Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов 2013 ж



Дата28.01.2018
өлшемі48,68 Kb.
#34956
Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

___________ М.Орынханов

«___»__________2013 ж.

5В061000 – «Гидрология», 5В061200 – «Метеорология»

мамандықтарына арналған «Жалпы гидрология» пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Жалпы гидрология» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:


Мазмұны

Тапсырмалар саны


1

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Гидрология ғылымы және оның салалары. Гидрологияның қысқаша тарихы. Гидросфера туралы түсінік. Су нысандары. Әлемдік мұқит, өзендер, көлдер бөгендер, батпақтар т.б., оларда өтіп жатқан процестер. Бұл алынған білім кейінірек «Өзендер гидрологиясы» пәнін өткенде тереңдетіле оқылады.

1

2

Гидросфера туралы түсінік. Су ресурстары. Гидрология ғылымы, гидрологияға жақын пәндер. Гидрологияның әдістері.

1

3

Су нысандарының және олардың алаптарының су және жылу теңдестігі жөніндегі түсінік. Су нысандарын және алаптарын басқару. Теңдестіктің құрамдас мүшелері және аоларды анықтау. Жер шарының су теңдестігі. Су нысандарының жылу балансы, оның құрамдас бөліктері. Оларды анықтау принциптері. Өлшем бірліктері.

1

4

Су қорлары. Су ресурстары. Су-шаруашылық мәселелері.

2

5

Әлемдік мұқит жөніндегі жалпы мәліметтер. Әлемдік мұқит, оның бөліктері. Мұқиттардың шекаралары. Теңіздер. Батиграфиялық қисық. Мұқит асты қыртыстарының пайда болу теориялары. Су теңдестігі.

2

6

Көлдер жөнінде мәліметтер. Көлдің анқтамасы. Көлдердің қазаншұңқыры, ағындылығы, темикалық режимдері бойынша түрлері. Көл қазаншұңқырының бөліктері. Гидрологиялық режимі, деңгейлік режимі. Көлдер термикасы. Мұздық құбылыстар. Динамикалық құбылыстар: ағыстар, толқын, сейши. Көлдер биологиясы.

2

7

Мұздықтар жөнінде мәліметтер. Мұздықтар, олардың түрлері және режимі. Мұздықтардың гидрологиялық ерекшеліктері. Қар сызығы. Қоректенуі және абляция.

2

8

Батпақтар жөнінде мәліметтер. Батпақтар пайда болуы, дамуы. Батпақтардың түрлері, гидрологиялық режимі, таралуы. Батпақтардың макро– және микрорельефтері. Батпақтарды құрғату және оның салдары.

2

9

Өзендер гидрологиясы жөніндегі мәліметтер. Өзендер және олардың жер шарында таралуы. Өзен және өзен алабының морфологиясы мен морфометриясы. Гидрографиялық жүйе, өзендер жүйесі. Өзеннің бастауы,сағасы, бөліктері.

2

10

Өзендер алабы. Жер беттік және жерасты су жинау алаптары. Өзен алаптарының сандық сипаттамалары.

2

11

Өзендер аңғары. Аңғардың анықтамасы. Аңғарлардың элементтері. түрлері. Аңғарлардың гидрологиялық рөлі. Долины рек.

2

12

Өзен арнасы. Арнаның элементтері. Арнаның иректелуі және тармақталуы. Өзендердің меандарлануы.

2

13

Гидрологиялық режим, оның элементтері. Ағынды гидрографы. Ағындының пайда болуының зоналық және азоналдық факторлары. Ағындыны есептеу жолады, өлшем бірліктері.

2

14

Су режимдерінің фазалары. Су тасу, тасқын, межень (судың сабасына түсуі). Өзен алабының су балансы. Өзендердің су режиміне байланысты классификациясы (жіктелуі). А.И.Войеков, М.И.Львович, П.С.Кузин, Б.Д.Зайков классификациялары. Гидрологиялық аудандастыру.

2




Бiр нұсқадағы тест тапсырмаларының саны

25



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Жалпы гидрология пәні бойынша» тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.



5. Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7. Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:



Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет