Бекітемін: келісілген: Қарастырылды: № Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ отырыста



Дата08.09.2017
өлшемі116,73 Kb.
БЕКІТЕМІН: КЕЛІСІЛГЕН: ҚАРАСТЫРЫЛДЫ: № Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ отырыста

Зкиров Ж.К. Мұрсалова А.І. Бажиков Д.К.

__________ _________ ________

2016 жылы « »________ 2016 жылы « »_________ 2016 жылы « »________


«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Қазақ шежіресі – мәдени мұраның

бір саласы»

факультативтік курстың

Күнтізбелік тақырыптық жоспары

(6-сыныпқа арналған)
Сынып : 6

Мұғалімі: Бажикова Б.А.

Жыл бойынша сағат саны : 34

2016-2017 оқу жылы


Құрастырушы: «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

І санатты тарих пәнінің мұғалімі



Бажикова Бахыт Амантаевна

Рецензент: «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі, оқу ісінің орынбасары



Габдуллина Анара Адиетовна

«Қазақ шежіресі – мәдени мұраның бір саласы» факультативтік курсы оқушылардың қазақ халқының тарихын игеруге, еліміздің шежіресі туралы білімін кеңейтуге, шежіре арқылы көптеген деректерге қол жеткізуге тиімді құрастырылған. Сонымен қатар оқушылардың өз халқының шежіресіне деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастыру арқылы тәрбие алып, болашақта Қазақстан Республикасының туын биікке ұстап, беделін асқақтатуға бағытталады.

Бұл факультативтік курс балалардың жас ерекшеліктеріне және талаптарына сай құрылған.

Мазмұны:


  1. Түсінік хат

  2. «Қазақ шежіресі – мәдени мұраның бір саласы» факультативтік курстың жоспары

  3. Сабақ үлгілері

  4. Пайдаланған әдебиеттер

Түсінік хат

Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді. Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін еліміздің тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсуі үшін менің ұсынып отырған «Қазақ шежіресі – мәдени мұраның бір саласы» атты авторлық бағдарламам өз үлесін тигізеріне сенімдімін. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, «Қазақ шежіресі – мәдени мұраның бір саласы» факультативі қолданбалы курс ретінде Отан тарихын, халқымыздың қалыптасу тарихын тануға негіз болады.

Бағдарлама өзектілігі: Тарихи деректану саласында зерттелмеген, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі қазақ шежірелерімен байланысты. Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады. Тарихи ертегілер, жыр-дастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, әпсаналар, қария сөз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады.

Өз кезінде Ш.Уәлиханов қазақта «бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет кісісі туралы айтылмай қалғаны, халық жадында сақталмай қалғаны жоқ», - деп атап өткен. Қазақ шежірелерінің тарихи мәліметтерін сын көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу – мемлекет, ұлт және мәдениет тарихын зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін келелі мәселе.

Қазақ тарихын баяндауда шежіреге молырақ назар аударып, оның мәліметтерін талдап зерттеу – тарихи ізденіс үшін көкейтесті, ғылыми таным үшін маңызды, әрі ұлттық тарихнама тиімділігін арттыратын өзекті сала.

Сондықтан осы мақсатта «Қазақ шежіресі – мәдени мұраның бір саласы» курсы бойынша орта буын оқушыларына арналған факультативтік курс бағдарлама қазақ халқының шежіресін тануға арналып жасалды.



«Қазақ шежіресі – мәдени мұраның бір саласы» курсының мақсаты:

Тарих сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы шежіре материалдарын оқыту, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру.



«Қазақ шежіресі – мәдени мұраның бір саласы» курсының міндеттері:

- оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру

- оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру

- өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу

Бағдарлама оқу процесінде 6-сыныпқа, аптасына 1 сағаттан, жалпы оқу бағдарламасы 34 сағатқа арналған.

Бағдарлама 6 бөлімнен тұрады:

1-бөлімі – «Шежіре туралы түсінік». Бұл бөлімге 4 сағат берілген. Мұнда оқушыларға шежіре туралы түсінік беріліп, «Шежіре» сөзінің шығу тарихы, ортағасырлардағы шежірешілер өмірі мен еңбектері жайлы, қазақ шежіресі туралы ақпарат беріледі. Соңында алған мәліметтерге қорытынды жасау;

2-бөлімі – «Қазақ шежіресінің зерттелуіне» 8 сағат берілген. Бұл бөлімде Жаңа замандағы Қазақ шежіресінің зерттелуі; Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Шоқан Уалихановтың зерттеуіндегі шежіремен таныстырып, қорытындылау;

3-бөлімі – «Қазақ халқының қалыптасуы» бөліміне 4 сағат бөлінді. Мұнда «қазақ» сөзінің шығу тарихы, қазақ халқының қалыптасуы жайында ақпараттар беріліп, қорытындыға тесттік жұмыстар жүргізіледі;

4-бөлім – «Рулық таңбаларға» 3 сағат берілген. Бұл бөлімде Түрік тайпаларының рулық таңбалары, Қазақ ру-тайпаларының таңбалары зерттеліну қарастырылады, қорытындыға практикалық жұмыстар жүргізіледі;

5-бөлім – «Қазақ жүздерінің шежіресі» бөліміне 11 сағат бөлінген. Оқушылар бұл бөлімде қазақ халқының ру-тайпалары туралы, олардың жүзге бөлінуі туралы ақпаратпен танысып, Ұлы жүз шежіресі, Орта жүз шежіресі, Кіші жүз шежіресі бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. қорытындыға тесттік жұмыстар жүргізіледі;

6-бөлім – «Шығармашылық жұмыс: оқушылардың өз шежіресін зерттеуі» 4 сағаттан тұрады. Бұл бөлімде оқушылар шығармашылық жұмыс ретінде Өзінің шежіресі туралы дерек жинау арқылы ғылыми жоба жұмыстарын жасайды. Оның қорытындысы ретінде ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, оқушылардың жыл бойына алған білімдері тексеріледі.



Күтілетін нәтиже:

1. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, шежіресін білетін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.

2. Оқушылардың өз халқының шежіресіне деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.

3. Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.

4. Оқушыларда шежірені зерттей алу, ғылыми жобалар құру білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.

5. Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.



6-сыныпқа арналған «Қазақ шежіресі – мәдени мұраның бір саласы» курсының оқу жоспары.

Аптасына 1 сағаттан 34 сағат.


Р/с

Тақырыптары

Сағат саны

Мерзімі

Шежіре туралы түсінік.

1

Шежіре туралы түсінік. «Шежіре» сөзінің шығу тарихы

1




2

Ортағасырлардағы шежірешілер

1




3

Қазақ шежіресі туралы сөз

1




4

Қорытындылау

1




Қазақ шежіресінің зерттелуі

5

Қазақ шежіресінің зерттелуі

1




6

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының зерттеуіндегі шежіре

2




7

Шәкәрім Құдайбердіұлының зерттеуіндегі шежіре

2




8

Шоқан Уалихановтың зерттеуіндегі шежіре

2




9

Қорытындылау

1




Қазақ халқының қалыптасуы

10

«Қазақ» сөзінің шығу тарихы

1




11

Қазақ халқының қалыптасуы

2




12

Қорытындылау.Тест

1




Рулық таңбалар

13

Түрік тайпаларының рулық таңбалары

1




14

Қазақ ру-тайпаларының таңбалары

1




15

Қорытындылау. Практикалық сабақ

1




Қазақ жүздерінің шежіресі

16

Қазақ халқының ру-тайпалары туралы, олардың жүзге бөлінуі

1




17

Ұлы жүз шежіресі

3




18

Орта жүз шежіресі

3




19

Кіші жүз шежіресі

3




20

Қорытындылау. Тест

1




Шығармашылық жұмыс: оқушылардың өз шежіресін зерттеуі

21

Өзінің шежіресі туралы дерек жинау

2




22

Ғылыми жоба жұмысын жасау

1




23

Конференция өткізу (қорытындылау)

1






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. Фрунзе: Кыргызстан. – 1990.

  2. БабаяровГ. Древне тюркские монеты Чачского оазиса (VI-VIII вв. н.э.). Изд-во Национальной библиотекиим. Алишера Навои. - Ташкент. – 2007.

  3. Бурнашева Р.З. Монеты как источник для характеристики социально-экономических отношений в Южном Казахстане //Известия МНиВО РК НАН РК. Серия общественных наук. №1. – 1999. – С. 120-128.

  4. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов. Алма-Ата: Наук, 1968.

  5. Досымбаева А.М. Вопросы генезиса культуры тюркского кочевого. населения Казахстана //Отечественнаяистория. Изд-воМНиВОРК. №3. – 1998 - С. 54-64.

  6. Жамбыл Артықбаев,тарих ғылымдарының докторы. Қазақ шежіресі: Мәшһүр мен Шәкәрімнің пікірталасы // «Жас қазақ» газеті 2011 жыл 

  7. Жүсіпова Л. Қазақ тарихы туралы жазылған жемісті еңбегі – «Қазақ түбі» / Аңыз адам  №19 (79) Қазан, 2013. 26-27бб.

  8. Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. - Алматы. Дайк-Пресс. - 2002.

  9. Көпейұлы М.Ж. Қазақ шежіресі. 2-ші бас.толық.- Астана: «Алтын кітап», 2007,-233б.-(Қазақ этнографиясының кітапханасы, 32-ші том).

  10. Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. – Алматы: «Ел-шежіре», 2010. Т.10.- 400б.

  11. Кляшторный С.Г. Новые открытия древнетюркских рунических надписей на Центральном Тянь-Шане //ИзвестияНАНКР. №1-2. - Бишкек. – 2001. – С. 73-75.

  12. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі.- Алматы: «Қазақстан» және «Санат», 1991. -80 б.

  13. СейдімбекА. Қазақ əлемі. – Алматы «Санат» 1997.

  14. Табалдиев К.Ш., Солтобаев О.А. Рунические надписи Кочкорской долины //Известия НАН КР. №1-2. - Бишкек. – 2001. – С. 68-75.

  15. Тасмагамбетов И.Н. Кулпытас. - Астана. Берел. - 2001. - 392 с.

  16. «Ш.Ш. Уәлиханов мұрасы әлемдік тарих контекстінде» халықаралық ғылыми форумы материалдары. – Семей, 2010 – 101 б.

Каталог: uploads -> doc -> 0de0
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0de0 -> Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Интернеттегі қауіпсіздік


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет