«Бекітемін» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары



Дата10.10.2019
өлшемі92,77 Kb.
түріСабақ
«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

Абилдаев Г.А.



_____________

Күні

18.09.



























5

























Тобы

197

























Сабақ жоспары

Пән:

Нарықтық экономика негіздері

Модульдің атауы:

КМ 04.01

Сабақтың тақырыбы:

Ақша және оның қызметтері

Ұзақтығы:

45 минут

Өткізу орны:

Кабинет №19а

Сабақтың мақсаттары:

-білімділік: оқушылардың ақша туралы білімдерін одан әрі дамыту, ақша қатынастарынан хабардар ету.

-дамыту: оқушылардың есте сақтау,ойлау, негізгі ойды бөлу қабілеттерін дамыту.

-тәрбиелік: ұлтжандылыққа, жауапкершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

1.Студенттер ақшаның мәнімен, қызметтерімен танысады, қызметтерін айыра біледі.

2.Командамен жұмыс жасауға дағдыланады.

3. Өз ойын еркін білдіре алады.


Сабақтың түрі:

жаңа сабақ


Пәнаралық байланыс:

тарих, география, қоғамтану


Студенттердің өзіндік жұмыстары:

өз ойларымен, пікірлерімен бөлісу, сызбалармен, «Ойлан, тап» ойынымен жұмыс


Оқыту әдістері, пед.технологиялары:

Баяндау, әңгіме жүргізу, сұрақ-жауап алмасу, иллюстрация.

Модульдік оқыту технологиясының ойын элементтері, В.Шаталовтың тірек сызбалармен оқыту технологиясы.



Қажетті құрал-жабдықтар:

тірек-сызбалар, ақша үлгілері, интербелсенді тақта.


Пайдаланған әдебиет (қосымша мағлұмат):

«Нарықтық экономика негіздері» оқулығы, интернет материалдары

Оқытушы туралы мәлімет:


Т.А.Ә.

Усипбекова Лаура Мейірбекқызы


Қолы:




Тел:

87016364178

Эл.пошта:


ussipbekova78@gmail.com



Сабақ барысы:




Сабақтың кезеңдері:

Оқытушының әрекеттері:

Студенттердің әрекеттері:

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(3 минут):

1.Студенттермен сәлемдесу.

2.Студенттердің қатысымын белгілеу.

3.Студенттердің назарын сабаққа аудару.

4.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын баяндау.




1. Оқытушымен сәлемдесу.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен танысады.

3. Психологиялық жағынан табысты жұмыс жасауға іштей дайындалады.





Үй тапсырмасын сұрау

(6-7 минут):

Студенттердің білімін пысықтау (сұрақтар, тапсырмалар):

  1. Өндіріс деген не?

  2. Инфляция деген не?

  3. Қаржы мекемелерін атаңыз?

  4. Банктер неше деңгейге бөлінеді?

  5. «Инфляцияның түрлері» сызбасын сызу.

Оқытушының сұрақтарына жауап береді, тапсырмалар орындайды

Кеспе-қағаздар, оқулық

Жаңа тақырыпты түсіндіру

(10 минут):

Жаңа тақырып бойынша ақпарат беру:

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар нысанын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаны қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғы шарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық нысанға ие емес, өйткені оның қоғамға қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құны – тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өздігінен өмір сүретін тауар, ол – ақша».



Ақшаның қызметтері (сызба):

  1. Құн өлшеу қызметі

  2. Айналым құралы қызметі

  3. Төлем құралы қызметі

  4. Қор жинау қызметі

  5. Дүниезүзілік ақша қызметі


Ақшаның қасиеттері (сызба):

  1. Тұрақтылығы

  2. Ықшамдылығы

  3. Ұзақ мерзімділігі

  4. Ажыратымдылығы

  5. Бөлінімділігі

  6. Біртектестігі

Жаңа білімді игереді


Сызбаны сызады, ақшаның қызметтерімен танысады


Ақшаның қасиеттерімен танысады


Презентация,

Оқулық,

Сызбалар, интерактивті тақта



Жаңа тақырыпты бекіту

(15 минут):



Топтық жұмыс:

«Ойлан,тап» ойыны.

Төмендегі жағдайларда ақша қандай міндеттерді (айналым құралы-А, құн өлшемі-Қ, қор жинақтау құралы-Ж, төлем құралы-Т) орындайды?



  1. Самса 75 теңге тұрады. (Қ)

  2. Жұмыссыз адам жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады. (Т)

  3. Сіз теңгені долларға айырбастайсыз. (А)

  4. Сіз сусынға 100 теңге төледіңіз. (Т)

  5. Үй иесі автокөлік сатып алу үшін ай сайын жалақысынан 60 мың теңгеден алып қалып, жинап отырады. (Ж)

  6. Ері жұбайынан еңбек ақысының бір бөлігін жасырып қалады. (Ж)

  7. Сіз құрбыңыздан алған қарызыңызды қайтардыңыз. (Т)

Топпен жұмыс жасайды, жауаптарын қорғайды

Оқулықтағы сұрақтарға жазбаша жауап береді


Ойын тапсырмасы жазылған плакат



Жеке жұмыс:

Оқулықпен жұмыс



Оқулық, дәптер

Сергіту сәті:

Шарты: бос орындарға тиісті сөзді қой.



р/с

Әлемнің кейбір елдері

Ұлттық валютасы

1

Қазақстан

..............(Теңге)

2

...................(АҚШ)

Доллар

3

Ресей

................(Рубль)

4

.................(Еуроодаққа кіретін мемлекеттер: Германия, Франция т.б.)

Евро

5

Жапония

...............(Йена)

6

..................(Қытай)

Юань

7

Ұлыбритания

...............(Фунт стерлинг)

8

..................(Қырғызстан)

Сом

9

Үндістан

...............(Рупия)

10

....................

(Түркия)


Лира






















Оқытушы сөзі


Глоссарий (жаңа терминдерді жаздыру)

Оқулық, дәптер

Рефлексия.

Сабақты қорытынды

лау.

(5 минут)


  1. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

  2. Бүгін студенттер не үйренді?

  3. Сабақ қандай деңгейде өтті?

  4. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  5. Оқу уақыты тиімді пайдаланылды ма?

Сабақ өту барысы туралы өз пікірлерімен бөліседі




Студенттерді бағалау:

(3 минут)

Сабақта көрсеткен білімі мен қатысу белсенділігне қарай критериалды жүйемен бағалау және бағаларға түсінік беру

Бағалау критерийлері:

«Өте жақсы» -85-100%

«Жақсы»- 75-85%

«Қанағат»- 51-74%



«Қанағаттандырылмаған» -50% және одан төмен

Үйге тапсырма:

(2 минут)


1) «Ақша жүйесі» тақырыбына арнап рефераттар дайындау

Екі студент реферат дайындайды

2) «Ақша және оның қызметтері» тақырыбынан 10 тест сұрағын дайындау

Төрт студент тест сұрақтарын дайындайды

3) тақырыпты қайталау

Барлығы тақырыпты қайталайды.

Оқытушының аты-жөні: Усипбекова Л.М. Оқытушының қолы:________________

Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет