік пен уақыт - материяның атрибуттары. Өлі және тipi табиғаттағы кеңістіктік-уақыттық қатынастар. Әлеуметтік-тарихи кеңістік пен уақыттың ерекшелігі.

Болмыс және сана. Сананың генезисі Философия мен ғылымдағы сана мәселесі. Сана және өзіндік сана. Tiл және сана. Акыл-ой - философиялық ойлаушы сана.
Даму принципі: диалектика және синергетика

«Тұтастық», «жүйе», «құрылым», «бөлік» және «элемент» категориялары. Болмыстың жүйелі ұйымдастырылуы және оның негізгі құрылымдық денгейлері.

Даму - болмыстың атрибуты. Жаһандық эволюционизм принципі. Диалектика - дамудың философиялық теориясы. Диалектиканың принциптері, заңдары және категориялары. Жалпы өзара байланыс принципі. Қайшылықтар арқылы даму принципі. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өтуі заңы. Қарама-қарсылықтардың бірлігі және күрeci заңы. Tepicтeyдi тepicrey заңы. Диалектиканың категориялары: мән және құбылыс; жеке, ерекше, жалпы; форма және мазмұн; себеп және салдар; қажеттілік және кездейсоқтық; мүмкіндік және шындық.

Диалектиканың тарихи формалары. Диалектика туралы қазіргі замаңғы пікірталастар. Диалектика және синергетика. Синергетика - ашық сызықтық емес жуйелердің өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерінің жалпы заңдылыктары туралы ғылым. Синергетика заңдылықтарының қазіргі замандағы маңызы.


Танымның мүмкіндіктері мен шекаралары.

Ғылыми танымның ерекшеліктері

Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері. Дүниені танып-білу мәселесіне қатысты негізгі көзқарастар: гносеологиялық оптимизм, скептицизм, агностицизм.

Ғылыми танымның ерекшелігі. Танымның субъектісі мен объектісі. Танымның эмпирикалық және теориялық денгейлері. Танымның сезімдік және рационалдық сатылары және олардың формалары. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция. Тусіндіру және түсіну.

Таным - ақиқатқа жету. Ақиқат және адасу. Ақиқат және құндылық. Ақиқаттың эмпирикалық және эмпирикалықтан тыс өлшемдері. Ақиқаттың классикалық концепциясы: ақиқат - нақты шындықты бейнелеудің объективті үрдісі. Ақиқаттың классикалық концепциясының альтернативалары. Қазіргі заманғы эпистемологиядағы релятивизм элементтері. Fылыми ақиқаттың ерекшелгі және оның жаратылыстану ғылымдарындағы және әлеуметтік-гуманитарлық танымда объективтендірілуінің формалары.

Әдіс (метод) мәселесі. Танымның негізгі әдостері. Логика және әдістеме. Ғылыми таным әдістері. Рационалдылық феномені. Ғылым - әлеуметтік институт. Қазіргі заманғы ғылымның даму перспективалары.
ФИЛОСОФИЯ ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛЫНДА

Философиялық антропология

Философиялық антропология. Адамның философия тарихындағы негізгі бейнелері. Адамды табиғи мақұлық ретінде натуралистік тұрғыдан түсіндіру. Философияның рационалистік бағыттарында сана мен ақыл-ойды адамның сипаттамалары ретінде көрсетуі. Адамның философиялық-діни концепциялары және тұлғаның рухани-адамгершшктік негіздемелері. Адам табиғатын туйсінудің әлеуметтанулық стратегиясы және марксизмнің адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде қарастыруы. Адамның экзистенциалдық-персоналистік концепциясы. Адамды психоаналитикалық тұрғыдан түсіндіру. Еуропа философиясындағы антропологиялық дағдарыс: Фрейд, Ницше, Фуко және басқалары. Философиялық антропологиядағы адамның «синтетикалық» концепциясы: М.Шелер, А.Гелен, Г.Плеснер.

Адам болмысының әлеуметтік-мәдени негіздемелері. Қызмет - адамның мәндік сипаттамасы. Материалдық-заттық қызмет болып табылатын практиканың адамның қалыптасуындағы рөлі. Адамның рухани кызметі. Әлеуметтену, білім алу, коммуникация және олардың адамның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі.

Адамның субъективтілігі және тұлғаның экзистенциалдық сипаттамалары. Мән және өмір сүру: еркіндік және жауапкершілік. Философия тарихындағы өмірдің мәні мәселесі. Қазіргі адамзаттың рухани тәжірибесіндегі өмір, өлім, ажалсыздық.


Әлеуметтік философия

Әлеуметтік философияның пәні. Қоғамды жүйе ретінде түсіну.

«Қоғамдық болмыс», «қоғамдық сана» және «қоғамдық қатынастар» ұғымдары. Қоғамдық сананың формалары. Қоғамның өзіндік дамуының негізгі бастаулары. Әлеуметтік институттар: жалпы анықтамалар және сипаттамалар. Қоғамның типтері. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғамның әлеуметтік құрылымдарының типтері. Қазіргі заманғы әлеуметтік стратификация концепциялары.

Ашық демократиялық Қазақстанның даму жолдары және перспективалары. Еуразияшылдық және Қазақстанның дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері «Мәңгілк ел» идеясы. Қазақстанның жаһанданушы әлемдегі өркениеттік идентификациясы.

Акпараттық қоғам философиясы. Қызмет көрсету мен ақпарат өндірудің қоғамның әлеуметтік эволюциясындағы рөлі. Дэниел Беллдің постиндустриалдық қоғам концепциясы. Постмодернизм - постиндустриалдық қоғам концепциясының альтернативасы. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің постмодернистік даму ерекшеліктері: отбасылық құндылықтар, еңбек этикасы, дамудың әлеуметтік-мәдени негіздері.

Мануэль Кастельстің желілік қоғам концепциясы. Желілік қоғамның қалыптасуы, оның бірегейлігі және мәндері. Жаһандану, ақпараттық саясат және демократияның дағдарысы.

Маршалл Маклюэннің «жаһандық мекені» - ақпараттық өркениет үлгісі. Дүниежузілік тарихтың үшсатылы үлгісі. Компьютерлік демократияның ерекшеліктері.

Фрэнк Уэбстердің «ақпараттық қоғам» теориясы. Дэниел Белл, Мануэль Кастельс, Юрген Хабермас, Энтони Гидденс, Жан Бодрийяр және тағы басқалардың ілімдерін сыни сараптау.

В.Л.Иноземцевтің «ақпараттық қоғам» теориясы. Постэкономикалық өркениет жолында. Постэкономикалық қоғамның негізгі белгілері.

Тарих философиясы. Адамзат тарихының бірлігі және көптүрлігі. Марксистік формациялар теориясы: тарихы, негізгі ұғымдары және принциптері. Тарихтың өркениеттік концепциялары. Тарихты әлеуметтік-мәдени тұрғыдан тусіну - тарихты кезеңдерге формациялық және өркениеттік бөлудің синтезі. Н.Данилевский, Освальд Шпенглер, Арнольд Тойнби, П.Сорокин, Элвин Тоффлер тарихтың дамуы туралы.

Тарихи үрдістегі революциялық және эволюциялык. Әлеуметтік революциялар: заңдылық, жүйелілік, түбегейлілік. Өркениеттер қақтығысы. Қазақстан тарихи дилемма алдында: қазіргі замандағы ұлттық жолдың өзінділігі мәселесі.

Қaзipгi заманның жаһандық мәселелерін философиялық пайымдау

Қaзipгi заманның жаһандық мәселелерінің сипаттамасы. Рим клубының құрылуы - жаһандық мәселерге назар аудару және оларды шешу жолдарын іздеу талпынысы. Қазіргі заманғы жаһандық сананың ерекшелігі.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Н.Ә.Назарбаев қазіргі заманның он

жаһандык сын-қатері туралы. Тұрақты даму - әлеуметтік прогресстің ұтымды түpi.



6.ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі

1. Мырзалы С.К. Философия (Оқу құралы). Алматы, 2008 ж.



2. Ғабитов Т.К. Философия Алматы. 2002 ж.

3. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия .Алматы 2001 ж.

4. Мырзалы С. Философия әлемiне саяхат (Әлеуметтiк философия) Қостанай, 2004 ж.



5. Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.

6. С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.

7. Ақназаров.Х.З Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. Алматы 1992ж.

8. Абишев К. Философия., Алматы, 2002.

9. Есім.Ғ. Философия тарихы., Алматы, 2004ж.

10. Нұрышева.Г.Ж. .Философия тарихы. Алматы, 2005ж.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет